68
«Арктика» тақырыбына лэпбук үлгісі, авторы – Т.Пироженко
7-
сурет
Лэпбук жасау үшін салынатын материалдардың
өзі қажет болады; А3
форматты тығыз қағаз парағы немесе А4-ның 2 парағы, оларға ақпарат
жапсырылады;
қайшы;
желім-қарындаш;
түрлі-түсті
қарындаштар,
фломастерлер, түрлі-түсті қаламдар; скотч.
Лэпбуктің артықшылықтары:
1)
Ол білім алушыға өзінің тақырыбы бойынша ақпаратты
ұйымдастыруға және материалды жақсы түсінуге және есте сақтауға
көмектеседі.
2)
Білім алушы ақпаратты өз бетінше жинауды және ұйымдастыруды
үйренеді.
3)
Лэпбук әрбір білім алушы өзінің фрагментін дайындай алатын топтық
жұмыс үшін жақсы.
Бастауыш сыныптардағы жобалық іс-әрекет шын мәнінде қызықты
нәтижелер көрсете алады.
Жыл сайын 17 қаңтарда бүкіл әлемде балалар өнертабыстары күні атап
өтіледі. Көптеген өнертабыстар кішкентай мектеп жасында жасалады. Олардың
кейбіреулері:
«Плутон» планетасының атауын Оксфордтың 11 жасар оқушысы –
Венеция Берни ұсынған. Бұл қыздың қызығушылығы тек бір астрономиямен
шектелмеген. Ол сондай-ақ ежелгі грек мифологиясын зерттеген.
Өз қалауы
бойынша, ол жер асты патшалығының Рим құдайының есімі жақында ашылған
қараңғы және белгісіз ғарыш объектісі үшін атаудың ең жақсы нұсқасы болады
деп шешті. Сонымен қатар сөздің алғашқы әріптері – «ПЛ» – Нептун
орбитасында ғаламшардың тіршілігін бірінші болжаған ғалым, Персиваль
Лоуэллдің бастамаларына сілтеме жасайды.
1905 жылы 11 жасар Фрэнк Эпперсон сироп қосылған газдалған
69
суды өз бетінше дайындауға тырысты. Сол түні күн суық болады, ал
жас
аспазшы өзінің ойлап тапқан дәмді сусынын ұмытып далада қалдырып кетеді.
Сусынның құрамындағы су, газ, сироп қатып қалады. Стақанның ішіне ол
сусынды араластыру үшін ағаш қасық салған болатын. Таңертең ол ішінде
таяқшасы бар қатып қалған сусынды көрді. Фрэнктің бұл жаңалығы – жеміс
мұзының прототипі – балмұздақ болып шықты, ол
көптеген жылдар бойы
миллиондаған балалардың көңілінен шығып, сүйікті десертіне айналды.
Бір күні 10 жасар Бекки Шредер, анасының дүкеннен шыққанын
күтіп машинада отырады. Ол текке отырмай, математикадан берілген үй
тапсырмасын орындауды шешті. Бірақ ымырт үйіріліп келе жатқандықтан,
кітаптағы жазуды көру қиынға соқты. Сол кезде ол қағазды қараңғыда көру
үшін қосымша жарық көздерін пайдаланбайтындай етіп не істеуге болатынын
ойлады. 1974 жылы ол жарқыраған қағаздың өнертабысы үшін
патент алды,
оны кейіннен қараңғы зертханаларда жұмыс істейтін фотографтар, театр
қойылымдары кезінде ескертулер жасауға қажет сыншылар, жедел жәрдем
дәрігерлері пайдаланатын болады.
Бала кезінде Джини Лоу раковинаға жету үшін пластикалық
орындыққа тұратын. Бұл орындық өте ыңғайлы, бірақ тұрақты емес, сонымен
қатар
ваннада көп орын алып, кейде сынатын болды. Сонда Джинни бұл
мәселені шешу міндетін қойды. Ол өзі, оның кіші інілері мен сіңлілері
раковинаға дейін жетуі үшін қойылатын орындық құрастырды, оны жуынатын
бөлмеде артық орын алмауы үшін қайтадан жинап қоятындай жинамалы қылып
істеді. 1992 жылы 11 жастағы Джинни Лоудың өнертабысы, «жинамалы
орындық-тұғырық» деген атпен АҚШ патентін алды.
Күнде таңертең Алексия Эйбернетидің көретіні бір көрініс: оның
қарауындағы кішкентай бала ішіне таңғы асы салынған тарелкесін үстелге
әкеліп қояды, бала әр қадамын басқан сайын тарелкедегі тамақтың төгілгенін
көреді. Ол бұл мәселені өз бетінше шешуге тырысты, себебі еденде үнемі
төгілген ботқа жататын болды. 11 жасында ол бір-екі жылдан кейін көптеген ірі
дүкендердің сөрелерінде сатылатын «төгілмейтін тәрелке» ойлап тапты.
Сондықтан балалардың жобаларды табысты
іске асыруының осындай
мысалдары жетерлік, ендеше, оларды толғандырып жүрген мәселелерді шешу
үшін оқушыларды дұрыс бағыттай білу керек. Мысалы, ғылыми және
әдістемелік әдебиеттегі басқалардың идеяларын іздеу, жетістіктері мен
кемшіліктерін мұқият талдау және «жақсарту» арқылы тәжірибе алуға
негізделген «жетекші міндет-аналог» әдісін қолдануға болады. Бұл әдіс
жобалаушы біліктерді қалыптастыру үшін бастауыш
мектеп оқушыларымен
жұмыста, яғни кіші мектеп жасындағы оқушылармен жұмыста жиі
қолданылады.
Бастауыш сынып білім алушыларының жобалық және зерттеу қызметін
бағалауға келсек, орындалған зерттеудің немесе жобаның нәтижелері
аналитикалық тәсіл негізінде сипатталады. Білім алушылардың зерттеу немесе
жобалық жетістіктерін (нәтижелерін) бағалау кезінде деңгейлік нысан
пайдаланылады:
70
Төмен деңгей – білім алушы ұсынылған тапсырмаларды орындай
алмайды, педагог тарапынан көмек қабылдамайды.
Орташа – білім алушы педагог (ата-ана) көмегімен ұсынылған кейбір
тапсырмаларды орындайды.
Ортадан жоғары – білім алушы ұсынылған
барлық тапсырмаларды
педагогтің ішінара көмегімен орындайды.
Жоғары – білім алушы өз бетінше және педагогтың ішінара көмегімен
ұсынылған барлық тапсырмаларды орындайды.
Оңтайлы – білім алушы ұсынылған барлық тапсырмаларды өз бетінше
орындайды.
Бағалағаннан кейін мұғалім білім алушыға тапсырманың орындалуы
қаншалықты қиынға соқты, ол оған қызықты болды ма, бұл жұмыстан қандай
нәтиже алды, әрі қарай жалғастыра ала ма деген сияқты сұрақтарға жауап беру
үшін талдау қажет.
Соңында П. Пикассоның сөзін келтірсек: «Әр бала – суретші. Бала
жасынан шыққанда суретші болып қалу қиын». Егер бұл айтылғанды басқаша
айтатын болсақ, онда әрбір бала – туындыгер және зерттеуші, ал ересектердің
міндеті – оның шығармашылық пен танымға деген талпынысын өшірмей,
қажетті нәрсенің бәрін беру деген сөз.
Достарыңызбен бөлісу: