Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г.
ӘОЖ 82/821.0(045)
Т.ШАПАЙДЫҢ ӘҢГІМЕ-ЭССЕЛЕРІНДЕГІ ИРОНИЯ
Ә.Д.Қабылов –
ф.ғ.к., Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және
инжиниринг университеті, ф.ғ.к., доцент
Мақалада Т.Шапайдың «Қазақтың жаны» кітабына енген әңгіме-эсселеріндегі иронияның қызметі
сараланады. Ирония – суреткердің философиялық-эстетикалық ойлауының негізгі категориясының бірі,
көркемдік әлемінің ажырағысыз бөлігі. Жазушылар өмір құбылыстарын өзіндік бақылауда, рухани
табыстардың шынайылығын тексеруде ирония мен өзіндік иронияны да пайдаланып отырады. Автор стилінің
маңызды компоненті ретінде ирония әдеби мәтіннің маңызды мағынатүзуші әрі форматүзуші элементі болып
табылады. Иронияның күлкінің түрі, таным мен болмысты бейнелеу формасы ретіндегі ерекшелігі оның
субъективтілік табиғатына байланысты. Ирония құбылыс туралы субъективтік түсінік пен объективтік
жағдайдың сәйкессіздігін бейнелейді. Ирония субъектілік қатынасқа негізделеді, ол кез келген заттар мен
құбылыстарды нысанаға алуға бейім. Ирония тұлғаның пайымдаушылық санасына негізделеді, ол кез келген
нәрсеге, құбылысқа күдікпен қарап, қарама-қарсы жағынан пайымдап, өз субъектісіне айналдыра алады.
Мақалада жазушы шығармаларындағы иронияның қолданыстары нақты мысалдармен дәлелденеді.
Достарыңызбен бөлісу: