Ербол ТІЛЕШОВ,
филология ғылымдарының кандидаты
25 ұстаным
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
61
Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана
ырысы мен табысы мол болмақ.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан
халқына арнаған «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан.
14 желтоқсан, 2012 жыл
Д
іннің мақсаты – ізгілік, береке мен бірлік. Ислам діні мемлекетте, қоғамда
тыныштық, әділдік болуын көздейді. Адамды соған тәрбиелейді.
Алла Тағала адамзат баласына: «Бөлінбеңдер», – деп бауырмал болуға бұйырған.
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) басшыға
бағынып, бүлік шығармауды үгіттеуінде үлкен мән бар.
Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өз өсиетінде қамшының
сабындай қысқа өмірді рухани құндылықтарды байытуға арнау қажеттігін өсиет еткен.
Ол қоштасу құтпасында: «Мен орталарыңнан кеткеннен кейін баяғы бітпейтін ұрыс-
керіске, дау-дамайға қайта бой алдыр маңдар», – деген.
Ахмет Байтұрсынұлы бабамыз: «Қазіргі заман – өткен заманның баласы, болашақ
заманның атасы», – деген. Ортақ Отанымыз – Қазақстан халқының бүгінгі бірлігі мен
татулығы – болашақ заман үшін үлгі-өнеге, өсиет болып қала бермек.
Халқымызда: «Байлық – байлық емес, бірлік – байлық», – деген нақыл сөз бар.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы халықты имандылыққа үндеп қана қоймай,
адамдарды ауызбіршілікке шақыруда. Елдің тыныштығы мен тұрақтылығын сақтауда
дін өкілдеріне де үлкен жауапкершілік жүктелген.
Мешіт имамдары жұма уағыздарында бірлігі жарасқан елге Алланың назары түсетінін
айтып, халықты қанаттандырып отырады. Өйткені, қайталай айтсақ, діннің мақсаты – ізгілік.
Еліміздегі барлық мешіттер мен медреселер бейбітшілік пен бірлікті нығайту жолында
қызмет етіп келеді. Ұйымшылдыққа ұйытқан ізгі істер алдағы уақытта да нәтижелі
болатынына сенемін.
Мұсылманшылық – адам қаласа істейтін, нәпсіге ауыр келсе, тастай салатын саудагердің
заты емес. Мұсылман деген атына жарасар дін әмірін толығымен мойындап, шамасы
келгенше орындау шарт. Хазіреті Омар (р.а.) хұтпа оқып тұрып, сөзінің арасында Алла
елшісінің (с.ғ.с.):
«...Жамағатпен болыңдар! Бөлінуден сақтаныңдар! Әлбетте шайтан жалғыз жүргенмен
бірге, шайтан екеуден алшақтау жүреді. Кімде-кім жәннаттың төрін қаласа, жамағаттан
ажырамасын...», – деген сөзін мінберде тұрып қадап айтқан.
Баршамыз – бір Адам атаның баласымыз. Біздің басты байлығымыз – бірлігіміз,
адамгершілік қасиетіміз. Ислам Құдайға құл, адамға ұл болуға үндейді.
Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,
бас мүфти
25 ұстаным
25 БЕЛЕС
62
Бүгінгі ұрпақ әлемдегі ең ізгі дін – ислам дінін қадірлей отырып, ата
дәстүрін ардақтағаны абзал.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» стратегиясы –
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»
атты Жолдауынан. 14 желтоқсан, 2012 жыл
Б
із, қазақ халқы – дала заңына бағынған халықпыз. Менталитетімізге мейлінше
жақын дәстүрлі дініміз Исламнан қуат алған ұлтпыз. Көпшілік қауым қош көрген
ұғымдар мен әдеттердің жиынтығын дәстүр дейміз. Дін мен дәстүр – біздің ұлт болып
қалыптасуымызға, халық болып, тәртіпті, тәрбиелі ел боп өмір сүруімізге ықпал
еткен рухани күш. Ұлттық салт-дәстүріміздің арқасында кең далада шашырап
жатқан біздің көшпенді халқымыз белгілі бір тәртіпке келіп, біріге білді.
Әлхамдулилла, ата-бабамыз сан ғасырлардан бері аңсап өткен Тәуелсіздікке қол
жеткізудің арқасында асыл дініміздің қайнар бұлақтарымен қайта қауышып жатырмыз.
Халқымыз дербестікпен бірге дәстүрлі мәдениетіне, тілі мен дініне толыққанды ие болып,
оларды заманға сай дамытуға мүмкіндік алды. Өшкеніміз жанып, ұмытқанымыз жадымызда
жаңғырды. Мұның барлығы Қазақ елінің ұстанған бағыт-бағдарының дұрыстығын, ата-
баба жолынан айнымағандығын білдіреді.
Дәстүріңді баққаның – үмітіңді жаққаның. Салт-дәстүріне, ұлттық ерекшеліктеріне
ерекше мән берген елдің іргесі берік, келешегі кемел. Мұның өзі – Жаратушының әрбір
халықтағы иләһи белгілері, хикметі.
Біз әлімсақтан кісілік кейпін сақтауға, ел үмітін ақтауға талпынған, дін мен дәстүрді
үйлестіріп, үйлесімді, өнегелі өмір сүрген мұсылман халықпыз. Исламның қазақ
топырағына келуімен бірге көптеген жақсылықтарға қол жеткіздік. Салт-дәстүріміз,
бітім-болмысымыз Исламмен біте-қайнасып, өркениетке қадам басқан елміз. «Адамды
сүй, Алланың хикметін сез, Не қызық бар өмірде онан басқа?», – деп жырлаған бабалардың
ізін басқан ұрпақпыз.
Біз рухани бай мұрамыздың мөлдірлігін өзге жұрттарға тектілігіміздің дәлелі ретінде
паш етуімізге болады. Ол біздің мақтанышымыз. Біз өткеннің өнегесін үйреніп, үлгі
алуымыз керек. Болашақ ұрпақтың санасына жеткізе білгеніміз ләзім.
Діни басқарма 2014 жылды имамдар үшін «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялап,
салтымыз бен дініміздің сабақтастығы туралы «Дін мен дәстүр» кітабын шығардық. Мың
жылдан астам тарихы бар, дала заңы демократиясының негізі саналған дініміздің құқықтық
мектебі – Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабы жұртымыздың жүрер жолы болған. Қазақстан
мұсылмандары діни басқармасы осы дәстүрлі Исламды насихаттайды және бірлігімізді
нығайта түсу үшін мұсылман жамағатын Әбу Ханифа мәзһабын ұстануға шақырады.
Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,
бас мүфти
25 ұстаным
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
63
Бабаларымыз тірі болу үшін бір болса, біз әрдайым ірі болу үшін бір
болуымыз керек.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан–2050» стратегиясы –
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»
атты Жолдауынан. 14 желтоқсан, 2012 жыл
Б
абаларымыздың тәжірибесін, тағы лы мын, даналығын, дәстүрін сақтау, дамыту –
мәселенің мәселесі. Өркендеу, өрлеу, гүлдену – ел бірлігін көркейтудің басты
кепілі. Бірлік бар жерде – тірлік бар. Елдің біртұтастығының кілті – бірлік. Яғни,
бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару. Мұндай жағдайда жұрттың аты ыраңдап,
адамы тыраңдап қалмайды. Алға аршындап аттайды, бағы жанады, дәулеті молаяды,
рухани құндылықтарға ие болады.
Әлімсақтан бері айтылып келе жатқан халықтың тәмсілдерінде бірлік идеясы үнемі
насихатталады. Тіпті Ынтымақ дейтін ауылды, Бірлік деген тауды мысалға келтіріп
отырып баяндайтын аңыз әңгімелер де баршылық. Халқымыздың шешендік өнерінде ел
тыныштығына ерекше мән берілген. Тыныштық болса – ел де көгереді, жер де көгереді,
елдің де көсегесі көгереді, ердің де көсегесі көгереді. Ондай елдің туы жоғары болады.
Қазақтың тағы бір дана сөздерінде мынадай толғаулы тұстар кездеседі: «Тыныштық
арыстан туған арлы данаға да керек, бесікте жатқан сәби балаға да керек, шығар-шықпас
жанды атаулының бәріне де керек». Соның бәрі жас ұрпақты елді сүюге, бақ-берекені
сақтауға тәрбиелеу мақсатымен үндесіп жатады.
Бабалардың үздік дәстүрлерін, озық тәжірибелерін, даналық дәрістерін шеберлікпен
қолдану – парасаттылықтың, кісіліктің белгісі. Осы орайда ұлт ақыны Мағжан Жұмабаевтың
«Өткен күн» атты тамаша жырындағы: «Қасымның қасқа билігі, Есімнің ескі билігі, Алдында
сайрап жатқан соң, Көпті көрген көне би, Қара жолмен желеді! Бір тиын пара алу жоқ,
Туралық, шындық екеуін, Қаз қатар ғып жегеді. Сол екеуі алдында Бір бұлтармай жүреді», –
деген асыл ойлар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың лебізімен толық үндес тік тапқандай.
Ұлт көшбасшысының Төле биді, Қаз дауысты Қазыбек биді және Әйтеке биді еске
алуға арналған Ордабасыдағы салтанатты сөзінің алтын түйіні де «Береке басы – бірлік»
еді. Демек, ата бабаларымыз бізге тек ұланғайыр жерді ғана емес, сол жерді ұстап тұратын
мызғымас бірлікті де аманаттаған екен. «Тірі болу үшін бір болу» – қилы-қилы заманда
жанкештілік танытып, елді қорғап, ұлтты сақтап қалу үшін ауызбіршілік керек болды
дегенді білдіреді. Батыр бабаларымыз тура осы жолдан өтті. Ал «Ірі болу үшін бір болу» –
олардың ерлік шежіресі мен тарихи дәстүрін жалғап, іргелі ел, мерейлі мемлекет болуға
ұмтылу керек деген сөз. Талай белестерден өтіп, қазір кемеліне келген қуатты Қазақстанның
ендігі ұрпақтары тек қана «ірі болуы» шарт. Ал «ірі болу» дегеніміз – білімді, саламатты,
бәсекелестікке қабілетті болу.
Серік НЕГИМОВ,
филология ғылымдарының докторы,
профессор
25 ұстаным
25 БЕЛЕС
64
Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей
өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» стратегиясы –
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан.
14 желтоқсан, 2012 жыл
Б
із бүгінгі таңда сыртқы қауіп-қатерлер айтарлықтай күшейген кезеңде өмір
сүріп жатырмыз. Әлемде өзара экономикалық санкциялар текетіресі басталып
кетті. Соғыстан кейінгі әлем құрылымына қауіп төніп тұрған кезде халықаралық
шарттарды қайта қарау үрдісі белең алды. Мұнай бағасы да біртіндеп төмен
құлдырап келеді. Бірқатар елдің валютасы құнсыздануға ұшырауда.
Айналамызда осындай жағдай болып жатқан кезде біз бұрынғыдан күштірек ұйы-
сып, кез келген қатерге қарсы тұра алатын біртұтас мызғымас ұлтқа айналымыз қажет.
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы ішкі бірлігімізді одан әрі тұтастырып, батыр бабаларымыз
бірнеше ғасыр бұрын негізін қалаған мәңгі ел болу арманын одан әрі жалғастыруға
қызмет етуге тиіс.
Ол үшін біз не істеуіміз керек? Қандай бағыттарға назар аударуға тиіспіз?
Ең алдымен, ел ішіндегі ұлтаралық татулық пен келісімді барынша нығайта беруіміз
керек. Біздің тәуелсіздігіміздің негізгі тіні осы мәселемен тығыз астасып жатыр.
Екіншіден, елдің әрбір азаматы Қазақстанды экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан
әлемдегі ең озық елге айналдыру мақсатында жұмыс істеуі керек.
Үшіншіден, біз бір жағынан адамзат баласы жасаған ең озық игіліктерді бойы мызға
жинап, екінші жағынан өз салт-дәстүріміздің мәйекті тұстарын жаңғырту үшін мәдени
имиджіміз бен білім деңгейімізді барынша арттыруға тиіспіз.
Төртінші. Конфессиялық даму мәселесінде біз болашақ ұрпақты жалған діндерден
сақтандыру үшін Қазақстан аумағында ғасырлар, тіпті мың жылдықтар бойы болған
дәстүрлі діндерді дамытуға және тұрақты қолдау көрсетуге міндеттіміз.
Бесінші. Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев үнемі айтып, үндеп жүрген қазақстандық
патриотизмді күшейтуге бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз қажет.
Алтыншы. Біз іштей ең жақсы жаққа қарай өзгеруге, сапалы қасиеттерімізді дамытуға,
барлық жағынан үлгілі ұлт болуға ұмтылуымыз керек.
Жетінші. Алдағы жолымызда қателіктерге ұрынбас үшін өткен тарихымызды бүге-шігесіне
дейін білуге, оның тағылымды, тағдырлы тұстарынан тәлім алуға тиіспіз.
Зиябек ҚАБЫЛДИНОВ,
тарих ғылымдарының докторы, профессор
25 ұстаным
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
65
Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың
жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана біз Мәңгілік ел боламыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» стратегиясы –
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан.
14 желтоқсан, 2012 жыл
«М
әңгілік ел» идеясы қазақ халқы үшін қашанда тарихи даму тұрғысынан
маңызды болып келе жатқаны белгілі. Бүл идея әртүрлі тарихи кезеңдерге
байланысты актуальданып, қоғамдық ой-сананың өзегіне айналып отырған. Бүгінде
осы мәселелер тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің алдында тұр.
Елбасы өзінің Қазақстан халқына арна ған биылғы кезекті жолдауында былай деген
болатын: «Мәңгілік ел – ата-бабала рымыздың сан мың жылдан бергі асыл арма ны. Ол
арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып
орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу
ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз армандарды
ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргетасын қаладық. Мен «Мәңгілік ел» ұғымын
ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан – 2050» стратегиясының түп қазығы етіп алдым».
«Мәңгілік ел» идеясының басты күре тамыры – ұрпақ сабақтастығы. Ұрпақ сабақтастығы
болған жерде ғана бұл идея жүзеге асырылады. «Мәңгілік ел» идеясында қазақ халқының
сығымдалған, жүйеленген өмір сүру тәжірибесінің әлеуметтік мәдени коды бар. Демек,
«Мәңгілік ел» идеясын ұлттың тарихи даму үрдісінен тысқары қарау мүмкін емес және
қолдан немесе ойдан шығарылған мәселе ретінде қараудың өзі ақиқатқа жасалған қиянат
болар еді. «Мәңгілік ел» идеясы, кейбіреулер айтқандай, «утопия» немесе ойдан шыққан
адам қиялы жетпейтін, абстрактылық ұғымдар жиынтығы емес. Ол – Қазақстанның
антологиялық болмысын анықтайтын ұлттық идеяның темір қазығы, қоғам дамуына
бағыт-бағдар беретін, ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы арманын жүзеге асырудағы
рухани-саяси ұстаным. Басқаша айт қанда, ол ұлттық идеологияға пара-пар.
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының ішкі мазмұны даму, жаңғыру, өзгеру, алға ұмтылу тәрізді
ұғымдармен өрнектелген. Онда, жоғарыда атап өткендей, «қиялдан туған қол жетпейтін
арман» жоқ. «Мәңгілік ел» идеясы – әбден сұрыпталып, өмір елегінен өткен, тарихи даму
тәжірибесінен туындаған, қазақ тағдырымен астасып жатқан феномен. Ол – ұлттың рухани
ізденісінен, бақытты, бақуатты, тәуелсіз ел ретінде өмір сүріп, әлем өркениеті үрдісінде
өз орынын алуға ұмтылудан туындаған шынайы талпыныс. Бұл талпыныс – әлеуметтік
жасампаздықпен, ұлттың рухани байлығы мен мыңдаған ұрпақтардың іс-қимылы мен
энергиясынан нәр алып отырған ұлт ізденісінің нәтижесі. Ұлт арманын жүзеге асырудың
әмбебаптық формуласы. Елбасының айтқан ойынан осындай қорытынды жасауға болады.
Төлеуғали БӨРІБАЕВ,
философия ғылымдарының докторы, профессор
25 ұстаным
25 БЕЛЕС
66
Мен 21-ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.
Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан – 2050» стратегиясы –
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»
атты Жолдауынан. 14 желтоқсан, 2012 жыл
Қ
азақстан Тәуелсіздігі жиырмасыншы ғасырдан жиырма бірінші ғасырға жалғасты.
Оның алғашқы тоғыз жылы өткен ғасырдың үлесінде. Бұл кезеңде еліміз бірқатар
белестерді бастан өткерді.
Халқымыз мемлекет болып қалыптасудың қиындықтарын қайыспай көтерді. Жаңа ғасырмен
бірге еліміздің еңсесі көтеріліп, әлемге таныла бастады. Дамуымыз ілгерілеген сайын қуатты
мемлекет болу мүмкіндігіміз арта түседі. Ол үшін бейбітшілік, тұрақтылық және гүлдену
біздің өмір салтымызға айналуы керек екендігін Елбасымыз үнемі айтып келеді.
Мемлекет басшысының заманауи көкейкесті арман-мұраты – елдің тыныштығы мен
ауыз бірлігі. Бүгінгі ұрпақ «Задында, тату елге тыныштық пен тоқшылық нәсіп» деген
Күлтегіннің сөзін ақиқатқа айналдыруда. «Атаным сай, атым сай, көшсем – нуға жетемін.
Кетпенім сай, шотым сай, қазсам – суға жетемін» дегендей, қазіргі Қазақстанның
ғажайыптары дүние жүзінің назарын аударуда. Астананың кереметтері, ғимараттары,
сәулет нысандары көздің жауын алады. Халықтың ұшқыр қиялындай, жапырағын
жайған жас шынардай жарқыраған Бәйтерек, даналық ордасындай Ақорда, татулық
тұрағындай Бейбітшілік пен келісім сарайы, білім бесігіндей Ұлттық академиялық
кітапхана, қаланың қақпасындай Халықаралық әуежай көңіліңе мақтаныш сезімін
ұялатады. Оған «Думан» ойын-сауық орталығын, Астананың бас көпірін, Астана
Опера, Хан шатыр, Тәуелсіздік сарайын, Ұлттық музейді қосыңыз. Мұның бәрі –
жасампаздықтың, өркендеудің куәсі, соның нақты айғақ-дәлелі. Бақ-береке мен өсіп-
өркендеудің мысалдары тек Астанадан ғана емес, Қазақстанның барлық аймағынан
айқын аңғарылады. Замандар бойы ата-бабаларымыздың азаттық үшін күресі еш
кетпей, ғасырлардың сын тезінен аттап өттік, сәулетті, құтты-қайырлы күнге жеттік.
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи зерделілігі, кең құлашты дүниетанымы
айрықша. Ол әрбір құбылысты сабақтастық тұрғысынан түсіндіреді. Елбасы 21-ғасырды
еліміздің алтын ғасыры болады деп жайдан-жай тұжырымдап отырған жоқ. Бұл үшін
жеткілікті алғы шарттар жасалды. Еліміздің экономикасы айтарлықтай дамыды. Жұрттың
әл-ауқаты мейлінше жақсарды. Білімді ұрпақ өсіп келеді. Қалалар мен ауылдар көркейе
түсті. Қазақстанның әлемдегі танымалдығы артты. Ендігі мақсат – дамудың осы
тұрақтылығын сақтап, оны әрі қарай ілгерілетуге күш салу.
Президент «алтын ғасырдың» сипатын айқындау арқылы халқына зор үміт артып
отыр. Мұндай межеге тек баянды бірліктің арқасында ғана қол жеткізілмек.
Серік НЕГИМОВ,
филология ғылымдарының докторы,
профессор
25 ұстаным
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
67
Тұғырымыз – тыныштық, тірегіміз – тұрақтылық, тілегіміз – татулық
болса, еліміз тарих төрінен табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты
жиналыста сөйлеген сөзінен. 14 желтоқсан, 2013 жыл
Б
ұл пікір – тарих таңдаған тұлғаның зор мағына, терең сыр ұялатқан бойтұмардай
қасиетті сөзі, жан тілегі. Бұл ретте Маргарет Тэтчердің: «Президент Назарбаев
Қазақстанды бүгінгі шыққан биігіне жеткізу үшін батылдық пен сақтықтың
үйлесімін пайдаланды.
Коммунизм бұғауларын быт-шыт қылған ел өзінің ерекше қазақы қасиеттерін сақтап
қалды. Президент Назарбаев экономика мен қоғамның ашықтығына, яғни оның кейбір
көршілері қасарыса бас тартқан нақ сондай нәрселерге ұмтылды, ол сөйтіп Қазақстан үшін
халықаралық ұйымдарда айтарлықтай беделге қол жеткізді» деген лебізінде Елбасының
ел, халық, тарих алдындағы ересен еңбегі ерекше айтылған-ды. Қазақ мемлекетінің
ілгері озып шығандап дамуының басты өлшемдері – Тыныштық, Тұрақтылық, Татулық.
Қазақстан аймағында 100-ден астам этнос тың бір бәйтеректің бұтағындай, бір атаның,
бір үйдің балаларындай жарасымды ғұмыр кешуі, еңбектенуі, отбасы қызығына кенелуі,
Тәуелсіздік нұрына бөленуі – Елбасы еңбегінің жемісі.
Президент 1997 жылғы 10 қазандағы «Қазақстан – 2030: Барлық қазақстандықтардың
өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Жолдауында мемлекет мұраты
мен болашағына терең, айқын ой жүгірте отырып, «еліміздің қолында сегіз артықшылық бар.
Ол – қоғамымыздың саяси тұрақтылығы мен бірлігі, яғни халықтың көптеген топтарының
бірлігі» деген еді. Бірнеше халықтың тыныштық сақтап, тату-тәтті тіршілік етуі біздің
бірлігіміздің берік негізі болды. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы құрған Қазақстан халқы
Ассамблеясы елді ұйыстырып, ортақ мақсатқа жұмылдыру ісінде айрықша рөл атқарды.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ерлікке, ел болуға, айбынды да айбарлы мемлекет атануға
рухтандырған жолдауларының біріндегі: «Халқымызда «Ынтымақты елде бақ тұрар»
деген дана сөз бар. Біз қазығы берік, мемлекеттігі бекем, төрт құбыласы сай қазақ елінің
айбынын асырып, атағын әлемге әйгіледік» деген ой-тұжырымында зор мағына, түйінді
ой, телегей тарих бар. Халық даналығына жүгініп, нешеме қилы заманның зобалаңдарын,
қан кешулерін бастан кешірген ата-бабаларымыздың арманы мен аманатын ақтап, ұрпағын
ұлт Тәуелсіздігінің салтанатты шағына жеткізіп, «елді сөкпей, кенді төкпей», ел болудың
ең ауыр белесінен өткізген ұлт көшбасшысының еңбегі ерен.
«Тату елдің тағамы тәтті» деп Елбасымыз айтқандай, тыныштық пен тұрақтылық –
біздің ең басты байлығымыз. Бірлігі бар мемлекеттер ғана тарихтың төрінде ұзақ ғұмыр
кешеді. Мемлекет басшысының сөзі осыны ұғынуға жетелейді.
Серік НЕГИМОВ,
филология ғылымдарының докторы,
профессор
25 ұстаным
25 БЕЛЕС
68
Бейбітшілік, руханият пен келісім: бәрінің тамыры – мәдениетте.
21-ғасырдың ең басты заңы – татулық!
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан
халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында сөйлеген сөзінен. 18 сәуір, 2014 жыл
Х
алықтың интеллектуалдық әлеуеті, тарихи, әдеби, рухани құндылықтардың
барынша өркен жаюы мәдениетке байланысты екендігі анық.
Мәдениет ұғымының төркінін қаузасақ, араб сөзі «маданиаттан» шыққан, «қала,
қалалық» деген түсінікті береді. Румның ділмар шешені Цицерон «жанды жетілдіру»,
«білім беру», «ойлау», «пікір айту мәдениеті», «пайымдау қабілеті», «даму»,
«құрметтеу», «эстетикалық сезімді дамыту» деген ұғымдарды білдіретінін айтады.
Ал ойшыл Ф. Шеллингтің көрсетуінше: «Мәдениеттің басты мазмұны – адамдардың
көркемдік қызметі». Адамзат пен қоғам өмірінде көркемдік сұлулықтың мән-мағынасы
өзгеше. Мәдениеттілік дегеніміз – әдептілік, әдемілік, имандылық, дәстүрлі ұлттық һәм
адамзаттық игіліктер. Мәдени-рухани әлем толық, кемел адам ұғымымен үйлеседі.
Елбасының Жарлығымен елімізде «Мәдени мұра», «Интеллектуалды ұлт – 2020»,
бағдарламаларының қабылдануы, «Болашақ» стипендиясының тағайындалуы,
«Интеллектуалдық мектептер» тәрізді жобалардың өріс алуы және де олардың нәтижелі
жүзеге асырылуы – руханиятқа, көркемөнерге, ұлт әдебиетіне жасаған жанашырлықтың
көрінісі. Жұрттың ойынан шыққан «Ел бірлігі» доктринасында да дәстүрлі мәдениетке,
ұлт тіліне баса назар аударылды. Демек, мәдениет – ел дамуының күретамыры. «Сөз жоқ,
мәдениет күшеюінің тетігі оқу мен әдебиетте» деп Ахмет Байтұрсынұлы, «Мәдениеттің
негізі – білім» деп Халел Досмұхамедұлы айтқандай, бұл ұлт болашағын ойлайтын әрбір
қайраткердің алдымен қолға алатын мәселесінің бірі. Жаһандану заманында мәдениеттің
мәні мен маңызын Елбасы көрегендікпен танығандықтан осылайша түйінді байлам
жасаған. Мемлекет басшысының ойлау, сөйлеу, жазу, тыңдау мәдениетінің барынша
жоғары екендігі және адамзаттың мәдени тарихына жетіктігі баршаға мәлім.
Елбасының бейбітшілік, руханият пен келісім, татулық ұғымдарын мәдениетпен
байланыстыруы тегін емес. Ішкі мәдениеті жоғары адамдар ғана тұрақтылықты қамтамасыз
ете алады. Ол үшін қоғамда тәрбие жұмыстары барынша тиімділікпен жүзеге асуы керек.
Балақбақшадан бастап, жоғары оқу орындарына дейін білім берумен ғана емес, саналы
тәрбиені сіңірумен де айналысуы қажет. Тәрбиелі ұрпақ мәдениетті болады, ал мәдениетті
ұрпақ ұстамды болады. Ал ұстамдылық – тұрақтылық пен тыныштықтың кілті.
Президенттің «21-ғасырдың ең басты заңы – татулық» дегенінде зор мағына бар. Ғылым
мен техника адам айтқысыз дәрежеде өркендеп, қарыштап дамыған кезде келіспеушіліктің
кез келген түрі қай елге де тиімсіз. Бұдан тек мәдениет ілімімен суарылған татулық қана
құтқара алады.
Достарыңызбен бөлісу: |