65
анықтау. Дереккөздер де қарапайым және түсінікті болуы керек:
балалар
энциклопедиялары, балаларға арналған танымдық фильмдер және т. б.
Сонымен қатар, бірінші сынып білім алушыларын зерттеу нәтижелерін
жазып жүруге үйрету керек: бақылау күнделігінде
маңызды фактілерді жазу,
сурет салу, суретке түсіру және т. б.
Бірінші сынып білім алушылары үшін жобалық іс-әрекет еркін сипатқа
ие. Шығармашылық тұрғыдан олардың қиялдары шексіз.
Сондай-ақ білім
алушының «Бірінші сынып білім алушыларының жиналысы», «Бірінші сынып
білім алушысының таңғы асы», «Үлкен үзіліс үшін ойын» және т. б. мектеп
қажеттіліктерін
ескере отырып, «Бірінші сынып білім алушысының тамаша
жұмысы».
Бірінші сынып білім алушыларына арналған
зерттеу және жобалау
жұмыстарының мәні – оларды әлі "артық" және түсініксіз біліммен жүктемей,
қызметтің осы түрімен таныстыру.
2-
4 сынып білім алушыларын біртіндеп «нысан», «пән», «мақсат»,
«міндеттер», «гипотеза», «өзектілік» ұғымдарымен таныстыру қажет. Зерттеу
әдістеріне жазбаша көздермен жұмыс істеу, бақылаудан басқа сұрау әдісі мен
эксперимент қосылуы мүмкін.
Білім алушыларға
тақырыптың атауын ойластыру, зерттеу жоспарын
дайындау, әдеби көздерді және зерттеу әдістерін
таңдау барысында көмек
көрсету қажет; қажеттілігіне қарай зерттеуді орындау және нәтижелерді
ресімдеу барысында да көмектесуге болады.
Білім алушыларға арналған
жаднаманы дайындау орынды, онда зерттеу жұмысының әртүрлі
кезеңдерінің
мәні, олардың мерзімі көрсетілген, маңызды кеңестер мен ұсыныстар және т. б.
келтірілетін болады.
Мысалы:
Өз зерттеуіңнің проблемасын анықта. Бірнеше нұсқасын жазып, одан
кейін ең сәттісін таңда.
Достарыңызбен бөлісу: