Аймақтарында жаңбыр жауып, жел күшейеді. Най- зағай болуы да ықтимал



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата06.04.2017
өлшемі6,35 Mb.
#11168
1   2   3   4   5   6   7

АСТЫҚТЫҢ БАҒАСЫ ДА КҮЙІП ТҰР... 

Мамандардың пайымдауынша, қазір-

дің өзінде әлемдік нарықтағы астық баға-

сының жоғарылауы анық байқалған. Мы-

салы, маусым айының  үшінші онкүндігінде 

Чикагоның тауар биржасында (СВОТ) 1 

тонна азықтық бидай бағасы 29 долларға 

өсіп, 298 долларға жеткен. Ал Париждің 

тауар биржасында (MATIF) бұл көрсеткіш 

304 долларды құрап отыр. Бұған қатысты 

Сағынтай Жұмажанов «қолма-қол сату 

нарығында маусымның соңғы онкүндігінде 

1 тонна америкалық бидай бағасы 24 дол-

лар ға өсті. Тиісінше еуропа бидайы – 20 

долларға, ресейлік бидай 60 долларға 

қымбаттады», – дейді. 

 ӨЗГЕНІҢ ТӘЖІРИБЕСІ БІЗГЕ САБАҚ... 

Астыққа қатысты аталмыш мәселені 

ескерген бірқатар мамандар біз үшін тез 

арада өркениетті елдердің тәжірибесінен 

сабақ алу қажеттігін баса айтуда. Мысалы, 

бүгінде Украинада бірыңғай астық хол-

динг тері астық трейдері қызметін жүзеге 

асыра ды. Ірі астық партияларын сақтау; ха-

лықаралық нарықтағы астық экспортын 

бақы лау жұмыстарын да ол елде осы бірың-

ғай астық холдингтеріне міндетте 

лін 


ді. 

Бұған қоса бірыңғай астық компа 

ния 

сы 


астық алмасу операцияларын жү 

зеге 


асырып, астықты тасымалдау және сақ тау 

инфрақұрылымын дамыту бойын 

ша 

қызметтерді де үнемі жетілдіріп оты ра ды. 



Бұған қоса көптеген елдер егіс алқап тарына 

тек бидай ғана емес, майлы да 

қыл 

дар 


(жүгері, сафлор, соя) егу ісін жетілдіруде. 

«Мұндай құрғақшылыққа төзім ді өнімдер 

егіп, егіс алқаптарын әр тараптандыру ха-

лық ты ашқұрсақ болудан сақтайды. Осыдан 

кейін элеваторларды модернизациялау 

үрдісіне назар аударып, технологиялық қа-

рымды арттырса, астық саласындағы түйт-

кілдер барынша жеңіл дер еді», – дейді 

мамандар. Жалпы, сала мамандары бо ла -

шақ та аптап ыстықтан сақтанып, құрғақшы-

лық жағдайында егістік жерлерді тың қа-

лыпта сақтап тұру үшін жер асты суларын 

пайдалану қажет тігін де баса айтуда. 

Әлішер СӘТБАЕВ, Гидрогеология және 

геоэкология институтының директоры, 

профессор:

– Біздің зерттеулеріміз Қазақ елінде 7 

мыңнан астам ауыл-аймақ бар болса, со-

ның 2 мыңы мүлдем сусыз аймақтар еке нін, 

бұл елдімекендердің халқы су тап шы лығын 

анық сезініп отырғанын көрсетуде. Шикі-

заты зор, жер асты ресурстарының қоры 

мол, мұнайға бай, ғарыш индустрия сына 

бағыт алған еліміз үшін бұл көрсеткіш аса 

көңіл қуантпайды. Егер де біз еліміздің 

барлық қалаларының су қорын сараптап, 

модельдерін жасап, арнайы компьютерге 

енгізіп қойсақ, қуаңшылық мәселесі қай 

кезеңде өршитінін; халықты қалай таза 

сумен қамтамасыз етуге болатынын; жер 

асты сулары қай кезде өзгеріске ұшырайты-

нын белгілі жүйе арқылы бақылап отыра тын 

жоспарлы жұмысқа қол жеткізетін едік. 

Өкініштісі сол, дамыған «бәсекелестікті 

арттырамыз» деп жүрген елдердің дені 

мұндай жүйеге әлдеқашан еніп алған. Біз 

керісінше, әлі де бейқамдық танытып отыр-

мыз. Қуаңшылық мәселесі өте ауқым ды. 

Егер болашақта аптап ыстықтан сақ тану дың 

мониторингтік жүйесін енгізіп, бұған қарсы 

жер асты суларын сауатты пайдалану жүйе-

сін жасамасақ, бұл мәселе ауыл шаруа-

шылығы саласына ғана емес, көп теген сала 

ісіне кері әсер беретіні даусыз...

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 

МӘСЕЛЕ


Негізі, елдің сүт нарығында 

парадо к саль ды  жағдай  қалыпта-

сып отыр. Бір қа 

рағанда сиырымыз 

болмаса да сүті міз бар. Көз жауын алар 

құтыларға құ 

йылып, әдемі атаулармен 

дүкендерде иін тіресіп тұр. Соның бәрі таза 

табиғи ши кізат па. Әрине жоқ. 90 пайызға 

жуығы Ресей мен Украинадан әкелінетін 

құрғақ сүт ұнта ғынан алынады. Мәселен, 

Қазақстанның батысы мен солтүстігіндегі 

ірі сүт зауыттары тек осы тәсілмен жұмыс 

істейді. Әлемдік нарықтағы баға өзгерісінің 

бізге бірден әсер ететіні де сол себептен. 

Қалай әсер етпесін, отандық сүт өндіру-

шілердің көбі бірлі жарым сиыр сауатын 

жеке шаруалар болғандықтан олардың 

шикізаты үлкен өндірістің жұмырына жұқ 

болмай жатыр. Әрі сүтті сатып алу бағасы 

тым арзан болғандықтан шаруа үшін 

тиімсіз. Тасымал құны қосылғанда мүлде 

шығынды. Жақсы, жекелеген адамдар, 

бөтелке, құтыға құйып, қалаға әкеліп сүтін 

сатсын делік. Бірақ оның сапасын кім 

бақылап жатыр? Соңғы жылдары неше 

түрлі дерттерден көз ашпаған сиыр 

жарықтықтың сүті аурудан ада, сапалы 

екендігіне кім кепілдік береді.

Жарылқасын ЖЕЛДІБАЕВ, 

мал дәрігері:

– Сөз жоқ, қайдан келгені, қандай 

сиырдан сауылғаны белгісіз көшедегі 

сүтті сатып алу басыңды қатерге 

тіккенмен бірдей. Әрине, сатушы өз 

«Импорт» сүттің құрғағы, 

денсаулықты ұрлады

лық 

тары малды автоматты сауу ісін 

ұйым дастыра алмайды, қаржы жетіс-

пе гендіктен сүтті сақтауға қажетті тоңа-

зытқыш қондырғы орната алмай ды. 

Бұл – тек ірі ауыл шаруашалық құ ры-

лымдарының қолынан келетін шаруа.

Рас, құзырлы органдар тарапынан сүтті 

ірі шаруашылықтарды құру үшін ешқандай 

талпыныс жоқ деп айтуға болмайды. Мал 

басын асылдандыру, жем-шөпке, жанар-

майға субсидия төлеу жақсы жолға қо-

йылған. Соңғы жылдары шетелден бір-

неше мың бас асыл тұқымды сиыр әкелініп, 

шаруашылық құрылымдарына лизингке 

берілді. Бұл мәселеге, әрине, әркімнің 

көзқарасы әртүрлі. «Шетелдік қонақ» 

қазақ топырағын жерсінбейді дейтіндер 

де бар. Дегенмен мамандардың басым 

көпшілігінің пікірі бойынша оның еш 

сөкеттігі жоқ. Өйткені етті ақ бас сиырының 

да, алатау сиырының да, басқа тұқым-

дардың да арғы тегі Америка және 

Еуропамен байланысты. Кезінде осы 

елдерден әкелінген асыл тұқымды бұқа-

лардан туған будандар қазақтың өз 

брендіне айналды. Ендеше, тиімді тәсілден 

неге бас тартуымыз керек?! Жоғарыда 

айтылған сүтті голштин тұқымы, мәселен, 

Қазақстанға әбден бауыр басты. Оның 

артықшылығын айтып тәптіштеп жатпай-

ақ, бір рекордты айтсақ та жеткілікті. Бичер 

Арлинда Эллен деген голштиндік сиыр бір 

жыл ішінде орташа он сиырдан алынатын, 

яғни 25 мың литрден (!) астам сүт берген. 

Берген сүті оның өз салмағынан 30 есе 

артып түскен. Егер берік азық-түлік базасы 

болса және генетиканың әлеуетін кеңінен 

пайдаланса табынның өнімділігін күрт 

көтеруге болатындығын осы мысалдың өзі 

көрсетіп тұр емес пе. 

Талғат ЖАЛҒАСБАЙҰЛЫ, ауыл 

шаруашылығы ғылымының кандидаты:

 – Болашақ – ірі тауарлы сүт өндіру-

шілерде. Ол үшін ферманың мал 

жайылатын жері, мал азығын егетін егіс 

алқабы міндетті түрде болуы керек. 

Әйтпесе, жай ғана құнарсыз шөппен 

майлы, мол сүт алу мүмкін емес. Өзекті 

мәселе – оған жер табу. Себебі, қазір 

көптеген ауыл шаруашылығына 

жарамды жерлер жекенің қолында. 

Сондықтан, екі жаққа да тиімді тетіктер 

табу керек. Өндірілген өнімді өткізетін 

нарықты да осы бастан зерттеудің 

маңызы зор. Сүт – стратегиялық өнім. 

Олай болса сапалы сүт шығарсақ, 

ұтылмасымыз анық.

Орал

 

Шиені өндіру мен тұтыну көлемі қандай?



Шегірткемен күрес қалай жүргізіліп жатыр?

Батыс аймақта шегіртке қаптап, егістік алқаптарға аптаппен бірге 

ай тар лықтай қауіп төндіріп тұр. Бұл зиянкестерге қарсы қандай шаралар 

қолданылып отыр? Шегірткенің Ресейдің аумағынан келіп жатқаны рас па?

Назым ЖҰМАҒАЛИЕВА, Ақтөбе облысы

ҚР Ауыл шаруашылығы маманда-

рының хабарлауынша, еліміздің фито-

санитар мамандары биыл жаз шегіртке 

тұқымдас зиянкестердің таралу аумағы 

республика бойынша 1,9 млн гектарды 

құрайды деп болжанған. Оның ішінде, 

1,6 млн га азиялық шегірткенің таралу 

аумағы. Бүгінде шамаланған аумаққа 

тү гел химиялық өңдеу жасалды. Шегірт-

ке тұқымдастардың бір тобының Ресей 

аумағынан ұшып келгені рас. Жаздың 

басында ауа райы жағдайларына бай-

ланысты Қазақстанның батысына РФ-

ның шекаралас аймақтарынан ита-

лиялық шегірткелер ауып келді. Сол 

себепті улау шаралары жоспарланғаннан 

258 мың га-ға көп жүргізілді. Ақтөбе 

және Батыс Қазақстан облыстарында 

азиялық шегірткелер жойылды. Ма-

мандар зиянкестердің біздің ел аума-

ғынан Ресейге ұшып кетуі мүмкін емес 

деп отыр.

Әлемде шие жемісін өндіруден қай елдер алда? 

Дүниежүзі бойынша шиені өндіру мен тұтынудың деңгейі 

қандай?

Гүлхан ҮСЕНОВА, Астана 

Соңғы екі жыл көлемінде 

әлем бойынша шиені өндіру 

мен тұтынудың көлемі 1,9 млн 

тонна деңгейінде сақталып 

отыр. Бұл – оның алдындағы 

жыл дармен 

салыстырғанда 

7%-ға аз көрсеткіш. Шие мен 

қы зыл шие өндірісі жеміс нары-

ғындағы көшбасшы елдердегі 

климаттық, ауылшаруашылық 

және басқа да факторларға тә-

уелді. Әлем бойынша шие өн-

дірісінен көш бастайтын елдер-

дің ондығына Түркия, АҚШ, 

Иран, Италия, Испания, Сирия, 

Ре сей, Румыния, Өзбекстан жә-

не Чили кіреді. Франция, Украи-

на, Польша елдерінде де шие 

өн 

дірісі қарқынды. Түркия – 



шие мен қызыл шиенің жылына 

400 мыңнан астам тоннасын өн-

діретін жалғыз ел.  

сүтін өткізу үшін құйтұрқылыққа бара-

ды. Тіпті, малының ауру екенін білмеуі 

де мүмкін. Сол себепті алдымен мал-

дәрігерлік бақылауды күшейту қажет. 

Сауу кезінде сүттің бастапқы бүлінбеуін 

қадағалау маңызды. Бұл процедура 

таза өтсе сүтті сүзу, салқындату, сақтау 

және тасымалдау да дұрыс болады. Ең 

бастысы – сүтті сау малдан алу. Өкініш-

ке қарай, бүгінгі малдәрігерлік қызмет-

тің әлсіздігі малдың саулығын толық-

қан 

ды тексеруге, дерті болса дер 

кезінде анықтауға мүмкіндік бермейді. 

Тағы бір қиындығы – ұсақ шаруа қожа-

Тұтынушылар құқықтарын қорғау жайында жиі айтып 

жатамыз. Ал өзіміз дүкеннен ашыған сүт сияқты мерзімі өтіп 

кеткен өнімді байқамай сатып алсақ, заңды құқығымызды талап 

етіп, басқасына  айырбастауды ойламаймыз. «Ой, қойшы! Енді, сол 

үшін барып ұрсысып, соттасайын ба?», – деп қоя саламыз. Сөйтіп, 

өз құқығымызға қатысты мұндай салғырттыққа өнім өндірушілер 

мен қызмет көрсетушілердің де еті әбден үйреніп алған. Мұның 

салдары айналып келгенде өзімізге тиеді: көрсеткен қызмет – 

көңілсіз, алған өнім – сапасыз.  

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының жақсылығын 

жетісулықтар айқын сезінуде. Мәселен, бұл жоба өткен жылы бес 

мыңға тарта адамды тұрақты еңбекақымен қамтыса, биыл тағы 

біліктілігін шыңдаған төрт мыңнан аса адам нәпақасы нық азамат 

атанбақ. Өңірдегі жұмыссыздық деңгейі 7 пайызға жетеғабыл 

екенін ескерсек, бағдарламаның берері көп екенін аңдайсыз.

P.S. Бір қалада ашық тұрған құдықтың салдарынан бір көлік 

жүргізушісінің мәшинесі сынып қалыпты. Сол жерде ол тәуелсіз 

бағалаушы мамандарды шақыртып, барлығын фото-бейне айғақ 

ретінде сақтап алады да, қаладағы кәріздік байланысқа жауапты 

мекемені сотқа береді. Одан өндіріп алған ақшаға көлігін жөндеп, 

біраз байып қалады. Есесіне, бүгінде ол қаладан бірде-бір ашық 

тұрған құдық көре алмайсың.        

    


Арман АСҚАР,

Астана

Басы 1-бетте

                

www.alashainasy.kz

3

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№125 (807) 



19.07.2012 жыл, 

бейсенбі


ҚОҒАМ

ОЙТ


О

ЛҒАҚ


Рамазан айына «тосынсый»

ОЙ-КӨКПАР



Басы 1-бетте

Кәрібай ТАСШАБАЕВ, 

заңгер

Мұрат ӘБЕНОВ, 

Мәжіліс депутаты

 Біріншіден, ора за, ауызашар беруге 

мейрам, салт-дәстүр ретінде қарауымыз 

керек. 


Қазір шүкір дейік, тәуелсіздік алған 

алғашқы жылдардан бастап қайта оралған 

ата дініміз – Ислам елімізде едәуір 

қарқынды дамып келеді. Оның жарқын 

мысалы – еліміздің түкпір-түкпірінде күн 

санап ашылып жатқан мешіттер мен 

медреселер, Алланың жердегі үйі болған 

бұл қасиетті мекендерге келіп, Аллаға 

мінәжат етіп, сәждеге бас қоюшылар 

қатарының көбейіп келе жатқандығын 

айтуға болады. Сондай-ақ халқымыздың 

ынтымақ бірлігі артып, көптеген ұлт пен 

ұлыс өкілдері дүрдараз болмай, бір үйдің 

баласындай тату-тәтті ғұмыр кешіп келеді. 

Мұның барлығы дініміздің діңгегінің берік 

қаланып келе жатқандығынан десек артық 

айтқандық емес. 

Жалпы, ауызашар беру – өте үлкен 

сауап. Тіпті жолда кетіп бара жатып, кез 

келген аузы берік адамға бір дана құрма 

берумен ауызашар беру сауабына 

кенеледі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): 

«Кімде кім бұл айда аузы берік бір 

адамға ауызашар берсе, күнәлары 

кешіріледі. Сол аузы берік адамның 

алған сауабындай сауап бұған да 

беріледі» деген. Яғни, амалдардың 

ең құндысы – бір мұсылманды 

күнәдан арылту, қарнын той-

дыру және мұқтаждығын беру 

арқылы оны қуанту. Тіпті Ал-

ланың өзі тамақ жегізетін 

жомарт құлымен періште-

леріне мақтанады. Тағы бір 

хадис шарифте былай 

делінген: «Досына оның 

жақсы көретін тамағын әпер-

ген адамның күнәлары кешірі-

леді». Демек, дос-жарандарға тамақ 

беру садақа беруден абзал болады. 

Қалай десек те, Рамазан тек асқазанға 

дамыл беріп, денсаулықты түзету ғана 

емес, бұл – жан дүниемізді тазарту, яғни 

рухани денсаулығымызды емдеу болып 

табылады. Сондықтан ауқатты кісілер, 

әкімқаралар, әртүрлі мекеме басшылары 

өздерінің ұжымдары арасында ауызашар 

беріп, кедей-кепшіктерге көмектесіп отыр-

са, бұл адамдардың бір-біріне деген 

сүйіспеншілігін арттырып, ерекше сезімге 

бөлейтіні сөзсіз.

Сондықтан мұны міндеттеп емес, 

әркімнің өз еркіне қалдырған жөн. 

Дегенмен бұл ретте біз оразаның, 

ауызашар берудің үлкен сауапты іс 

екендігін көпшілікке насихаттай 

беруіміз керек. 

Егер біз мұны мәжбүрлі түрде 

орындайтын болсақ, онда мұның 

арты түрлі түсініспеушіліктерге 

әкеліп соғады. Кейбір басшы-

лар ауызашарда дінді наси-

хат таудың орнынан концерт 

қойып, арты кешкі отырыс-

қа ұласып кетуі мүмкін. 

Сондықтан біз алдымен 

оразаның, ауызашардың 

құндылығын, үлкен сауапты 

іс екендігін көпшілікке жан-жақты 

насихаттайтын болсақ, онда бұл әрбір 

ұжымда мәжбүрлеусіз-ақ орындалатын 

болады. 


Мен мекемелердің жұмысын бір 

кісідей білемін, қазір бір бастыққа осыны 

тапсырсақ, ол көп жағдайда өз қалтасынан 

ауызашар жасамайды. Барлық қызмет-

керлерін алдына шақырып алып, әрқай-

сысына салық салады. Оның үстіне, бізде 

әртүрлі діннің өкілдері бар, кейбіреуі ауыз-

ашарға қатысқысы келмейді, енді біреуінің 

отбасылық жағдайы нашар, бұған қатыс-

ты арнайы қаражат бөлінбегеннен кейін, 



Ұжым басшыларының ауызашар беруін 

дәстүрге айналдыруды міндеттеу керек пе?

мұның арты түрлі дауларға ұласуы мүмкін. 

Сол себептен міндеттеп ауызашар жасату 

дұрыс емес. Бірақ қоластындағы ауыз 

бекіткен қызметкеріне жағдай жасау, 

ораза кезінде ондай адамның жұмыс сал-

мағын жеңілдетіп, кабинетіне салқын-

датқыш қосып беріп, реті келгенше ауыз 

бекіткен қызметкерін сыртқа көп жібер-

мей мүмкіндік жасаса, осының өзі үлкен 

қолдау деп есептеймін. Таңнан күн 

батқанға дейін ауыз бекіту оңай емес. 

Сондықтан ондай жандарға құрметпен 

қарап, жұмысына ыңғайлы жүктеме 

беріп, олардың көзінше шай-тамақ ішпей, 

көңілін алаңдатпай жүруіміз керек. Бізде 

ауыз бекітудің сауапті іс екендігі, ораза 

ұстаудың қыр-сыры толық айтылады да, 

алайда ауыз бекіткен адамдардың 

қасында жүргендердің ораза ұстағандарға 

қалай жағдай туғызу керектігі туралы 

ақпарат мүлдем аз. Сондықтан осы жағы-

нан да үгіт-насихат жұмыстарын көбірек 

жүргізгеніміз дұрыс секілді. 

ТЕК

СЕРІС


ТАБИҒИ АПА

Т

Жолақының қымбаттауын қалалық 



жолаушылар көлігі және автомобиль 

жолдары басқармасының бастығы 

Владимир Меренков жанармай мен 

қосалқы бөлшектер құнының өсуімен 

байланыстырған. Ал біз білетін жерде 

еліміздегі жанармай құны 1 шілдеден 

бастап 6 теңгеге арзандаған еді. Сонда да 

Меренков мырзаның мәлімдемесі 

жанармай бағасы арзандаса да өзгерер 

емес. Алматының көшелерінде жүйткіген 

қоғамдық көліктердің бүйірінде Алматы 

қаласы әкімдігінің шешімімен 20 

шілдеден бастап жолақы құнының 80 

теңге бола тыны жайлы ақпарат ел кезіп 

жүр. 

Айта кетер жайт, үстіміздегі жылдың 



сәуір айында Алматы қаласы Жолаушылар 

көлігі және автомобиль жолдары басқар-

масының бас маманы Әсет Төлеуішов 

мырза «Қазір жолақы құнына қатысты 

мәселені Алматы қалалық мәслихатының 

тал қы лауына  ұсындық.  Мәс лихат  талқы-

лауынан кейін қоғамдық тыңдау өткі зіліп, 

студенттер кеңесі, қала халқы және БАҚ-

тар дың  қаты суы мен  жиын  өткізіледі. 

Осындай кеңі нен талқы лау өткізілген нен 

кейін барып бір ше 

шім шы 


ға 

рылады. 


Бұған дейін жанармай бағасы көте рілсе 

де, осындай қоғамдық кеңестің отыры сы-

нан кейін қоғамдық көліктердегі жолақы 

бағасын көтер меу туралы шешім шыққан 

еді. Енді бұл жолы қандай шешім 

шығатынын алдын ала айта алмаймын. 

Дегенмен қоғамдық көлік жол ақы сының 

көтеріліп, 60 теңге, асып кеткенде 70 теңге 

болып қалуы мүмкін» деген еді. Әйтсе де 

аяқ астынан жолақы құнының 60-та, 70-те 

емес 80-теңгеге көтерілуі көпшіліктің 

наразылығын тудырып отыр. Тіпті құзырлы 

мекеме маманының айтқанындай 

қоғамдық ұйымдардың пікірі елеп 

ескерілмеген де тәрізді. Өйткені олардың 

бірқатары редакциямызға хабарласып, 

жолақы құнының өсуіне байланысты өз 

қарсылықтарын білдіруде. «Әрине 80 

теңге аз ақша емес. Жолаушылар 

тасымалындағы соңғы өзгеріс бойынша 

студенттер мен зейнеткерлер бір айлық 

жол жүру билеті болмаған жағдайда 

жолақыны толық төлеуге міндетті болатын. 

Яғни бұрынғыдай олардың зейнеткерлік, 

студенттік куәлігі жолақының жарты 

пайызын төлеуге кепіл бола алмайтыны 

белгілі болған. Сонда ендігі жерде бір 

айлық жол жүру билетін алып үлгермеген 

студенттер мен зейнеткерлер бір бағытқа 

80 теңгемен жетуі керек болады. Шыны 

керек, бұл қалтасы тесік студент пен 

 

зейнетақысын дәрі-дәрмегі мен ас-суына 



әзер жеткізетін зейнеткерлер үшін аз ақша 

емес. Сондықтан жолақы құнының аяқ 

астынан бұлай шарықтауы халықтың 

қалтасына салмақ болғалы тұр. «Бәрінен 

жанымызға бататыны оразаның алғашқы 

күнінде халыққа мұндай «тосынсый» 

жасағаны несі? Оразаның алғашқы күнінен 

бастап жолақы үшін жолаушылар мен 

қоғамдық көлік жүргізушілерінің жаға 

жыртысып жатуы кімге керек болды екен?» 

дейді «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық 

қорының Алмалы аудандық төрайымы 

Мәрзия Аңсағанқызы. 

Мәрзия АҢСАҒАНҚЫЗЫ, 

«Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық 

қорының Алмалы аудандық төрайымы:

Бүгінгі күні желтоқсан оқиғасына 

қатысты жеті қоғамдық ұйым жолақы 

құнының дәл оразаның алғашқы 

күнінде көтерілуіне байланысты өз 

наразылығымызды білдіріп отырмыз. 

Желтоқсандықтар атынан Алматы 

қалалық әкімінің атына хат та жаздық. 

Бізден де басқа көптеген ұйымдар мен 

Алматы қаласының тұрғындары жол-

ақының қымбаттауына өз қарсылық-

тарын білдіруде. Айта кетер жайт, 

қалалық әкімдік студенттердің дема-

лысқа кеткен мезгілін сәтті таңдаған. 

Өйткені аяқ астынан шыққан әкімдік 

шешіміне жазғы демалыс кезі болған-

дық тан студенттер кеңесі бірігіп, өз 

пікірлерін білдіріп үлгермеуде.

Тиісті орындардың талап-тілегін ескер-

местен, жанармайдың арзандағанына да 

«пысқырып» қарамай, аяқ астынан асығыс 

көтерілген жолақы құны туралы кей бі-

реулер «метроға халықты көбірек мінгізу 

үшін жасалған қитұртқы әрекет» деп те 

баға беруде. Бас-аяғы 6-7 бекеті бар, 

қаланың бір бөлігін қамтуға да жетпейтін 

метроға бола жолақы құнының 80 теңгеге 

көтерілуі ақылға сыймасы анық. Айта 

кетер жайт, бүгінде Алматы қаласынан 

халық саны екі-үш еседей аз Қызылорда, 

Ақтөбе, Тараз қалаларында жолақы құны 

35-50 теңге аралығында. Халық саны 

Алматыдан әлдеқайда аз болса да 

олардың жолаушылар тасымалы сала-

сындағы шығын өзін-өзі жабатын көрінеді. 

Ал екі миллиондай халықты сыйдырып 

отырған, қоғамдық көлігінің қашан көрсең 

аузы-мұрны толып, сығылысып жүретін  

Алматы қаласының жолаушылар тасы-

малымен айналысатын мекемелері 

«шығын өзін-өзі жаппайды» деген желе у-

мен жолақыны қымбаттатуға мүдделі 

болып отыр. Сірә, халықтың санымен, 

жанармайдың арзандауымен де санаспай 

отырған оларды жолақының көтерілуі 

қасиетті Рамазан айымен сәйкес келуі де 

ойлантпайтын секілді...




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет