Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата31.03.2017
өлшемі0,87 Mb.
#11023
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

51 


Бәрін  де  майдан  үшін,  бәрін  де  жеңіс  үшін  деген  ұран  барша  халықты 

біріктірді.  

Адамзат тарихында ірілі- уақты он бес мыңға жуық соғыстар өткен екен. 

Бірақ  солардың  ішінде  ауқымы,  ең  жантүршігерлігі  Ұлы  Отан  соғысы 

болды.  Иә,  содан  бері  жарты  ғасырдан  астам  уақыт  өтсе  де,  ешнәрсе  де 

ұмытылған жоқ.  

Ұлы Отан  соғысы... Бұл сол кездегі  халқымыздың  ержүректілігі мен 

төзімділіктерін  паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. 

 «Ер есімі – ел есінде»,- демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр 

сыйлаған  аталар,  апалар  ерлігі  ешқашан  ұмытылмайды.  Солардың  қасиетті 

рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ.  

70 жыл — бейбіт көктем таңы атқалы

70 жыл — шуақты күн әнін таратқалы 

Талай құс содан бері қайта оралды, 

Талай бақ әлеміне қайта оранды. 

Соғыста өлгендер тек оралмайды, 

Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді. 

Ұлы Жеңіс құтты болсын, отандастар! 



Рахимжанова Салтанат 

11сынып, 

Ленин орта мектебі Мамлют ауданы 

Солтүстік Қазақстан облысы 

Жетекші: Айнаш Болатқызы Мукужанова  

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмас емес! 

Соғыс күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. 

Жер  бетіндегі  тіршілік  атауының  бәрін  жалмап  жұтатын  тажал.  Сол  қанды 

кезеңді  еске  түсіріп,  елестететін  газет-журнал  материалдары  немесе 

радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, 

содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ.  

Ұлы  Отан  соғысы...  Бұл  сол  кездегі  кеңес  халқының  ержүректілігі  мен 

төзімділіктерін  паш  ететін,  тарихта  мәңгі  қалатын  күн.  Бұл  күнді  соғыстың 

алғы шептерінде қайсарлықпен соғыс жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен 

ардагерлер тойлайды.  

Неменеңе жетістің бала батыр


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

52 


Қариялар азайып бара жатыр. 

Бірі мініп келместің кемесіне

Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, 

- деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмыр басты пенде үшін тендесіз 

құндылық  ұрпақ  аралық  қимастық,  сыйластық  сезімдері  мөлдіреп  тұр. 

Қариялар  азайып  бара  жатқанын  әсіресе  олардың  ортасында  Ұлы  Отан 

соғысынан  аман  оралған  ақсақалдарымыздың  қарасы  жыл  санап  азайып 

барады  емес  пе?!  Солардың  жанымен,  қанымен,  терімен,  көз  жасымен, 

күшімен, ісімен, ерлігімен,  атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған 

жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, 

туын жағып, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы 

ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл 

Ұлы  мереке.  Оққа  ұшқан  қарулас  жолдастарының  аманатын  аралап,  аман 

оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қамқор болып оралған арттағы 

қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. 

Ол – өмір заңы. Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 70 жыл 

өтті. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз – өздерінің әкелерін, 

ерлерін,  ұлдарын  және  сүйіктілерін  көзінен  жасы  сорғалай  жүріп 

төзімділікпен  күткен,  олардың  орнын  жоқтатпаған  аналар  мен  жұбайлар, 

қалыңдықтар  мен  қыздар  тойлайды.  Бұл  мейрамды  өздерінің  әкелері  мен 

ағалары  қанын  төгіп,  жанын  қиып  бақытты  өмірін  қамтамасыз  еткен  Ұлы 

жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида 

еткен,  туған-туысқандарына,  жақын-жарандарына,  туған  жеріне,  ауылына 

оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл ел болып еске түсіреді. Біз Ұлы Отан 

соғысындағы  Ұлы  Жеңіске  ештеңеге  теңеспейтін  ғажап  күшпен  жеттік.  Ол 

күш – әрине бірлік. Қаншама халық бір  тудың астына бірігіп, күштерін бір 

арнаға салды. Ұлы Жеңіс 15 одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы. 

Москва, сенің іргеңді 

Ер болып сақтаймыз 

Сенен аяр жан да жоқ, 

Барлығы да сен үшін, 

Саған қауіп төнгенде 

Жау таянып келгенде, 

Қамсыз тыныш жатпаймыз 

Алпыс ұлттың адамы, 

Қол ұстасып үн қосып, 

Қорғауға сені дайынбыз, 

-  деп  жазған  Нүрпейіс  Байғанидің  өлеңінен  халқымыздың  Мәскеу 

қаласына  деген  ерекше  құрметі  байқалады.  Бұл  мейрамды  бұрынғы  кеңес 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

53 


одағына  кірген  15  одақтас  республика  халқымен  бірге,  кеңес  халқы  неміс 

басқыншыларынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт 

пен  Бухарест,  Париж  бен  Венаның,  жер  шарының  басқа  да  көптеген 

қалаларының  тұрғындары  тойлайды.  Ұлы  Отан  соғысы  халқымызға  төнген 

ауыр күндер болды.  Төрт  жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен Отаны 

үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. 

Бір  күшке  жиналған  орыс  пен  тәжік,  грузин  мен  беларус,  қазақ  пен 

украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды.  

Сол  кездегі  Кеңес  Одағының  басқа  халқымен  бірге  жауды  талқандап, 

жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық 

жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград 

түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған 

ұрыстарда  батыр  ерліктер  көрсетті.  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  біздің 

қандастарымыз қатыспаған бірде- бір үлкен шайқас болмады. Қазақ ел басына 

күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған. Ұлан 

байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып 

алып  тастаған.  Тіпті  арыға  бармай-ақ    кешегі  Ұлы  Отан  соғысының  әлі 

сарғайып  үлгермеген  қатпарлы  парақтарына  үңіліп  қарасақ  қазақтардың 

қанды  қырғында  қаймықпай  соғысқанына  анық  көзіміз  жетеді.  Оған  мысал 

айқас  алаңдарында    өшпес  ерлік  жасаған  жүз  қазақтың  Кеңес  Одағының 

батыры  атағын  алғанын  айтсақ  та  жетеді.  Бұны  сол  кездегі  3  млн  қазаққа 

шаққанда басқа халықтардың алдына шығып кетеді екен. Ердің ері шыдайтын 

жаңбырша жауған оқ пен қарша бораған бомбаның арасында олардың нәзік 

жүректері  тасқа  айналып,  гүл  ғұмырлары  ажалдың  қанды  тырнағына  ілікті. 

Сол  бір  сұрапыл  жылдары  қазақ  халқы  өзінің  Отанына,  жеріне  деген 

патриоттық  сезімін,  ұлттық  мақтанышын  дәлелдеді.  500-ден  аса 

жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. 

Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл 

мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған 

босқындарды  өз  бауырына  аналық  мейірімімен  тартушы,    эвакуацияланған 

завод пен фабрикаларға,  майданға керекті оқ-дәрі мен азық- түлік жеткізуші 

үлкен арсеналға айналды.  

Қазақ ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. 

Ұлы  Отан  соғысының  қатпарлы  парақтарына  үңіліп  қарасақ,  қазақтардың  

қанды  қырғынға  қаймықпай  соғысқанына  ашық  көзіміз  жетеді.  Торқалы 

тойдың  қуанышы  өзі  сүйген  халқы  үшін  ерекше  болмақ.  Найзағайдай 

жарқылдаған  отты  ой  бар  қаһарлы  сөйлесе  де  қайырымы  мол,  өз  мүддесін 

ойлаған, қара қылды қақ жаратын әділдіктен жаралған ойы тұңғиық, қимылы 

қылыш  Бауыржан  Момышұлы  есімі  жадымызда  мәңгі  қалып,  өнегесі 

болашаққа күш, қайрат, рух береді. 

9 мамыр «Жеңіс күні»- мен үшін бір үлкен мейрам, мереке болатын. Мен 

ес білгелі нағашы атамның үйінде дастархан жайылып, соғысқа қатысқан ауыл 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

54 


ардагерлері  бас қосушы еді. Соғыс туралы әңгіме айтып, жастар соғыс туралы 

патриоттық әндер айтатын. Атам ордендерін тағып бір ерекшеленіп кететін. 

Өкінішке орай, атам қазір жоқ, атам 1942 жылы жараланып, соғыстан оралған. 

Көптеген  медальдармен  марапатталған.  Атам  соғыс  және  еңбек  ардагері. 

Атамды  әлі  ауылдастары  мақтан  тұтып  әңгімелейді.  Міне,  ата-бабаларымыз 

сыйға  тартқан  бақытты  өмірімізді  қорғау  –  әрбір  саналы  азаматтың,  біздің 

борышымыз.  Қан  мен  тер,  қиылған  өмір  арқылы  келген  бостандық  тарихи 

шындық.  Бүгінгі  өміріміз  үшін  құрбан  болған  ерлеріміз  ешқашан  да, 

ешуақытта  естен  шықпайды,  ұмытылмайды.  Біз  соғыстың,  оның 

сұмдықтарының, сол кезде біздің өміріміз үшін жанын қиған ардагерлерімізді 

ұмытуға  қақымыз  жоқ.  Барлығын  есте  сақтауға  міндеттіміз.  Аспанымызды 

бұлт  торламасын,  ұйқымыз  бұзылмасын,  ата-анамыз  әрқашан  қасымызда 

болсын!- деп тілеймін. «Ер есімі ел есіңде» - демекші, бізге жарқын болашақ, 

бақытты  ғұмыр  сыйлаған  аталар,  апалар  ерлігі  ешқашан  ұмытылмайды. 

Солардың қасиетті  рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын 

шашпақ. 


Саденова Раушан 

9-сынып, 

№20 орта мектеп 

Петропавл қаласы 

Жетекші:Әбішева Жанна Аманжолқызы 

Ешкім де,ешқашан да ұмытпайды 

Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 70 жыл өтті.Ұлы 

Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-

жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл 

елі болып еске түсіреді деп ойлаймын. 

 Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 

1418 күн мен түн бойы өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы 

соғыс жүріп жатты. Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, 

қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды...Сол 

кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету 

ісіне  қазақ  халқы  да  өзінің  лайықты  үлесін  қосты..  Ұлы  Отан  соғысы 

жылдарында  біздің  қандастарымыз  қатыспаған  бірде-бір  үлкен  шайқас 

болмады. 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

55 


Қазақ-ел  басына  күн  туғанда  жалғыз  жанын  қу  шүберекке  түйген 

жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу 

деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған. Тіпті арыға бармай-ақ кешегі 

Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп 

қарасақ қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз 

жетеді.  Оған  мысал  айқас  алаңдарында  өшпес  ерлік  жасаған  жүз  қазақтың 

Кеңестер  Одағының  батыры  атағын  алғанын  айтсақ  та  жетеді.  Ердің  ері 

шыдайтын  жаңбырша  жауған  оқ  пен  қарша  бораған  бомбаның  арасында 

олардың  нәзік  жүректері  тасқа  айналып,  гүл  ғұмырлары  ажалдың  қанды 

тырнағына  ілікті.Сол  бір  сұрапыл  жылдары  қазақ  халқы  өзінің  Отанына, 

жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді.Жауға қарсы 

шайқастар  алдыңғы  шептегі  ұрыстарда  ғана  емес,  алыстағы  ауыл  мен  кең 

байтақ  далада  да  жүріп  жатты.  Сол  жылдары  Қазақстан  миллиондаған 

босқындарды өз бауырына аналық мейірімімен тартушы,майданға керекті оқ -

дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды.Еңбек ерлерімен қатар 

иықтарына  үлкен  ауыртпалық  түскен  еңбек  даласында  миллиондап  жұмыс 

істеген әйелдерсіз, жасөспірімдер мен қарттарсыз Жеңіс күнін көзге елестету 

мүмкін  бе  еді?!Ешқашанда  жауынгер  ерлігі  мен  жеңісті  еңбегімен  соққан 

еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз 

– болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық

пен бірлік   туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу. 

Ешкім  де,  ешнәрсе  де  ұмытылмақ  емес!  Соғыс  –  күйретуші  күш!  Дәл 

солай!  Барды  жоқ  ететін,  тауды  жер  ететін  соғыс.  Жер  бетіндегі  тіршілік 

атаулының  бәрін  жалмап  жұтатын  тажал.  Сол  қанды  кезеңді  еске  түсіріп, 

елестететін  газет-журнал  матералдары  немесе  радиотелехабарлар,  кинолар 

аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан 

астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол 

кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта 

мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас 

жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. 

Неменеңе жетістің бала батыр, 

Қариялар азайып бара жатыр 

Бірі мініп келместің кемесіне, 

Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, 

- деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз 

құндылық  ұрпақаралық  қимастық,  сыйластық  сезімдері  мөлдіреп  тұр. 

Қариялар  азайып  бара  жатқанын  әсіресе  олардың  ортасында  Ұлы  Отан 

соғысынан  аман  орталған  ақсақалдарымыздың  қарасы  жыл  санап  азайып 

барады  емес  пе?!  Солардың  жанымен,  қанымен,  терімен,  көз  жасымен, 

күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

56 


жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, 

туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы 

ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл 

Ұлы  мереке.  Оққа  ұшқан  қарулас  жолдастарының  аманатын  арқалап,  аман 

оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған 

арттағы  қалың  елдің  қамығып  жеткен  Жеңіс  күнін,  біз  ұмытсақ  та  тарих 

ұмытпайды. Ол - өмір заңы. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге 

теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш - әрине, "бірлік”. Қаншама халық 

бір тудың астына бірігіпкүштерін бір арнаға салды.Ұлы Жеңіс он бес одақтас 

болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы. . Сол кездегі Кеңес Одағының басқа 

халқымен  бірге  жауды  талқандап,  жеңіске  жету  ісіне  Қазақ  халқы  да  өзінің 

лайықты үлесін қосты. Қазақ ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін 

жауынгер  халық.  Ұлы  Отан  соғысының  қатпарлары  парақтарына  үңіліп 

қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз 

жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың 

Кеңес Одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді.Ұлы жеңіс торқалы 

тойдың  қуанышы  өзі  сүйген  халқы  үшін  әрине  ерекше.Найзағайдай 

жарқылдаған  отты  ой  бар  қаһарлы  сөйлесе  де  қайырымы  мол,  өз  мүддесін, 

ұрпақ  мүддесін  ойлаған,  қара  қылды  қақ  жаратын  әділдіктен  жаралған  ойы 

тұңғиық,  қимылы  қылыш  Бауыржан  Момышұлы  есімі,  ерлігі  жадымызда 

мәңгі қалып, өнегесі болашаққа күш, қайрат, рух береді. "Ер есімі – ел есінде”,- 

демекші,  бізге  жарқын  болашақ,  бақытты  ғұмыр  сыйлаған  аталар,  апалар 

ерлігі  ешқашан  ұмытылмайды.  Солардың  қасиетті  рухы  бүгінгі  бейбіт 

тірлігімізге  нұрындай  мәңгі  шуағын  шашпақ.  Ұлы  жеңіс  құтты  болсын, 

ардақты халқым менің! 

Секенов Даниал 

10 сынып, «Солтүстік Қазақстан облысы 

Мамлют ауданы 

Воскресеновка орта мектебі» КММ 

Жетекші: Өсіпова Алтын Медебайқызы. 

 

Біздің қазақ халқы басынан небір сындарлы кездерді бастан кешіп, өз елі 



үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға 

ана  сүтімен  тарап,  ана  тілімен  дарып,  ақ  нанымен  бекіген.  Осындай  қиын 

қыстаулардың бірі – Ұлы Отан соғысы болды. Олардың соғысқа қатысқандағы 

мақсаты – ұрпақтарының, яғни, біздердің жақсы өмір сүруімізді, бейбітшілікте 

өмір сүруімізді қалады. Осылайша, аттың жалында, түйенің қомында жүріп, 

біздерге  бейбіт  өмірді  орнатып  берді.  Уақыт  өткен  сайын  аталарымыз 

сыйлаған  Жеңістің  маңызы  артып  келеді.  Олар  көрсеткен  ерліктері  бүгінгі 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

57 


ұрпаққа  өнеге.  Отансүйгіштік  қасиет  әркезде  де  қастерлеуге  тұратын 

қасиеттердің  бірі.  Осы  ұғым  біздің  үлкен  құндылығымыз  болуы  керек  деп 

ойлаймын.  Тек  майданда  ғана  емес,  тылда  жұмыс  істегендердің  де  еңбегін 

жоғары  ілтипатқа  лайық.  Себебі  олар  соғыс  кезінде  майдан  шебіндегі 

солдаттармен бірдей қиыншылық көрді, бірдей азап шекті. Ашаршылық пен 

ауыртпалықты бастан кешкен олар да Жеңісті жақындатуға көп үлес қосты. 

Таңның атысынан күннің батысына дейін тізе бүкпей жұмыс істеген сол бір 

қайратты да қайсар жандарға да бүгінгі ұрпақтың ризашылығы шексіз болса 

керек.Үлкен қауіп пен қатер, қайғы мен қасірет төнген сол бір ауыр уақытта 

біздің халқымыз сыннан сүрінбей өтті. Оттан да ыстық Отан үшін от кешкен 

майдангерлер өшпес ерлік көрсетті. Бұл тарихқа алтын әріптермен жазылды. 

Олардың қаһармандық өнегесі бүгінгі жас ұрпақтың жадында мәңгі сақталуы 

тиіс.  Отаншыл  болу  –  ең  алдымен  өткенді  білу.  Осынау  қойнауы  қазынаға 

толы  байтақ  даланың  әр  пұшпағын  бабаларымыз  ақ  найзаның  ұшымен, 

білектің күшімен қорғағанын ұмытпау – парыз.. Отан сенің отбасыңнан, аядай 

ауылыңнан, сол жердің тасынан, суынан, топырағынан басталады. Қазақ жері 

– киелі,  қасиетті.  Оны  малмен,  ақшамен,  алтын-күміс,  асыл  тастармен

бағалауға  келмейді.  Отаншыл  болу  –  ұлтжанды  болу.  Ұлтсызда  Отан  жоқ. 

Болмақ  емес.  Ата  салттың  қадіріне  жетпеген,  ана  тілін  ардақтай  алмаған 

бозөкпе  отаншыл  болып  жарытпайды.  Қай  жерде  «қарны  тоқ,  көйлегі  көк» 

болса, сол жерді жайлы мекен санайды. Отаншыл болу – бір-біріңе бауырмал 

болу.  «Жақыныңды  жаттай  сыйла,  жат  жанынан  түңілсін»  дейді  дана 

халқымыз. «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос» дейді кемеңгер 

Абай..  Ынтымағы  жарасқан  елді  көргенде,  жаудың  құты  қашады.  Бірлігіміз 

барда тас қамалдай берікпіз. Қай кезде де азаматтың өз Отаны алдында парызы 

болады.  Азаматтың  қасиетті  борышының  бірі  –  Отан  алдындағы  парызын 

өтеу. Кез келген адам бейбіт заманда да Отанын қорғай алады. Ол дегеніңіз 

қолға  қару  алу  емес,  өз  Отаныңның  білімді,  өркениетті,  салауатты  перзенті 

бола  алу.  ”Отан  үшін  отқа  түс,  күймейсің”  деген  екен  батыр  Бауыржан 

Момышұлы.  Ол  –  Отан  үшін  еткен  еңбектің  ешқашан  зая  кетпейтіндігі. 

Халқымызда «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болады» деген 

мақал бар. Жастар өз Отанының нағыз патриоты бола алу үшін үлкендер де өз 

соңынан ерген ұрпақты дұрыс тәрбиелеуі керек. «Отаным маған не бересің деп 

емес,  Отаным,  мен  саған  не  бере  аламын?»  деп  өсу  керек.  Сонда  елімізде 

әрқашан да бейбітшілік болады. Себебі, ертеңгі елдің тізгінін ұстар азаматттар 

білімді болса, олар барлық қиыншылықтарды ақылмен шеше алатын болады. 

Соғыс  кезінде  қаншама  жастар  қыршынан  қиылды.  Олар  Отан  үшін  жанын 

пида етті. Ал олардың әрқайсысының анасы, баласы, сүйген қыздары, үлкен-

үлкен  армандары  бар  еді.  Бірақ  олар  елге  қауіп  төнген  кезде  барлығын  да 

құрбан  етті.  Жап-жас  болса  да  Отанын  қорғап  жатып  жан  тапсырды.  Бұл  – 

шынында да ерлік болатын. Майдан шебінде жанын пида еткен жауынгерлер 

мәңгі  есімізде  қалады.  Отан  үшін  отқа  түсіп,  Жеңіс  сыйлаған  ардагерлерге 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

58 


тағзым  етеміз.  Сұрапыл  да  жойқын  соғыста  қыршынынан  қиылған 

жауынгерлер  есімі  ел  есінде  мәңгі  сақталады.  Өз  ойымды  Махмұтбай 

Әміреұлының өлең шумақтарымен аяқтағым келеді: 

Қан майданның жүректе жарасы бар, 

Қайғысы мен зілі бар, наласы бар. 

Арамызда жүретін алшаң басып, 

Ардагерлер азайып барасыңдар. 

Қастерлейді халқымыз қаһарманын, 

Жүр есінде сан жарық, сапарларың. 

Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер, 

Қалды-ау сиреп бұл күнде қатарларың. 

Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар, 

Жүздеріңде жанған от жарқылы бар. 

«Соғыс» деген салмағын жалғыз сөздің, 

Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар. 

Жасқанбаған жауынан жарақты ер, 

Ерлігіңді аңыз ғып таратты ел. 

Қаһармандық дегенді кейінгі ұрпақ, 

Жүздеріңе сендердің қарап білер. 

Сивнбаева Кымбат 

Солтүстік Қазақстан облысы 

Есіл ауданы «Тауағаш орта мектебі» КММ 

9-сынып оқушысы 

Міне, еліміздің, жеріміздің тәуелсіздігі, теңдігі үшін, бейбіт өмірі үшін 

күрес  жолында  ерліктерімен  ел  есінде  өшпес  із  қалдырған  ерлеріміздің 

арқасында  жеткен  жеңісімізге  де  70  жыл  толып  қалды.  Осы  4  жыл  ішінде 

болған  қиян-кескі  майданнан  қаншама  адам  елі  үшін  жанын  пида  етіп 

оралмаған? Олардың қатарында біреудің әкесі, біреудің күйеуі, біреудің інісі, 

біреудің  ағасы,  біреудің  жалғыз  баласы  кетті  де  оралмады.  Сонымен  қатар, 

майданға аттанған жауынгерлер қатарында тек ер адамдар ғана емес, аяулы да, 

ардақты  аналарымыз  да  жоқ  емес.  Осы  сұрапыл  соғыста  жас  баланың  көз 

жасына  да  тұрмайтын  зардаптан  бетер  еш  пайдасы  болған  жоқ.  Керісінше, 

қаражат  шығыны,  адам  шығыны  көп  болды.  Ол  кездерде  біріккен  одақ 

болғандықтан,  Ресей  мемлекеті  барлық  ұлттардан  әскер  жинақтап,  соғысқа 

аттандырды. Олардың арасында біздің елден қатысқан қазақ азаматтары да аз 

емес. 

Бауыржан  Момышұлы,  Мәлік  Ғабдулин,  Төлеген  Тоқтаров,  Рашид 



Жанғозин,  Рамазан  Елебаев,  Рақымжан  Қошқарбаев,  Төлеуғали  Елеубеков, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет