Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
18
емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере
алады... біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген
сүйіспеншілік». Бауыржан ағамыз тағы бірде газет бетіне: «...Өз елінің
бағасын білген адам ғана басқа елді қадірлей алады. Өйткені халықтардың
туыстығы алдымен адамдардың өз халқына деген сүйіспеншіліктері арқылы
ғана келеді. Мен өзге ұлттарды құрметтеуші, өз ұлтын сүюші адаммын» - деп
жазды. Ерлікті елін сүйетін патриот қана жасай алады. Осындай қазақтың
патриот ұл-қыздары жаумен шайқаста ерен ерлік таныта отырып, өз
жандарын құрбан етіп, көптен күткен, сағына күткен Жеңіс күнін халқына
жақындатып бермеді ме? Міне, елі үшін көзсіз ерлікке барған
батырларымыздың есімі мәңгілік. Өткеніміздің озық үлгісін ұмытпай, тозық
тұстарын тарих еншісіне қалдырып, бүгінімізді бағалайық, болашағымызды
саралайық. Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ – нағыз батыр халық екенін
мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп – қонып өмір сүрген ата
– бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және
ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей
алмайды. Еліміздің егемендік алуы, халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің
бетін ашты. Бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол –
баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен
ортақ
шаңырағымыздың
тәуелсіздігі.
Жеңіске
жету
жолында
Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы
тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан Жеңіс күні –
әрқайсымыздың жүрегімізге жақын, әрқайсымыз үшін қымбат мереке.
Жеңіс күні – талай жылдар бойы бейбіт өміріміздің бастауы болған,
адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталған күн. Жеңіс күні –
осынау қуаныш үшін өмірлерін қиған боздақтарды еске алу күні. Жеңіс күні –
әділеттің әділетсіздікті жеңген күні.
Жеңіс! Мен үшін қасиетті ұғым. Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың
есінен мәңгі кете ме? Жоқ. Ұлы Жеңіс - барша халықтың жеңісі.
Жас ұрпақ асыр сап,
Шырқайды Ерлікті ән қылып,
Небір заңғар таулар құлазып өшсе де,
Ерлердің бейнесі жасайды мәңгілік,- деп, біз, болашақ ұрпақ, аққан жұлдыздай
жарқ етіп жоқ болған, қамшының сабындай қысқа ғұмыр кешкен батырлар
ерлігін мәңгі есімізде сақтауымыз керек. Кешегі жауынгер, бүгінгі ата-
әжелеріміздің жеңіске жетер жолда тындырған ұлан -ғайыр істері біздің
жадымызда мәңгі сақталатын дастандай жалғаса береді. Бүгінгі күні аяулы аға-
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
19
апаларымыздың ерлігін ұмытпай, ән мен жырға қосып, ұрпақтан- ұрпаққа
жеткізіп отыру – біздің парызымыз. Ата - бабамыздан қалған мұрамыз туған
жерімізді, халқымызды қорғау – азаматтық борышымыз. Батырлар ерлігі жас
ұрпаққа үлкен өнеге болса, олардың әкелген Жеңісі – ұрпақтың бақытты
болашағы. Қасық қаны қалғанша жаумен жан аямай шайқасқан
аталарымыздың ерліктерін, жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен
бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен
түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ешкім де,
ешқашан да ұмытпауға тиіс. Өкінішке орай, уақыт сол ұлы оқиғаларға
қатысушыларды біздің қатарларымыздан алып кетіп жатыр. Олар уақыт
еншісімен бірге күннен – күнге азайып бара жатыр. Бірақ ешкім де, ештеңе де
ұмытылмайды! Себебі, бұл – біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің
даңқымыз! Әрқашан жеңісіміз баянды, бейбітшілігіміз ұзақ, еліміз аман,
жұртымыз тыныш болсын!
Есматова Аружан
9-сынып, Саумалкөл қазақ орта мектебі
Саумалкөл селосы Айыртау ауданы
Солтүстік Қазақстан облысы
Жетекші: Акнур Елюбаевна Ашербекова
Жазылмастай терең жара қалдырған...
Жазылмастай терең жара қалдырған,
Жақындарын аяғынан шалдырған.
Жүректерін зар илеткен талайдың
Қара қағаз ішті оттай жандырған.
Қызыл күрең қанға бояп даласын,
Зар жылатқан ақ жаулықты анасын
Кім көріпті мынадайын сұмдықты
Әкесінен айыратын баласын.
Тырнайтұғын ұмытылған жарасын,
Улайтұғын адамдардың санасын.
Соғыс деген неткен ауыр кез еді,
Жақындатқан өлім-өмір арасын.
Естілетін қызу майдан гүрсілі,
Жан ұшыра соққан жүрек дүрсілі
Әр қадамы соңғы болар адамның
Ақ анасын еске алуы күрсініп.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
20
Заман еді шалғын қурап, гүл солған,
Танкі өтер адам жүрер тар жолдан.
Заман еді аштық болып, жұт болып,
Жалғыз тілім нан мен суға зар болған.
«Кеше ғана алаңсыз-ақ ойнап ек,
Жастық шақтың қызығына тоймап ек,
Деп жылады ерте ер жеткен балалар-
Балғын шағым,бала шағым қайда?!»-деп
Аяқтаған соғыс атты азапты,
Бар батырым - нағыз ұлы Қазақтың.
Бұл ағамыз – Қошқарбаев Рақымжан,
Рейхстагқа туын тіккен Одақтың.
Кісен салып, тұтқын қылып, қор қылып,
Ассыз, сусыз тас зынданда салдырып.
Алып кеткен біреуінің әкесін,
Ал біреудің ағасы мен сорлы ұлын...
Серпігенде сұм соғыстың тұманы,
Туған жерге оралғанда ұланы
Қуаныштан көздеріне жас алып,
Сүйді анасы қанғанша бір құмары.
Ауыр күнді арттарына тастады,
Қиындықтан жасқанбады, қашпады.
Болашаққа есік ашқан айқара
Жаңа өмір, жаңа дәуір бастады.
Қазағымның ұл-қызымен мақтанам,
Отан үшін сертін берік сақтаған.
Туған елін аманат қып қалдырған
Бабалардың ақ үмітін ақтаған!
Зайденова Мейрамгүл
9-сынып, Телжан орта мектебі
Уәлихан ауданы
Солтүстік Қазақстан облысы
Жетекшісі: Бекбулатова Гүлжан Бауржанқызы
Ұлы Отан соғысы Жеңістің 70-жылдығы
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
21
Осыдан 70 жыл бұрын, дәл осы күні таң қылаң бере фашистік
Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жаса
ды.
Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 70 жыл
толады.
Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай
ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл
мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын
қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті
жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін
дәлелдейтін белгі болып қалмақ.
Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасқан.
Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медаль-
ордендермен марапатталса, 500-дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100-
ден астам адам - Даңқ орденінің толық иегері атанған. Төрт
қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды, олар - Талғат
Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда.
Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы -
мерген
Әлия
Молдағұлова
мен
пулеметші
Мәншүк
Мәметова бар. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі -
қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардың
қатарында да
қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі
- Қасым
Қайсенов. Ал танымал қолбасшы, әскери
жазушы
Бауыржан Момышұлын, 28 панфиловшылардың ерлігін білмейтін қазақ
жоқ шығар.
Ұлы Отан соғысы 4 жылға созылды. Майдан даласында 600
мыңнан астам қазақстандық қаза тапты. Соғыста қаза тапқандардың
саны туралы мәлімет бүкіл әлемді дүр сілкіндірді.
Бүгін Қазақстанның барлық қалалары мен ауылдарында
Даңқ монументтеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің
ескерткіштеріне орналасқан. Бұл соғысты ешкім де ұмытпауы, ешнәрсе де
ұмытылмауы керек.
Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап
күшпен жеттік. Ол күш - әрине, "бірлік”. Қаншама халық бір тудың астына
бірігіп күштерін бір арнаға салды.Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған
мемлекеттердің ортақ мерейтойы.
Жатқанда отан жері отқа жанып,
Тұрғанда туысқандар жауда қалып,
Жеңбесек, жойқын қайрат шығармасақ,
Жігіттің неге жүрміз атын алып?
Жеңеміз! Жеңіс-совет адамы аты.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
22
Біздерміз азат етер адамзаты,- деп жазған Жұбан Молдағалиевтің
өлеңінен халқымыз «Жеңіс туын» тіккен ер азаматтарға деген ерекше құрметі
байқалады.
Жеңіс үшін өмірін, жастық шағын қиған, тағдырдың ауыр да азапты
тауқыметінен өтіп, Отанға деген махаббатын от басып, су кешіп жүріп
дәлелдеген ардагерлеріміз жылдан-жылға, күннен-күнге азаюда, олардың тірі
қалғандары, арамызда жүріп Жеңістің тәтті дәмін татып жүргендері саусақпен
санарлықтай.
Біздің Телжан ауылының Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер аз
емес. Солардың арасында: Бессонов Борис Григорьевич 1943 жылы әскер
қатарына шақырылған. Әскери қызметті 11-ші танк бригадасында, 252-ші
гв.арт полкінде атқарған. Бычковский Николай Петрович 1941 жылы әскери
қатарына шақырылған. Әскери қызметті 384-ші АП-атқыш қызметін атқарған.
Земляной Петр Федорович 1943 жылы әскер қатарына шақырылған,
Жұмағұлов Құрман 1941 жылы әскери қатарына шақырылған. Наградалары:
«ІІ дәрежелі Отан соғысы» ордені, «Кеңес одағының маршалы Г.К.Жуков»
медалі. Ғалиев Қатен 1942 жылы әскер қатарына шақырылған. Наградалары:
«Германияны жеңгені үшін» медалі. Петров Иван Григорьевич 1943 жылы
әскер қатарына шақырылған. Садуақасов Нәби 1941 жылы әскер қатарына
шақырылған. Наградалары: «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны
жеңгені үшін» медалдарімен марапатталды. Тютюник Андрей Порфирьевич
1943 жылы әскер қатарына шақырылды. Наградалары: «Германияны жеңгені
үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін» медалдарімен марапатталды.
9 мамыр - бұл мереке ғана емес, бұл ауыр еңбек, бұл халықтың
батырлығы. Бiздiң парызымыз - бұл күндi еске сақтау. Бiздiң ардагерлеріміз!
Олар кемде-кемде қалды. Оларға лайықты кәрілікті қамтамасыз ету, оларға
көмектесу керек.
Ұлы жеңістің күнімен құтты болсын!
Тарихымызда қалған бұл сұрапыл соғыстың кеселінен өткен ата
апаларымыз аман болсын!
Келешек еліміздің дархан даласы кең, аспаны ашық болсын!
Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасасын!
Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің
ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ
ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік
туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.
ХХІ ғасыр жастары, осындай байтақ елде тұрып жатқанымызға
бақыттымыз!
Жауды жеңіп табанға сап,
Жермен-жексен еткен ерім.
Қуан,қуан, күлші сақ-сақ
Шын жеңіске жеткен елім
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
23
Кажгалиева Гульден
11 сынып, Ә.Досмұхамбетов отындағы
облыстық дарынды балаларға
мамандандырылған гимназия-интернат.
Петропавл қаласы
Жетекші:Есенғалиева Жаксылық Көкенқызы
Менің отбасымдағы Ұлы Жеңістің ізі
Мен соғысты жек көрем!
Мен соғысты жек көрем!
Көкем айтып отырса,
Кім қасірет шекпеген,
Кім көз жасын төкпеген!
Талай өткен ғасырлар
Еш соғыссыз өтпеген!
Мен соғысты жек көрем!
Қ.Жұмағалиев
Дүниенің төрт бұрышын дүр сілкіндірген Ұлы Отан соғысының
Жеңіспен аяқталғаннына биылғы жылы табаны күректей жетпіс жыл толғалы
отыр. Осы соғыстың қалай басталып, қалай аяқталғанын, халықтың басынан
не кешкенін біз тарих пәнінен оқып, осы мереке қарсаңында мектеп
қабырғасында өтетін соғыс ардагерлерінің кездесу кештеріндегі әңгімелерінен
естіп білеміз.
Төрт жылға созылған қанды майдан тарихымызда өшпес із қалдырды.
Ұлы Отан соғысы елдің елдігін, ердің ерлігін сынға салды. Біздің ата-
бабаларымыз ел басына қиын қыстау күн туғанда аянып қалған жоқ. Жаманат
хабар жеткен алғашқы күннен-ақ ер азаматтар әскерге алынды. Күн-түн демей
еліміздің түпкір-түпкірінен елді неміс-фашист басқыншыларынан азат етуге
майдан даласына жауынгерлер аттанып жатты. Үйінен майданға жауынгер
аттандырмаған отбасы кем де кем шығар. Біреудің жалғызы, біреудің
ардақтысы, біреудің жары, біреудің әкесі... Қанды қыспаққа кімнің қияры бар
дейсің, әр аттаныс көкіректе лықсыған зар, көзге тұнған жас болды.
Олар Отан үшін, Кеңес халқының бақыты үшін, біздің жарқын
болашағымыз үшін фашистермен аянбай күресіп, жастық шақтарын от
жалынға орады.Талай қыршын жасты жер жастандырған зұлмат менің
отбасымды да сырт айналып өтпепті. Адам баласына үлкен зардап шектірген
Ұлы Отан соғысы балаларға да көп қайғы-қасірет шектірді. Сол балалардың
бірі менің атам – Қайноллин Қажғали. Оның әкесі Қайнолла (менің ұлы атам)
алғашқы әскерге алынғандардың қатарында 1941 жылы елді жаудан қорғауға
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
24
аттанады. Азаматтар соғысқа аттанып жатса, ауылда қалған бала-шаға, кәрі-
құртаңдар «Бәрі Жеңіс үшін!» деп ертеден кешке дейін аянбай еңбек етті.
Өмір менің атамды ерте есейтті. Буыны қатпаған жас бала анасымен
бірге еңбекке ерте араласты. Әке соғысқа алынғасын-ақ атамды өмірдің өзі
еңбекқорлық пен шыдамдылыққа баулыпты. Бір жағынан өмірдің ауыр жүгін
мойнына артқан шешені аяп, бір жағынан майданда хабарсыз кеткен әкені
аңсап, сағынышты күй кешеді. Соғыс аяқталғасын да сол еңбекқорлығының
арқасында еліне ерен еңбек етті. Бірнеше жыл совхозда бригадир болып
қызмет атқарды. Атамның еңбектегі жетістіктері елеусіз қалған жоқ. Озаттар
қатарында көріне білген ол көптеген медальдарға, мақтау грамоталарына ие
болып, тіпті, есімі «Алтын кітапқа» да жазылды.
Бірен-саран сарғайған суреттері болмаса, сәби жанында сақталмаған әке
бейнесін көруді ол күні бүгінге дейін аңсап келді. Әкесінің не өлінің, не тірінің
қатарында жоқтығын атам жиі айтып, қатты қапаланып отырушы еді. Ұлы
Жеңістің 50 жылдық мерейтойына арналған «Боздақтар» атты ескерткіш-
кітаптан өз әкесінің есімін көргендегі атамның қуанышын сөзбен айтып
жеткізу мүмкін емес. Әкесімен құдды бір тірі қауышқаннан кем болмады.
Адамда арман көп қой. Сол бір әкесінен дерек алған күннен бастап атам
өз әкесі жерленген Смоленск қаласына баруды армандаушы еді. Оны әке
қабіріне туған жердің бір уыс топырағын апарып салу жайы қатты қинаушы
еді. Алайда, атам ол арманына жете алмай, жарық дүниемен қоштасып,
бақилық болды. Атамның осы бір арманын жүзеге асыру менің перзенттік
парызым деп білемін. Есейіп, ер жетіп, ұлы атамның қабірін тауып, туған елдің
топырағын салып, ата алдындағы борышымды осылай өтесем деймін.
«Адам баласында үш жұрт бар» деген ғой атам қазақ. Сондай
жұртымның бірі – нағашыларым тұратын қазіргі Шал ақын ауданы Кеңес
ауылының қақ ортасында осы жерден майданға аттанып, қанды шайқастан
елге оралмай қыршын кеткен боздақтардың есімдерін мәңгі есте қалдыру үшін
орнатылған ескерткіш бар. Сол ескерткіште жазылған көптеген адамдардың
ішінде менің анамның атасы Кенжалин Қызкеннің есімін де көруге болады.
Бүгінде адамзат баласына қызығы мен қуанышы мол нұрлы өмір сыйлаған
адамдардың қатарында менің де осындай аталарымның болғанын мақтаныш
тұтамын!
Ұшқыр уақыт тарих қойнауына терең батырса да, сол сұрапыл соғыстың
салып кеткен жарасы кімнің болмасын жан жүрегін әлі күнге сыздатпай
қоймайды. Соғыстан оралмаған азаматтар әр үйдің қайғы-қасіреті болып,
мәңгі есте қалды. Сол ата-бабабларымыздың жасаған ерліктерінің арқасында
біз бүгін осындай бейбіт күнге жетіп, өз алдымызға жеке Тәуелсіз мемлекет
болып отырмыз.
Ерлердің есімі ешқашан ұмытылмақ емес. Көк байрағымызды
желбіреткен тәуелсіз мемлекет болсақ та, фашизм салған қайғы-қасіретті
ешкім де жадынан шығармайды. Өйткені біздің аталарымыз Отан үшін
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
25
жандарын пида етті. Ендеше аруақтарды қастерлеп, олардың алдында
басымызды иіп жүрейік.
Кажгалиев Канат
6 класс, КГУ «СШ№42»
г.Петропавловск
Ардагерлерге тағзым
Қырғын салған жарты әлемді соғысқа тартып,
Тыныш жатқан елді, сәбилерді жылатып,
Бомбалар жарып, жүректерді жаралап,
Сұм фашист,енді адамдарға тиіспес!
Қан төгіп, жаралы біз болмадық,
Отан үшін өмірлерді қимадық.
Соғыс кетті, сол күндер алыстаса да
Ауыр шайқас, қиын кездер ұмытылмайды.
Сол соғыстың қайғы-қасіретін бастан кешкен
Ардагерлерге бүгінгі ұрпақ тағзым еткен.
Әлдеқашан Сіздерді біз құрметпен
Бақытты ел сыйлаған ерліктерді мәңгі жырлаймыз.
Каирбеков Гомарбек
11- сынып Кішкенекөл № 1 орта мектебі
Уәлиханов ауданы ,Кішкенекөл ауылы
Солтүстік Қазақстан облысы
Жетекшісі : Шайзада Майрагүл
Халқымыз өзінің көңіл қошын білдіріп, тілек тілеп, лебізін айтқан кезде
«ел аман, жұрт тыныш болсын» деп, естігенде жағымды, айтқанда жылы
баталы сөзін шын жүрегімен, адал ниетімен жолдап жатады. Міне, осы баталы
сөздің түп мағынасында адамзат үшін ел іргесінің тыныштығы қаншалықты
маңызды екенін түсіну қиын емес. Сол «соғыс» деген суық сөз жаздың
жаймашуақ жайдары күнінде тыныш ұйқыда жатқан халықты, тәтті қиял, асыл
арман құшағында жүрген ешбір жамандықтан бейхабар жастардың жүрегін
дүр сілкіндірді, адамзат бойына үрей мен қорқыныш әкелді. Бұл барды жоқ
еткен, тауды жер еткен, жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап
жұтып келе жатқан күйретуші 1941 жылғы соғыс еді. Қазір, содан бері жетпіс
жыл өтсе де ,ешкім де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Керісінше, Ұлы Отан
соғысы жас та, жасамыс та ұлы ерліктің, тәрбиенің үлгісі деп қарайтын
қайсарлық пен отансүйгіштіктің биік өлшемі болып қалыптасты. Бұл- сол
кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділігін паш ететін, Бауыржан
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
26
Момышұлының ізгілік жолы «Отан үшін отқа түскен ерлер ісі болып» тарихта
мәңгі қалатын күн. Дегенменде қандай оқиға болсын оны көзбен көріп, қолмен
ұстап, санамен сезінбей оның ақиқатын сөзбен жеткізе алмайсың. Сондықтан
Ұлы Отан соғысы туралы сөз қозғаған кезде мен көп ойландым. Оның қатал
зарын да, ащы уын да, қатыгез жауыздығын да қан майданның отын қолмен
көсеп, аяғымен таптап, арқалап көтерген асыл ардагерлер ғана ертегідей
баяндай алады деп ойладым. Сол бір соғыстың шынайы картинасы олардың
көз алдында сурет болып қалғанын әр естеліктері мен жүрек жарды
сырларынан көруге болады. Мен жаңа ғасырдың жаңаша өмір сүріп жатқан
ұланымын. Мен тек қана бейбіт өмірдің дәмін татып, ата - бабамның арманы
болған ғажайып заманда кіршіксіз таза көңілмен, тыныш тіршілікпен жүріп
жатырмын. Шығармамды сонау сұм соғыстың қиын тауқыметін басынан
кешіріп, сол алапат айқасты үлкен табандылықпен жеңіп, қазір зейнетін көріп
отырған ардагерлердің естелігімен жалғастырғым келеді. Ердің ерлігі ел
басына күн туған шақта ат ауыздықпен су ішіп, ер етігімен су кешіп қорғаған
намыс, жеткен жеңіс емес пе?! Ол сонысымен де мәңгілік тақырып болып қала
бермек. Уақыт өткен сайын, Отан соғысының батыр қарияларының таусылмас
қазынасын ұрпаққа жыр қылып айтатын қариялар естелігі - біз үшін үлкен
рухани құндылық.
Отан соғысының батыры ғана емес, бүкіл қазақ ұлтының болмысын,
ұлтжандылығын,
қайсарлығын
биікке
көтеріп
кеткен
Бауыржан
Момышұлының ерлігін шағын шығармамда айтып жеткізе алмасым анық.
Алайда қан майданның қақ ортасында қан кешкен батыр ағаның көзбен көрген
ерлік ісі жайлы өз естеліктерінің бір бөлігін тілге тиек еткім келеді. Бауыржан
Момышұлының өзінің естелігінде: «Мәскеудің түбіне жау келді. Екі
империяның найзасы бір жерге тірелді. Соның ортасында от жалындап 8-ші
гвардия дивизиясы тұрды. Міне, осы кезде картаны қарап отырдым да,
адьюдантқа: «өзіміз тұрған жерге дейін ал да, басқасын өрте» дедім.- «Неге?»
деп, ол шошына қарады. Мен: «Енді біздің барар жеріміз жоқ. Не осы жерде
өлеміз. Не жауды әрі қарай ысырамыз. Артымызда – Мәскеу» , -деген екен.
Міне, Отан үшін отқа түсе алатын нағыз ердің ісі. Уақыт өткен сайын
аталарымыз сыйлаған жеңістің маңызы артып келеді. Олар көрсеткен ерлік -
отансүйгіштіктің биік символына айналды.
Сөзімнің басында айтып кеткендей шығармамның мазмұнын
оқырманның жүрегіне жеткізу үшін соғыс майданына оралып, батыр
бейнесінің картинасын өз естелігімен өңдеп жазғаным дұрыс деп ойладым. Біз,
сіз болып мақтанып айтып келе жатқан қазақ қыздарының ерлігі де ел есінде.
«Намысын бермеу үшін жатқа қолдан, арулар аз болған жоқ атқа қонған» деп
ақындарымыз жырлағандай осындай даңқты батыр қазақ қыздарының бірегейі
Хиуаз Қайырқызы Доспанованың ерлігі туралы мына бір естелік батыр
қыздың бойындағы өжеттікті, еңбекқорлықты паш етеді. Кейіннен Кеңес
Одағының батыры атағын алған Марина Чичневаның Хиуаздың шеберлігі
|