Ханкелді ӘБЖАНОВ,
Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры,
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі,
тарих ғылымдарының докторы, профессор
25 басымдық
25 БЕЛЕС
36
Орыс халқымен қатынастарды отарлау кезеңінің өлшемдеріне қарап
құруға тиіс емеспіз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Тәуелсіздіктің 5 жылдығына арналған
салтанатты жиналыста жасаған баяндамасынан.
11 желтоқсан, 1996 жыл
Е
желден көрші болып келе жатқан орыс халқымен қарым-қатынасымыз ылғи
бейбіт жағдайда өтті десек, шындыққа қайшы келуіміз мүмкін. Ұлт мүддесі, ел
мүддесі деген болады. Сонымен қатар көп нәрсе билік басындағы жеке адамдар мен
саяси топтардың көздеген мақсаттарына байланысты.
Ресейдің отаршылық саясаты өзінің зиялы қауымының назарынан да тыс болмаған.
Шоқан Уәлихановтың досы, Қазақстан мен Сібір халықтары тарихын зерттеуші,
орыстың прогресшіл публицисі Н.М. Ядринцев «Орыс Шығысындағы бұратаналардың
оқу ағарту ісі» деген мақаласында патшалық Ресейдің бұратана халыққа білім беруде
тер төге қоймағанын, қазақтарға білім беру әрекеттерінің орыстандыру мақсатында
жасалғанын ашық айтып, «Англия колонияларындағы бұратана халықты қанап ұстаса
да, қалай дегенмен Үндістанда мектептер мен университеттер ашты» деп жазған еді.
Кезінде бұл мәселеге Мұстафа Шоқай да арнайы тоқтап, патшалық Ресейдің отарлау
саясатының ерекше озбырлығын атап көрсеткен болатын. Бұл – біздің әркез тағылым
алып отыратын өткен тарихымыз.
Заман өзгерді. Алаш арыстары арман еткен, ғұмырларын пида қылған азаттық пен тәуелсіздік
төрімізге озды. Өткенге парасатты баға беретін уақыт та келді. Бүгінгі күні патша өкіметінің
ұлттық шет аймақтарға реакцияшыл саясатын объективті айтумен бірге екі ел арасында
қалыптасқан мәдени қарым қатынастарды да мойындау, оң істерді де ашық айту қажет. Тегі
де асыл, көзі тірісінде еңбектері де шетел тілдеріне аударылған тұңғыш қазақ ғалымы Шоқан
Уәлиханов Омбыда оқымаса, оны орыс оқымыстылары «шығыстану көгінен құйрықты
жұлдыздай ағып өтті» деп бағаламас еді. Кеше халқын әлемдік өркениетке жетелеген Алаш
арыстарының дені Ресейдің орталықтағы оқу орындарын бітіргендер болатын.
Мемлекетіміз тәуелсіздік туын қолға алғанда ең бірінші Ресеймен достық қарым-қатынас
құжаты қабылдануы тегіннен-тегін емес еді. Бүгінгі жағдайда да екі ел президенттерінің
әлемдік және ел арасындағы проблемалар бойынша жиі-жиі пікір алмасуы дәстүрге айналып
отыр. Екі елдің бір-біріне беретіні де, алатыны да бұрын да бар болатын, қазір көбейе түсті.
Әлеуметтік, экономикалық һәм саяси тең құқықты қарым-қатынастар көршілерді байыта
түсері сөзсіз. Ең бастысы – бұдан екі елдің халқы ұтады.
Біздер, Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің және ұлы Абайдың ұрпақтары,
халқының саны жағынан да, жер көлемі жөнінен де әлемдегі ірі мемлекеттің бірі Ресеймен
белгілі жағдайда тағдырлас екенімізді ұмытпағанымыз жөн. Шынын айту керек, кейде
біржақты кетіп жатамыз. Бұл тарихқа қиянат. Елбасымыз осыдан сақтандырып отыр.
Әбдіжәлел БӘКІР,
саяси ғылымдар докторы
25 басымдық
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
37
Қазіргі ұрпақтың өнегелі борышы мен қастерлі міндеті біздің әкелеріміз
бен аталарымыз тоталитарлық режимнің табанында тапталған қиын
кезеңді түсініп-түйсіну болмақ.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Тәуелсіздік күніне және Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының
астанасы деп жариялау құрметіне орай өткен салтанатты жиын
сөйлеген сөзінен. Ақмола, 13 желтоқсан, 1997 жыл
Т
арихтан тағылым ала білу – аса маңызды мәселе. Бұл қазіргі саяси мазмұны,
әлеуметтік және экономикалық сипаты жағынан өзге тәуелсіз мемлекет құрып
жатқан елдің жастары үшін тіпті мәндірек десе де болады.
Адамзат тарихы мемлекеттердің түрлі сипаттағысын көріп, олардың жағымдысын да,
жағымсызын да басынан кешіріп келеді. Бір сәт осыларды еске түсірсек, тоталитарлық
жүйеден адам баласының көрмегені, бастан кешпегені жоқ екенін аңғарамыз.
Алысқа бармай-ақ, үлкен ұлтты ғана мойындауға негізделген, басқаны соның
көлеңкесінде ғана көргісі келген кешегі кеңестік кезеңді еске алайық. Одақта жүзеге
асырылған тоталитарлық саясат миллиондаған адамның басын жұтты. Басқаны былай
қойғанда, 1932-1933 жылдары болған Қазақстандағы ашаршылық 2,5 миллион адамды
жер жастандырды.
Теңдікке емес, өрлік пен кемдікке құрылған осы жүйе шағын ұлттардың мүдделерін
аяқ асты етті, рухани жүдеуіне алып келді. Бұл жүйенің ең басты кемшілігі – жеке билікке
негізделгені. Ал жеке билік ешуақытта жақсылыққа жол бастаған емес.
Кешегі алып империяның Кеңес адамдарының ойына да келмеген, түсіне де кірмеген
кезде тарих сахнасынан кетуіне бірден-бір түрткі болған – заңға бағынған, заңға негізделген
демократияны мансұқ ету, биліктің қайнар көзі халық екенін мойындамау екенін тағы да
еске салсақ, артық болмас.
Еліміздің көгінде Тәуелсіздік туының асқақтай желбірегеніне ширек ғасыр болып
қалды. Алайда осы бір азаттық рухтан қуат алған саяси сергектік те, тәуелсіз сана да тіпті
баяу қалыптасып келеді. Сан жылдар езіліп қалған ұлттық рухымызды көтеру аса маңызды
мәселе болып отыр. Бұл арада Мұстафа Шоқайдың: «Ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігі болуы
мүмкін бе? Тарих ондайды көрген жоқ та, білмейді де. Ұлт азаттығы – ұлттық рухтың
нәтижесі. Ал ұлттық рухтың өзі ұлт азаттығы мен тәуелсіздігі аясында өсіп дамиды, жеміс
береді» деген сөзін еске салғымыз келді.
Біздің жастарымыздың зердесіне тоталитарлық саясаттың табиғатын, оның бар зардабын
жан-жақты ұғындыратын да, қазіргі Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де – осы саяси сергектік,
тәуелсіз сана, ұлттық рух деп тағы қайталау артық бола қоймас.
Елбасымыздың «тоталитарлық режимнің табанында тапталған қиын кезеңді түсініп-
түйсіну болмақ» дегенін ұғыну осындай түйін жасауға жетелейді. Бұл аталы сөзден алар
ғибратымыз да осы болмақ.
Әбдіжәлел БӘКІР,
саяси ғылымдар докторы
25 басымдық
25 БЕЛЕС
38
Мемлекет құраушы этнос ретіндегі қазақтың рөлін ұмытпауымыз керек.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқы Ассамблеясының IV сессиясында жасаған баяндамасынан.
Алматы, 6 маусым, 1997 жыл
Е
лбасының озық идеясымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы өз
қызметінде қоғамдағы келісімді сақтаудың негізін – мемлекет құраушы қазақ
ұлтының айналасына шоғырлану арқылы жүзеге асырып отыр.
Біз, қазақ жерінде туып-өскен ұлыстардың өкілдері, барлығымыз, ежелгі қазақ жерінде
өмір сүріп, жарқын болашағымыз ды жасаудамыз. Мына жолдарды біртұтас халық
бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституцияға мақтанышпен жазды: «Біз,
ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік
құра отырып...». Қазақ халқы өзінің атын – Қазақстан деп, Қазақстан Республикасына берді.
Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің бүгінгі қазақстандық моделін
бүкіл әлем мойындады және үлкен қызығушылық танытуда. Ол бос жерде пайда болған
жоқ, ол тарихи негізде – қазақ халқының салт-дәстүрлері мен діліне негізделді.
Қазақтың дәстүрлі көшпелі қоғамы өзінің өмір салтымен, халықтың тіршілігін
қамтамасыз ету мәдениетімен, қазақ халқының қонақжайлылық, жанашырлық, достық
сияқты мінез ерекшеліктерін қалыптастырды. Ал Еуразия аумағындағы эномәдени
құбылмалылық, оның орталығында ғасырлар бойы өмір сүрген қазақтар мен олардың
ата-бабаларында, бірге өмір сүріп жатқан халықтардың құндылықтары мен сенімдерімен
қатар өмір сүруге, төзімділікке үйретті. Қазақтың менталитеті, өзіндік ерекшелігі,
философиясы – ашықтық пен қонақжайлылыққа негізделген. Олар диалог пен
ықпалдастыққа дайын. Сондықтан, бұл қасиеттер жалпы қазақстандық менталитеттің,
Қазақстанды мекендейтін барлық этнос тардың мінез ерекшеліктерінің негізіне айналды.
Мұны тарих расады. Адамзат тарихында зорлық-зомбылықтың барлық түрлері –
адамдардың мәжбүрлі көшірілуі – депортациялау, эвакуациялау, босқындар, т.б. орын
алды. Әдетте жергілікті елді мекендердегі тұрғындар үшін бұл адамдар бөтен элемент
ретінде қабылданады. Тек Қазақстанда ғана, қазақтың менталитетінің, қазақ халқының
мінезінің арқасында ғана осы санатты адамдар шеттетілмей, өз Отанын тапты. Қазақстан
халқының құрамындағы жүздеген ұлыстардың бүгінгі міндеті – қазақ халқының осы
ерлігін өздерінің келесі ұрпақтарына жеткізе білу.
Георгий КАН,
тарих ғылымдарының докторы,
Қазақстан халқы Ассамблеясының
ғылыми-сарапшылық кеңесі
төрағасының орынбасары
25 басымдық
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
39
Адам ғұмыр бойы оқуға тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті
Студенттер сарайының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінен.
Алматы, 5 қаңтар, 1998 жыл
П
резиденттің бұл сөзін үш мағынада қарастыруға болады. Философиялық тұрғыдан
сараптасақ, саналы тіршілік иесі ретінде адамның өмір бойы білім нәрімен
сусындауы қажеттігін ежелгі грек ойшылдарынан бастап әр заманның ғұламалары
айтып келеді.
Әбу Насыр әл-Фараби өзінің «Бақытқа жету туралы» трактатында бақытты болуы
үшін адамның ең алдымен жан-жақты білім алуы керектігін айтады. Ұлы ойшылдың
тұжырымдары бойынша, адамға жақсылық пен жамандықты ажырата білу қасиеті
тәрбиемен және біліммен беріледі. Сондықтан, тек жақсы білім мен тәрбие беру жүйесі
қалыптасқан, идеология мен қоғам заңдары біртұтас идея үшін жұмыс істейтін елде ғана
азаматтар еркіндік пен теңдікке үміт арта алады.
Ал психолог ғалымдар кәдімгі денені шынықтыру сияқты миды да үнемі шынықтырып
отыру қажеттігін айтады. Яғни, адам тек тән азығына ғана емес, жан азығына ғұмыр бойы
мұқтаж. Үнемі білімін жетілдіріп, рухани тұрғыдан байып отырмаған адамның ой-өрісі
тарылып, саралау, сараптау қабілеті төмендей бастайды. Үнемі біліміңді жетілдіріп отыру
адамның рухани жаңғырып, жасаруына, есте сақтау қабілетін жақсартуға, заман ағымына
ілесіп, қарым-қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.
«Білім адамның еңсесін көтереді, тіпті құлдың өзі ілімді үйрене келе бұл өмірге құл
болып келмегенін түсінеді» деген Д. Дидроның сөзі бар. Білімді адам өз саласының білікті
маманы болып қана қоймай, кемеңгерліктің, кемелдіктің шыңына шыққан сайын жан-
жағына сәуле шашып, айналасын нұрландырып жүретін болады.
Грек ойшылдарынан бастап әл-Фараби бабамызға дейін «Қайырымды қала
тұрғындарын» сипаттағанда басшыларымен гармонияда өмір сүретін білімді де тәрбиелі
халық туралы айтады. Халықтың көзі ашық, көкірегі ояу болса, ол ұлтты ортақ идеяға
жұмылдыру да, мемлекеттің ұлттық мүддесін жүзеге асыру да әлдеқайда жеңіл. Елдегі
саяси мәдениет тұрғындардың білімінің негізінде қалыптасады. Мемлекеттің ертеңіне
деген жауапкершілік, отандастарыңа деген жанашырлық, өкіметті таңдауда қателеспеу,
билік пен халық арасындағы ашық та өркениетті диалог – мұның барлығы көзіқарақты
азаматтардың білімінің арқасы. Халықтың көкірек көзі ашық болмаса, өкіметтің
тыраштанғанынан ештеңе шықпайды. Қазақстан азаматтарының көбі – кеңестік кезеңде
дүниеге келген кісілер. Олар жаңа заманға бейімделмей, ескі заманның ұғымымен қалып
қойғанда, елдің экономикалық тұрғыдан өсуіне мүмкіндік болмас еді. Қазіргідей ғылым
мен техниканың көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқан заманында заман көшінен
қалмау – тек зиялы қауымның ғана емес, бүкіл халықтың мойнындағы міндет.
Мұхтар СЕҢГІРБАЙ,
саясаттану мамандығы бойынша
философия докторы (PhD)
25 басымдық
25 БЕЛЕС
40
Зиялы адамдар Батыс пен Шығыстың мәдениетін тел емген білімдар
жандар бола отырып, өз халқының дәстүрін, оның тілі мен мәдениетін
мансұқ етпейтін шынайы қазақстандық болып қала беруге тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті
Студенттер сарайының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінен.
Алматы, 5 қаңтар, 1998 жыл
«Ш
ығысым батыс, батысым шығыс боп кетті» деген Абайдың сөзінде үлкен
философиялық мән жатыр. Абай Шығыс пен Батыстың ойшылдарын терең
зерделей келе, сол замандағы қазақ халқының басындағы жағдайды қабырғасы
қайысып си паттайды.
ХІХ ғасырдағы ағартушыларды, ХХ ғасырдың басындағы Алаш зиялыларын алып
қарасақ, Батыс пен Шығыстың мәдениетін бойларына тең сіңірген олардың өмір жолынан
қазаққа деген ерекше жанашырлықты байқаймыз. Ресейдегі кадет корпусын бітірген
хан ұрпағы Шоқан Уәлиханов қысқа ғұмырын қазақтың тағы халық емес екенін, оның
бай мәдени, әдеби мұрасы бар екенін дәлелдеуге арнады. Орысша да, мұсылманша да
озық білім алған Ахмет Байтұрсынұлы қазақ ұлтының басындағы жағдайды «Қалтылдақ
қайық мініп еспесі жоқ, теңізде жүрміз қалқып кешпесі жоқ» деп сипаттап, ұлттың
басын біріктіру үшін әліпбиді реформалап, бұқара халықтың көзін ашуға тырысқан.
Кеңес одағы кезінде қазақ ұлтының өз этностық бірегейлігін сақтап, дамытуына ұлы
тұлғалардың бай мұрасы септігін тигізгені анық.
Қазіргі әлемде бар мемлекеттердің көпшілігі Батыс пен Шығыстың ілімін жетік
меңгерген, ұлтжанды қайраткерлерінің арқасында тәуелсіздігін сақтап қалып, ұлттың
берік іргесін қалаған. Мұндай білімді патриоттардың саны неғұрлым көп болса, соғұрлым
мемлекеттің іргесін қалау оңайға түскен. Егер Ататүріктің айналасында стратегиялық
тұрғыдан ойлай алатын білімдар адамдар болмағанда, ескіліктен арылған жаңа Түркияны
құру мүмкін болар ма еді? Өзі де Еуропадан білім алған М. Гандидің айналасына патриот
тұлғалар ұйыспағанда, Үндістан тәуелсіздігін баянды ете алар ма еді? Осындай мысалдарды
қазірде іргесі берік тәуелсіз мемлекетке айналған елдердің әрқайсысынан таба аламыз.
Шығыс пен Батыстың ілімін қатар үйренген білімді буынның арқасында әр мемлекеттің
тарихы қайта зерделеніп, мифологиясы, символдары түгенделіп, ұлтты ұйыстыратын
идеология жасалады. Мұндай идеологияны қалыптастыру кезінде басқа елдердің
тәжірибесін өз ұлтыңның мұрат-мүдделерімен ұштастыру маңызды. Президенттің
дәстүрге, тіл мен мәдениетке баса назар аудартып отырғаны түсінікті. Бұлар – тек рухани
құндылық қана емес, мемлекеттің ұстап тұрған үштағаны. Елдегі азаматтық, ұлттық
бірегейлік ең алдымен осындай мәдени категориялардың негізінде қалыптасады.
Мұхтар СЕҢГІРБАЙ,
саясаттану мамандығы бойынша
философия докторы (PhD)
25 басымдық
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
41
Ұлттық рухты сақтап қалу үшін ең бастысы – сырттан жау іздемей,
өзіндік ұлттық мазмұныңды дамыту.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқы ассамблеясының V сессиясында жасаған
баяндамасынан. 21 қаңтар, 1999 жыл
Е
кінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапонияның жүріп өткен жолы бәрімізге
үлгі бола алады. Фашистік коалиция құрамында соғысып, ойсырай жеңілген
Жапония ұлттық идеологияны түбірімен бейбіт өмірге, ғылым мен техникаға бұру
арқылы әлемнің ең дамыған елдерінің қатарына кіре алды.
Соғыстан кейінгі кезеңде ұлтты тұтастырушы символ ретіндегі император Хирохитоның
абыройын сақтап қалған үкімет «Жауымызды ішкі реформа арқылы таңқалдырамыз»
деген идеяның маңайына топтасты. «Жапон ұлтының күші – ғылымда» деп, ғылым мен
технологияға баса мән берген үкімет пен зиялы қауым жаңа, бейбітшілік сүйгіш, адал да
еңбекқор жапон ұлтының келбетін жасап шықты. Сөйтіп, өздері айтқандай, КСРО мен
АҚШ арасындағы идеологиялық текетіресте Жапония жеңімпаз болды.
Қазіргі халықаралық қатынастар теориясы тұрғысынан алып қарасақ, жаһандану дәуірінде
мемлекеттер көршілерімен, алпауыт елдермен жақсы қарым-қатынаста болып, интеграция
жолын таңдағанда ғана өзінің ұлттық мүддесін қорғау мүмкіндігіне ие болатынын түсінеміз.
Маңайындағы мемлекеттермен түрлі себептермен кикілжіңге барған елдер ең алдымен саяси,
экономикалық тұрғыдан шегініс жасап, дамуы тежеліп жатыр. ХХІ ғасырда мемлекеттер
арасындағы келіспеушілікті дипломатиялық жолмен шешуден тиімді жол жоқ. Қазіргі
әлемдік тәртіп – бұрынғыдай күш сынасып, жауласатын тәртіп емес. Халықаралық қарым-
қатынаста мемлекеттерден басқа да ықпалды ойыншылар пайда болған. Оның үстіне өзара
интеграцияның, ортақ сын-қатерлермен бірлесе күресудің текетірестен гөрі тиімдірек екені,
мұндай әріптестіктің тұрақтылықты қамтамасыз ететіні, ал тұрақтылықтың экономикалық
өсімге алып келетіні көпшілікке белгілі болған. Сондықтан мемлекеттің өз ұлттық мүддесі үшін
өзге елдермен бейбіт қарым-қатынаста болуы өте маңызды. Президент мұны халықаралық
саясат тұрғысынан ғана емес, адамдардың ой-санасындағы керітартпа пікірлер тұрғысынан
айтып тұрса керек. Себебі, түрлі тарихи фактілерге жөнді-жөнсіз сілтеме жасап, ел мен
елдің арасына жік салуға тырысатындар қай қоғамда да табылады. Посткеңестік кеңістіктегі
көп қақтығыстардың туындауына осындай әсіреұлтшылдардың пікірлері себепкер болған.
Ұлттық рух – ұлттың тарихи, мәдени ерекшеліктерін дәріптейтін, халықты жасампаздыққа
жұмылдыратын ұғым. Ол – астамшылдық, үстемдік деген сөз емес. Тарихта болған түрлі
оқиғаларды ұлттың ерлігі мен елдігін дәріптеуге пайдалану керек. Ал «ұлттық мазмұн»
– білім, ғылым, мәдениет, әдебиет, технология, спорт саласындағы жетістіктеріміз. Әр
азамат өз саласында биік белесті бағындырып, елін әлемге таныстырса, ұлттық рухты
асқақтату деген сол болады.
Мұхтар СЕҢГІРБАЙ,
саясаттану мамандығы бойынша
философия докторы (PhD)
25 басымдық
25 БЕЛЕС
42
Тәуелсіз ел болдық, ендігінің жауапкершілігі өз мойнымызда.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтойына арналған салтанатты
жиналыста сөйлеген сөзінен. 26 қыркүйек, 2002 жыл
Ж
ауапкершілік – кең ұғым. Біреу үшін отбасының алдындағы жауапкершілік
тағдыршешті мағынаға ие, екіншілер әлеуметтік-кәсіби жауапкершілігін
бәрінен жоғары қоюы мүмкін. Шығармашылық немесе ғылыми ізденісімен ел
алдындағы жауапкершілігін атқаратын адамдар қауымы бар екенін жоққа шығаруға
болмайды. Қысқасы, балабақшадағы сәбиден зейнеткерлік демалыстағы жанға
дейін жауапкершілік шеңберінен тыс тұра алмайды.
Жауапкершіліктің ең биік сатысы – туған елің мен халыққа риясыз қызмет ету.
А. Байтұрсыновтың сөзімен айтсақ, «Жол ұзақ, ғұмыр қысқа, қолдан келгенін ғұмыр
жеткенше істеп кетелік. Малша оттап, асап ішіп, халық үшін қам қылмай, қарын тойғанына
мәз болып, мал өлімінде өлмейік».
Қазіргі Қазақстанда өз мойнымыздағы жауапкершілік үдесінен шығудың кепілі –
қолданыстағы Конституция. Ата заң талабымен өмір сүрген азамат, біріншіден, адам деген
ардақты есімге лайық, екіншіден, жауапкершіліктен сытылып кетудің жолын емес, соны
атқарудың амалын іздейді.
Біз, қазақ халқы, ең бірінші өз еліміздің тағдырына жауаптымыз. Өйткені біз осы қара
шаңырақтың иесі – мемлекет құраушы ұлтпыз. Қазақстанды өз отаным деп танитын, оның
дамуына, өсіп-өркендеуіне атсалысып жатқан жүзден астам этностың тағдырына, қоғамда
қол жеткізілген татулық пен келісімді сақтауға жауаптымыз. Біздің бүгінгі ырыс-берекеміз
осы татулық пен келісімнің арқасында мүмкін болып отырғанын біз сөз жүзінде емес,
айналадағы елдердің өмірлік мысалынан көріп келеміз. Сондықтан, қандай сөз айтып,
нендей іс қылсақ та, асқан жауапкершілікпен ойланып қадам жасауға тиіспіз.
«Кең болсаң, кем болмайсың» деген бабалар нақылын берік ұстанып, асықпай,
аптықпай, «ақырын жүріп, анық басуға» (Абай) міндеттіміз. Осы саясат бізді алмағайып
замандардан аман алып өтті. Соның арқасында, Құдайға шүкір, өстік, өркендедік.
Әлемге танылып, халықаралық қоғамдастықта мойындалған, сөзі салмақты, ісі ілкімді
елге айналдық.
Бұл орайда ұлт зиялыларының, мемлекеттік қызметшілердің мәдени-имандық келбеті,
әлеуметтік-кәсіби өресі ел тағдырында, қоғамдық санада айрықша маңызды. Сөзі мен ісі
ажырағысыз бірліктегі Тұлға қоғамға қанша шарапатын тигізсе, жауапкершілікке селкем
түсірген жан соншама кесапат әкеледі.
Ханкелді ӘБЖАНОВ,
Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры,
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі,
тарих ғылымдарының докторы, профессор
25 басымдық
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
43
Материалдық игіліктермен еш байланыспайтын даусыз ұлы
құндылықтар бар. Олардың бастылары – руханият, адамгершілік.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының І съезінде сөйлеген сөзінен.
23 қыркүйек, 2003 жыл
Б
үгінгі Қазақстан қоғамының өркениет жолында дамып, әлем елдері қатарынан
өз орнын тауып, бәсекеге қабілетті экономикалық жүйе құрып, әлемдік
экономикалық додада өз бет-бейнесін сақтауы тек еліміздің материалдық байлығымен
анықталып өлшенбесе керек.
Ел байлығын халық игілігіне жарату үшін тиімді мемлекеттік басқару мен білікті
мамандар, сапалы ғылым мен білімнің қажет екені сөзсіз. Қазіргі уақытта бұл мәселеге
жете мән берген жөн. Сонымен қатар, қазақ елінің өркениет пен әлемдік рухани мәдениет
дамуына қосатын рухани құндылықтарының да бар екенін мақтанышпен айта аламыз
және олар қазақ халқының руханиятымен, моральдық- этикалық құндылықтарымен тығыз
байланысты. Солардың бір парасы – ашықтық, бауырмалдық, толеранттылық, өзара
сыйластық, кеңпейілділік, бейбітсүйгіштік, үлкенді, ата-ананы, от басын, аруақтарды, елін,
атамекенін құрметтеу, ешқашан асып-таспау, ешқашан қиындыққа мойымау, тәубешілдік,
өміршеңдік, еркіндік, жеті аталық дәстүрді сақтау, т.б. құндылықтар. Бұл құндылықтардың
біразы халқымызбен бірге ғасырлар бойы жасасып келеді. Сондай-ақ уақыт өте келе, тарих
бедеріндегі түрлі ахуалға орай кейіннен қалыптасқан құндылықтар да жоқ емес.
Бұлардың барлығы – қазақ менталитетінің архетиптік негіздері. Олар ұлт менталитетінің
терең астарында орналасқан және ұлт дүниетанымы мен өмір сүру философиясында
өз көріністерін тауып жатады. Ұлттың даму жолында қалыптасқан құндылықтар сол
ұлттың болмыс-бітімін айқындай түседі.
Бұл құндылықтар – қазақ халқының тағдырын анықтайтын, болашағын болжайтын
ұстанымдар. Сондықтан да бұған үнемі оралып отырудың, оларды жастар санасы мен
дүниетанымында жаңғыртып, заман талаптарына сай маңыздылығын арттырудың
маңызы зор. Себебі тәуелсіздік құрдастары жоғарыда аталған құндылықтарды бойына
сіңірген кезде ғана олардың бойында ұлт болмысымен сәйкестік, бірегейлік пайда
болады. Қазақ қоғамының мақсаты да осы.
Болашақта мемлекет тағдыры да осы бірегейліктің жастар санасында нық орнауымен
байланысты болмақшы. Демек, бұл рухани бірегейлікті стратегиялық ресурс ретінде
пайдаланып, оны қоғамның рухани мәселелерін шешуде басты ұстаным ретінде
пайдалану өте маңызды.
Сондықтан да Елбасымыз «Материалдық игіліктермен еш байланыспайтын даусыз
ұлы құндылықтар бар. Олардың бастылары – руханият, адамгершілік» дегенде ұлттың
моральдық-этикалық құндылықтарының ұлттың жасампаздық жолымен дамуына зор әсер
ететін дербес күш екенін танытып отырғанын көреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |