Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата31.03.2017
өлшемі0,87 Mb.
#11023
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

ата - апаларымыз аман  болсын! Келешек  еліміздің  дархан кең  даласы, аспаны  



ашық  болсын!    Бүгін    біздің    азаматтық    міндетіміз  -  болашақ    ұрпақты, 

кішкентай  бүлдіршіндерді  өз  Отанын сүюге, елінің, жерінің   патриоттары, 

достық пен бірлік  туралы түсінік беру арқылы  Отан  сүйгіштікке  тәрбиелеу. 

Өсіп  келе  жатқан  ұрпақ  9 мамыр Жеңіс  мерекесінің  мәні  мен  мазмұнын  

терең    түсініп,  ерлік  пен  еңбектің  қадірін    біле    алатын    дәрежеге  көтеріле  

алатыны  даусыз. 

«Ерлігіңді    ел  ұмытпас,  еске  аламыз  бүгін  бәріңді»  -  деп    ақын 

ағаларымыз жазғандай, соғыс  ардагерлерін  мәңгі ұмытпаймыз, келешек  жас  

ұрпақ,  біз  - олардың  ізін  жалғастырамыз. Ауыр  жылдар  артта  қалды. Жер  

бетінде  тыныштық  орнады.  Елімізде  тыныштық  болсын!  Жұдырықтай 

жұмылған, білектей  біріккен  кеңпейіл  Қазақ  елі  жасасын! 

Баянова Акбота 

11-сынып, Солтүстік Қазақстан облысы  Жамбыл ауданы, 

 " Майбалық орта мектебі" КММ 

      Жетекші: Тагудретова Ботагоз Бейбитовна 

 

Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды! 

Тауды биік демеңдер, 

 Талаптансаң шығарсың. 

Жауды мықты демеңдер, 

Ерлік қылсаң жығарсың. 

 Н.Байғанин 

Қазақ  елі,  шынымен,  жаудың  да  мықтысынан,  таудың  да  биік  белесін 

жеңіп,  асқар асулардан асқан іргесі берік, қайратты, қазіргі күнде  тілегі мен 

бірлігі  жарасқан,  елбасымыз  айтқандай  тәуелсіздігіміз  тұрақты  Мәңгілік  ел 

болуға талпынған мемлекетпіз.   

Мен  соғысты  көргенім  жоқ.  Себебі,  мен  тәуелсіз  Қазақстанда  бейбіт 

өмірде  дүниеге  келдім.  Мен  соғысты  алғаш  рет  бала  күнімде    атамның 

естеліктерінен,  әңгімелерінен  тыңдап,  атамның  өзі  сияқты  соғыс 

ардагерлерінің әңгімесінен білемін.   

Биыл – Ұлы Отан соғысының аяқталғанына да  70  жыл толғалы отыр. 

Соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес.  Сол жылдар 

жаңғырығы  адамзат  жүрегін  әлі  сыздатуда.  Бүгінгі  өміріміз  үшін  құрбан 

болған  соғысқа  қатысқан  аталарымыз  ешқашан  естен  шықпайды, 

ұмытылмайды. 

Ұлы  Отан  соғысы  адамзат  баласына  үлкен  қасірет  әкелді.  Соғыста 

миллиондаған  адамдардың  өмірі  қиылды.  Отанын  жаудан  қорғау  үшін  көп 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

10 


ұлтты Кеңес Одағы халықтарының ішінде қазақ халқы ерекше ерліктері мен 

жауға  қарсы  тұрды.  Аты  аңызға  айналған  Бауыржан  Момышұлы  атамыз, 

батыр  қыздар  Мәншүк  пен  Әлия,  Рейхстагқа  жеңіс  туын  тіккен  Рахымжан 

Қошқарбаев,  ұшқыш  қыз  Хиуаз  Доспанованың  ерліктерін  неге  ұмытамыз?! 

Бұлар біздер үшін үлкен мақтаныш! 

Ешкім  де,  ешнәрсе  де  ұмытылмақ  емес!  Соғыс  –  күйретуші  күш!  Дәл 

солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының 

бәрін  жалмап  жұтатын  тажал.  Сол  қанды  кезеңді  еске  түсіріп,  елестететін 

газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін 

мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе 

де,  ешнәрсе  де  ұмытылған  жоқ.  Ұлы  Отан  соғысы...  Бұл  сол  кездегі  кеңес 

халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын 

күн.  Бұл  күнді  соғыстың  алғы  шептерінде  қайсарлықпен  шайқас  жүргізіп, 

ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. "Неменеңе жетістің бала 

батыр, Қариялар азайып бара жатыр Бірі мініп келместің кемесіне, Бірі күтіп, 

әнеки,  жағада  тұр",  -  деп  тебіренген  Мұқағали  мұңында жұмырбасты  пенде 

үшін  теңдессіз  құндылық  ұрпақаралық  қимастық,  сыйластық  сезімдері 

мөлдіреп  тұр.  Қариялар  азайып  бара  жатқанын  әсіресе  олардың  ортасында 

Ұлы  Отан  соғысынан  аман  оралған  ақсақалдарымыздың  қарасы  жыл  санап 

азайып барады емес пе?!  

Біз  Ұлы  Отан  соғысындағы  Ұлы Жеңіске  ештеңеге  теңеспейтін ғажап 

күшпен жеттік. Ол  күш  - әрине, "бірлік”. Қазақ елінің  -  өмірлік ұстанымы, 

символына айналған дүние.  

Ұлы жеңіс – ұрпаққа аманат!  Бұл тарихқа алтын әріптермен жазылды. 

Олардың  қаһармандық  өнегесі  бүгінгі

 

жас  ұрпақтың  жадында  мәңгі 



сақталуы  тиіс.  Отаншыл  болу  –  ең  алдымен  өткенді  білу.  Осынау  қойнауы 

қазынаға  толы  байтақ  даланың  әр  пұшпағын  бабаларымыз  ақ  найзаның 

ұшымен,    білектің  күшімен  қорғағанын  ұмытпау  –  парыз.  Отан  сенің 

отбасыңнан,  аядай  ауылыңнан,  сол  жердің  тасынан,  суынан,  топырағынан 

басталады. Қазақ жері – киелі, қасиетті. Оны малмен, ақшамен, алтын-күміс, 

асыл тастармен бағалауға келмейді. 

Отанды  сүю  –  бір-біріңе  бауырмал  болу.  «Жақыныңды  жаттай  сыйла, 

жат  жанынан  түңілсін»  дейді  дана  халқымыз.  «Біріңді  қазақ,  бірің  дос, 

көрмесең,  істің  бәрі  бос»  дейді  кемеңгер  Абай.  Ынтымағы  жарасқан  елді 

көргенде, жаудың құты қашады. Бірлігіміз барда тас қамалдай берікпіз. 

Халқымызда  «Ерім дейтін  ел  болмаса, елім  дейтін  ер  қайдан  болады» 

деген мақал бар. Жастар өз Отанының нағыз патриоты бола алу үшін үлкендер 

де  өз  соңынан  ерген  ұрпақты  дұрыс  тәрбиелеуі  керек.  «Отаным  маған  не 

бересің деп емес, Отаным, мен саған не бере аламын?» деп өсу керек. Сонда 

елімізде әрқашан да бейбітшілік болады. Себебі, ертеңгі елдің тізгінін ұстар 

азаматттар  білімді  болса,  олар  барлық  қиыншылықтарды  ақылмен  шеше 

алатын болады. 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

11 


Торқалы  тойдың  қуанышы  өзі  сүйген  халқы  үшін  ерекше  болмақ. 

Найзағайдай жарқылдаған отты ой бар қаһарлы сөйлесе де қайырымы мол, өз 

мүддесін,  ұрпақ  мүддесін  ойлаған,  қара  қылды  қақ  жаратын  әділдіктен 

жаралған ойы тұңғиық, қимылы қылыш  ерлер есімі, ерлігі жадымызда мәңгі 

қалып,  өнегесі  болашаққа  күш,  қайрат,  рух  береді.  "Ер  есімі  –  ел  есінде”,- 

демекші,  бізге  жарқын  болашақ,  бақытты  ғұмыр  сыйлаған  аталар,  апалар 

ерлігі  ешқашан  ұмытылмайды.  Солардың  қасиетті  рухы  бүгінгі  бейбіт 

тірлігімізге күннің нұрындай мәңгі шуағын шашпақ. Ұлы жеңіс құтты болсын, 

ардақты халқым менің! 

Қорыта келгенде,  ата – бабаларымыз сыйға тартқан бақытты өмірімізді 

қорғау - әрбір саналы азаматтың, біздердің борышымыз. Қан мен тер, қиылған 

өмір арқылы келген бостандық – тарихи шындық. Бүгінгі өміріміз үшін құрбан 

болған  ерлеріміз  ешқашан  да,  ешуақытта  естен  шықпайды,  ұмытылмайды. 

Оны ұмытуға да хақымыз жоқ. Жаңғырту жолында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 

өзінің соңғы халыққа арнаған Жолдауында:           "Өткен тарихымызға тағзым 

да,  бүгінгі  бақытымызға  мақтаныш  та,  гүлденген  келешекке  сенім  де 

«Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю – бабалардан 

мирас  болған  ұлы  мұраны  қадірлеу,  оны  көздің  қарашығындай  сақтау,  өз 

үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. 

Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні – осы! 2015 жыл – ұлттық 

тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі 

белестер  жылы.  Қазақ  хандығының  550  жылдығын,  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясы  мен  Конституциямыздың  20  жылдығын,  Ұлы  Жеңістің  70 

жылдығын  атап  өтеміз",-  деп  баса  айтты.    Бабалар  әперген  тыныштықты 

сақтап,  патриоттық  сезімімізді  еш  жоғалтпай,    Ел  Бірлігін  нығайту  әрбір 

жастың  міндеті.  Әсіресе  жастар  өткенімізді  ұмытпай,  дәріптеп,  аталарымыз 

алып  берген  бейбіт  өмірді  бағалай  білуіміздің  арқасында  ғажайып  әлемнің 

куәсі болып отырғанымызды да ұмытпайық.  

Қазақ  елі,  соғыстың,  оның  сұмдықтарының,  сол  кезде  біздің  өміріміз 

үшін  жанын  қиған  ардагерлерімізді  ұмытпауға  тиіспіз.  Аспанымызды  бұлт 

торламасын, ұйқымыз бұзылмасын, ата – анамыз әрқашан қасымызда болсын! 

- деп тілеймін. Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, 

ескермейтін тарихи оқиғалар болады.  Ол оқиға - Ұлы Жеңіс!  

Шығармамды  өзімнің  пәк  жүрегімді  жарып  шыққан  мына  бір  өлең 

жолдарымен аяқтасам деймін: 

Жеңіс туы  көк аспанда желбіре

Тәуелсіздік мәңгі азат елімде. 

Ұлы Жеңіс ұмытылмас еш уақыт, 

Біздей ұрпақ тірі тұрған кезінде. 

Қазақ елі болсын ұзақ ғұмырың, 

Деп тілейді   әрбір сенің  ұл-қызың. 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

12 


Ұлы Жеңіс ұрпақ үшін мақтаныш, 

Қазақ елі, жайнай берсін  жұлдызың! 



Бимендеев Серік 

8 сынып, № 1 Новоишим орта  мектебі Новоишим селосы 

Ғабит Мүсірепов атындағы  аудан  Солтүстік Қазақстан облысы 

Жетекші: Әлібаева Дина Әбілқызы 



Сталинградтағы Қазақ көшесі 

1942 жылы шілде айында  жарты жылға созылған  Сталинград шайқасы 

басталды.  Фашистік  Германия  совет  әскерінің  қарсыластығын  тез  арада 

жойып, тоқтамас шерумен Волгаға дейін жетуді жоспарлады. Волга және Дон 

өзендерінің    арасында  қанішер  соқтығыстарда  көптеген  әскерін 

жоғалтқанымен,  қарсыластарға    біздің    әскердің  қорғанысын  бұзып, 

Сталинградтың  солтүстігіндегі  Волгаға  қол  жеткізді.  Күндіз-  түні  қантөгіс 

соғыстың шуы басылмады, бүкіл қала от пен түтін астында қалды, Волганың 

өзі  алау  астында  көрінді.Соғыс  шегі  қараша  айында  Волга  өзенінен  бір 

шақырым  жерде  өтті,  көптеген  стратегиялық  маңызды  биіктер  фашистердің 

қол астында болды және сол биіктерден фашистер совет әскерлерін атқылады. 

Көптеген  адамдардың  мерт болғанына қарамастан, Сталинград қаласын алуға 

бірінен  соң  бірі  жаңа  вермахттың  бөлімдеріне    келіп    жатты.  62  әскер 

басқарушысы  генерал  Чуйков  В.И.    былай    деп    жазған:  «Гитлер  бүкіл 

Германияны осы бір қаланы алу үшін құрбан етуге дайын болып көрінді».   

1942  жылы  күз  айында  Сталинград  ауданына  70-тен  көп  жаңа 

дивизиялар жұмылдырылды, қарсыластың күші 2 есе өскендей болды. Бірақ 

дұшпан    жерімізге  тереңдей  кірген  сайын,  Сталинград  қорғаушыларының 

қарсыластығы  күшейе  түскендей  болды.  Сталинград  жерінің  әр  метрін,  әр 

көшесін, әр үйін  тіспен қорғағандай болды.  

Біздің  жерлесіміз,  Ұлы  Отан  Соғысының  ардагері  Иван  Архипович 

Легостаев  Сталинград  шайқасына  қатысқан  кезінде  жарақат  алып  көрген 

тәжірибелі  солдат  болды,  бірақ  сол  жерде    басынан    кешкенді    соғыстың 

басынан аяғына дейін көрмеген еді. «Сталинград жерін қатерлі темір- терсек 

басып қалды. Топырақты уыстап алып, саусақ арасынан төксек, қолыңда оқ 

болмаса,  жарқыншақ  қалар  еді.  Бұл  жерде  болған  нәрсені  ешқандай  сөзбен 

айтып  жеткізуге  болмас  еді.  Тоқтаусыз    бомбылау,  артиллериялық  және 

минометтік  атыстар.  Бірінен  соң  бірі  жалғасқан    немістік  әскерлердің 

шабуылы. Шайқас трактор зауытының ғимараттарында да жүргізілді, әр көше 

үшін,  әр  ғимарат  үшін  қантөгіс  болды.  Ғимараттар  кейде  «қатпар-қатпар 

пирогті»  еске  түсірді.  Астыңғы  қабатта  біздікілер,  ортаңғыда-    жау,одан 

кейінгі  қабатта  біздікілер.  Кезектес  жетістікпен  ғимараттан  бір-  бірімізге 

отпен  қуып  отырдық».  Сталинград  қабырғаларда  гитлерлік  ең  мықты 

әскерлерді  жинап,  оларға  керемет  соққы  беріп,  қала  қорғаушылары  осы 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

13 


қантөгіс соғыста жеңіске бет бұрды. Сталинград түбіндегі жау  әскерлері 1943 

жылы 2 ақпанда көзі жойылды. Сталинград түбінде 200 күн шайқас кезінде 

вермахт  1,5  миллион  адам  жоғалтты.  Қазақстандықтардың  Сталинград  

шайқасына қосқан үлесін айтқанда,    Волгоград  батыр қаласының ортасында 

орналасқан Қазақ көшесі туралы ұмытпауымыз керек. Сталинград  түбіндегі 

шайқастарда  7  қазақстандық  Чуйков  қатарына  қосылған  дивизияның 

офицерлері мен солдаттары қатысты. Ұлы ақын Жамбылдың баласы Амадай 7 

гвардиялық  дивизияның  19  гвардиялық  кавалеристік  полкінде    пулеметтік 

санақты  басқарып,  Синельниково  қаласының  түбінде  ерлікпен  қаза  тапты.  

Сталинград  шайқасында  әскери  комсомол  Қасым  Аманжолов  қаза  тапты. 

Минометші  коммунист  Қарсыбай  Спатаев    пен    лейтенант

 

Абдибай 



Курмантаев

 

батыр қала қабырғасында 



 

ұмытылмас  ерлік  жасаған үшін Совет 

үкіметінің батыры атағы берілген. 

1942 жылы 19 желтоқсанда Сталинградты қорғау кезінде қазақ баласы, 

Совет үкіметі батыры Нұркен Әбдіров қаза тапты. Барлығы 36 қазақстандық 

Совет одағының батыры атағына ие болды. Біздің ауылымыздың  ардагерлері  

де Сталинград шайқасына өз үлесін қосты. 

Бекіш  Қасен  Ишимұлы  сонау  1942  жылы  Совет  әскерінің  қатарына 

шақырылған.  Иркутск  қаласында  6  ай  оқығаннан    кейін,  Сталинградтың 

Бекетово қаласы  маңында  шайқасқа түсті. Сол жерде көрген  нәрселер өмір 

бойы    денесін    түршіктерген:  «Өлік  үстінде  өлік,  жарқыншақ  үстінде 

жарқыншақ . Бір сенімсіз мықты күш өз жолындағы бәрін қиратқандай еді». 

Фияткин  Василий  Федотович  әскерге  шақыру  билетін  1942  жылы 

наурыз  айында  алды,  6  ай  Астрахан  қаласындағы  училищеде  оқып, 

Сталинградқа жіберілген.  «Қалаға дейінгі жол оңай емес еді, өз орнымызға 

жету үшін біз Волгадан тоқтамас артиллериялық атыс астында өтуіміз қажет 

еді. Бірақ біз оған қол жеткіздік. Бір апта күнтөгіс шайқастан кейін, ротада 120 

адамнан  9-ы    қалған  еді».  Сталинград  түбіндегі  шайқастар  үшін  Василий 

Федотович Фияткинге Ұлы Отан соғысы ордені марапат етілді. 

Мұқышев  Молдаш    1941  жылы  Царицыно  қаласының  124  мерген 

полкіне  шақырылған  еді.  Ауыл  жігітінің  басына  көптеген  қиыншылықтар 

туды.  Сталинградты  батыл  қорғау  үстінде  жарақат  алды.  «Сталинград 

шайқасының  масштабтары  мен  қорқынышы  туралы  ешкім  ешқашан  ұмыта 

алмас.  Әр  шабуылдан  кейін,  біз  өз  жолдастарымыздан  айырлып,  олар  үшін 

одан сайын ашуланып жауға қарсы шықтық. Жарақаты жазылған соң,  қайта 

әскер қатарына тұрып шайқастық». 

Бұл - тек қана бір шамалы бөлік, бірнеше адамға ғана тиген Ұлы Отан 

соғысының  қатері,  бірақ  осы  қатерге  қарсы  тұра  алып,  мойымай,  сынбай 

жеңіске  жеткендер.  Қазақ  көшесі  батыр  қала  Волгоград  орталығында 

орналасып,  біздің  жерлестерімізге    арналып  аталғанын  мақтан  тұтамын. 

Осындай  мықты  адамдардың  әңгімелерін,  болған  оқиғаларын  тыңдау  -  мен 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

14 


үшін  үлкен  мақтаныш

Өйткені    бұл  тарихты  олар  өз  өмірімен,  өз 



жарақаттарымен,  төгілген  қандарымен,  өздерінің  айырылған  жастық 

шақтарымен, шайқаста мерт болған махаббатымен жасаған. 



Болатова Камила 

6 сынып оқушысы СКО Жамбыл ауданы Аға 

жетекшісі: Шәріпова Сәуле Дулатқызы     

Ерлігің мәңгі есімде 

Қараңғыда көрген жоқ оны ешкім де, 

Келе жатты ұрланып соғыс түнде. 

Келе жатты ол қап-қара, бүйі болып, 

Жолбарыс боп жалаңдап жол үстін. 

Жеңiс жайлы сұрап көршi сен менен, 

Жеңiс жайлы толық дерек бiлмеп ем. 

Жеңiс жайлы бiлгiң келсе қартқа бар 

Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген. 

Жесiр әйел түнде  ұйқы көрмеген, 

Жетiм бала әке ашуын сезбеген. 

Жеңiс жайлы тарихқа үңiл, бауырым, 

Жеңiс жайлы сонда толық бiлесiң. 

Жеңiс жайлы сұрап көршi сен менен, 

Сұрапылдар өттi-кеттi көлденең. 

Елi үшiн басын тiгiп қатерге 

Ар-намыстың аппақ туын бермеген. 

Соғыс! Талайға түрпiдей тиетiн, жаныңды жегiдей жейтiн ауыр әрi суық 

сөз. Табаны күректей 1418 күнге созылған Ұлы Отан соғысы. Ерлер майданға 

аттанып, ана мен бала жылап, қайғы шеккен қасiреттi жылдар.  

Талай  боздақ  жауға  қарсы  аттанып,  өлiмдi  емес,  келер  өмiрдi  ойлады. 

Кiмнiң жас, кәрi екенiне қарамады. Бiрi – жау қолында, ендi бiрi оққа ұшып 

мерт болды. 

Соғыс ешкiмге де қуаныш пен күлкi әкелмейдi. Тек қайғы-қасiрет, азап-

қиындық...  

1941  жылы 22  маусымда  таңғы сағат 4-те  тыныш ұйқыда жатқан  елдi 

фашистiк Германияның қарулы әскерi Белоруссия  жерiне  басып кiредi. Мiне, 

осылай Ұлы Отан соғысы басталыпты. Соғысқа елiмiзден 1 миллионнан астам 

азамат  аттанып,  800  мыңы  қайта  оралып,  600  мыңы  ерлiгi  үшiн  түрлi 

марапатқа ие болған едi.  



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

15 


Соғыс  жылдарында  мыңдаған  концлагерьлер  салынып,  ондағы 

адамдардың  басым  көпшiлiгi  азапталып  өлтiрiлген  екен.  Адамдарды  газбен 

улап,  пешке  жаққан.  Германияға  күнделiктi  тауарлар  қажет  болғандықтан, 

адамдардың шаштарынан – мата, майынан – сабын жасаған. Соғыстың осын-

дай жан түршiгерлiк әрекеттерiн кiтаптан, ардагер ата-ағалардан естiген едiм.  

Соғыстың  жалыны  қазақ  жерiн  де    шарпыды.  Батыс  Қазақстаннан  500 

шақырым қашықтықтағы Сталинград түбiнде үлкен ұрыс болған.  

Жылжып уақыт, жылдар өтсе де, қазақ халқының тарихында  Ұлы Отан 

соғысының iзi мәңгi өшпейдi. Жеңiс үшiн қанша адам отбасын тастап, соғысқа 

аттанды.  Бойларын  рух  пен  намыс  кернеген  абзал  азаматтар  ел  басына  күн 

туған, ауыр кезде от пен оқтың ортасында жүрiп, Отан үшiн отқа түстi. Қанша 

азап тартса да, келер күннен үмiт үзбей, жеңiске, азаттыққа ұмтылды.  

Қазақ халқы ата-бабасы қорғап, келер ұрпағына мұра ретiнде қалдырған 

дарқан даласында қанат жайып, өркендеп, өсiп келедi. Бабалар ерлiгi өшпек 

емес.   

Қазiр Жеңiс күнiне барша халық   ерекше  ықыласпен  дайындалуда. Бұл 

күнге  барлық  жақсылық  жарасады.  Бейбiт  өмiр  үшiн  ардагер  ата-әжелерге 

алғыс айтамыз. Қанды қырғын қайта тумасын. Бiздер, жастар, ғылымда озық, 

өмiрде тәрбиелi, ұлтжанды  болуымыз қажет.  

Солардың  бірі  біздің  жерлесіміз,  батырымыз  Масякин    Кирилл 

Евгениевич.    Бұл  батыр    қазіргі  Жамбыл  ауданы,  бұрынғы  Преснов  ауданы 

Святодуховка  селосында  1919  жылы,    крестьян    отбасында  дүниеге  келген. 

1936  жылы  10  қыркүйекте    әскерге    шақырылды.  Масякин    басынан  үлкен, 

ауыр соғыс жолын кешті. 

1943  жылы  2  ақпан  күні  ол    жараланды,  біраз  уақыт  ол  госпительде 

жатты.  Госпиталдан  соң  ол  қайта  фронтқа  қайтты.  Масякин    Белоруссияны 

босату операциясына талай қатысқан батыр. 

1947 жылы Масякин  әскерден  оралды.  Ал 1954 жылы батыр қайтыс 

болды. Ол Тюмень облысы  Еремина селосында  жерленген. 

Бұл  батырдың    ерлігі  еш  уақытта  ұмытылмайды.  Біздің  мектеп 

қабырғасында  Масякин  Кирилл  Евгенивичқа  арналған  Мемориалдық  тақта 

бар. Бұл ұлы батырдың алдыңда біз бас иеміз. Соғыстан қайтты бiр сарбаз 

Сағыздың ерке өзенi, 

Елiре соқты жағаға. 

Өзгеден ерек сол күнi, 

Ауыр боп тидi анаға. 

Қам көңiл едi халқың да, 

Кәрi де, бала-шаға да. 

Өмiрге құштар қалпыңда, 

Майданға кеттiң,  жан аға. 

Зiлдей боп керзi етiгiң, 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

16 


Таппадың тiптi бiр тыным. 

Түнерiп қауiп төнгенде, 

Досың боп қара  мылтығың. 

Соғыстың аты соғыс қой, 

Жалмады талай арысты. 

Мылтықтың оғы босқа ұшпай, 

Өлiм мен өмiр алысты. 

Есiңе кейде аласың, 

Кешегi қанды соғысты. 

Ұмытпас ұрпақ санасы, 

Көргендей қайта сол түстi. 

Мiне, Жеңiстiң Ұлы күнi. Осындай бейбiт күндi сыйлаған аталарымызға 

мың алғыс. Егер бабалар болашақ үшiн ерлiк көрсетпегенде, бiз осылай өмiр 

сүрмес те едiк... Олар жерi, елi үшiн шайқасқа түсiп, кеудесiн оққа тосты.     

Отан  соғысында  ерлiк  көрсеткен  жүзге  жуық  қазақ  азаматы  Кеңес 

Одағының  батыры  атағын  алды.  Әлия  мен  Мәншүктей  апаларымыз  қазақ 

қыздарының  қайсарлығын  көрсеттi.  Бiз,  батыр  ұлттың  ұрпақтары,    соғысты 

болдырмауға  және  Отанымызды  сатпауға,  елiмiздiң  тыныштығын  сақтауға 

уәде беремiз. Елiмiздiң намысы мен батылдығын паш еткен Ұлы Жеңiске биыл 

70 жыл!  

Бiз үшiн бұл күн тарих бетiнде алтын әрiптермен жазылған, қазақ  

батырларының ерлiгiн еске алатын ерекше күн. Біз батыр ұлттың ұрпағымыз! 



Ерсаинова Маншүк 

11 сынып, «әл-Фараби» мектеп-лицейі

Петропавл қаласы 

Жетекші: Шаханова Сандуғаш Құрмашқызы  



Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмытылған жоқ 

Түспесін ауыр басқа күй, 

Болмасын соғыс қанды апат. 

Қалмасын жетім жас сәби, 

Қалмасын жесір махаббат. 

С.Мәуленов 

Қазақ    халқы    ежелден-ақ  өмірдің  қилы-қилы  кезеңдерін  басынан 

кешірді. Тар жол, тайғақ кешулерде  Отан үшін отқа түсіп, ата- баба мұра етіп 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

17 


қалдырған қасиетті жерімізді жаудан аман-есен қорғап қалды. Сондай ауыр да 

алапатты  күндердің бірі-Ұлы Отан соғысы. Ұлы Отан соғысы- ол ерліктің, рух 

пен  намыстың  салтанат  құрған  кезеңі.  Сол  жеңіс  қайнарынан  біздер  күні 

бүгінге дейін күш алып, рухани тірек тауып келеміз. Қара жерді дөңбекшітіп, 

жазықсыз жанын жазылмас жарамен қан жылатқан, көп ұлтты кеңес халқының 

ержүректілігі  мен  қаһармандығын  әлем  алдында  әйгілі  еткен  екінші 

дүниежүзілік соғыста мыңдаған адам жауынгер атанды. Елге қатер төнді. Ел 

үстіне  найзағай,  қара  бұлт  қабағы  түйілді.  Бейбіт  халықтың  денесі  жаралы. 

Жараң қанша болса, кегің сонша өлшеусіз. Көп зұлымдық, көп қорлық ел ішіне 

тас шемендей қатып, ел жүрегін ыза кернеді. Сол бір сұрапыл соғыс басталған 

күннен бері талай жылдар өтсе де, халық  жадындағы ауыр күндер ешқашан 

ұмытылмақ емес. Ерлер өздерінің атақтары үшін емес, жер бетіндегі өмір үшін 

күресті. Қазақ жеріне соғыс отының шарпуы тиген жоқ. Бірақ сол кездегі ұлан  

байтақ еліміздің шетіне жау тиіп жатқанда, қазақстандықтар да тайлы-тұяғы 

қалмай  атқа  қонғанын  бәріміз  де  жақсы  білеміз.  Солардың  40  пайызы 

ерлермен тізе қосып, жауға қарсы шығуға бекем буып, өз беттерімен өтініш 

беріп,  соғыс  майданына  бет  алған  қазақтың  үріп  ауызға  салғандай  жас 

қыздары болғанын естен шығармауға тиіспіз. Оларды соғыс өрті ерте есейтті. 

Кеше  ғана  қызылды  –  жасылды  киініп,  гүлдей  құлпырған  балауса 

бойжеткендер  енді  әскер  киімін  киініп,  қару  асынып,  тілі  мен  діні  бөлек 

жаумен  шайқасқа  шықты.  Оқ  пен  отқа  орана  жүріп,  ерліктің  небір  ерен 

үлгілерін көрсетті. Адамзат тарихында қайғы-қасіреті мен есте қалған екінші 

дүниежүзілік  соғыс  миллиондаған  адамдардың  өмірін  жалмады.  Көптеген 

боздақтарымыздың  сүйегі  ата  жауымен  арпалыста    жат  жерде  қалды. 

Сондықтан  да  тарих  шежіресіне  Ұлы  Отан  соғысы  деген  атпен  жазылып 

қалған бұл алапат қырғынды бүгінгі ұрпақ еш уақытта да ұмытпайды. Майдан 

даласында мерт болған ерлеріміздің ерлігін жыл сайын жеңіс күні еске алып, 

оларға әрдайым тағзым етеміз. 

Туған  Отанын  қорғау-қай  халықтың  болсын,  қай  перзенттің  болсын 

қасиетті  борышы.    Отанынан  айырылған  адам  тірі  жетім,  өмірден  өгей  күй 

кешеді. Ұлы Отан соғысы кезінде қанша апа -ағаларымыз кеудесін оққа төсеп, 

келе  жатқан  танк  астына  қолдарындағы  гранаталарымен  бірге  түсіп,  Отаны 

үшін мерт болды. Тарихта ерлігі аңызға айналып, есімдері мәңгілікке қалған 

ағаларымыздың  бірі  –  Бауыржан  Момышұлы,  алғашқылардың  бірі  болып 

Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев сынды батырларымыз. Ұлы Отан 

соғысының аты аңызға айналған  қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, белгілі 

жазушы  Б.Момышұлы  былай  деп  жазған  болатын:  «Біздің  жүрегіміз  темір 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет