Бекжан ӘБДУӘЛИҰЛЫ,
филология ғылымдарының докторы
Тілдің өз қасиеті бар. Тіл жоғалатын болса, сол қасиет те жоғалады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Ұлытау төрінде берген сұхбатынан. 25 тамыз, 2014 жыл
25 тұжырым
25 БЕЛЕС
268
Біздің көпұлтты болып отырғанымызға ешкім кінәлі емес. Тағдыр
солай болды. Өзге халықтардың да ешқандай жазығы жоқ.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Ұлытау төрінде берген сұхбатынан. 25 тамыз, 2014 жыл
Б
үгінгі күнде Қазақстан халқы көпұлтты сипатқа ие. Бұған басты себеп болған
патша үкіметінің, кейін кеңес үкіметінің осы бағытта арнайы жүргізген саясаты
еді. ХІХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап қазақ жеріне орыс шаруаларын қоныс
аударту қолға алынды.
Бұл шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылды. Орыс және украин шаруаларын
Қазақстанның барлық облысына қоныс тандыру XIX ғасырдың 70-жылдары қарқын алып,
ғасыр соңына қарай жаппай жүргізілді.
Қазақстан халқы құрамының көпұлтты болып қалыптасу процесі кеңестік дәуірде
одан әрі күшейді. Қазақстанға халықтардың жер аударылуы – Сталин режимінің жаппай
қуғындауының нәтижесі. 1931–1932 жылдары Солтүстік Кавказдан Қазақстан мен Орталық
Азияға 38,104 отбасы, 45 мыңға жуық поляк және неміс отбасылары депортацияланды.
1937 жылы 21 тамызда «Қиыр Шығыс өлкесінің шекаралық аудандарында тұратын
корейлерді қоныс аудару туралы» құпия қаулы шықты. Осыған сәйкес Қиыр Шығыстан
қазақ жеріне 98454 адам депортацияланды.
1940 жылы республикада арнайы қоныс аударылғандардың жаңа легі пайда болды.
Украина мен Белоруссияның батыс облыс тарынан, Литвадан 380 мың поляк жер аударылды.
1941 жылғы Еділ бойы неміс автономиясы жойылып, халқы Қазақстанға депортацияланды.
1943 жылы 12 қазанда Қарашай автономиялық облысы жойылып, 14774 қарашайлық
шаңырақ, жалпы саны 69287 адам Қазақстан мен Қырғызстанға қоныс аударды. 1943 жылы
27 желтоқсанда негізсіз айыптарды алға тарта отырып, Қалмақ АКСР-і жойылды. Ал 92 мың
қалмақ (олардың 65 пайызы қарттар мен балалар) Қазақстан мен Сібірге депортацияланды.
1944 жылы Кабардин-Балқар АКСР-і Кабардин АКСР-і болып өзгертіліп, ал балқарлар
Қазақстанға қоныс аударылды. 1944 жылы 11 мамырда Қырым АКСР-і де жойылып,
жалпы саны 150,1 мың қырым татарлары Қазақстанға қоныс аударды.
Сонымен бірге, Қазақстанға майданға жақын аудандардан бейбіт халық эвакуацияланды.
1941 жылы республикаға 386,5 мың, 1942 жылдың соңында 500 мыңнан астам адам келді.
Соғыстан кейінгі кезеңдегі Қазақстанға бағыт алған жаңа аса ірі этникалық толқын тың
және тыңайған жерлерді игеру науқанымен тығыз байланыс ты болды. 1954-1962 жылдар
аралығында тың игеру үшін Қазақстанға КСРО-ның тек еуропалық бөлігінен 2 миллионға
жуық адам әкелінді. Осылайша тоталитарлық билік саясатының нәтижесінде Қазақстан
көпұлтты сипатқа ие болды.
Қадыр АХМЕТОВ,
тарих ғылымдарының докторы,
профессор
25 тұжырым
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
269
А
йтса айтқандай-ақ, Президенттің бұл уәжіндегі әрбір сөз ақиқат шындыққа
негізделген.
Өйткені, егемен ел тізгінін ұстағалы бері ол мемлекетіміздің этносаралық және дінаралық
бірлігі мен қауіпсіздігіне, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына, экономикасының
әртараптанып, тұрақты дамуына, инфрақұрылымдары мен индустриясының нығаюына,
қорғаныс саласының күшеюіне, сындарлы ішкі саясаты мен көпвекторлы сыртқы саясатының
жемісті болуына салиқалы сөзімен де, нақты істерімен де есепсіз үлес қосып келеді.
Сосын Президенттің іске асырып жатқан стратегиялық мегажобалары тек өз
ұлтымыздың ғана мүддесінен туындаған дүниелер емес. Жеті рет өлшеп, бір рет кесіп
қабылдаған Президент шешімдері өз еліміздің де, күллі әлемнің де күткен үдесінен
шығып жатады. Мұндайда британдықтардың жиі қолданатын «Істің үні басым шығады»
(«Actions speak louder») деген аталы сөзінің әлемдік құндылыққа жататын нақыл екенін
еріксіз мойындайсың.
Қаржы немесе өзге де қиындықтарға қарамастан, Елбасының Астананы Сарыарқаға
көшіру жобасының өзі неге тұрады? Енді, міне, бүгінгі Астана – қалың қазақ ат байлайтын
алтын қазық ғана емес, әлемдік мегафорумдар алаңына айналып отыр.
Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съезінің әр үш жыл сайын тұрақты түрде
Астанада өтіп тұруы да Елбасының әлемдік үдеден шығатын мегажобаларының бірі. Өйткені,
бүгінгідей алмағайып заманда жер бетінде соғыссыз өтетін бір күн жоқ. Ол соғыстар көбіне
дінаралық шиеленістерден туындап жатады. Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының
съезінің мәні өте зор және ол бүгінгі таңда халықаралық деңгейде толық мойындалды.
Елбасының ендігі бір үлкен жобасы – Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары
жөніндегі кеңес. Қазір бұл кеңес құрамына 26 ел және бірнеше халықаралық ұйымдар
кіретін алып географиялық аймақты қамтиды.
Сонымен қатар, Қазақстанның 2030 және 2050 жылға дейінгі стратегиялық
бағдарламалары мен күні кеше ғана Елбасының елге арнаған «Нұрлы жол» сынды
жолдауы да жоғарыда Президент айтқан салмақты уәждің нақты дәлелдері екені еш күмән
тудырмайды.
Қорыта айтқанда, осы айтылғандардың бәрі де Елбасының ұлтжанды, мемлекетшіл,
болашақты болжай білетін көреген және әлемдік деңгейде сөз бастайтын шешен, ел
бастайтын көсем тұлға екенін сипаттайды.
Әділ АХМЕТОВ,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
Ресей мен Қазақстанның Жоғары мектеп ғылым академияларының академигі,
профессор
Егер Қазақстанның тәуелсіздігін өз қолымен жасап, қызғыштай
қорғап келе жатқан қазақ болса, соның бірі менмін. Мен істеп отырған
ісіме, алды-артыма, елдің болашағына қарап отырған адаммын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Ұлытау төрінде берген сұхбатынан. 25 тамыз, 2014 жыл
25 тұжырым
25 БЕЛЕС
270
Жер – ата-бабамыздан мұраға қалған біздің басты қазынамыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІV сессиясының ашылу салтанатында
сөйлеген сөзінен. 26 сәуір, 2016 жыл
С
оңғы жылдары қоғамның кейбір топтарын жер мәселесі орынсыз алаңдатып
отыр. Бұл жағдайға көңіл аударып, алаңдаушылық білдіріп жатқандарды
түсінуге де болады.
Ел мен жердің тағдырына бей-жай қарамай, еркін елдің ұландары өз ойларын,
пікірлерін ашық білдіріп жатқаны да жөн шығар. Өйткені, жер дегеніміз – қазақтың жаны.
Ұлтымыздың басты байлығы саналатын осынау ұлан-байтақ жерімізді халқымыз туған
Анасынан кем көрмейді.
Әйтсе де, бұл мәселедегі түсінбестік, жағдайды тереңірек білмеушілік әлі де біздің
кейбір азаматтарымызды шатастырып жатқан сияқты.
Астана төрінде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІV сессиясында Елбасымыз
Нұрсұлтан Назарбаев соңғы кездері Қазақстанның жерін шетелдіктерге сату туралы
жалған ақпараттың ұдайы таратылуы салдарынан жер мәселесіне қатысты алаңдаушылық
көбейгенін қадап айтты.
«Мұның шындыққа жанаспайтыны бірнеше рет түсіндірілді. Тағы да айтқым
келеді – ауыл шаруашылығы жерлерін шетел азаматтарына және компанияларына сату
туралы мәселе жоқ, талқыланбайды да. Бұл тақырыптың төңірегіндегі алып-қашпа
әңгіменің бәрі негізсіз. Біздің мақсат – ауыл шаруашылығымен айналысатындарға
жекеменшігіне жер алу мүмкіндігін беру. Егер олар жерге иелік ететін болса, оны
күтіп-баптап, қадірлейтін болады. Жер – ата-бабамыздан мұраға қалған біздің басты
байлығымыз», – деді Қазақстан Президенті.
Міне, Елбасының осы сөзі бұл мәселенің түйінін тарқатып бергендей.
Елбасы айтқандай, жер жалға берілуін қолдаймын. Шынында жер бос жатпауы тиіс.
Ол табыс әкелуі қажет. Сондықтан бұл қадам жерге, елге деген жанашырлықтан туындап
отырғаны анық. Бұл қадам еңбек етемін, жерден несібе табамын деген жандарға жаңаша
мүмкіндік береді.
Әйтсе де, әр нәрсеге байыппен қарау қажет. Жер – ешқашанда сыбайлас жемқорлардың
саудасына айналмауы тиіс.
Елімізде Тәуелсіздік туының желбірегеніне 25 жылға аяқ басты. Осынау 25 жылдың
басты жаңалығы – жаңа сана қалыптасты. Жан-жақты ойлайтын жастарымыз өсіп келеді.
Міне, сол жастардың жерге деген, жер өңдеуге деген қызығушылығын арттыруымыз
керек. Қашанғы елдің бәрі заңгер, қаржыгер, бизнесмен бола берсін?!
Жастардың еңбек етуге деген ықыласын ояту қажет. Осы жағынан келгенде елімізде
қолға алынғалы отырған бұл бастаманы қолдауға әбден болады.
Арғынбай БЕКБОСЫН,
жазушы,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
Қасымбеков М. Қанатты сөздің қазынасы (Алғы сөз)
.............................................................3
25 бағдар
.......................................................................................................................................5
25 басымдық
...............................................................................................................................31
25 ұстаным
..................................................................................................................................57
25 бастама
...................................................................................................................................99
25 ұсыныс
.................................................................................................................................125
25 ұйғарым
...............................................................................................................................151
25 байлам
..................................................................................................................................193
25 байыптама
............................................................................................................................219
25 тұжырым
..............................................................................................................................245
Мазмұны
25 БЕЛЕС
25 БЕЛЕС
Елбасының қанатты сөздері мен олардан
туындаған ой-тұжырымдар
Баспаның бас редакторы:
В. Титенев
Шығарушы редактор:
Т. Барабанова
Корректорлары:
В. Айгараева, Е. Ералы, К. Жарылкапова
Кітаптың компьютерлік дизайны, макеті, беттелуі:
Р. Новиков
Басуға 25.10.2016 қол қойылды. Қалыбы 60х90 ⅛.
Борлы қағаз. Шарт. 34 б.т.
Таралымы 1000 дана
«Тау-Қайнар» баспа компаниясы
Достарыңызбен бөлісу: |