Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата31.03.2017
өлшемі0,87 Mb.
#11023
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

43 


бұзды...  Қалалар  қирады,  ғимараттар  бұзылды,  аспанды  қара  бұлт  басты. 

Өйткені бұл - соғыс!  

Соғыс жылдары ер-азаматтар майданда қасық қандары қалғанша аяусыз 

соғысса, ауылда қалған аналарымыз сол майданға рух беру үшін қызмет етті. 

Бастарынан  ұйқысыз  түнді,  күлкісіз  күндерді  өткізді.  Бұлай  болмаса,  біздің 

жеңіске жетуіміз екі талай еді. Ол кезде айтылар бір ғана ұран болды. Ол «Бәрі 

де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» еді. Әйелдер мен буындары қатпаған жас 

балалар    тылдағы  ең  басты  күш  болды.  Өйткені  соғыс  алаңындағы 

әскерлерімізге киім-кешек, азық-түлік, қару-жарақ  ауадай қажет еді. Елімізді, 

жерімізді қорғау мақсатында Қазақстаннан мыңдаған сарбаз әскерге аттанды. 

Бәрінің ойында фашизмді түп тамырымен жойып, елге жеңіспен оралу еді.  

Иә,  соғыс  ешкімді  де  аяған  жоқ.  Соғыс  оларды  қанша  таптаса  да,  біз 

жеңілмедік! Біздің жеңісіміз – біреуі қолын, біреуі аяғын, біреуі көзін беріп 

келген  кембағал  аталарымыздың,  жат  елде  хабарсыз  кетіп,  еліне  оралмаған 

аталарымыздың арқасы. Жеңіс туын желбіретіп, бізге бейбіт өмірді сыйлаған 

аталарымыз  және  қазақтың  қыршын  кеткен  аналары,  яғни,  Ә.Молдағұлова, 

М.Мәметова,  Б.Момышұлы,  Т.Бигелдинов,  Қ.Қайсенов,  Р.Қошқарбаев, 

Т.Тоқтаров сынды батырларымыз болатын. Пулеметімен жауға оқ жаудырған 

Мәншүк болса, қырағы Әлия, темірдей қатал Бауыржан, құстай ұшқыр Талғат 

аталарымыз  талай  жаудың  талқанын  шығарды.  Олардың  бойында  қазақтың 

қаны, қазақтың жаны болды. Намыс бойды кернеп, елі үшін барлығына әзір 

болған еді.   

Ұлы Отан соғысына өз еркімен аттанғанғандардың ішінде менің нағашы 

атам Андағұлов Жәрек туралы сөз қосқым келеді. Соңғы Сталинград түбінде 

болған  ұрыс  даласында  көптеген  әскермен  бірге  соғысқа  шығып,  содан 

хабарсыз кеткен.  Анамның  айтуы  бойынша,  менің  атам  ержүрек, батыр кісі 

болған. Шіркін, атам аман-есен соғыстан оралып, жеңістің тәтті шағын кейінгі 

ұрпақтарымен бірге көретін еді-ау. Бірақ ол күнге жете алмады. Мен тілге тиек 

етіп отырған азаматтарымыздың бәрі біз үшін, артында қалған ұрпақтары үшін 

жандарын пида етті.  

Міне, содан бері 70 жыл! Жылдарды артқа қалдырып, жарқыраған жаңа 

заманда  шалқып  өмір  сүріп  келеміз.  Мектепте  еркін  білім  аламыз,  ата-

анамызды құшағында алаңсыз бауырларымызбен мәз-мейрам боламыз. Жыл 

сайын біздің Отанымыз жеңістің иісі шыққан көктемді қарсы алады. Әр жүз 

адамнан екі адам Отанына оралып, бізге шаттық өмір сыйлады.     

Қазақстанымыздың  түкпір-түкпірінде  жеңіс  күні  мерейлі  тойланып, 

ардагерлеріміз  ықыласқа  бөленуде.  Мемлекет  тарапынан  майданда  қаза 

болғандардың жанұясына, ұрпақтарына жәрдем көрсетілуде. Жеңістің жетпіс 

жылдығына орай көптеген іс шаралар жоспарлануда. Тәуелсіз еліміздің ашық 

аспанында ұшақтар қалықтап, отшашулар жарқырап, әскери шерулер алаңда 

сап  түземек.  Мұның  барлығы  жеңіс  күнінің  құрметіне  арналмақ.  Десек  те, 

жүректің  түбінен  соғыстың  ызғары  кетер  емес.  Жанын  шүберекке  түйген, 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

44 


яғни, соғысқа аттанған қазақ, өзбек, украин, орыс, тәжік т.б ұлттарымыздың 

жат жерде хабарсыз кетіп, не болмаса, жер астында бір-бір төмпешік болып 

қалғаны - өкінішті жайт. Соғыс ардагерлерінің жыл сайын саны азайып бара 

жатқаны жаныңды қынжылтады. Кеуделері орден мен медальға толы қарт кісі 

көрсем, басымды игім келеді. Маңдайларын әжім басқан тыл еңбеккерлерін 

көрсем, құшақтап, сүйгім келеді. Өйткені бізге тыныш өмір сыйлаған  ардақты 

ұлылар - солар. Жеңіс туралы айтатын болсақ, ол-қуаныш пен қайғы, күлкі мен 

көз жас. Қуаныш пен күлкі Ұлы Отан соғысының жеңісі болса, қайғы мен көз 

жас - соғыс кезінде миллиондаған боздақтардан айырылғанымыз. Барша жер 

бетінде  ешқашан  соғыс  болмасын,  анасын  бала,  баласын  ана  мәңгілік 

жоқтамасын! Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, соғыстың қатал заңы 

басымызға төнбесін! Жеңіс күні баршамызға мерейлі болсын!  

Күн туғанда бүкіл елдің басына, 

Қарамай-ақ үлкен-кіші жасына, 

Қорғау үшін елмен жерді азаттан, 

Аттаныпты майданға олар асыға. 

Көрмеу үшін қайғы басқан жүзіңді, 

Отан үшін сапқа тұрып түзілді. 

Қанша армандар орындалмай аңсаған, 

Қанша үміттер қыршынынан үзілді. 

Қадірлейік, қасиетін тілейік, 

Алақанға аялап біз жүрейік. 

Жылдар сайын барады ғой азайып, 

Ардагерерге ұзақ өмір тілейік! 



Нурсеитов Темирлан 

6-сынып оқушысы 

Солтүстік Қазақстан облысы 

Аққайың ауданы 

Қайырбек Оразов атындағы 

Аралағаш орта мектебі 

Жетекші: Темирова Ж.А. 

«Бейбітшілік» деп соғады жүректер 

Соғыс, соғыс болмасын, 

Қара бұлттар төнбесін. 

Аспанымыз ашық боп, 

Ақ көгершін самғасын. 

Соғыс және бейбітшілік. Екеуі бір – біріне кереғар ұғым. Соғыс деген 

сұм сөздің өзі  қорқынышты.  Осы  бес әріптің тұла бойында жан  шошырлық 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

45 


сұмдық,  аса  үрейлі  түсінік  жатыр.  Тіпті  былдырлаған  сәбидің  өзі  «Атыстан 

қорқамын»  деп  жанарына  жас  үйіріле  қалады.  Соғыс  десе  сонау  бір  өткен 

замандардағы небір шайқастар үрейіңді алады. Кешегі өткен Ұлы Отан соғысы 

ше?  Онда  біздің  елдің  жиырма  миллион  адамының  қыршынынан  қиылғаны 

мені шиыршық атқызады. 

«Жиырма миллион боздақ жан жүр көңілде, 

Жиырма миллион жұлдыз сөнді көгімде,» 

-деп  жырлаған  бір  ақыннның  өлеңі  ойыма  түскен  сайын,  жүрек  шіркін 

қыстығып қоя береді. Өмір мен бейбітшілік туралы толғанбайтын жан бар ма? 

Бәріміз де бақытты болғымыз келеді. Бәріміз де бір ауыздан: «Соғыс болмасын 

дейміз.  Сонау  отты  жылдардың  қан  майдандарда  кейбіріміздің  аталарымыз 

бен әкелеріміз, әжелеріміз бен апаларымыз болашақ үшін, Отаны үшін жаумен 

шайқасып,  өз  өмірлерімен  ерте  қоштасты.  Біз,  олардың  ұрпақтары, 

аталарымыз  бен  әкелеріміздің  әперген  жеңісін  сақтап  қалуға  тиіспіз.  Соғыс 

салған 

жараны, 


кеудесінде 

қорғасын 

оғының 

қалдығы 


жүрген 

адамдарымызды,  Отан  үшін  жан  пида  деп  кеудесін  оққа  төсеген  ерлерді 

ұмытуға  хақымыз  жоқ.  Ендігі  уақытта  тілегіміз  де,  арманымыз  да,  жазатын 

әніміз де, жырлайтын жырымыз да соғысқа қарсы болмақ.    Бейбітшілік! Қай 

халыққа  болмасын  оңайлықпен  келген  жоқсың.    Біз  үшін  қаншама  ақ 

жаулықты аналар,  көздері  мөлдіреген сәбилер құрбан болды, қаншама қан 

төгілді.  Қазіргі  кездегі  әрбір  елдің,  әрбір  адамның  тілер  тілегі  бір,  ол  – 

бейбітшілік.  Олай  болса,  біздің  барлығымыздың  да  тілер  тілегіміз  тек  қана 

бейбіт өмір сүру. 

Бейбітшілік дегеніміз – теңдік, достық, бостандық. Біздің еліміз осындай 

ұлы  мұраттар  жолындағы  күрестің  алдыңғы  шебінде  келеді.  Қанқұйлы 

соғыстың бейбітшілікті сүйетін халықты қандай жағдайларға душар еткенін 

біз  тарихтан  білеміз.  Әлемде  тек  бейбітшілік  болса  адамзатқа  одан  артық 

бақыт жоқ. Оны соғыс қасіретін тартқан үлкендер  ғана емес, келер ұрпақ біз 

де  түсінеміз.  Әрдайым  аспанымыз  ашық  болып,  төбемізде  күн  күліп  тұрса, 

қызу еңбек, шат күлкі билеген жұмыр жер адамдары арасындағы достық берік 

болса. Біз тек осыны тілейміз. 

Кеше    ғана  сұрапыл  отты  жылдарда  Ұлы  Отанымызды  неміс  фашист 

басқыншыларынан  қорғаған,  бүгінгі  жүздерін  әжім  іздері  шимайлаған, 

самайларын  ақ  шалғын  ардагерлер  баршамыздың  құрметімізге  бөленген. 

Мектебімізде соғыс мүгедектері мен ардагерлеріне арналған кездесулер өтіп 

тұрады.  Ардагер  аталарымыз  бен  ағаларымыз  «соғыстағы  ерлік  жайында 

айтып беріңізші», -деп сұрасақ: 

 «Ерлік... Отан қорғау жолында жау оғынан мерт болып, ерлік жасауды 

сендерге бермесін. Бейбіт күннің ерлігі де қымбат, қадірлі ғой, балам» дейді 

ойға  шомып.  Осы  Ұлы  Отан  соғысын  халқымыз  жеңіспен  аяқтады.  Сол 

жеңіске міне, 70 жыл толғалы тұр. Бұл Жеңіс – еліміздің бостандығын барша 

адамзатты фашизм қаупінен арашалап қалған әкелеріміз бен аталарымыздың 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

46 


қаһармандығының  айғағы.  Арада  қанша  уақыт  өтсе  де,  жеңімпаздардың 

айбынды даңқы өшпек емес.  

Соғыс  жаңғырығы  жылдан  -  жылға  алыстап  барады...  Ол  туралы 

үлкендерден,  көнекөз  қариялардан  естіп  жүреміз.  Кинолардан,  деректі 

фильмдерден  көреміз.  Әйтсе  де  өткенге  көз  жүгіртпей,  болашаққа  бағдар 

жасау  мүмкін  емес.  ХХ  ғасырдың  орта  кезінде  болған  алапат  соғыс  Екінші 

дүниежүзілік соғыс болса, соның бір бөлшегі Кеңес Одағының тарихындағы 

Ұлы  Отан  соғысы  болды.  Бұл  соғыс  кезінде  әрбір  бесінші  қазақстандық 

майданға  аттанып,  Отан  анасын  қорғауға  атсалысты.  Қаншама 

қазақстандықтар  ұрыс  даласында  мерт  болды.  Жеңіс  бізге  миллиондаған 

адамдардың  төгілген  қанымен  келді.  Соғыс  салған  қасірет  әрбір  жанұяның 

тарихында  із  қалдырып  кетті.  Ұлы  Отан  соғысы  тарихы  туралы  қаншама 

шығарма  жазылып,  қаншама  кино  түсіріліп  жатса  да  оның  тарихына  еш 

уақытта нүкте қою мүмкін емес.  

Мен  Қазақстанның  азаматымын!  Елімнің  кең  етек  алған  байлығымен, 

шексіз  бақытқа  толы  тұрғындарымен,  әсем  де  сұлу  жайнаған  табиғатымен, 

ұласып  жатқан  заңғар  да  асқар  таулары  -    менің  көкірегіме  зор  қуаныш 

кернегендей болады да тұрады. Осындай еліміздің бар байлығын сақтайтын 

ұрпақ керек. Ол әрине біз, яғни жастармыз! 

Ежелден  ата  –  бабаларымыз  қан  майданға  түсіп,  елі,  жері  үшін  ат 

салысқан  еді.  Ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып,  аманат  болып  келе  жатқан 

тілімізбен, дінімізді ата-бабаларымыз бізге тапсырғаны анық. Сондықтан да  

Қазақстан  Республикасында  туып  -  өскен  әр  азамат  өзінің елін  қорғай білуі 

керек. Кейбір елдерде аспаннан бомба жарылып, үйлер мен мектептер өртеніп, 

қиын  –  қыстау  күндерді  басынан  кешіріп  отырған  жазықсыз  сәбилердің, 

жасөспірім балалардың қабағынан қар жауған мұңды жүздерін, көздерінен көл 

болып аққан жастарын көріп, жас жүрегім діріл қағады. Ал мен және менің 

сыныптас  достарым бақыт құшағына бөленген қасиетті құт мекенде дүниеге 

келгенімізге  қуаныштымыз,  жарқын  болашаққа  деген  үміт  сәулесі 

көкірегімізді  кернеп,  зор  шаттыққа  бөлейді.  «  Мен  бақыттымын!»  -    деп 

айқайлағым  келеді  бар  әлемге.    Өзімнің  туған  еліме,  өлкеме,  кіндік  қаным 

тамған жеріме деген ыстық ықыласымды, зор мақтанышымды, биік сезімімді 

жасыра  алмаймын.    Ер  жетіп,  есейген  соң  еліме  деген  сүйіспеншілігімді 

еңбегіммен  ақтайтыныма  сенімдімін.  Алдағы  үмітім  орындалу  үшін  менің 

тәуелсіз  Қазақстанымда  және  барлық  әлемде  тыныштық  орнап,  бейбітшілік 

туы желбірей берсе екен дегім келеді.  

Ұлы  Отан  соғысындағы  жеңіске  70  жыл  толғалы  отыр.  Жеңіс  күні 

қарсаңында  біз  Ұлы  Отан  соғысының  оқ  бораған  даласында  қаза 

тапқандардың рухына бас иіп, тағзым етеміз. Содан бері талай уақыт өтсе де 

ел тағдырына қайғылы із қалдырған сол бір сұрапыл жылдар халық жадында 

мәңгілік  сақталып  қалады.  Төрт  жыл  қардай  жауған  оқ  астында  батырлық 

танытып,  ерлікпен  күрескен  ер  ұлдарымыздың  да  есімдері  тарихта  алтын 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

47 


әріппен  жазылып  қалатындығы  сөзсіз.  Бейбіт  өмір  тарту  еткен  ардагер  ата-

апаларымызға қанша құрмет көрсетсек те артықтық етпейді. Біз есімдері тарих 

беттерінде 

алтын 


әріптермен 

жазылған 

ағаларымыздың 

алдында 


қарыздармыз. 

Нуртазина Нұрсұлу 

8 сынып Солтүстік Қазақстан облысы 

Уәлиханов ауданы, Телжан орта мектебі 

Жетекші: Досханина Гүлім Омарбекқызы 

Ұлы  Отан  соғысы осыдан 70 жыл бұрын  аяқталғанымен,  оның салған 

жарасы  талай  жүректе  әлі  де  бар.  Балғын  балалық  шақтары  осынау  зұлмат 

жылдармен  тұспа-тұс  келген  жандар  қаншама?!  Бірі  қару  көтеріп,  соғысқа 

аттанса, енді бірі тылдағы еңбекті үлкендермен бірге бөлісті. Ел басына түскен 

қиын-қыстау шақта тылда қара жұмысқа жегілген кешегі балалар – бүгінде бір 

әулеттің  ақ  сақалды  атасы,  шежірелі  қазынасы.  Ұлы  Отан    соғысының 

басталуының    70  жылдығы,  мұндай 

соғыстың    ешқашан  қайталанбау 

керектігін      және    кез  келген      агрессорды  әділ      жаза    күтіп  тұрғанын 

баршамыздың 

есімізге 

салады.


Осы 

соғыс 


 

туралы 


тарихи

шындықты, 

 

оның 


қалай 

басталып,    қалай    аяқталғаны    туралы      келер    ұрпаққа 

жеткізуді 

маңызды    міндет  санаймыз.   

Ұлы  Жеңіс  -  біздің  елдеріміздің 

халықтарын   біріктіріп  отырған басты тарихи оқиғалардың бірі, Ұлы Жеңіс 

-    достық,    бауырластық  және  тату  көршілік      мұратында      тәрбиеленіп 

отырған   соғыстан кейінгі   жылдардың  барша ұрпақтары  маңызды рухани 

құндылық, адамгершілік тұғыры.  

Қазақ  ел  басына  күн  туғанда  жалғыз  жанын  қу  шүберекке  түйген 

жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу 

деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған. Тіпті арыға бармай-ақ кешегі 

Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп 

қарасақ қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз 

жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған жүз қазақтың (ең 

соңғысын  арада  50  жыл  өткен  соң  Бауыржан  Момышұлы  алды)  Кеңестер 

Одағының батыры  атағын  алғанын  айтсақ  та  жетеді.  Бұны  сол  кездегі 2,5-3 

млн. қазаққа шаққанда басқа халықтардың алдына шығып кетеді екен. Ердің 

ері шыдайтын жаңбырша жауған оқ пен қарша бораған бомбаның арасында 

олардың  нәзік  жүректері  тасқа  айналып,  гүл  ғұмырлары  ажалдың  қанды 

тырнағына ілікті. 

Сол  бір  сұрапыл  жылдары  қазақ  халқы  өзінің  Отанына,  жеріне  деген 

патриоттық  сезімін,  ұлттық  мақтанышын  дәлелдеді.  500-ден  аса 

жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

48 


Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл 

мен кең байтақ далада да жүріп жатты. 

Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 

1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы 

соғыс жүріп жатты. 

Бір  күшке  жиналған  орыс  пен  тәжік,  грузин  мен  белорус,  қазақ  пен 

украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды... 

Сол  кездегі  Кеңес  Одағының  басқа  халқымен  бірге  жауды  талқандап, 

жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. 

Менің нағашы атам соғыс ардагері. Ол кісі Украинада соғысты. Менің 

нағашы  атамның  толық  аты-жөні  Сатыбалдин  Кажкен  Рақышұлы.  Ол  1998 

жылы қайтыс болды. Нағашым бес тілді білген; неміс, қазақ, орыс, татар және 

араб тілдерін меңгерген. Атамның 5 ұлы, 5 қызы бар. Ұлы Отан соғысы әрбір 

адамның өміріне өшпестей із қалдырған. Сол жылдары ер адамдардың  басым 

көпшілігі  соғысқа  аттанған,  көбінесе  әйел  адамдар  мен  балалар  көп  өмір 

тауқыметін  көрді.  Жоқтықты  да,  аштықты  да  көрген.  1945  жылы  біз  үшін 

жеңіс туы атты. Қанша адам осы жеңіс күнін аңсап, көре алмай арманда кетті 

десеңші.  Осы  жеңіс  жылдарына  жету  үшін  ер  адамдар  ғана  емес,  қыз 

балалардың да ерліктерін айтпай кету мүмкін емес. Елім деп, жерім деп қасық 

қандары қалғанша шайқасқан қазақ қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк 

Маметова.  Шіркін,  бүгінгі  таңды  осы  қайсар  қыздарымыз  көрсе  ғой.      Осы 

соғыс, қасірет, жаулардың соғысы біздің жанымызда қалды. Бірақ біз әрі қарай 

тек  жақсылықты  армандап  және  бағыттау  керекпіз.  Мен  атамды,  Бауыржан 

Момышұлын және тағы басқа ата-бабаларымызды мақтан тұтамын. Өйткені 

біздің батырларымыз жауға берілмеді. Өз жерін, өз елін,  жауға сатпады. Нағыз 

батыр және нағыз азамат деуге болады. Күткен жеңіс 1945 жылы 9 мамырда 

келді. Біздің жерімізге бейбіт өмір келді.  Биыл  2015 жыл 9 мамырда біздің 

батырларымыз  бен  боздақтарымыздың  елін,  жерін  қорғап,  қасық  қандары 

қалғанша соғысқандарына 70 жыл толады. Мен осы Отан үшін өз жандарын 

құрбан еткен жандарды, оның ішінде атамды мақтан тұтамын. Ол адамдарда 

өз отанының патриоты деп білемін, олардың ерлігі мәңгілік біздің жадымызда. 

Ұлы жеңіс үшін ата-бабаларымыз көп қиындықтан өтті. Осы соғыс олар үшін 

жаппай қасірет әкелді. 1941 жылы неміс фашизмі тұтқиылдан шабуыл жасады. 

Соның  салдарына  соғысқа  ер  адамдар,  жастар  аттанды.  Елдімекендерде  тек 

әйел адамдар, балалар және жұмысқа жарамсыз қарт адамдар ғана қалды. Осы 

бір  қиын  қыстау  жылдарда  қанша  қиындықты  бастан  кешірді  десеңші.  Біз 

бейбіт  өмірде  күн  кешіп  жатырмыз,  сол  себепті  олардың  көрген 

қиыншылықтарын  тек  қана  сөзбен  айта  аламыз  және  оны  түсінеміз.  Бірақ 

сөзбен айту бір басқа, ал оны бастан кешіру бір басқа екенін бәріміз де білеміз. 

Құдайым ондайды енді көрсете көрмесін. Сол жылдары қаншама жас жігіттер, 

қыздар өз өмірлерінің осыншама қысқа болатындығын білмей қалды. Жалпы 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

49 


қазақ халқы дарын иелеріне өте бай халық, сол боздақтардың ішінде қанша 

Абай, қанша Мұхтар және де т.б. қанша дарын иелері кетті десеңші. 

Міне,  Ұлы  Отан  соғысының  жеңіспен  аяқталғанына  да  70  жыл  өтті. 

Бұл  сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, 

тарихта  мәңгілік  қалатын  күн.  Бұл  күнді  соғыстың  алғы  шептерінде 

қайсарлықпен  шайқас  жүргізіп,  ерліктің  сан  үлгісін  көрсеткен  ардагерлер 

тойлайды.  Бұл  мейрамды  өздерінің  тылдағы  қажырлы  еңбегімен  жеңісті 

шыңдаған,  станоктың  қасынан,  егін  даласында,  күні-түні    мал 

бағып,  тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл 

мейрамды біздің  аяулы  да  даңқты  әйелдеріміз  -  өздерінің әкелерін,  ерлерін, 

ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, 

олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар 

тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын 

қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің  құрдастары тойлайды. 

Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, 

жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді 

бүкіл елі болып еске түсіреді. 

 Ұлы Отан  соғысы жеңісінің 70 жылдығы, мұндай    соғыстың   ешқашан 

қайталанбау  керектігін    және    кез  келген        агрессорды  әділ      жаза    күтіп 

тұрғанын 

баршамыздың 

есімізге 

салады.

Осы 


соғыс 

туралы 


тарихи

шындықты, 

 

оның 


қалай 

басталып,    қалай    аяқталғаны    туралы      келер    ұрпаққа 

жеткізуді 

маңызды    міндет  санаймыз.   

Ұлы  Жеңіс  -  біздің  елдеріміздің 

халықтарын   біріктіріп  отырған басты тарихи оқиғалардың бірі, Ұлы Жеңіс 

-    достық,    бауырластық  және  тату  көршілік      мұратында      тәрбиеленіп 

отырған   соғыстан кейінгі   жылдардың  барша ұрпақтары  маңызды рухани 

құндылық,   адамгершілік тұғыры.  

Біз  майдан   даласында  қаза   тапқан,    концлагерьлерде,  фашистердің 

тар 

 

 



 

қапастарында 

 

 

азаптап 



өлтірілген,  аштықтан,   жоқтықтан   опат  болған  адамдардың   рухтарына  т

ағзым етеміз. 



Нұрманов Руслан 

 «№ 42 орта мектеп» КММ  8 -сынып оқушысы 

Петропавл қаласы  

Жетекші мұғалім: Аманжолова Т.Т. 

Соңғы сөз 

Соғыс, атыс, майдан, 

Төгілді жас пен қан. 

Оқ пен оттың арасында 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

50 


Өлімнен түршікті жан. 

Жас - кәрі, ана- бала демеді, 

Улы оқ жаралады денені. 

Есеңгіреп, ес-түссіз жатқанда, 

Киелі аруақтар тек жебеді 

Табиғат- анам, жылама далам, 

Бұл жер сенікі, балам. 

Қасық қаным қалғанша, 

Сарыарқама қорған болам. 

Біз  бақытты  балдырғанбыз.  Біздің  болашағымыз  жарқын,  басар 

қадамымыз  да    айқын.  Әрине  осының  бәрі  ата-бабаларымыздың  төккен 

терімен, жасымен, қанымен келді. Сондықтан біз олардың алдында әрқашан 

бас иеміз! 

Ешкім  де,  ешнәрсе    де  ұмытылмайды.  Соғыс  -  барды  жоқ,  тауды  жер 

ететін  күйретуші  күш.  Соғыс  кімді  жайпамады,  кімнің  өмірін  шайқамады 

десеңші?! 

Биыл Ұлы Отан соғысына 70 жыл. Бүгінгі таңда Ұлы Отан соғысынан 

аман  оралған  ардагерлер  саны  азайып  бара  жатыр  емес  пе?!  Солардың  көз 

жасымен, күшімен, ерлігімен туған жердің топырағын жауға таптатпай, аш-

жалаңаш жүріп азат өмірдің туын желбіреткен күн – Жеңіс күні. Халқымыз 

үшін бұл күн Ұлы мереке болды. Осы күнді біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайды. 

Соғыс туралы ата-әжеміз, әке-шешеміз жиі айтады. Олардың айтуынша 

фашистердің  аяусыз  көрсеткен  зорлық-зомбылықтарын  естігенде  дене 

түршігеді. Өне бойым шымырлап, мұздап сала береді. Әжем әңгімесін жылап 

отырып айтатын. Оған қарап мен де босап кетемін.  Әжем баласы Қосманның 

соғысқа аттанып, одан оралмағандығын жиі әңгімелейтін. Бізге «қара қағаз» 

әкелмеген. Сондықтан әжем «балам бір күні келеді» деген үмітпен өмір сүрді. 

Қазақстандық  әр  отбасы  соғыс  ауыртпалығын  өз  басынан  өткерді.  Егер 

соғыстың  алдында  Қазақстанда  6  млн  200  мың  адам  тұрса,  соғыс  жылдары 

майданға  бүкіл  халықтың  төрттен  бірі  аттанды.  Бұл  дегеніміз  -1  млн  700 

мыңнан  астам  қазақстандық.  Олардың  жартысынан  астамы  соғыстан 

оралмады.  Мен  үшін  1941-1945  жылдары  өмір  сүрген  адамдардың  барлығы 

батыр. Оқ пен оттың арасында арпалысып жүруге батылдық керек. Соғыстың 

алғы  шебінде  қайсарлықпен  шайқасып,  ерлігімен  ел  аузына  ілінген 

ардагерлеріміз  қаншама.  Бүгінгі  ұрпақ  мектеп  қабырғасында  да  Бауыржан 

Момышұлы,  Талғат  Бигелдинов,  Әлия  Молдағұлова,  Мәншүк  Мәметова  т.б 

батыр  аға-апаларымыздың  ерлігіне  тәнті  болып,  еліктеп  өседі.  Біз  тарихтан 

қазақстандық      жауынгерлер    Брест  қамалынан  бастап  БерлинFге  дейін 

барғанын, олар Сталинград түбіндегі шайқаста, Днепр өткелінде, Москва мен 

Ленинград  үшін  болған  ұрыстарда  ерен  ерліктер  көрсеткендіктерін  білеміз.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет