Ханкелді ӘБЖАНОВ,
Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры,
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі,
тарих ғылымдарының докторы, профессор
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
19
25 бағдар
Қасиетті бабаларымыз басын қосып берген қазақ халқы енді бүкіл
Қазақстан халқының бірлігіне ұйтқы болуға тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Ордабасы тауында Төле биді, Қазыбек биді, Әйтеке биді еске алу күніне
арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінен. 28 мамыр, 1993 жыл
Б
із, Қазақ баласы, Нұрсұлтан Назарбаевқа әрдайым ризамыз! Ең бастысы қазақ
баласын шашыратып алмай, ұлын құл, қызын күң қылмай, жерінің тұтастығын,
елінің амандығын, мемлекетінің абыройын асқақтата білгендігі үшін ризамыз!
Ендігі арада осы бір ақиқат тұрғысынан сөйлей отырып, әр қазақ баласы Тәуелсіздік
алдындағы өзінің ұлы жауапкершілігін түйсіне алуы керек. Өйткені, мынау ел де, мынау
жер де, Тәуелсіздік те біздікі! Елбасы айтқандай, «Біздің бір ғана Отанымыз бар! Ол –
тәуелсіз Қазақстан!» екендігін жадымызда ұстағанымыз абзал!
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз халқының ғана емес, тағдырдың жазуымен қазақ
елін мекендеп отырған түрлі ұлттар мен этностардың ынтымағы мен бірлігін, татулығы
мен достығын сақтап, барша қазақстандықтарды ортақ мүдде мен ортақ мақсатқа
жұмылдырып, біріктіре отырып, көпұлтты және көпдінді мемлекет құрудың тамаша
үлгісін айдай әлемге көрсетіп берді. Сонысымен де сүйіндіре білді. Бұл – ең әуелі
Елбасының, одан соң қазақтың абыройы!
Ендеше, Елбасы үміт артқан қазақ халқына зор міндет жүктеледі. Ол – бүкіл Қазақстан
халқының бірлігіне ұйтқы болу. Бұл үшін барлық ұлтпен тату қарым-қатынас орнатып, ел
ішіндегі жанжалға жол бермеу қажет. Кей-кейде болып тұратын келіспеушіліктің сырын
ұлтаралық қатынастан іздемей, төркініне үңіліп, мәселені ушықтырмай шешкен жөн.
Тұрмыстық мәселелерді ұлтаралық қақтығысқа ұластырып алған мемлекеттердің тағдыры
қалай болғанын көріп отырмыз. Біз Президенттің сарабдал саясатының арқасында мұндай
проблемалармен бет-бет келіп отырғанымыз жоқ. Сонымен қатар, кеңпейіл қазақ халқы
да еліміздегі барлық ұлтты жанына жақын тартып, татулықтың үлгісін көрсетіп келеді.
Бұл жанашырлықты өзге ұлттар да айқын сезінуде. Елімізді мекендейтін ұлттардың
әрқайсысының мәдени орталықтары бар. Олардың өз тілдерін үйренуіне, дәстүрлерін
дамытуына барлық жағдай жасалған. Мұндай шаралардың қайтарымы бар екенін де көріп
отырмыз. Соңғы жылдарда өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді игеруге мықтап ден қойды.
Тіпті олардың арасында тілді толық меңгеріп, қазақ тілін оқытумен айналысып жүргендері
де бар. Ал телеарналарда қазақ тілінде бағдарлама жүргізетін басқа ұлттың ұл-қыздары
жетіп артылады. Мұның бәрі – бірлікті орнықтырудың мысалдары. Бұл – Президент
саясаты жеміс берді деген сөз.
Жабал ЕРҒАЛИ,
Парламент Сенатының депутаты,
жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
25 БЕЛЕС
25 бағдар
20
Кіммен дос болу, кіммен жақындасу, кіммен өзіңді алысырақ ұстау –
ұлтты сақтаудың кепілі. Осының бәрі, айналып келгенде, ат төбеліндей
азғантай елдің тағдырын тәлкекке түсіріп алмай, бүгінгі ішкі, сыртқы
тығырықтан аман алып өтудің қамы.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
«Егенмен Қазақстан» газетінің бас редакторы Н. Оразалинмен
сұхбатынан. 23 маусым, 1993 жыл
Ә
лемдік үдерістердің айрықша көзге түсіп тұрған бағыты – жаһандану. Ақпарат,
тауар, капитал легін тоқтату түгілі тежеу мүмкін емес. Қазіргі Қазақстанның
кез келген аймағындағы тұрғын айшылық алыс жерлерден лезде хабар алып отыр.
Неміс пен жапонның көлігін ерттеп мінгелі қашан?! Туристік фирмалар саны 1,3
мыңнан асып жығылады. Миллиондаған отандастарымыз таяу-алыс елдерге
сапарлап қайтты. 45 мыңнан астам жастарымыз шетелдерде білім алу үстінде.
Адамдар мидай араласып кетті.
Демек, қас пен досты айыра білу ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты шартына
айналды. Арнаулы қызмет мекемелерінің жұмысын әлемдік өлшемдер биігіне көтеру
жайын айтпағанда, жастарымыздың жүрегі мен санасын жат жұрттың жылтырағы, шаң-
шұңы, қызыл тілі иектеп кетпеуіне айрықша мән берген жөн.
Сондықтан, ең алдымен құдай қосқан көршілерімізбен тату-тәтті, ұрыс-керіссіз өмір
сүрудің қамын жеу керек. Алпауыт мемлекеттердің қытығына да тимей, қолтығына да кіріп
кетпей, тең құқылы әріптестер ретінде алыстан сыйласқанымыз дұрыс болар. «Бүлінген
елден бүлдіргі алма» деген халықпыз. Бөтеннің дау-жанжалынан тиісті қорытынды шығара
алсақ, ұтылмаймыз.
Осының бәрінің өміршеңдігін Елбасымыздың сыртқы саясаты көрсетіп отыр.
Еуразиялық одақ, Азиялық кеңес, ядролық қарудан бас тарту, әлемдік және дәстүрлі
діндер лидерлерінің съезі, НАТО-мен «Бейбітшілік жолындағы әріптестік», шетел
инвестициясын тарту, ЕҚЫҰ төрағалығы, тағы басқа бастамалар асып-тасқанымыздың
нәтижесі емес, елдің тағдырын тәлкекке түсіріп алмай, тығырықтан аман алып өтудің
жанталасын айғақтап тұр. Басқа балама жоқ.
Ұлтты сақтаудың, ұлттың ғұмырын ұзартудың зор әлеуеті тіл мен тарихта жатыр.
Кеңестік жылдары қазақ тілі қыспақта қалып, ұлттық тарих арнайы пән ретінде мектепте
де оқытылмады. Тәуелсіздіктің арқасында қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болса,
«Қазақстан тарихы» пәні барлық оқу орындарында оқытылатын күнге жеттік. Осының
бәрі басқалардан артықшылығымызды дәйектеуге емес, басқаны да, өзімізді де тануға,
болмыс-бітімімізді сақтауға бағышталған.
Ханкелді ӘБЖАНОВ,
Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры,
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі,
тарих ғылымдарының докторы, профессор
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
21
25 бағдар
Өткенді зерделеп, жақсы мен жаманды, ақ пен қараны айырып,
оны бүгінгі күннің кәдесіне жарату – қоғам алдында тұрған ең өзекті
мәселелердің бірі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тарихи
зерде кешінде жасаған баяндамасынан. Алматы, 14 желтоқсан, 1994 жыл
Қ
оғамның ілгерілей дамуы өздігінен оп-оңай жүзеге аса қалмайды. Ол бар салада
қарама-қайшылықтар күресі, ескі мен жаңаның қақтығысы, тіпті әлеуметтік
сілкіністер аясында өрбиді. Ал сол жақсы мен жаманды, ақ пен қараны айыра білу
адамдар үшін ежелден өзекжарды мәселе болып келеді.
Ауыз әдебиетінде, әсіресе ертегілерде, аңыздарда кездесетін жағымды және жағымсыз
кейіпкерлер арасындағы тайталас адамдар қоғамының жарқын болашаққа ұмтылысын
бейнелейді. Бұл үдеріс өнердің де өзегін құрайды. Дегенмен, мәселенің түпкі шешімін
қалың бұқара халықтың тәжірибесі және ғылыми ақыл-ойдың ізденісі ғана таба алады.
Осы орайда зиялы қауымға, мамандарға, басшыларға артылар жауапкершілік жүгі ерекше.
Айталық, ядролық қаруды сынақтан өткізуге арналған Семей полигоны 40 жыл бойы
қазақ даласына ажал бүркумен болды. Экологиялық ахуалдың асқынғаны соншалықты,
көз көріп, құлақ естімеген дертті ұрпақ дүниеге келе бастады. 500-ге жуық ядролық сынақ
өткізіліп, 1,5 миллион адам зардап шекті. Ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы
Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе асып түсті. Қисапсыз
қаражат пен материалдық байлық желге ұшты. Ақыры Қазақстандағы барша халықтың
булығып келген наразылығы «Невада-Семей» қозғалысын дүниеге әкелді. Полигонның
зардаптарын тиянақтаған сан-салалы ғылыми зерттеу лер жарияланып, тығырықтан
шығудың жолы табылды: 1991 жылғы 29 тамызда Қазақ КСР Президенті Н. Назарбаев
«Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қойды.
Жылдарға жоспарланған жарылыстар ақиқатты айту мен оған жүгінудің арқасында
тоқтатылды, аумақты қалпына келтіру және әлеуметтік жандандыру жұмыстары қолға
алынды. Тәжірибе мен ғылымның одағы бүгінгі күннің қандай болмасын, мәселесін
шешуде зор әлеуетке ие екені тағы бір қырынан дәлелденді. Семей полигонындағы ядролық
сынақтар зардабы әлі толық жойылған жоқ. Полигонды жапқан қазақ елі әлем алдында
өзін бейбітшілік үшін қандай болсын, қадамға баратын мемлекет ретінде танымалдығын
арттыр ды. Ақ пен қараның ара-жігін ажырату кейде жылдарға, тіпті ғасырларға созылып
кететіні бар. Мемлекеттік билік басындағы қауым білім мен ғылымның, әдебиет пен өнердің,
технологиялық және инновациялық ілгерілеудің сұраныстарына, озық жетістіктеріне
сергектік танытқанда жақсыны қолдауға, жаманнан жиренуге мүмкіншілігі молаяды.
Ханкелді ӘБЖАНОВ,
Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры,
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі,
тарих ғылымдарының докторы, профессор
25 БЕЛЕС
25 бағдар
22
Тәуелсіздігіміз, егемендігіміз тарихты тануға тікелей байланысты:
өткенді білмей, болашақты анықтау мүмкін емес. Ал болашағы анық
емес елді егемен деп айтуға әсте болмайды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
тарихи зерде кешінде жасаған баяндамасынан.
Алматы, 14 желтоқсан 1994 жыл
К
ең-байтақ қазақ даласының әр өңірінде сақталып қалған тас, қола дәуірлерінің
ескерткіштері, әсіресе тастардағы суреттер және таңбалар тарихи сана мен
танымның тамыры тереңде жатқанын, есте жоқ ескі замандарда-ақ өресі заңғар
биікке көтерілгенін әйгілеп тұр.
Сақтарға тән өнердегі аң стилі, байырғы түркі жазуы, Қорқыт Ата, әл-Фараби мұралары –
бәрі ұлттық тарихымыздың бел-белестері. Тарихқа тағзым – әркімге және баршаға өзін
танудың, өзгеден айырмашылығын білудің басы. Мұнсыз ел мен жердің, ер мен еркіндіктің,
хан мен қараның, байлық пен биліктің қадір-қасиетін ұғыну қиынның қиыны. Өркениет
жолымен ілгерілеудің негізінде ұрпақ һәм қоғам сабақтастығы мен жалғастығы жатыр
десек, күзетінде тарихи сана мен таным тұр. Тарихи санасы мен танымы қалғып кеткен
халық дүбірлі дүние додасына қабілеттілігінен айрылғанына қоса бөтеннің сойылын
соғып, кетпенін шабатын қасіретке ұшырауы бек мүмкін.
Тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің бір де болса бірегей нышаны – төл тарихтың бары
мен жоғын бұрмалаусыз, боямасыз, тек ақиқат биігінен зерделеу. Өткеннің тәжірибесі мен
тағылымы қаншалықты әділ зерттелсе һәм насихатталса, тарихи санасы оң қалыптасқан
халық бүгінгі үдерістің соншалықты белсенді әрі өскелең субъектісі бола алады екен.
Демек, тарихи сананың кемелдігі болашаққа берілген кепілдік, ал әлжуаздығы ұлттық
қауіпсіздікке төнген қатермен пара-пар. Тәуелсіздік пен тарих – тамырлас. Тәуелсіздік
болмаса, отар елге қатысты тарих түзелмейді, кемел түзілген тарихсыз тәуелсіздіктің
қадір-қасиеті ашылмайды. Азаттық таңы атқаннан бергі уақыт ішінде тарихқа қатысты
мемлекеттік саясатты жүзеге асырумен, ұлттық және әлемдік тарихты зерттеумен,
оқытумен, насихаттаумен дәйектелген басты нәтиже –халқымыздың тарихқа кеңестік
көзқарасының сеңі сөгіліп, жалпыадамзаттық құндылықтар мен мұраттарды жоққа
шығармайтын, ұлтымыздың, төл мемлекетіміздің өткенінен тәлім-тағылым алуды
қажетсінетін дүниетанымның азаматтарымызға қона бастағаны.
Алда тұрған маңдайалды міндет – азаматтарымыздың дұрыс тарихи көзқарасын түпкілікті
қалыптастыру. Бұл – әркімнің және баршаның Қазақ елінің өткеніне, кез келген дәуіріне
ұлттық, мемлекеттік мүдде тұрғысынан қарай білуі. Бұл үшін тарихшы болу міндетті емес,
бірақ тағдыршешті тарихи оқиғалар мен тұлғалар жайлы, табиғат пен саясат жайлы, уақыт
пен кеңістік жайлы хабардар болуы керек-ақ. Шынайы тарихымен қауышқан қауым –
болашағын өз қолымен түзеуге қабілетті күш.
Ханкелді ӘБЖАНОВ,
Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры,
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі,
тарих ғылымдарының докторы, профессор
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
23
25 бағдар
Кез-келген халыққа бәрінен бұрын асқақ рух керек.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
тарихи зерде кешінде жасаған баяндамасынан.
Алматы, 14 желтоқсан 1994 жыл
Х
алықтың асқақ рухын қалыптастыруға пәрменді ықпал ететін факторлардың
бірі – төл мемлекетінің болуы, екіншісі – жат қолына қарамай, азат ғұмыр кешуі,
үшіншісі – рухани әлемінің кемелдігі.
Мемлекет пен мемлекеттік билік мәселесі жай ғана танымдық маңыз-мәртебеге ие,
өткінші, жеңіл-желпі қызу тудыратын әңгіме-дүкеннің санатына кірмейді. Бұл орайдағы
ғалымның ойы, шешеннің тілі, батырдың ерлігі, билеушінің таңдауы адамзат баласының
озат тәжірибесі мен тағылымынан, халқының бүгіні мен ертеңіне ет-жүрегі елжірей
алаңдаудан туындап жатқаны абзал.
Адамзат баласының әлеуметтiк прогресс жолымен алға басу себебiн ашуға талап қылған
ойшылдарда шек жоқ. Оны құдаймен, өндiрiс тәсiлiмен, нәсiлдiк ерекшелiкпен, табиғи-
географиялық ортамен, т.б. факторлармен байланыстырғандардың методологиялық
тұжырымдарына тоқталмастан бiрден өз ойымызды айтар болсақ, яғни ең маңыздысын
ауызға алсақ, «мәдениет» деген ұғым-түсiнiкке тiрелемiз. Мәдениет дегенiмiз – адамдардың
ақылымен және қолымен жасаған материалдық-рухани құндылықтардың жиынтығы ғана
емес, бiрiншi кезекте әрбiр адамның, барша адамзат қауымдастығының есеюi, жетiлуi,
кемелденуi, бойындағы жасампаздық әлеуеттiң, таным қабiлетiнiң ашылуы, нақты
жаңалықтар, нәтижелер түрiнде жүзеге асуы, өмiрге енуi.
Ұлы Абай айтқандай, «тегiнде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мiнез
деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектiң бәрi де –
ақымақтық» екенiн қария тарих қапысыз дәлелдедi.
Иә, адамзат қоғамының даму қарқыны үдеп барады. Айшылық алыс жерлерден лезде
хабар алдырған ғылым мен техника биiк технологияларға ұласып, оны ерттеп мiне
алғандарды шырқау биiктерге алып кеттi де, кешiккендер атын арытып, тонын сатып,
жиған-тергенiн, Ахмет Байтұрсыновтың сөзiмен айтсақ, өнерлi халықтардың қолына
берiп келедi. Бәсекеге төтеп бере алғандар, дәулеттiлер байыған үстiне байи түсуде,
ұлы көшке кешiгiп iлескендер өтпелi кезеңнiң ауыртпашылығын арқалауда. Қолында
мүмкiншiлiгi барлар ата-бабасынан қалған әрбiр жәдiгердi көздiң қарашығындай
сақтаса, ендi ғана теңдiкке жеткендер үкiлi үмiтiн ертеңгi күннен күтуде. Сондықтан,
замана көшінен қалмаймыз, ілгері озамыз десек, бізді үнемі алға жетелейтін, кешеден
қалған мәдени мұраларымызды дәріптеп, жаңа игіліктер жасауға, жасампаз болуға
бастайтын асқақ рух керек.
Ханкелді ӘБЖАНОВ,
Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры,
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі,
тарих ғылымдарының докторы, профессор
25 БЕЛЕС
25 бағдар
24
Егер бiз өркениетті елдер қатарына қосыламыз десек, сөз жоқ, адамзат
баласы қалыптастырған баршаға ортақ қағидаларға бой ұсынып,
соларға қарай бipтe-бipтe аяқ басуымыз керек.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
тарихи зерде кешінде жасаған баяндамасынан.
Алматы, 14 желтоқсан, 1994 жыл
А
сылы, өркениет – кең ұғым. Дамудың белесті биігі, жетістік-жеңістің өлшем-
өрнегі десе де болады. Адамзат дамуына, өркениет өрісіне байыппен ден қойсақ,
құндылықтар қайнарының бастауы, негізі мен жиынтығы да осында екені айқын
аңғарылады. Сөз жоқ, адамзаттық құндылықтарға жету жолы теп-тегіс түзу, даңғыл
деуге келмейді. Дамыған, өркениетті елдердің (мысалы, АҚШ, Қытай, Жапония,
Корея, Түркия, т.т.) өзі араға ғасырлардан да ұзақ уақыт салып, ерен еңбек етіп,
іргелі ізденіс, тәлімді тәжірибелер қалыптастыру негізінде биікке көтерілгені анық.
Әуелгі бастауы антикалық кезеңдерден көрінген сапалық өзгерістер ағартушылық
дәуірде, мәдени өрлеу тұстарында, заңдық және саяси жүйелерде, біліми-ғылыми
арналарда, мәдени-тарихи бағыттарда да дамудың көрсеткіші, жаңашылдық белгісі
ретінде қабылданды. Шығыстық және батыстық категория ретінде де танылды.
Ақиқатында баршаға ортақ өркениет қағидаттары біздің қоғамға, әрқайсымызға
да қатысы бар. Оны ауыл мен қала, үлкен және кіші деп бөліп-жармай, ортақ мұрат-
мүддемізге айналдырғанымыз жөн. Бастысы, әрине өткен тарихтан тағылым алып,
дәстүр мен сабақтастық желісін жарасымды жалғастырып, ұлттық құндылықтарымызды
көздің қарашығындай қорғап-сақтағанымыз абзал.
Дала өркениетінің бастауы – Ғұн кезеңі мен Түркі қағанаты, Хандық дәуір мен
Тәуелсіздік тағылымына дейінгі аралықтағы тарихи-мәдени құндылықтар қайнарын
байыпты бажайлап, халқымыздың қымбат қазыналары қатарына қосуымыз қажет-ақ.
Алыс-жақын елдермен барыс-келісті нығайтып, осының негізінде әр тұстарда тарих
толқынымен шекараның арғы бетінде қалған қандастарымызды ата мекенге тартып,
ортамызды толтырған жөн. Мәдени-рухани байлықтарымызды да елге жеткізіп, зерттеп-
зерделеуге бет бұру – кәделі де сауапты істеріміздің бірі. Мемлекет басшысының
өркениетті елдер қатарына қосылу үшін адамзат баласы қалыптастырған баршаға ортақ
қағидаларға бой ұсынуды міндеттегенін осы тұрғыдан ұғынғанымыз абзал.
Өркениеттің ортақ қағидаттары, әрине, ұлттық мұратқа адалдықтан тұрады. Ол –
елдің амандығы мен жердің бүтіндігі, ұлт пен ұрпақтың жарасымды жалғастығы, отан
мен отбасының байланыс-бірлігіне келіп саяды.
Рақымжан ТҰРЫСБЕК,
филология ғылымдарының докторы,
профессор
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
25
25 бағдар
Өзін азамат санаған әpбip адам күнбе-күнгі ісінде қайткенде осы
тәуелсіздігімізді нығайтуға септігімізді тигіземін деген оймен жүрсе
ғана бiз тарих сынынан сыр бермей өте аламыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
тарихи зерде кешінде жасаған баяндамасынан.
Алматы, 14 желтоқсан 1994 жыл
Т
әуелсіздік қадір-қасиеті мол, мән - мағынасы кең ұғым екені анық. Еліміздің
халқының басты мұраты – мемлекет құру, ал негізгі мақсаты – тәуелсіздікті баянды
ету болып табылады.
Бұл бағытта алуан түрлі ізденістер болды. Іргелі істер атқарылды. Келелі міндеттер
де белгіленді. Бастысы, әрине ел тарихы мен тағылымына, ұлттық құндылықтарға,
мәдени-рухани тұтастыққа батыл бет бұрылды. Қоғамдық әлеуметтік ахуал жақсарды.
Саяси-экономикалық өрлеу мен жаңа бағыттар айқын байқалды. Білім-ғылым
жүйесінде, тәлім-тәрбие ісінде де жаңашыл бағыттар, соны қадамдар жасалды.
Егемендік ел еңсесін көтерді, ұлт мұратын айқындады. Қоғамдық-саяси ах уал
тұрақтап, руханият ісі ілгері дамыды. Осы жайттарды негізгі назарда ұстасақ, сөз жоқ
тәуелсіздік тарихы мен тағылымы әркімді-ақ ел-жер үшін қызмет етуге, қарыз-парызды
адал атқаруға бағыттайтыны анық. Тарих толқыны мен сырына мән беруге жетелейтіні
де анық. Кеше мен бүгіннің байланысы арқылы тарих тереңіне бойлап, атамекеннің
қадір-қасиетін терең сезінері де шынайы шындық екенін жоққа шығаруға болмайды.
Тәуелсіздікке құрмет пен құштарлық, оны нығайту мен үлес қосу сезімі де осы
тұстан бой көрсетеді. Ақылман-ойшыл Жалал ад-дин Румидің сөзі осы реттен де құнды:
«...Бұл дүниеде ұмытуға болмайтын бір нәрсе бар. Егер сен басқаның бәрін ұмытып, бірақ
осыны ұмытпасаң, алаңдауға себеп те болмас еді. Алайда, өзге істің бәрін жадыңда ұстап
әрі жүзеге асырған болсаң, бірақ ең бастысын ұмытып кетсең, бұл түк бітірмегенмен
барабар. Сен бұл өмірге мақсатты тірліктерді тындыруға келдің және алдағы міндетің де
сол. Егер осыны орындамасаң, онда ештеңе істемегенің».
Біздіңше, тәуелсіздікке құрмет пен құштарлық, сенім мен сүйіспеншілік сезімі
ешуақытта төмендемей, керісінше оған қызмет ету мұраты жоғары болса, мақсат айқын,
өмір мәнді, болашақ нұрлы боларына әркімнің-ақ көзі жетер еді. Тәуелсіздіктің негізі
мен тірегі, ұлт пен ұрпақтың ұлы арман-аңсарлары да осында жатса керек. Ендеше, ұлт
тәуелсіздігін нығайту мен дамыту – қазақстандықтардың басты мұраты, елдік мүдде мен
құндылықтарымызды құрметтеу перзенттік парыз бен шынайы сүйіспеншілігіміздің
нақты көрінісі болуы керек.
Рақымжан ТҰРЫСБЕК,
филология ғылымдарының докторы,
профессор
25 БЕЛЕС
25 бағдар
26
Халқына жаны шындап ашитын қайраткер орға жығатын емес, өрге
бастайтын жол сілтейді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында
жасаған баяндамасынан. Алматы, 9 тамыз, 1995 жыл
Б
ұл – түбі терең сөз. Қайраткерлік ұғымы туралы толғаныс. Ұлы суреткер Мұхтар
Әуезов Абайды «білгіш, кемел, халық қайраткері» деп бағалайды. Өйткені,
қазақтың байырғы әдебиетін жетік білетін және ұшан-теңіз білім мен тәжірибе
иесі Абай сөзінің киесін, жүйесін, ой-парасат дүниесін зердесіне құлшыныспен
мықтап тоқығандықтан, Абайдың өрен қайраткерлік болмысын, рухани ерлігін
жіті таныған, қыран көрегендікпен барлаған.
«Қайраты бар кісінің, берекеті бар ісінің» деген халық қағидаты тағы бар. Қайраты қара
тастай қайраткерлікті, тәуекелшілікті, ұйымдастырушылық қабілетті Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың тұлғасынан тануға болады. Бас қаланы республикамыздың географиялық
кіндігіне көшіруі қандай батылдық, керемет шешімпаздық десеңізші?! Астана – Отанымыздың
орталығына орналасқан ғарыштың тап кіндігіндегі темірқазық жұлдызы, жаңарған Қазақ
елінің інжу-маржаны, қасиетті бойтұмары, беломыртқасы, ұлан-байтақ даламызға қан
жүгіртетін, жан бітіретін күретамыр десек те жарасады. Астананың бас сәулеткері Нұрсұлтан
Назарбаев жас шаһардың архитектуралық, философиялық-эстетикалық тұжырымдамасын
жасады. Жаһандық сәулет өнерінің жаңалықты құбылыстарына, үздік үлгілеріне жүгінді.
Себебі, саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық мәні өзгеше жаңа елордаға лайық
қайталанбас ою-өрнектер, ұлттық нақыштар, сан алуан бояулармен құбылған бейнелі
суреттер қажет еді.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев жүрегінің миуа -жемісіндей, жанының бөлшегіндей ардақты
Астана туралы көкейкесті, жүрекжарды ойын былайша өрнектеп, гүлдендіріп жеткізеді:
«Астанасына қарап елін таниды. Астанасының қайда орналасып, қалай өркендеп
жатқанынан әр елдің өзінің өткені мен ертеңіне деген көзқарасын аңғарып, өзгелерге деген
пейілін сезінеді. Сондықтан да Астана келбеті – ұлт келбеті».
Тек қана Астана емес, мемлекет пен қоғам ісінің барлық саласында Президенттің айқын
қолтаңбасы көрініс тапқан. Оның жоғарыда айтылған ұлағатты сөзі елді шексіз сүюге,
ол үшін аянбай еңбек етуге, халқы үшін барын салатын қайраткер болып қалыптасуға
міндеттейді. Бүгінгі жас буын Президент айтқандай, халқына жаны шындап ашитын
азамат болып өссе екен дейміз.
Мемлекет билігінде жүрген азаматтар елді өрге бастайтын нағыз қайраткерлікті
Елбасының өзінен үйренуге тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |