Шәріпбек ӘМІРБЕКОВ,
саяси ғылымдар докторы,
профессор
25 бастама
25 БЕЛЕС
124
Жаһандану табиғи және бұлжымас үдеріске айналды. Қазіргі заманғы
әлемде сенің төңірегіңде тұрақсыздық, соғыстар мен күйзелістер
болған жағдайда елдердің әл-ауқатын қамтамасыз етуге болмайтынын
Еуропалық одақтағы босқындарға қатысты дағдарыс іс жүзінде көрсетіп
берді. Мен бізге басқа жолды – экономикалық өсім әр елдің дамуына және
тұрғындарының әл-ауқатының артуына тиімді трансформацияланатын
«инклюзивті жаһандану» жолын таңдау қажет деп есептеймін.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
ІХ Астана экономикалық форумында сөйлеген сөзінен.
26 мамыр, 2016 жыл
Ж
аһандану әлемдегі барлық елге әлдеқашан еніп кетті. Оның игілігін жұрт
молынан көріп жатыр. Интернет, ұялы байланыс, халықаралық сауда, ғылым
мен медицина жаңалықтарын енгізу мүмкіндігі – соның жемісі. Одан шошу, жек
көру ештеңе бермейді. Ақыры жаһанданудан қашып құтыла алмайды екенбіз, енді
қайтпек керек?
Алдымен бүкіл адамзат қауымдастығының бірлігі, біртұтастығы қажет. Жеке
мүдделер адамзатты сақтап қалу уайымына бағынатын уақыт жетті. Барлық адам мен
жеке мемлекеттер мүдделері қажеттілік деген ұғымға басымдық беруі тиіс. Алайда
күнделікті тірлік уайымынан бірге ғайып болу уайымын биік санайтын, солай болуға
бізді мәжбүрлейтін қажеттілікті айтамыз, осыны бар адам баласы сезінуі керек.
Өз елімізге келсек, қазақтың алдында түйінді, тағдырнамалы екі мәселе тұр: біріншісі –
бәсекеге қабілетті мемлекет болып қалыптасу, екінші – жаһандану үрдісіне лайық қуатты,
жан жақты жетілген ұлт болып жетілу!
Заман өте тез өзгеруде. Оған жаһанданудың әсері мол. Қазір мүдделер қақтығысы
күшейе түсуде. Мұндайда ел иелері мен саясаткерлер, адамзаттың болашағы үшін зор
жауапкершілікті арқалап отырғандықтарын терең сезініп, болашаққа бастар бейбітшілік
жолында ел сенімін абыроймен атқаруы, бұл үшін нақты істерге көшуге бет алуы тиіс.
Бүгінде экономикалық санкциялар мен сауда-саттық соғысы әдеттегі құбылыстарға
айналып, дүниені жаһандық Интернет желідегі ақпараттық соғыстар мен арандатушылықтар
дүрліктіріп тұр. Сондықтан адамзат балсы милитаризмге тартылмай, парасатқа жүгінуге
тиіс, өйткені бұл дүрлігіс өркениетті жоюдан басқа жолға апармасы анық.
ХХІ ғасыр жаһандық ынтымақтастықтың жаңа дәуірі ретінде тарихқа енуі үшін әлем
лидерлері салиқалы ой иелерінің сөздеріне құлақ түріп, Елбасы ұсынған «инклюзивті
жаһандану» жолына түсуі қажет. Бұл – «Сіздер мен біздер бірігіп» жаһандану үдерісін
бейбіт бағытқа бұруға, алдымен өркениетіміздегі ең қымбат нәрсеге – адамның өміріне,
оның қарыны мен көңілінің тоқтығына, бейбіт тұрмысының қамтамасыз етілуі мен
сол арқылы өнімді еңбек етіп өздерін асырауға мүмкіндік туғызымыз керек деген сөз.
Салиқалы да кемеңгер сөз!
Мырзагелді КЕМЕЛ,
қоғам қайраткері,
экономика ғалымдарының докторы,
профессор
25 ұсыныс
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
125
25 ұсыныс
25 ұсыныс
25 БЕЛЕС
126
25 БЕЛЕС
126
Ғылымды реформалау тек құрылымдық өзгерістерге ғана емес,
оны қаржыландыру көлеміне де қатысты болуға тиіс. Яғни, ғылыми
және қолданбалы зерттеулерді мемлекеттік қаржыландыру көлемі
арттырылуға тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
«Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары»
атты Қазақстан халқына Жолдауынан. Астана, 4 сәуір, 2003 жыл
Қ
азақстан экономикасының бағыты шикізаттық екені жасырын емес, ал табиғи
байлықтың түбінде бір таусылатыны анық. Сондықтан ғылымды дамыту, жаңа
технологияларды өндіріске енгізу өте маңызды.
Әлемде табиғи байлығы болмаса да озық технологиялар ойлап тауып, сол арқылы
экономикасын тиімді дамытып жатқан және технологияларын басқа мемлекеттерге сатып
отырған елдер аз еместігін ескерсек, инновацияны дамыту жөніндегі мемлекет тарапынан
істеліп жатқан шаруалар құптарлық. Өйткені, ғылым мен инновациясыз өндіріс тиімділігін
арттыру, өнімнің өзіндік құнын азайту және еңбек өнімділігін көтеру, сапалы, бәсекеге
қабілетті тауар шығару мүмкін емес. Тауары бәсекеге қабілетті болмаса, бизнес өркендей
алмайды. Сондықтан бизнес ғылымға мұқтаж. Сол сияқты ғылым да бизнестің қолдауына
зәру. Себебі, ғалымдарға өз инновациялары мен түрлі ғылыми ізденістерін, әзірленімдерін
жүзеге асыру үшін қаржы-қаражат керек. Қаржы болмаса, ғылымның да аяғы тұсаулы.
Мұны өмірдің өзі айқын көрсетіп отыр.
Америкада ғылымды негізінен университеттер дамытуда, Нобель сыйлықтарын
алып жатқандар да солардың ішінен шығуда. Бірақ бұл елде ғылыми жұмыстарды
қаржыландыруға бизнес саласы белсене қатысады. Атап айтар болсақ, ғылымды
қаржыландырудағы бизнестің үлесі – 60%, федеральдық бюджет – 30%, ал университеттер
үлесі тек 10%-ды құрайды. Яғни, бұл елде бизнес өз ісін өркендетіп, өндірісін ілгері
оздыру үшін ғылымның маңызы зор екенін жақсы түсінеді. Ал біздегі бизнестің ғылыми
жұмыстарды қаржыландыруы жоқтың қасында деуге болады. Отандық кәсіпкерлер өз
өндірісін ғылыммен ұштастыра отырып даму керектігін енді-енді сезіп жатыр.
Ғылымды қаржыландыру әр елде әрқалай, мысалы ол АҚШ-та ішкі жалпы өнімнің 2,77%-
ын құрайды, Израйльде – 4,38%, Финляндияда – 3,78%, Швецияда – 3,37%, Данияда – 3,09%,
Германияда – 2,84%. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 2003 жылы 0,25%, 2014 жылы 0,16%
болды. Сондықтан ғылыми және қолданбалы зерттеулерді мемлекеттік қаржыландыру
көлемін арттыру, сол саладағы кадрлардың еңбегін бағалау өз деңгейіне әлі жете қойған
жоқ. Дей тұрғанмен, мемлекет соңғы кездері түрлі бағдарламалар арқылы бұл мәселеге жете
назар аудара бастады. Алматы маңында құрылған «Алатау» инновациялық технология паркі
арқылы да көптеген мәселелер оң шешімін тауып жатқанын айта кеткен жөн.
Атамұрат ШӘМЕНОВ,
экономика ғылымдарының докторы
25 ұсыныс
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
127
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
127
К
ез келген адам дінде бүлік тудырып, осы әрекеті арқылы халықтардың бірлігі мен
ынтымағына сызат түсірсе, ол түптің түбінде өзі себепкер болған дау-дамаймен,
жанжалмен бетпе-бет келетінін сезінуі қажет. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың
оған игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде әркімге ниет еткен нәрсесі берілетінін,
яғни адам баласы не тапса да, ниетінен табатынын ескерткен.
Діни жанжал жағдайларында дін қайраткерлері агрессиялық сезімге жол бермей,
байыптылық пен байсалдылық, даналық пен сабырлық танытқаны құба-құп. Өйткені,
діннің діттегені – бүлік емес, бірлік.
Алла Тағала адам баласына бейбітшілік пен әділдікті сый етті. Олай болса, Жаратушы
Иеміз сыйының бағасын біліп, қастерлеуге тиіспіз.
Содырлар немесе діни фанатик, яки экстремистер мен дүмшелердің дінді жалған
сезіммен ұстанып, оны жеке мүддеге пайдалануы әсте дұрыс емес. Ал даналық жолын
ұстанған діндардың игілігімен дін көркейіп, елдің бірлігі мен ынтымағы арта түседі.
Сонда дін мемлекеттің рухани тіректерінің біріне айналады. Ал мемлекет күшті болса,
оның діні де беделді.
Бүгінгідей әлемдегі алмағайып кезеңде діндер аралық ынтымақ пен бірлік аса қажет.
Біздің діни мәселелерге арналған түрлі алқалы жиындарда Исламның ізгілікке негізделген
имандылық пен рухани тазалықты ту еткен дін екенін айтумен қатар, ынтымақ, бірлік,
татулық, сабырлылық, түсіністікке шақырып, бейбіт қатар өмір сүру баршаның мақсат-
мүддесіне сай келеді деуіміздің себебі де осында.
Дінді саясиландыру арқылы жастар санасын теріс арнаға бұру дұрыс емес. Дінді өз
саяси мақсаттарына икемдеп алған түрлі топтар әлемнің әрбір жерінен көріне бастады.
Радикалды топтар тек дәстүрлі діни түсініктерді жоққа шығарумен қатар, ашық түрде
лаңкестік әрекеттер жасауда.
Жер бетінде Ислам халифатын орнатамыз деген ұранды таратушылар Ирак және
Шам елдерінде адасқан арманның, құр қиялдың жетегінде жүріп, діни дүрдараздық
пен бүлік тудыруда. Дінді біліммен емес, жалған сезіммен түсінген жастар олардың
қатарына қосылды.
Ислам атын жамылған бүлікшілердің бұл әрекеті, сөз жоқ, дәстүрлі дінімізге деген
анық қарсы әрекет, мұсылмандық былай тұрсын, адамшылыққа да жат амал. Қазақстан
мұсылмандары діни басқармасының негізгі жұмыс бағыттарының бірі – қоғамда
көрініс тапқан діни мәселелерге қатысты пәтуа шығару.
Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,
бас мүфти
Біз діни сипаттағы жалған доктриналарды бетперде ететін агрессия
мен зорлық актілерінің шынайы мәнін айыруды және әшкерелеуді
үйренуіміз керек.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының І съезінде сөйлеген сөзінен.
Астана, 23 қыркүйек, 2003 жыл
25 ұсыныс
25 БЕЛЕС
128
25 БЕЛЕС
128
Біз бүкіләлемдік жамандықтың терроризм, жаппай қырып-жоятын
қару және кез келген басқа нәрсені тарату, есірткі бизнесі және оның
салдарлары, экологиялық апаттар, заманымыздың тәндік және
әлеуметтік сырқаттары секілді көріністерімен күресте табысқа тек
толеранттылық және серіктестік арқылы ғана қол жеткізе аламыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының І съезінде сөйлеген сөзінен.
Астана, 23 қыркүйек, 2003 жыл
Т
арихқа жүгінер болсақ, қазақ даласында ерте заманнан-ақ көптеген діндер
пайда болып, сан ғасырлар бойы Ұлы Дала төсі қаншама халықтардың бейбіт
мекеніне айналған.
Елімізге ислам діні келгенге дейін тәңіршілдік, зороастризм, манихейлік, буддизм, иудаизм,
несториандық діндер орын алып, ислам діні келгеннен кейін де онымен бірге бейбіт қатар
жасаса берген, яғни діни толеранттылық пен конфессияаралық келісімнің үлгісі болған.
Сондықтан Президент атап айтқандай: «...бізге төзімсіздік немесе діни фанатизм жат».
Тоғыз жолдың торабы – Ұлы Жібек жолының бойында жатқан Қазақстан бағзы
заманнан күні бүгінге дейін сауда мен мәдени айырбастар арқылы Азия мен Еуропа арасын
өзіндік байланыстырушы буын қызметін атқарып, әртүрлі дінді уағыздау шы халықтар
арасындағы өзара мәдени баю үдерісінің ықпалында болды. Яғни, діни төзімділік пен
келісім, мәмілегерлік, қонақжайлылық сияқты асыл қасиеттер халқымыздың бойына
ғасырлар бойы сіңген. Соның көрінісі болса керек, қаншама мәдениеттер мен өркениеттер
тоғысқан даламызда күні бүгінге дейін әртүрлі ұлт өкілдері мен дін өкілдерінің түсіністік
пен жарастықта өмір кешіп жатқанына куә болып отырмыз.
Ел ырысын еселеуді көздеген көреген саясаттың нәтижесінде мемлекетімізде
экономикалық өрлеумен қатар халық бірлігі, тұрақты даму, бейбітшілік пен келісім
құндылықтарының базасында жаңа қазақстандық дәстүр мен ділдің негізі жасақталды.
Осы құндылықтар қоғамдық идеологияның бастауы болды. Қоғам оны терең қабылдап,
сонымен тіршілік кешуде. Бұл базалық құндылықтар Қазақстан қоғамының ұйыстырушы
факторына айналды. Ел тәуелсіздігі жарияланғаннан бергі уақытта жүзеге асырылып
жатқан ішкі саясат Қазақстан қоғамында ұлтаралық ынтымақтастық пен халықтар
достығының көркейіп, дамуына қолайды жағдай тудырды. Бүгінгі республикамыздағы
діни конфессиялар мен ұлттар, ұлыстар арасындағы қарым-қатынастар отандас
халықтардың шынайы достық пейілдерін паш етеді. Бір шаңырақ астында татулығы
жарасып, ел тарихын жасасып жатқан жүзден астам ұлт өкілдері қазіргі таңда өздерін
«қазақстандықпыз» деп мақтанышпен айта алады.
Шәріпбек ӘМІРБЕКОВ,
саяси ғылымдар докторы,
профессор
25 ұсыныс
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
129
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
129
Қ
азақстан тәуелсіздік алғаннан бері еліміздегі дінаралық қатынас саласында
мемлекеттік сарабдал саясат жүргізіліп келеді. Біздегі діни жағдай басқа елдердегі
сияқты ел ішіндегі және одан тыс саяси, экономикалық, құқықтық жағдайға тікелей
байланысты.
Сонымен қатар этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынасқа да тәуелді.
Бұл тұрғыдан республикамыз тәуелсіздік алған уақыттан бері қоғамдық- саяси және
экономикалық тұрақтылығымен, түр лі ұлт пен ұлыс, конфессиялар арасындағы сенім
және өзара түсіністікпен ерекшеленеді.
Қазақстанда қоғамдағы жасампаздық пен келісім жағдайын және тұрақтылықты
қамтамасыз ететін этностар мен діндердің өзара әрекеттесуінің тұрақты моделі
қалыптасты. Халықтың барлық топтары өкілдеріне экономикалық, әлеуметтік, мәдени,
рухани даму мүмкіндігі бірдей қамтамасыз етілген демократиялық және зайырлы мемлекет
түзу Қазақстанның көпшілік мойындаған жетістігі болып саналады. Этносаралық және
конфессияаралық келісім қағидаттары орталық мемлекеттік органдармен қатар, аймақтарда
да жүзеге асырылып отырады.
Әлемде соңғы уақытта елеулі өзгерістер орын алды. Оларға әлемдік қаржы дағдарысын,
алпауытты елдердің энергетикалық қайнар көздері үшін тартысуын, әртүрлі саяси
және діни топтар арасындағы дау-жанжалдарды жатқызуға болады. Мемлекеттер мен
халықтар арасындағы көптеген текетірестер, өкінішке қарай, діни сипат алуда. Осындай
халықаралық оқиғалардың шиеленіскен жағдайда жаһанды деңгейдегі дінаралық
диалогты дамытудың өзектілігі айрықша. Адамзатқа бейбітшілік пен тыныштық керек.
Оған барлық адамдар, барлық мемлекеттер мүдделі. Бүкіл адамзат ауқымындағы діни
сипаттағы бейбітшілік пен келісім мәселелерінің біздің қазақ топырағында талқыланып
жатқандығы Қазақстанның Еуразия кеңістігіндегі тарихи рөліне де, қазақ менталитетіне
де сай келіп отыр. Бұл бастамалардың Н.Ә. Назарбаев есімімен қатар жүруі еліміз үшін
де, әлем үшін де маңызды.
Әшірбек МУМИНОВ,
дінтанушы,
тарих ғылымдарының докторы, профессор
Мен барлық діндер мен конфессиялардың өкілдеріне діндер форумын
тұрақты негізде өткізіп тұру жөнінде ұсыныс жасаймын. Мұндай
институт құру дінаралық үнқатысу негізін нығайтады, дін қайраткерлері
мен діндарлардың өзара сындарлы қатынастарына жүйелілік береді.
Болашақта бұл әлемде дінаралық шиеленісті бәсеңдету, руханилықты,
бейбітшілікті және төзімділікті насихаттау міндеті болатын халықаралық
ұйымның негізін қалай алады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының І съезінде сөйлеген сөзінен.
Астана, 23 қыркүйек, 2003 жыл
25 ұсыныс
25 БЕЛЕС
130
25 БЕЛЕС
130
Біз діндердің біртұтас мәдени орталығын құру жайын да ойластыра
аламыз. Бұл идея көптен бері жұрттың ойында жүр әрі бүгінде оны нақты іс
жүзіне асырудың қажеттігі пісіп-жетілді. Діни қайраткерлер мұны бізге сеніп
тапсырса, біз сіздердің қолдауыңызбен және өздеріңіздің қатысуыңызбен
осынау маңызды да өзекті міндеттерді шешуге кірісер едік.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының І съезінде сөйлеген сөзінен.
Астана, 23 қыркүйек, 2003 жыл
Д
ін – бүкіл әлемде адамдардың рухани дүниетанымын байыта отырып, жер
бетіндегі адамзат қауымының өмір сүру игілігіне өз үлесін қосатын қуатты
күш. Сондықтан сол күшті адамдар арасындағы достық пен ынтымақтас тыққа
және мемлекетіміздің дамуына жұмсауымыз қажет. Соның ішінде өзара келісім мен
жарасымдылыққа Ислам дінінің қосар үлесі өлшеусіз.
Қазақстан тәуелсіздік алғалы бұрынғы кеңестік кеңістік аясында ғана емес, сондай-
ақ жалпы әлемде қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттер қатарына да қосылғанына
куәміз. Дана халқымыз «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді. Бұған біздегі ішкі саяси
тұрақтылық пен ұлтаралық, конфессияаралық қатынастарды тиісінше жолға қоюдың
әсер-ықпалы зор болды. Осынау күрделі міндеттерді шешуде көп ұлт пен этносты
айрандай ұйытып, бірнеше дінді ел халқының бірлігі мен ынтымағын одан әрі дамытуға
оңтайлы қызмет еткізуге Президентіміз көп күш-жігер жұмсады.
Ұлт көсемі Нұрсұлтан Назарбаевтың бас тамасымен тілі мен діні, ұлты мен нәсілі әртүрлі
дін жетекшілерінің Астанада бір үстел басында ынтымақ пен бірлік жайлы өткізген төрт
құрылтайы – бүкіл адамзат үшін зор жетістік. Әлем мұны тарихи оқиға ретінде орынды
бағалады. Бұдан Қазақстанның бейбітшілік сүйгіш қадамы айқын көрінді.
Алла Тағала Қасиетті Құранда бүкіл адамзат баласын: «Ізгі істерге, тақуалыққа
көмектесіңдер. Күнә жасауға, дұшпандыққа жәрдемші болмаңдар...» («Маида» сүресі,
2-аят) – деп Алланың тура жолымен жүруге, иман мен ізгілікке шақырып, жамандық
атаулыдан сақтандырған.
Қасиетті кітабымызда: «...ағайын арасын түзетіңдер. Алланың рахымы түссiн
десеңдер, одан қорқыңдар... Бiрiңдi-бiрiң кiнәламаңдар, бiрiңдi-бiрiң мазақтап, лақап
атпен шақырмаңдар...», («Хужурат» сүресi, 10-11 аяттар) – деп өсиет етілген. Еліміздегі
мемлекеттік мәртебеге лайық басты дін Ислам діні – адамның дүниетанымына, мінез-құлық
ерекшелігіне, жан-дүниесіне, құндылығына өнегелі ықпал етуге қабілетті рухани күш.
Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,
бас мүфти
25 ұсыныс
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
131
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
131
Ж
аңа технологиялар немесе технологиялық инновация дегеніміз – өндірісті
автоматтандыру, роботтандыру, ақпараттандыру. Ғаламдық инновациялық
серпіліс стратегиясының ғылыми негізін атап, жіктеп көрсету – Нұрсұлтан
Назарбаевтың адамзат ғарыштық деңгейде ойламайынша аман қалмасын
түйсінгеннен туған әрекеті.
Президент жаңа заман жастарының еңбекқорлық танытатын тұсы осы екендігін және
бұл жаңашылдыққа жастардың мүмкіндіктерінің жоғары екендігін айтты. Транзиттік
өтпелі кезеңдегі – нанотехнология, биотехнологияның даму көкжиектерін болжау және
осындай күрделі саланы – жаңа технологияны енгізудің дүниежүзілік тәжірибесіне ден
қою кезінде жастардың біліміне қоса қажыр-қайраты мен жастық пәрмендеріне сүйену
керектігін ұсынды. Бұлайша микроскоппен қарағандай шұқшиюдың, бөлшегіне шейін
талдаудың артында не тұр? Технологиялық дамудың инерциялық сценарийінің жүзеге
асуының қатері болашақ өркениеттер үшін қауіпті екенін Елбасы тап басып таниды.
Әлемнің жаңа сапасын біздің Елбасы «транзит» деген сөзбен бекітуге бейім. Ол әлемдік
қоғамдастықты байыпты ойлануға шақырады. Сондықтан жаңарту стратегияларының
межелерін мұқият белгілеп беруі заңды.
Бұл үшін теоретиктер зерттеп айтқан шындыққа жүгінген абзал. Өркениет стратегиясы
мен табиғат стратегиясы пропорционал, бір-бірінің бойына сай болуы аксиома, шынайы
қажеттілік. Ол осы ақиқаттың құдіреті өсерін, әйтпесе, өркениеттік дағдарыс бел астында
тұрғанын ұғуды қолдайды. Бұл – расында да күллі әлемді жұмылдыратын рухани әрі
экономикалық қажеттілік. Бұған трансұлттық корпорациялар, үкіметтік емес ұйымдар,
қоғамдық үлкен институттар ат салыспаса, іс оңға баспайтыны анық. Қоршаған ортаның
жағдайын ойламаса, түбі адамзат құрдымға кетеді. Мұның кедергілерін Н.Назарбаев нақты
атайды және әлем мемлекеттері дамуының әркелкі, ала-құлалығы арасы жер мен көктей
технологиялық алшақтық тудыратындығын түсіндіреді.
Президент осындай жауапты кезеңде жастарға бекерге үміт артып отырған жоқ. Ол
дамудың биігіне шығатын кезеңде пассионарлардың іргелі іс тындыратын жасын еске
салу арқылы жастарға зор сенім білдіреді. Елдікті дамыта түсетін қадамды солардан
күтеді. Замананың жетістіктерін игеру солардың қолында деп біледі. Жастар да Елбасы
бастамаларын үнемі қолдап келеді.
Мырзагелді КЕМЕЛ,
қоғам қайраткері,
экономика ғылымдарының докторы,
профессор
Пассионарлардың оңтайлы жасы 28 – 38 жас арасы екеніне өз
тәжірибемнен көз жеткіздім. Сондықтан алдағы уақытта да жастарға
сүйену қажет, олар уақыттан оза, әсіресе осынау транзиттік өтпелі
кезеңде жұмыс істеуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиналыста
сөйлеген сөзінен. Астана, 13 желтоқсан, 2003 жыл
25 ұсыныс
25 БЕЛЕС
132
25 БЕЛЕС
132
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ауыр ізденістерден кейін
мен өтпелі кезеңде елге қандай ұстанар үлгі керек екенін мықтап
түсіндім. Мен оны былай сипаттар едім: әуелі экономика, сосын
саясат. Барынша либералды, ашық және бәсекелі экономика. Күшті,
орталықтандырылған, халық алдында жауапты, ауыр, бірақ елге
қажетті реформаларды жүргізе алатын билік.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты
жиналыста сөйлеген сөзінен. Астана, 13 желтоқсан, 2003 жыл
Е
л тәуелсіздігінің алғашқы жылдарының өтпелі кезеңі тас бұғаудан енді босап
шыққан біздің халқымыз үшін оңай болмағандығын айтуға тиістіміз. Кеңес
Достарыңызбен бөлісу: |