Резюме
В этой статье анализируются виды жанров литературной критики Т. Токбергенова и
мастерство развития жанра эссе. Художественные особенности в эссе Т.Токбергенова "Каратау
перзентi" является основным объектом исследования статьи.
Summary
Тhis article analyzes the types of genres of literary criticism of T. Tokbergenova and skill
development of the genre essay. The artistic features of the essays in T. Tokbergenova "Son of Karatau"
is the main object of the study.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Елеукенов Ш. Әдебиет және ҧлт тағдыры.- Алматы: Жалын, 1997
2. Піралиева Г.Ж. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеттануы (1920-2005жж). Оқу қҧралы. Алматы:
ҚазМемҚыз ПУ, 2010-310 бет.
3.Әдебиеттану терминдерінің сӛздігі. Алматы, 1996-
4. Ысқақҧлы Д. Сын жанрлары. Алматы; 1999.-304 б
5.Ергӛбек К. Арыстар мен ағыстар: Әдебиеттану, сын әлемі.- Алматы: «Қазығҥрт» баспасы, 2003.-
336 б.
6. Нҧрғалиев Р. Телағыс. - Алматы: Жазушы,1985
7. Тоқбергенов Т. Тоғыз тарау. Әдеби сын.-Алматы: «Жазушы»-1974.-224б
ӘОЖ 82-14
САЙЫН МҦРАТБЕКОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЛИРИЗМ
Мәжитҧлы І. АӘИУ., ІІ-курс магистранты
Танабаева Г. АӘИУ., ф.ғ.к., аға оқытушы
Кӛркем
әдебиет
ӛмір
шындығының,
ӛмірдегі
қайшылықтар
мен
қақтығыстардың кӛрінісі. Жазушы кӛркем шығарма арқылы бізден бҧрын болып
ӛткенді де, қазіргі таңда болып жатқанды да, бҥгін болмағанымен келешекте болуы
ықтимал болашақты да бейнелеп бере алады.
С. Мҧратбековтың алғашқы әңгімелерінен бастап бҥгінгі жазғандарына дейін
ҥміт отындай маздап, ҥзілмей келе жатқан жібек орамалдың жанға жайлы
желпігеніне ҧқсас жылы бір нәрсе бар. Бәлкім, Сайын әңгімелерінің сыры да, сыны
да осында шығар? Ол жазушы творчествосындағы мӛлдір сезім шынайылығы,
осыдан келіп туындайтын табиғилықтың адам жанының нәзік пернелерін тап басуы
дер едік. Былайша айтқанда, Сайын әңгімелеріндегі психологиялық лиризм яғни
қобыздың ҥніндей сыршыл сарын, психологиялық тереңдік кӛңілге қонақтап қалып
отырады. Жазушы не туралы жазса да, ӛмірдің ащы немесе тҧщы шындығын қай
қырынан суреттеп отырса да сол бір лирикалық пафосынан танған емес.
Қазақ әдебиеті қалыптасқан, ӛзінің дәстҥрі, шыққан биігі бар жанр. Қазақ
прозасындағы әңгіме жанрының ӛзі бҥгінде сан жағынан да, сапа жағынан да
кемелдене, толыса тҥсті. Қоғамдағы жаңалықтарды жіті бақылап, оларды кӛркемдік
кестесіне тҥсіре бастады. Алайда ӛмір тереңіне, қайшылықтарына бойлау, олардың
ерекшеліктерін дәл басып бейнелеу оңайға соққан жоқ. Ӛйткені кӛркем шығарма,
оның ішінде әңгіме жанры да ӛмір шындығын қалай болса солай, талғамсыз
тізбектей бермейді, қоғамдық - әлеуметтік орта шындығына сай, жинақтап характер
арқылы сомдайды. Характер жоқ жерде тарихи орта, әлеуметтік жағдай шындығы
кӛрінбейді.
Адамдар сӛйлесіп, сырласып бар шындықты ашып алуына болады. Бірақ, егер
бар тҥйткілді ашып алу мҥмкіндігі болса, онда адамдар арасында тҥсініспеушілік
болмас еді. Әр адамның сыртқа шығарғысы келмейтін, ешкімге білдіруге батпайтын
қҧпия сырлары болатыны белгілі. Адамдардың сырласу арқылы ақиқатқа жетуіне
сол сырлар бӛгет болады. Сӛйтіп, әр адам ақиқатты ӛзінен де, ӛзгеден де ӛз бетімен
іздейді. Бірақ ол бәрін біле алмайтындықтан, шындыққа жете алмайды. Суреткерді
толғандыратында осы – адамның ашылуына мҥмкіндіктің болмауы. Мҧны айтып
отырған себебіміз, С. Мҧратбеков кейіпкерлері де шындықты, тығырықтан шығар
жолды іздейді. Алайда адамдар арасындағы ашық қатынас мҥмкіндігі жоқтығынан,
олар аласҧрумен ғана тынады. Ал оқырман ҥшін бәрі белгілі, автор монтажының
кӛмегімен әрбір кейіпкер санасындағы шындық кӛріністерін толық кӛріп, оқырман
болуы мҥмкін нәрсені болжай алады.
Туындыгерлік баяндау – кейіпкер ойының жалғасы, еске тҥсіруден, елестен
туындаған оның ішкі монологын жеткізуші, кейіпкер ойының жалғасы, еске
тҥсіруден, елестен туындаған оның ішкі монологын жеткізуші. Бҧл – жазушы
әңгімелерінің стилінің ерекшелігі екендігі байқалады. Сондай –ақ, бір оқиғаға
кейіпкердің кӛзқарасы мен автордың кӛзқарасы қатар беріліп, оқырманға ой сала
отарып суреттеуі жас жазушының ӛзіндік шеберлігі екендігіне кӛз жеткіземіз. Яғни,
кейіпкердің иррационалды ой қозғалысы, психологиялық жай – кҥйі жазушының
барлық шығармаларында кездеседі. Ол негізінен, тҥс кӛрумен, кейіпкердің еске
тҥсіруімен байланыстырылады да, шарқ ҧрып жауап іздеуге, тірек іздеуге
ҧластырылады. Кейіпкер кеудесінде екі тҥрлі сезімнің шарпысуы және
шығармадағы
диалогтар
полемикаға
алып
келеді.
Сонымен,
жазушы
шығармаларындағы басты ерекшелік – кейіпкерлерінің жан – дҥниесін
психологиялық толғаныс ҥстінде ашуға ден қоюын кез келген әңгімесінен байқауға
болады.
Қаламгердің әрбір жаңа әңгімесінде бҧрын айтылмаған жағдай,
ашылмаған сыр, кӛрінбеген характер алдыңнан шығып отырады. Және осының
бәрін ол мен мҧндалатып кӛзге ҧрмай, сол ӛзінің лирико-психологиялық
жоспардағы сырбаз, сыпайы, жайма-шуақ жазу стилімен жеткізеді. Ол не нәрсе
туралы айтқысы, қандай жағдайды кӛрсеткісі, нендей шындықты ашқысы келсе
де қамырдан қыл суырғандай баппен, байыппен жазады. Сондықтан жалпы С.
Мҧратбеков прозасының табиғаты тау ӛзенінің тасып аққанынан гӛрі, тҧма
бҧлақтың бірқалыпты бҥлкілінен туатын кҥміс сылдырды кӛбірек еске тҥсіреді.
Тіпті оның жан сезімінде жаңалықтары мол образ, характерлері де есіктен кіре
тӛрге ҧмтылмайтын жайлы да жайдары, қайырымды да қарапайым болып келеді.
Жазушы геройларының прототиптері ӛз арамызда жҥрген адамдар болғанымен,
кӛбісінің жандҥниесін, ой әлемін, мақсат-мҧратын, қуанышы мен мҧңын, дҥниеге
кӛзқарасын, адамгершілік бет-бейнесін Сайын әңгімелерін оқыған соң тереңірек
тани тҥсіп, бҧрын білмей келген, байқамай жҥрген жаңа сырлар таптық дер едік.
С. Мҧратбековтың әрбір әңгімесіндегі суреттелетін ӛмір шындығына кӛңіл
аударып, адамдарының мҧңы мен мҧратына ортақтасқан сайын біздің ойымызға
халық әндеріндегі қайталанбас мҧңды әуен, сағынышты саз, терең толғаныс,
ойлы, ойнақы наз, қимас сезім орала берді. Біздіңше, мҧның ӛзі жазушы
щығармашылығындағы халықтық сипаттың жақсы әсері де болу керек. Осы сипат
оның әдеби геройларын бізге ет жақынымыздай жақындатып та тҧр. Тағы бір атап
айтатын нәрсе, Сайын әр әңгімесінде кем дегенде екі-ҥш адамның кӛзге ыстық,
кӛңілге жақын жанды бейнесін лирикалық планда жасап, олардың психологиясын
ӛзгеше ӛрнектейді. Міне, сол геройлар оз бойындағы адалдық сезімімен,
аңқылдақ мінезімен, бір сӛзбен айтқанда, адамдық аяулы болмысымен оқушы
есінде қалып қояды. Сайын характер диалектикасын ашуда, яғни адамды табиғи
бар
болмысымен
кӛрсетуде
ерекше
шеберлік
танытады.
Мәселен,
«Кәментоғайдағы» Зағипа, «Ескек желдегі» Рысжан, «Ҧлтуғандағы» Ҧлтуған,
«Ана арманындағы» әже, «Отау ҥйдегі» Ҧзақ пен Тана бейнелері туған
әдебиетімізге Сайын Мҧратбеков әкелген жаңалықтар, соны образдар, айшықты
характерлер. Жазушы мҥсіндеген кӛптеген геройлар жан дҥниесіндегі
жарқындық, іс-әрекетіндегі адалдық, сезімталдық, қайырымдылық, бауырмалдық
сияқты қасиеттер ҥшін оларға деген симпатиямыз да арта тҥседі. Жазушы ӛз
шығармашылығында сҥйікті қаһармандарының ӛмір жолы арқылы осы аталған
адамдық қастерлі қасиеттерді кӛркемдік қисынын тауып дәріптеуді басты
суреткерлік мҧраты санайды. Жазушы әңгімелерінің басым кӛпшілігін оқушы
қауым енжар қабылдап, сыншылар да елеусіз қалдырған емес. Әсіресе солардың
ішінен жҧртқа оның «Кҥсен-Кҥсеке» атты әңгімесі қатты ҧнаған сияқты. Ол
жайында кезінде Москва сыншылары да бір ауыздан жылы лебіз білдірді. Қазақ
әдебиетін Одақтық кӛлемде насихаттауға едәуір еңбек сіңірген белгілі сыншы,
марқҧм И.Н. Крамов, сол сияқты жазушы әдебиетшілер П. Ульянов, В. Руденко-
Десняк және тағы басқалар Сайынның бҧл әңгімесін осы жанр бойынша Одақтық
масштабтағы елеулі қҧбылыс деп бағалағаны баспасӛз бетінен жақсы мәлім.
«Кҥсен-Кҥсеке» әңгімесінде жазушы Сайын Мҧратбеков мҥлде жаңа қырынан
кӛрінді, жаңаша шығарашылық ізденіс ҥстінде екенін танытты. Анықтап
айтқанда, ол бҧрын оқиғаны негізінен лирикалық ракурста беретін және адам
жанының терең де нәзік пернелерін, ішкі сезім иірімдерін тамыршыдай тап
басатын психолог, лирик жазушы ретінде кӛбірек кӛрінсе, мҧнда ол ӛміріндегі
әлеуметтік кҥрделі мәселелерді аңғарғыш әрі соларды орнымен кӛтере білетін
ойшыл суреткер екенін де дәлелдеп шықты. Жазушы осы әңгімесінде сырын
терең білмеген сырт кӛзге алаңғасар, аңқау, аңқылдақ, тіпті берекесіз кӛрінетін
Кҥсен секілді қазақ Дон-Кихотының жаңа типін жасаған сияқты. Ал шындығында
мҥлде олай емес. Рас, Кҥсен ӛзінің адамгершілік қасиеті, сезімі жағынан Сайын
Мҧратбековтың бҧрынғы кейіпкерлеріне ҧқсас. Сӛйтсе де бҧл образ ӛзінің
әлеуметтік салмағымен әлдеқайда кҥрделі. Кҥсен ой кӛзімен қараған адамға
ешқандай да комикалық қаһарман емес, керісінше езу тартқызып отырып еңсеңді
кӛтеріп тастайтын, ойламаған жерден терең ойға қалдыратын ойлы образ. «Халық
іші - қазына» демекші, Кҥсен сияқты тҧрған бойы кӛркем тҧлға боларлық ақ кӛңіл
адамдар ел арасында жҥздеп кездесетіндігі анық. Жазушы солардың типтік
бейнесін Кҥсен арқылы әдебиетімізге алып келді. Кейбіреулер ҥшін Кҥсен ақ қар,
кӛк мҧзда қоғам малын бағып жҥріп тапқан-таянған мол ақшасын бей-берекет
шашушы, дҥниенің ығын білмейтін берекесіз кӛрінуі де әбден мҥмкін. Себебі,
табан ақы, мандай термен келген ақша тҥгіл, жолдан тауып алған қара бақырын да
шығаруға қалтырап, соны қарақан басы ҥшін ортаймас олжа кӛретіндер жоқ па
екен?! Тоғышар, дҥниеқоңыз адам ҥшін дҥниенің кілті тек ақша ғана екені
тҥсінікті. Сондықтан да оның тар да тайғақ жолында арын да, арманын да аяққа
басып кететіндер де жоқ деу кӛпе-кӛрінеу кӛз жҧмбайлық болар еді.
С. Мҧратбековтың Кҥсені ӛз ақшасын қайда жҧмсау немесе қалай сары
майдай сақтау керектігін ешкімнен кем білмейді. Алайда, Кҥсен ҥшін ақшадан да
асқақтап жоғары тҧрған, тіпті есепсіз ақшаға да сатып алуға болмайтын асыл
нәрселер бар. Кҥсен ҥшін адамға қолыңнан келгенше жақсылық жасаудан, оны
қуантып, кӛңілін табудан, адамға адамның шын кӛңілімен қол ҧшын беріп, риясыз
кӛмектесуінен, онымен сыйласып, сырласудан артық еш нәрсе жоқ. Сондықтан да
Кҥсен сияқты адамды қуантудан рақат алатын және одан асқан ештеңе жоқ деп
білетін қарапайым кісінің қолында адал еңбегінің мол ақшасынан басқа беретін
несі бар?! Демек, Кҥсен ӛз ақшасын ағайын-туғанға анда-санда осылай ҥлестіру
арқылы оларға деген кӛлеңкесіз кӛл-кӛсір кӛңілін кӛрсеткісі келеді. Оларды
қуанттым деп ойлайды. Олай болса, Кҥсеннің осы мҧраты оның адамгершілік
қасиеті емей немене?! Бойында осындай қасиеті бар адамдар аз болса, мынау кең
дҥние де тар кӛрінер еді-ау. Егер Кҥсен әнші болса әнімен, дәрігер болса емімен
адамға қуаныш, бақыт, сҧлулық сыйламай тҧра алмас еді. Ӛйткені
жаратылысынан жақсылық жасау ҥшін туған жандар мейлі қой бақсын, мейлі ой
бақсын С. Мҧратбековтың Кҥсені сияқты адамға деген ақ кӛңілімен, қарымтасыз
мӛлдір қарым-қатынасымен, шексіз сҥйіспеншілігімен айналасын ақ нҧрға бӛлеп
жҥретіндігі кҥмәнсіз. Ендеше ӛмірдің кҥңгейінен гӛрі кӛлеңкесін, жеңілінен гӛрі
ауырын кӛріп жҥргендеріне қарамастан алғанына емес, бергеніне дән риза Кҥсен
сықылды адамдардың ӛз басынан бҧрын ағайынның аман-саулығын кӛбірек
ойлайтындықтары олардың жамандықтары емес екен! Жазушы Сайын
Мҧратбеков аталмыш әңгімесіндегі Кҥсен образы арқылы ҥлкен әлеуметтік идея
кӛтеріп, оқушыны оймен бетпе-бет қалдырады. Сайынның концепциясы
бойынша, адамның адамгершілік қасиеті, мейлі ҧлық бол, мейлі кішік бол,
кӛлеңкесіз кӛңіл тазалығынан, ӛзінен бҧрын ӛзгеге деген сҥйіспеншілік сезімінен
кӛрінеді екен. Сондықтан да Кҥсен жақыны мен жамағайынына ақшасын
ҥлестіруші емес, шынайы кӛңілін ҥлестіруші. Ол ҥшін дҥниедегі ең қастерлі нәрсе
ақша табу емес, адамның кӛңілін табу, адамның қуанышына да, қайғысына да
ортақтаса білу. Міне, осының ӛзі біздің қоғамымыздың әлеуметтік моралінен,
адамгершілік принципінен туындайтын қасиет. Демек, Кҥсен ӛз әрекетімен
әлеуметтік тҧлға екен, Кҥсеннің жанына бататын нәрсе, кейбір адамдардың бір-
біріне деген қайырымының жетпей жататындығы, тым ӛзімшілдігі, кӛңілдерінің
кӛрсоқырлығы. Кҥсенді тағы бір мазалайтын жағдай, ағыл-тегіл молшылықтың,
барлық пен байлықтың кезінде кӛңілдің тарылуы, сезімнің жҧтаң тартуы, шынайы
сҥйіспеншіліктің азаюы. С. Мҧратбековтың «Кҥсен-Кҥсеке» әңгімесіндегі кӛтеріп
отырған адамгершілік проблемасы оның бҥкіл творчествосының негізгі пафосы
болып табылады. Жазушы қай туындысында да адамның адамшылығы,
азаматтығы, рухани биіктігі, жан дҥние сҧлулығы, сезім шынайылығы туралы сыр
шертіп, ой толғап келеді. Сондықтан да Сайын Мҧратбеков мҥсіндеген негізгі
кейіпкерлер «ӛмір - адам, адам - ӛмір» деген кҥрделі философиялық
зандылықтарын ӛз тҧрғысынан тҥсіндіруге тырысқан суреткер мҧратының
кӛрінісі деп қараймыз. Адам баласының жан дҥние тазалығы мен сҧлулығын,
сезім шынайылығын жырлау қаламгер мҧраты болса керек. Сайын Мҧратбеков
прозасындағы негізгі шығармашылық ҧстаным да осы ӛзекті мәселеге
негізделген. Адамның кҥйбелең тіршілікте адамгершілік қасиеттері байқала
бермейді. Жазушы әңгімелерінде заманның ашы да, астарлы шындығы бар.
Ӛмірдің кӛлеңкелі тҧстарын жазушы нәзік, сыршыл тәсілмен жеткізеді. Кҥрмеуі
қиынға айналып, кҥрделенген ҧлттық мҥддені жазушы қарапайым кейіпкер мен
оның ішкі әлеміндегі сезім толғаныстары арқылы айқындалады. Адамды танып
білу ӛте қиын. Сайын Мҧратбековтің осындай әңгімесінің бірі – «Ҥскірік». Адам
жанының кӛлеңкелі жақтары кӛп жағдайда ҥскіріктен бірде-бір кем емес. Ҥскірік
дегеніміз – кҥншілдік, кӛре алмаушылық, қызғаныш. Оқиға екі ҥй азаматы Дәнеш
пен Қайрақты шӛпке жҧмсаудан ӛрбиді. Екеуі де бір жылы туылып, қатар ӛскен
азаматтар. Бір-біріне әзілдеген сияқтанады. Бірақ, әзілдері ашы да, улы. Әсіресе,
Қайрақ ӛзіне қарағанда Дәнеш сӛзінің уытты да, беделдірек екенін байқайды.
Сайын Мҧратбеков әңгімелеріндегі кейіпкерлер қандай ӛмірдің
қиыншылықтарына, тағдырдың қатаң талқысына тҥссе де, адамдық бейнесін,
адамгершілік қасиетін жоғалтпауға, әділдікті баянды етіп, адал жанын бойында
сақтап қалуға тырысады. Қаламгер шығармаларындағы мӛлдірлік, сезім тазалығы
мен табиғылық, сыршылдық пен психологиялық тереңдік жазушылық шеберлікті
кӛрсетеді. Ӛмірлік материалды екшеп, сан алуан тағдыр, адамдар арасындағы
қақтығыс, әр тҥрлі байланыстар арқылы адам дҥниесінің қатпар-қатпар терең
тҥкпіріне бойлатады, ӛзің кҥнде кӛріп жҥрсең де, елемейтін қҧбылыстарды
байқатады, ӛткен ӛмір, бҥгінің, болшағың жәйлі ойға батырады.
Резюме
В статье мы постараемся проанализировать прозаические произведения
писателя с художественный стороны, а также своеобразие стиля и языка.
Summary
In this work we will try to analyze prose writers with artistic side, as well as the
originality of style and language.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1
Мҧратбеков С. Басында Ҥшқараның - Алматы: Қазақстан, 2010.
- 479 б.
2
Мұратбеков С. Шығармаларының екі томдығы: Повестер мен әңгімелер. –
Алматы: Жазушы. -І Т: -1986.-408б.
3
Мұратбеков С. Жабайы алма. – Алматы: Атамұра, 2002. – 400 б.
4
Ержанова Г. Қазақ повестеріндегі психологизм мәселелері: филол. ғыл. канд.
авторефат.. – Алматы, 1994. − 28 б.
2. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Боранбаев С. Р. ф. ғ.д., профессор
Мамаев Ж.Б. магистрант
Мемлекетіміздің 2030 жылға дейінгі стратегиясы халқымыздың рухани,
ғылыми және шығармашылық қабілеті жоғары болған жағдайда ғана Қазақстанның
дамуындағы ҧзақ мерзімге межеленген мақсаттарға жетуге болатындығын анықтап
берді. Білімнің айрықша басымдылық алуы қазіргі қоғамдық прогрестің
заңдылықтарынан туындайды. Ӛресі биік білімдар адамдар мемлекеттің
экономикалық даму деңгейін айқындайды.
Республика мектептерінде білім мазмҧны мәдениеті ӛркендеген демократиялық
қоғамға ҥйлесімді жаңа адам ҥлгісін тәрбиелеуге бағытталуға тиісті. Болашақ
қоғамнаң азаматы:
-
дҥниеге диалектикалық кӛзқарастың негізі болып саналатын белгілі мӛлшердегі
ғылыми білім жҥйелерін ;
-
жаңа хабарларды ӛздігінен дҧрыс қабылдап, бағалай білуге, дереу шешім табуға
қабілеттілікті;
-
кез–келген нақты жағдайларды ӛз бетінше талдай білуді т.б. меңгеруге
міндетті. Сол сияқты білім мазмҧнын жаңарту тҧжырымдамасының негізгі
бағыттары: біріншіден, мектептегі білім мазмҧнын қазіргі ғылымның динамикалық
қҧрылымына сәйкестендіру; екіншіден, тәрбиелеу мен сезімді дамытудың барлық
ӛрісін (оқу, жҧмыс, қарым-қатынас) ескере отырып, оқытудағы негізгі салмақты
оқушылардың шығармашылық ойлауы мен еңбектенуі мақсатына аудару;
ҥшіншіден, білімдерін ӛздігінен іс – жҥзінде қолдана білуге тәрбиелеу; тӛртіншіден,
жалпы адамзаттың және біздің елдегі басқа халықтардың тарихы мен мәдениетін
ескере отырып, ҧлттық рухани мәдениеттің қайтадан жаңаруына байланысты,
ӛскелең ҧрпақтың дҥниетаным мен адамгершілігін байыту және олардың ӛсуін
қамтамасыз етуді қарастырады.
Оқытудың технологиясы білім берудің теориялық және қызметтік негізін
қалыптастырады, білімді еңбекпен ҧштастырып, іс–әрекеттің саналылығын
дамытады, мақсатты ӛмір сҥруге ҧмтылуға әсер етеді.
Педагогикалық технологияның білім берудегі бағасын жалпы мойындағанмен
де, оқыту технологиясының мәртебесі әлі де айқындалмаған кҥйде қалуда.
Педагогикалық әдебиеттерге талдау жасап ҥңілсек, қазіргі кезде ―оқытудың
педагогикалық технологиясы‖ ҧғымы ғылыми білім берудің теориясы мен
практикасына мықтап енгенін кӛреміз.
Педагогикалық технология ҧғымының қалыптасуы мен дамуының тарихында
педагогикалық технология ҧғымының мәні тҥрліше қарастырылады, яғни оқыту
технологиясын техникалық қҧралдардың кӛмегімен оқыту деп ҧғынудан бастап
педагогикалық технологияны ғылыми тҧрғыдан ҧғынуға дейін тҥрліше пікірлер
бар, олар педагогикалық технология мәселесіне арналған П.Я. Гальперин, В.В.
Давыдов, М. Кларин, Л.В. Занков т.б. ғалымдардың еңбегінде қарастырылған /4, 5,
6, 7, 8/.
Оқыту технологиясы - алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз
ететін оқытудың әдіс- қҧрал және тҥрлерінің жҥйесі арқылы оқыту мазмҧнын жҥзеге
асыру жолы. Сӛйтіп оқыту технологиясында мазмҧн, әдіс және қҧралдардың ӛзара
байланысы мен себептілігі жатыр, ал қажетті мазмҧнды, тиімді әдістер мен
қҧралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу
мҧғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты.
Оқыту бағдарламасын жобалаудың әдіснамалақ қызметі оқыту бағдарламасын
қҧрудың технологиялық бағалау ӛлшемдері тҧрғысынан қарастырылуы мҥмкін. Бҧл
бағалау ӛлшемдеріне сәйкес оқу және оқыту қызметтерінің бағдарламасы тҥзіледі.
Тҥзілген оқыту ҥлгісінен педагогикалық технологияның даму мҥмкіндіктерін кӛруге
болады. Бҧл ҥшін білім беру мақсаттарын оқу қызметін басқару әрекеті жҥйесіне,
нақты ғылым тіліне кӛшіру, оқушылардың жеке ерекшеліктері ескерілген оқыту
ҥлгісін тҥзу қажет.
Осылайша, оқыту технологиясының әдіснамалық қызметі жалпы стратегиялық
ҥлгі–оқытуды жобалау, ҧйымдастыру және жобаны жҥзеге асыру арқылы
анықталады. Оқыту бағдарламасы оқыту–педагогикалық қызметтің жобасы ретінде
тӛмендегі арнайы ерекшеліктерге ие:
-
әлі пайда болмаған обьектілерді бейнелейді;
-
ең болмағанда нормативті тҥрде жҥзеге асырылған болуы мҥмкін;
-
сәйкес іс-әрекеттің орындалуының қолайлы деңгейін белгілеп отыратындықтан
нормативті болып табылады .
Бҧл ерекшеліктерді оқыту технологиясының дамытушылық қызметі сияқты ӛзіндік
ерекшелігімен толықтыруға болады. Технологияның бҧл сипаты дәстҥрлі оқыту
барысында жеткілікті дәрежеде кӛрінбейді, бірақ жаңа технологияның маңызды
белгісі болып табылады.
Оқыту технологиясы оқыту теориясын бейнелейтінін және оқытудың
технологиялық деңгейін кӛрсететін стратегиясы мен тактикасы болатынын
анықтаған.
Оқыту мен тәрбиелеуді технологияландырудың келесі бір әдіснамалық
бағдары іс-әрекеттік ықпал туралы айта келе, себебі білім беру процесінің негізі –іс-
әрекет деп тҧжырымдайды. Педагогикадағы білім беру жҥйесі бӛліктерінің мақсаты,
мазмҧны, әдіс тҥрлері мен оқу қҧралдарының бірлігі қарастырылған.
Қазіргі заманғы оқытудың технологиялық ҥлгілері оқытуды ҧйымдастырудың
ізгілік, дамытушылық, жеке қарым-қатынастық жобаларының әдіснамасын
айқындайды. Кейбір технологиялар біржақты, оқытудың тек бір мәселесін, мысалы,
проблемалық қҧрылымды, бағдарламалап оқытуды т.б. қарастырады. Сонымен
қатар ғылымда оқушылардың жас ерекшелігіне орай бейімделген дамыта оқыту
сияқты тҧтас технологиялар да орын алған (Л.В. Занков, П.Я.Гальперин).
Оқыту технологиясы деңгейінде оқыту процесінің барлық компоненттері
айқындалады. Жеке қарым-қатынас жасау кезінде бір теорияға негізделген бірнеше
технология ойлап табылуы мҥмкін. Ӛзіндік бағыт ҧстаған дамытушы
технологиялардың негізгі тиімділігі интеллектуалдық және эмоционалдық-ынталық
даму, білімді және кәсіптік біліктілікті қалыптастыру, білім беру процессінің
қҧндылығын бағалауды қамтамассыз ету, белсенділікті арттыру болып табылады.
Бҧл технологиялардың дидактикалық сипаттамалары оқыту педагогикалық
процестің тӛмендегі ерекшеліктері тҧсында қалыптасады:
-
белгілі бір міндетті кӛздей қҧру және проблемалық оқыту;
-
оқушылардың оқу мҥмкіндіктерін есепке алудың әр тҥрлілігі;
-
оқу қызметін саралап басқару;
-
оқу процесін демократиялық жолмен ҧйымдастыру.
Бҧл технологиялардың дидактикалық қҧрылысы білім беру процесінің, оның
мақсаттарының, мазмҧнының,
әдістерінің, дидактикалық
қатынастарының
қҧрылымының бейімделу жолымен жҥзеге асады.
Оқыту технологиясы – бҧл қолданбалы дидактика. Ол педагогикалық
тәжірибенің нақты жағдайында керемет оқу процесін жҥзеге асырады, оқытып
ҥйрету мен оқып ҥйренудің ақиқат қызметін бейнелейді. Басқаша айтқанда, оқыту
технлогиясы – оқу іс - әрекеті мен оқытуды ҧйымдастырудың амал, әдіс, тәсілдерін
қолдану теориясы
Сӛйтіп, оқыту технологиясы мектепте оқыту процесіне қажетті әдіс, тәсіл, амал,
дидактикалық талап секілді психологиялық-педагогикалық іс әрекеттердің жҥйелі
кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға ынтасына, оқу іс-
әрекетіне игі әсер етумен қатар, педагогиканы нақты ғылымға жақындату,
мҧғалімдердің интеллектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын
педагогикалық іс-тәжірибесінің нәтижелілігіне, жинақылығына ҧтымды әсер
ететіндей оқу–тәрбие процесінің басты кҥре тамырының рӛлін атқарады. Былайша
айтқанда, педагогикалық технология – оқу тәрбие процесінің шығармашылықпен
терең ойластырылған кӛптеген факторлардың ҥйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің
тиімділігін қамтамасыз ететін жанды қҧрамдас бӛлігі (компонент). Бҧдан, оқыту
технологиясы дегеніміз – педагогикалық тәжірибеде оқыту мен тәрбиенің нақты
кӛздеген мақсатына қол жеткізу жолындағы тҧтас дидактикалық жҥйе қҧрайтын
амалдар мен іс - әрекеттер тізбегі.
―Педагогикалық технология‖, ―оқыту технологиясы‖ анықтамаларын кӛптеген
ғалымдар ҥш маңызды ережеге біріктіреді, олар:
-
оқытуды оқушының ―іс-әрекетін қалаған ҥлгі (эталон)‖ тҥрінде дәл анықтау
негізінде жоспарлау;
-
мҧғалімнің қызметі мен оқушыға қалыптасқан ықпалына қатаң жҥйелеу тҥріндегі
оқыту процесінің бағдарламасын жасау;
-
кӛзделген ҥлгі (эталон) мен оқытудың нәтижесін сәйкестендіру.
Оқытудың мақсаты - ӛз бетімен дами алатын, әр тҥрлі ӛзгермелі
жағдайларда бағдар ҧстай білетін, белсенді жеке тҧлғаны, яғни қызмет
субьектісін тәрбиелеп шығару. Мҧндай мақсат білім мазмҧнының қҧрылымына,
оны іріктеп алудың дәстҥрлі талаптарына сәйкес ӛзгерістер еңгізуді талап
етеді.
Оқытудың технологиясы білім берудің теориялық және қызметтік негізін
қалыптастырады, білімді еңбекпен ҧштастырып іс-әрекеттің саналылығын
дамытады, мақсаты ӛмір сҥруге ҧмтылуға әсер етеді.
Қазіргі заманғы оқыту технологиялары педагогикалық және психологиялық
ілімдері негізінде жасалған дамытушы тҧлғалық, бағдарлы, мақсатты
технология болып табылады.
Оқу ҥрдісін технологияландыру басқа ақыл-ой талабына ғана негізделген
рационалистік немесе технократтық деп аталатын дидактикалық парадигмамен
әдіснамалық байланысты Педагог – рационалистердің негізгі міндеті – оқу
материалын меңгерудің неғҧрлым тиімді тәсілін іздестіру.
Жаңартылған білім мазмҧнының ғылыми - әдістемелік негізіне дамыта
оқыту идеясы алынған. Дамыта оқытудың ерекшелігі оқушыда пәндік білім,
білік, дағды қалыптастырудың қажеттілігін жоққа шығармайды, бірақ оқыту
мен оқушыны дамыту міндеттерін, басымдылығын қолдамайды, оқыту
оқушының дамуын қамтамасыз ететін жағдай болуы керек дегенді приоритет
етіп қою.
Қоғамдағы тҥбірлі ӛзгерістер, әсіресе, оқу-ағарту, білім беру саласындағы
ізгілендіру мен демократияндыру процестері мектептерде білім мазмҧнын
жаңартуды, білім беруді басқару жҥйесін жетілдіруді, мҧғалімддерге
қойылатын талап деңгейін ӛзгертуді қажет етіп отыр. XXI ғасыр шебінде жаңа
технологиялардың пайда болу ғылымның жас ҧрпақты – болашақ азаматтарды
ӛміріне даярлау сапасына ықпалын бҧрынғыдан кҥшейтеді, ӛйткені XXI ғасыр
табалдырығында білім ӛзінің маңыздылығы жӛнінен елдің стратегиялық
ресурстарымен бәсекелесе алатын капиталға айналады. Ғылыми техникалық
прогрестің жетістіктерін игерудің және жаңа технологияларды жасаудың жоғары
білікті мамандарды қажет ететіні айқын болып отыр. Болашақ және қазіргі
заман азаматтары қоғамдық дамудың деңгейінен кӛрінетін оның әлеуметтік
парызына жауап беруді кӛздейтін, жаңалыққа сергек, ӛз ісіне гуманистік
сезіммен қарайтын педагогикалық кҥрделі қҧбылыстардың барысын идеялық
адамгершілік тҧрғыдан шеше алатын, жаңадан ойлау дамуын ҧйымдастыра
алатын және ата-аналармен, ҧжыммен педагогикалық ынтымақтастық орнатуға
бейімділігі бар, шығармашылық еңбек ететін азамат даярлау міндеті басты
назарда болуы керек. Инновациалық теориясының негізін қалаушылар неміс
ғалымдары В. Земберг, В. Метчерлих, австралиялық И. Шушпетер.
Инновация педагогиканың барлық саласына толық еніп дамуда.
Ҧстаздарымыз бен белгілі ғалымдарымыздың ендігі негізгі міндеті –
жаңалықты тек педагогика саласынан іздестіріп қоймай, басқа ғылым
салаларындағы жаңалықтармен салыстырып, байланысын нығайту, тарату,
практикалық инновацияны жҥйеге келтіру.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Қараев Ж.А. Мектепте оқытудың педагогикалық жҥйесін жетілдірудің әдіснамалық
негіздері. // Бастауыш мектеп. – 1996.-№ 7.
2.
Бершанов К. Б. Мусин С. М. «Педагогика тарихы» Алматы, «Мектеп», 1986
3.
Гальпенрин П.Я. К теорий программированного обучения.-М.,1967.
4.
Давыдов В.В. Виды обобщения в обученй.-М.:Педагогика.-1972.-424с.
5.
Кларин М.В. Инноваций в мировой педагогике обучение на основе исследований,
игр, дсскуссий.-Рига: НПЦ ―Эксперимент‖.-1995.-176с.
6.
Занков Л.В. О предмете и методахдидактического исследования. –М.,1961.
7.
Занков Л.В. Дидактика и жизнь.-М.: Педагогика.-1968.
8.
Журавлев В. И. Педагогикалық зерттеу әдістері. Москва, 1972
9.
Пискунов А. И. Воробьева Г. В. Педагогикалық эксперименттің теориясы мен
практикасы. Москва, 1979.
10.
Тҧрғынбаева Б. А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы. «Рауан». 2000.
УДК 37.015.3:745/749 – 057.875
Достарыңызбен бөлісу: |