Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата31.03.2017
өлшемі0,87 Mb.
#11023
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қабжан Балғын 

9- сынып, Мектеп негізгі мектебі 

Есіл ауданы Солтүстік Қазақстан облысы 

Жетекшісі: Тәшкенов Қалижан Алпысбаевич  

Ұлы  Отан   соғысының  дүние  жүзі  үшін  маңызы  зор  болды. Ұлы  

Отан  соғысы  аяқталып,  жеңіске  қол  жеткізгенге міне, биыл 70 жыл толды. 

Бұл    оқиға    1945  жылы    мамырдың  9-ыншы    жұлдызында  болған    еді. 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

35 


Халқымыз    адам    айтқысыз  қиын-қыстау  кезеңге  душар  болды.  Соғыстың 

алғашқы  күндерінен-ақ  халық  Отаны  үшін  қасық  қаны  қалғанша күресті, 

Отанын  қорғады, жауды  елге  кіргізбес  үшін  бар күш-жігерін  бойына жинап,  

әлі келгенше  елін-жерін  қорғап  бақты.  Жеңіске жету жолында  қазақ  халқы  

ауыр  зардап  шекті:  Оқ пен оттан аман оралып, ортамызда жүрген ардагер 

ағаларымыз  бен  апаларымыз  аға  ұрпақтың  жауынгерлік  және  еқбектегі 

ерліктерін әрқашан мақтан тұтамыз. 

Олар өз  ет  жақындарынан айрылды, әйелдер  жесір  қалды, балалар 

жастайынан жетімдіктің  зардабын  шекті, талай жас қыршынынан қиылды, 

майдан  даласында қаза  тапты, ашаршылық  кезеңінде  аштан қырылды, көп 

зәбір көрді,  қиналғандары соншалық,  шет елдерге тентіреп кетті, өз тілін, 

дінін, мәдениетін ұмытудың  аз-ақ  алдында қалды. Бірақ  өз  жері, елі, Отаны 

үшін    жауға    қарсы    шапты.  Сондай-ақ,    ер  азаматтарымызбен  қатар  өз  

Отанын    қорғау    үшін    майдан    даласына    батыр  апаларымыз  да  аттанған. 

Шығыстың қос  жұлдызы: Әлия  Молдағұлова мен Мәншүк Маметова. Соғыс  

басталғанда    Әлия    небәрі    17  жаста   болған    еді.  Сол  кезде    майданға  өзі 

сұранып,  мергендер    даярлайтын    бөлімді    бітірді.  Мәншүк  Маметова  да 

соғысқа өз  еркімен аттанды. Майдан  даласына баруға бел буған уақытында  

19-ға  жаңа шыққан, пысық  жігерлі  қыз еді. 

Пулеметші    болып    жауды    топырлата    қырды.  Мәншүк    Маметова-

Невель  қаласын    қорғау    кезінде    соңғы  оғы    қалғанша    жауды    қырып,  

ерлікпен қаза тапты. Қасындағы  жолдастарынан  айырылған  Мәншүк  үш  

пулеметті қатарынан қойып, жауды 3 сағат бойы  жалғыз  бөгеп  тұрған.  

Отаны  үшін өз  кеудесін  оққа төсеген : Әлия  Молдағұлова, Мәншүк  

Маметова,  Бауыржан Момышұлы,  Мәлік  Ғабдуллин, Талғат  Бигелдинов, 

Рақымжан  Қошқарбаев және  өз ерлігімен көзге түскен көп  батырларымыз. 

Ержүрек  батыр  ағаларымыз бен  апаларымыз  өз Отаны  жау  қолына  өтпес  

үшін,  көп тер  төкті. Екінші  Дүниежүзілік соғыста  қарулы күштердің  және  

еңбек  армиясының  құрамында  1 млн 70мың  қазақстандықтар  болған.... 

Соғыс  аяқталды!  Батыр,  ержүрек  аталарымыздың,  тылда  еңбек  еткен 

апаларымыздың  арқасында    осы  күнге  жеттік.  Барша    адам    жанына    қаяу  

салған  жылдар,  қара  түнек  басқан күндер  артта  қалды.  Халық  еңсесін 

көтеріп,  бой    жазды.  1945  жылдың    30-шы    сәуірінде    Рейхстаг    үстінде  

Рақымжан  Қошқарбаев Жеңіс туын  желбіретті. 8- мамыр  Берлинде  фашистік 

Германияның  толық  жеңілгені  туралы құжатқа  қол қойылды. 9 мамыр  күні 

Жеңіс Мәскеуде тойланды.  

Осылайша  дүние  жүзі  халқы  бостандық  алды,  бейбіт  өмір  сүрді. 

Бабаларымыз    асыға    күткен    күн    туды,    үміті    мен  сенімі  ақталды, 

Жаратқаннан  жалынып  тілеген тілектері орындалды.   

  Жеңіс  жолында  қаншама    миллиондаған  асыл  тұлғалар  мерт  болды... 

Қан  майданда  біздің  болашағымыз  үшін  өз жанын  пида  еткен  жандар  

ешқашан  ұмытылмайды,    және    ұмытылмауға    тиісті.  Себебі  бұл  –  біздің  



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

36 


тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің  даңқымыз! Отаны үшін өз жанын 

пида еткен азаматтарымызды мақтан тұтамыз!  

Қара түнек ел еңсесін басыпты, 

Қазағым да бұл күндерден асыпты. 

Елін қорғап, жерін қорғап қазағым 

Абыройы өсіп,  өз мерейін тасытты! 



Мерк Марина 

11 сынып, Казанка орта мектебі 

Жамбыл ауданы 

Солтүстік Қазақстан облысы 

Жетекші: Кошкенова Жадыра Бауржановна 

Шүйінші, халқым, шүйінші! 

Шүйіншіге сүйінші! 

Шаттан, ата-анамыз, 

Шаттан, аға-бабамыз

Кек қайтарып фашистен, 

Соғыс бітті жеңіспен, 

Жеңдік жауды күресте 

Жасалсын той-мереке. 

Т. Жароков 

Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 70 жыл болмақ. 

Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, 

тарихта мәңгілік қалатын күн. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида 

еткен,  туған-туысқандарына,  жақын-жарандарына,  туған  жеріне,  ауылына 

оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді. 

Сол  бір  сұрапыл  жылдары  қазақ  халқы  өзінің  Отанына,  жеріне  деген 

патриоттық  сезімін,  ұлттық  мақтанышын  дәлелдеді.  500-ден  аса 

жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. 

Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл 

мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған 

босқындарды  өз  бауырына  аналық  мейірімімен  тартушы,  эвакуацияланған 

завод пен фабрикаларға, майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші 

үлкен арсеналға айналды. 

Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс 

атаулы  адамзатты  қырып-жоюға  бағытталған.  Адам  адам  болғалы  осылай. 

Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан.  


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

37 


Кімге қажет болып, не мақсатты көздеп еді сол соғыс? Әдетте, соғысты 

әділетсіздік,  жауыздық,  қанішерлік  бастайды  ғой.  Ол  сонысымен  лағынетті. 

Қарапайым  халыққа  қасірет  туғызған,  қарғыс  арқалаған  соғыс  ешқашан 

жеңбек емес. 

Таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып 

өткен  жау  оғымен  адам  баласының  тарихында  болмаған  бір  ғаламат  соғыс 

басталды.  Сол  күні  жау  тәтті  ұйқыңды  ғана  бұзған  жоқ.  Зұлым  жау  бейбіт 

өмірге бүлік әкелді. Қыз жігітімен, ана баласымен қоштасты. Қырда қойшы 

қойын  тастады,  қолындағы  таяғын  винтовкаға  айырбастады.  Ойда диханшы 

трактордан  түсіп,  танкіге  отырды.  Ол  кезде  бүкіл  ел  солдат  болды.  Сол 

жылдардың  бозбала,  бойжеткендері  ақын  болуды,  инженер  болуды, 

оқымысты болуды армандаған еді... 

Ұлы Отан соғысы тарихының беттерін парақтаған адам жеңіс сағатын 

соқтыруға Қазақстанның қосқан үлесі телегей-теңіз екенін байқар еді. Осы бір 

аяқ-астынан  басталған  әділетсіз арпалысқа  Қазақстаннан 2  миллионға жуық 

түрлі ұлт  өкілдері әскер  қатарына  шақырылды.  Майдан  даласынан  394  мың 

қазақ боздақтары қайтпай қалды. 

 

Соғыстың  алғашқы  күндерінен  бастап  қазақстандықтар  барлық 



майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа 

аянбай  кірісті.  Қазақстанда  ұйымдастырылған  көптеген  әскери  бөлімдер 

майданға  жіберілді.  Даңқты  Брест  қамалын  қорғаушылардың  қатарында 

мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, В. Фурсов, 

К. Тұрдиев, Ш. Шолтырев, К. Иманқұлов, Е. А. Качань т. б. жаумен жан аямай 

шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. 1941 жылы 24 маусымда 219 атқыштар 

полкі Литваның Шяуляй қаласында алғаш рет ұрысқа кірісті. Қазақстандықтар 

жау әскерлерімен Перемышев, Мурманск, Одесса, Севостополь, Сталинград 

түбіндегі,  Украина,  Белоруссия  жеріндегі  жанқиярлық  қарсылығына 

қарамастан  немістер  соғыстың  бастапқы  кезінде  үлкен  басымдылыққа  ие 

болды. Оның бірнеше себебі бар еді. Біріншіден, басынан бақайшағына дейін 

қаруланған,  Европаның  көптеген  елдерін  бағындырған  жау  әскерінің  соғыс 

жүргізу  тәжірибесі  мол  болды.  Екіншіден,  тұтқиылдан  жасалған  шабуылға 

Кеңес  әскерлері  әзір  емес  еді.  Үшіншіден,  Кеңес  әскерін  қайта  құру, 

қаруландыру тиісті дәрежеде болмады. Төртіншіден, 1939 – 1940 жылдардағы 

Қызыл  Армияны  тазалау  кезінде  әскердің  көптеген  қолбасшылары,  жоғары, 

орта буындағы офицерлері ұсталып атылып кетті. Осының бәрі Қызыл Армия 

бөлімдерінің соғыстың бастапқы кезінде үлкен сәтсіздікке ұшырап, мыңдаған 

жауынгерлерден айырылуына соқтырды. 

Бұл соғыс қайғы-қасірет әкелмеген бірде-бір отбасы болмады... Бірінің 

әкесі,  бірінің  ағасы  қаза  тапты.  Қаншама  жас  боздақтардың  қыршын  жасы 

қиылды... Ішінде ақын да, әншісі де бар еді. Қауызын ашпай көктей қырқылған 

сол жастардың ішінде, әттең дариға-ай, қанша Абай, қанша Шоқан кетті екен 

... 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

38 


Ешқашанда  жауынгер  ерлігі  мен  жеңісті  еңбегімен  соққан  еңбекшінің 

ерен  ерліктері  ұмытылмайды.  Мен,  бүгінде  біздің  азаматтық  міндетіміз  – 

болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуымыз 

керек деген ойды ешқашан ойдан шығарған емеспін! 



Мурсалиқызы Нұрсұлу 

6 сынып,  «Тихоокеанск орта мектебі»КММ 

Солтүстік Қазақстан облысы 

Тайынша ауданы Тихоокеанское селосы 

Жетекшісі:Хуан Галия 

 

Жанардан жас паралатқан  Жеңіс күні 

Оққа тосқан өр кеудесін майданда, 

Қаза тапқан Отан үшін аталар. 

Ескерткішті қоямын мен жырыммен, 

Борышым деп азаматтық басыма. 

Мақтанам аталардың ерлігіне

Туғандай бір анадан бірлігіне. 

Жеңістің кілті болды ұлы достық, 

Күйретіп фашист атын өз жерінде. 

 «Ұлы Жеңіс» деген сөз-тарих сөзі, 

Аңсаған бейбіт күнді ана сөзі. 

Жер-Ана күңіренбесін дегендері- 

Атылған салют болып халық сөзі. 

Ұлы Отан соғысы... Ұлы Отан соғысына  жеңіспен аякталғанына биыл 

70 жыл толып отыр.Ол біздің ақ шашты аталарымыз бен әкелеріміздің ерлік 

пен  қаһармандыққа  толы  биік  рухын  күллі  әлемге  танытқан  сындарлылық 

символы  болса,  9  мамыр-Жеңіс  күні  аға  ұрпақтың    сол  жанқиярлық  ісін  ел 

жадында  мәңгіге  сақтауға  арналған  ең  қасиетті  мереке.  Иә,  1941-1945 

жылдардағы  алапат  от  кешу  туралы  зерде-қасиетті  ел-жұртымыздың  жалпы 

тарихының бір бөлігі.     

Өйткені,  аға  ұрпақтың  сол  сұрапыл  сындағы  төзімділігі  мен  

табандылығы,  қайраты  мен    қаһармандығы    болмаса,  бүгінгі  жарқын 

болашаққа  батыл қадам жасаған  тәуелсіз  Қазақстан да болмас  еді.  Біз  бүгін 

осының  бірін  ой  елегінен  өткізе  отырып,  Ұлы  Жеңісті  жақындатқан 

ардагерлер алдында басымызды иеміз. Олардың ұрпаққа ұран болған ерліктері 

әрқашан есімізде сақталады! 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

39 


Ардагерлерді мақтан тұту және құрметтеу әрбір қазақстандықтың жүрек 

түбіндегі  іс.  Біз,жеңімпаз  әкелердің  перзенттері,  соғыс  жылдарында 

ержүректік  және  жанқиярлық  көрсеткен  ұлы  сарбаздардың  өшпес  даңқын 

әрқашан  есте  сақтайтын  боламыз.Толарсақтан  қан  кешіп,  кейінгі  ұрпақтың 

бақыты үшін күрескен ағаларымыздың әр ісі біздер үшін үлкен үлгі өнеге! 

Ұлы жеңістің майдангерлерін құрметтеу, оларға қамқорлық жасау біздің 

басты парызымыз. 

Ұлы  Отан  соғысына  қатысқан  майдангерлеріміз,  ардақты ағаларымыз, 

қадірлі  әкелеріміз-ел  басына  күн  туғанда  намыс  отын  жағып,  туған 

топырақтарын қасық қаны  қалғанша қорғағанына тарих куә, кешегі сұрапыл 

заман  куә. 

Қан майданға қаршадай  жасынан кіріп, жарақат алып, мүгедек болып 

қалған  ерлеріміз  қанша.  Төрт  жылға  созылған  кешегі  Ұлы  Отан  соғысы 

тарихымызда  өшпес  із  қалдырды.  Жесірлер  мен  жетімдер,  қираған  қалалар, 

еңсесі түскен ауылдар-бәрін көріп, бәріне де көнуге тура келді. Ер азаматтар, 

жасөспірім қыз-жігіттер майдан шебіне аттанды. 

Екінші  дүниежүзілік  соғыс  тарихта  бұрын-соңды  болмаған,  ұзаққа 

созылған ең ауыр, сұрапылы болды. Ол  Германия фашистерінің тарапынан 

әділетсіз болса, Отанын, отбасын  қорғау жолында қасық қандары қалғанша 

шайқасқан  біздің  жауынгерлердің  тарапынан  әділетті  соғыс  еді.  Басынан 

аяғына дейін мұздай құрсанып қаруланған жауды жеңу де оңайға соққан жоқ. 

Жастық  шағының  бал  дәурені  енді  ғана  басталған  жалынды    жастар  ата-

анасымен,  сүйген  жарымен  қош  айтысып,  сүйкімді  балаларын  беттерінен 

сүйіп, жауына соққы беру үшін батысқа бет алды... 

Қаншама  бейкүнә  адамдар  қырылды,  майдан  даласы  қанға  бөкті. 

Жазықсыз  балаларды  бақытынан  айырды,  ақ  жаулықты  аналардың  көз 

жастарын  көл  қылды,  сүйген  жарларын  жесір  етті.  Соғыс  өрті  жолындағы 

қалаларды,  елді  мекендері  күл-қоқысқа  айналдырды.  Жау  снарядтары 

ағаштарды  тамырларымен  қопарып,  орманды  ойсыратты.  Жер-Ананың 

асатаң-кестеңін шығарып, табиғатты экологиялық зардапқа ұшыратты. Міне, 

соғыстың  лаңы осындай. Халық қара жамылып, қарғыс атқан соғысқа лағнет 

айтты.  Атпал  азаматтармен  бірге  соғысқа  өз  еріктерімен  сұранып  барып, 

жауды шөпше жапырған қазақтың қайсар мінезді қос қарлығаштары Әлия мен 

Мәншүктің ерліктеріне қалай сүйсінбессің?! Көктем гүліндей құлпырған қос 

құрбының қолы ма еді бұл соғыс, керісінше алтыбақан аясында ән ырғағымен 

тербелеп, құрбы-құрдастарымен, албырт шақтарын күміс күлкіге  толтырып 

өткізбес пе? Міне, сол бойжеткендер бақытты жастық шақтарын тағдырдың 

темірдей тәртібіне айырбастап, гүл ұстар қолдарына қару алып, өмірлері үшін 

өлімге  бас  тіккен  жоқ  па  еді?  Ерлерше  ерлік  көрсеткен  қос  құрбының 

тұғырлары биік боп, рухтары аспандап тұр. Көз жұмар сәттерінде не ойлады 

екен?  Мүмкін,  анасын  әлде  әпке-сіңілілерін  немесе  балдай  тәтті  балалық 

шақтарын сағына еске алған шығар? Қапыда кеткен арулар-ай! 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

40 


Жайратып жүрген кезің, жауды шашып, 

Мерт болдың қан майданда, қайран Мәншүк! 

Кетеді сені ойласам кеудем шаншып... 

Мәңгі жас боздағым да, ардағым да, 

Не дермін сенің ауыр тағдырыңа? 

Өзіңді Жеңіс күні еске аламыз, 

Бас иіп уа, дариға, Аруағыңа!» -деген Жарасбай Нұрқан ақынның 

«Қызыл гүлім» өлеңіндегі жолдар қыршын жасында мерт болған қыз 

ғұмырын көзге елестетеді. 

Ұлы  Жеңіс  миллиондаған  ардагерлер  мен  соғыс  өртінде  қырылған 

адамдардың қазасымен, аяқ-қолдарынан айырылған мүгедектердің жарымжан 

қалуымен,  аналардың  азалы  жоқтауымен,  тар  жол,  тайғақ  кешудегі 

қиындығымен  келеді.  Соғысқа  қатысушылар  мен  тыл  еңбеккерлеріне 

алғысымыз шексіз және адамдар жүректерінде мәңгілікке қалады. Олар сол бір 

қаһарлы  жылдары  өздерін  аяған  жоқ,  қатал  сыннан  өтті,  тауқымет  тартты. 

Олардың ержүректігі мен жанкештігі- біздің баршамыз үшін елжандылықтың 

мәңгілік үлгісі сарқылмас бұлағы. 

Соғыс  және  еңбек  ардагерлеріне  қамқорлық,  олардың  әлеуметтік 

мәселелерін  шешу-Президентіміз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың 

мемлекеттік саясатының аса маңызды басымдығы. Бұл мәселелер бүкіл билік 

органдарының, қалың жұртшылықтың ұдайы назарында. 

Бүгінгі таңда біз ұрыс даласында және еңбек майданында Ұлы Жеңіске 

сүбелі үлес қосқан ардагерлерімізді терең ілтипатпен еске аламыз. 

Соғыстың ауыр жылдары-ол біздің тарихымыз ғана емес, сонымен бірге 

болашағымызға өте құнды тағылым. Біз тек қана ерлік пен табандылық, еңбек 

пен  асқан  ұйымшылдық,  Отанымыздың  бүкіл  халқының  достығы  мен 

ынтымақтастығы, оның игі  дәстүрлеріне адалдық және кез келген, ең күрделі 

мәселелерге  бастамашыл,  шығармашылық  көзқарас  қиындық  атаулыны 

жоюдың  нық  кепілі,  сүйікті  Отанымыз-Қазақстан  Республикасының 

қауіпсіздігінің, алға басуы мен гүлденуінің кепілі екенін Жеңістің тәжірибесі 

арқылы көз жеткізіп отырымыз. 

Ұлы  Отан  соғысына  қатысушылар  мен  тыл  еңбеккерлеріне  ең  ыстық 

құттықтауларымды білдіріп, бас иемін, теңдессіз қаһармандық, Отанымыздың 

бостандығы  мен  тәуелсіздігі  жолында  өшпес  ерлік  көрсеткендердің 

баршасының абыройы мен даңқы арта берсін! 

Ұлы Жеңіс үшін жанын қиған қаһармандардың даңқы мәңгілік есімізде 

қалады! 

Мұратбекқызы Райхан 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

41 


9 сынып оқушысы  

Солтүстік Қазақстан Облысы, 

Тайынша ауданы «Алабота орта мектебі» 

КММ Жетекші:Исмагулова Ж.Т  

  

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды! 

   Соғыс  ұмытылмас  қайғы-қасірет.  Соғыс  миллиондаған  адамдардың 

өмірін қиып, жүздеген қала мен елді мекендерді жойды. Әр үйге, әр отбасының 

өміріне  жазылмас  жараның  ізін  қалдырды.  Ұлы  Отан  Соғысы  –  сол  кездегі 

кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі 

қалатын  күн.  Халқымыздың  теңдесі  жоқ  ерлігі  мен  қажыр-қайратының, 

бірлігінің  дәлелі.  Қасіреті  көп  соғыс  ата-бабаларымыздың  ерлігі  арқасында 

жеңіспен  аяқталды.  Солардың  жанымен,  қанымен,  туған  жердің  топырағын 

жауға  таптатпай,  жауды  жеңіп, жеңістің  таңбасын  басқан күн  – Жеңіс күні. 

Жеңіс  күні  –  мыңдаған  ұрпақ  үшін  ортақ  мереке.  Бұл  –  ерлік  пен  қайтпас 

қайсарлықтың мейрамы. Біз Ұлы Отан Соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге 

теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш әрине «бірлік». Соғыс жылдарында 

қаршадай баладан, еңкейген қартқа дейін барша халық күні-түні еңбек етіп, 

Жеңіс үшін күресті. Ұлы Жеңісті жақындатуға әрбір адам қолдан келгенше бар 

күшін  салып,  үлесін  қосты.  «Өз  ұлтын  сыйламау,  оны  мақтаныш  етпеу  – 

сатқындықтың белгісі. Отан үшін отқа түс – күймейсің!»,-деп бекер айтпаған-

ау  батыр  атамыз  Бауыржан  Момышұлы.  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев 

соғысқа  қатысып,  қаза  тапқан,  хабарсыз  кеткен  әр  жауынгер  туралы 

мәліметтерді асқан мұқияттылықпен қарап, олардың назардан тыс қалмауына 

үлкен  көңіл  бөлді.  Дана  халқымыз  «Болашақты  болжағың  келсе  –  бір  сәт 

өткенге көз сал»-дейді. Өйткені өткеніміз – біздің тек тарихымыз ғана емес, ең 

алдымен ол рухани байлығымыз. Біз жеңіс үшін жаумен айқасқан аға ұрпаққа 

да,  басын  ажалға  тігіп  мәңгілікке  көз  жұмған  асыл  апаларымыздың  рухы 

алдында да мәңгілік қарыздармыз.  Соғыс жылдары Қызыл Армия қатарына 

120 мыңдай солтүстік қазақстандық шақырылды. Біздің жерлестеріміз барлық 

майдандарда  жауға  қарсы  күресіп,  Берлинге  дейін  жетті.  Фашисттердің 

апанын тас-талқан етіп қиратқан сол бір тарихи күндерде жауға қарсы соңғы 

рет оқ атқан жеңімпаз батырлар арасында Солтүстік Қазақстанның жаужүрек 

ұлдары  да  болды.  Олардың  арасында  52  Кеңес  Одағының  батыры  және  11 

Даңқ орденінің толық иегері бар. 45 мыңнан астам жерлестеріміз Ұлы Отан 

соғысының майдан далаларынан қайтпай қалды.  Аққұдық ауылында да Ұлы 

Отан Соғысына қатысқан жерлестеріміз бар. Олар: Исмагулов Ережеп, Якубин 

Ефим  Еремеевич,  Леонов  Илья  Филиппович,  Сопильник  Григорий 

Григорьевич,  Курмангожин  Едрес,  Мусаханов  Мәжит,  Мельянов  Есментай, 

Тулетаев Шалабай, Амренов Аманжол, Базылжанов Қабыл, Біржанов Ерғали, 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

42 


Жукашев  Баймолла,  Мельянов  Балтабай  сияқты  аталарымыз.  Батыр 

аталарымыз  І  дәрежелі  Отан  соғысының  ордені,  ІІ  дәрежелі  Отан  соғысы 

ордені,  «Жауынгерлік  ерлігі  үшін»,  «Германияны  жеңгені  үшін»  , 

«Сталинградты  қорғағаны  үшін»,  «1941-1945  жж.  Ұлы  Отан  соғысындағы 

айбынды еңбегі үшін», «Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуковтың», «Праганы 

азат  еткені  үшін»,  «Варшаваны  азат  еткені  үшін»  медальдерімен 

марапатталды. Ұлы Отан соғысының 70-жылдығына орай ауылымызда батыр 

жерлестерімізге  арнап  «Даңқ  алаңы»  орнатылады.  Олардың  есімдерін 

жүрегімізде  сақтай  отыра,  ерліктеріне  тағзым  етеміз.  Облыс  орталығы 

Петропавл  қаласында  қаза  тапқан  жерлестерімізге  арналған  мәңгілік  алау 

жанып тұр. «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес»-демекші, бізге жарқын 

болашақ,  бақытты  ғұмыр  сыйлаған  аталарымыз  бен  апаларымыздың  ерлігі 

ешқашан  ұмытылмайды.  Ол  кісілердің  ерліктері  біздерге  «ХХІ  ғасырдың 

балаларына»  үлкен  үлгі.  Олар  өз  замандарының  нағыз  патриоттары.  Мен 

осындай  батыр  бабаларымыздың  болғанына    мақтанамын.  Мұндай  қайғы  –

қасіретке толы соғыс ешқашанда болмасын! 



Наматова Үміт 

8-сынып оқушысы 

       Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды 

      балаларға мамандандырылған гимназия-инетрнаты 

  Мұғалімі:  Есенғалиева Жақсылық Көкенқызы 

Термен келген жеңіс қымбат біздерге 

Соғыс...Бұл бір сөз - адам жаны түршіктіретін, қорқынышты да аяусыз 

ұғым. Әр жыл сайын сонау жылдардағы соғыс жаңғырығы біздер үшін ертегі 

сияқты  көрінеді.  Тұтқиылдан  тап  берген  сұм  фашизмнің  арам  пиғылдары, 

шексіз зұлымдықтары талай жанұяның шаңырағын ортасына түсірді. Қаншама 

боздақ соғыста шейіт болды. Қаншама бала әкесінен, қаншама әке баласынан, 

бауырынан  айырылды.  Көз  жасын  көл  қылған  аналарымыз  бауыр  еті 

балаларынан көз жазып, сонша жылдарын еңіреумен өткізді.  

Біз соғысты көрген жоқпыз. Көрмесек те, біз оқыған кітаптарымыздан, 

кинолардан, жаңалықтардан соғыс зардабының адамдарды аямағанын білемін. 

Тып-тыныш бейбіт заманда өмір сүріп жатқан елдің тыныштығын соғыс келіп 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет