Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет221/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   375
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж. 
– 
аңғалсыңдар, бірақ. Социализмнен жеріген біздер, мың-миллиондар, олай ойламаймыз! Біз қазір тек 
Американы сағынамыз! Біз енді ешкімге көнбейміз!» («О, Америка!»). 
Автор  стилінің  маңызды  компоненті  ретінде  ирония  әдеби  мәтіннің  маңызды  мағынатүзуші  әрі 
форматүзуші элементі болып табылады. А.Ф.Лосев пен В.П.Шестаковтың эстетикалық очерктерінде 
иронияны юмор, сатира мен сарказм cекілді күлкі тудырудың жалпы категорияларының қатарында 
атайды:  «Ирония  –  күрделі  эстетикалық  категориялардың  бірі...  Барлық  иронияда  астарлаудың, 
қулықтың  немесе  алдаудың  элементі  жатады.  Қайсыбір  адам  «ирониялайды»  дегенде  оның  таза 
шындықты  айтпағанын,  белгілі  бір  мөлшерде  өтірік  айтқанын,  тыңдаушыларды  адастырып 
отырғанын түсінеміз. Алайда алдаудың бәрі бірдей ирония болмайтыны белгілі. Иронияның алдаудан 
өзгешелігі, ол шындықты бүгіп қана қалмайды, оны ерекше, астарлы түрде айтады» [5,139]. Мұндай 
тұжырым иронияны сатира мен юмордың қатарында күлкі тудырудың құралы ретінде қарастырудың 
дұрыстығына меңзейді.  
Күлкі  категорияларының  бәрі  тұлғаның  шындық  құбылысты  пайымдау  қабілетімен,  оған  өз 
көзқарасын  білдіруімен  байланысты  болады.  Иронияның  күлкінің  түрі,  таным  мен  болмысты 
бейнелеу  формасы  ретіндегі  ерекшелігі  оның  субъективтілік  табиғатына  байланысты.  Ирония 
құбылыс туралы субъективтік түсінік пен объективтік жағдайдың сәйкессіздігін бейнелейді. Ирония 
субъектілік қатынасқа негізделеді, ол кез келген заттар мен құбылыстарды нысанаға ала алуға бейім. 
Ирония тұлғаның пайымдаушылық санасына негізделеді, ол кез келген нәрсеге, құбылысқа күдікпен 
қарап, қарама-қарсы жағынан пайымдап, өз субъектісіне айналдыра алады: «Біздегі өтіріктің бетімен 
кеткені,  бейпіл  кеткені  сонша,  жұнттай  боп  семіріп,  енді  болмаса  жарылып  кетуге  шақ  жүр»;  «Ел 
тұтқаларының құйрығынан ұстатпас өтірік уәделері, базардағы, дүкендегі аспаннан ала салған өтірік 
бағалар, жоғарыдан төменге дейінгі өтірік мақтаулар, өтірік даттаулар, өтірік құрмет, өтірік қуаныш, 
өтірік тойлар.. сізді де өтірікке баулап, тура жолға салып жібергені хақ...» («Өтірік пен түшкірік»); 
«Оңтүстік  Қазақстанда  қара  шегірткені  жаппай  улап  қырып  жатыр.  Бізді  –  жаппай  қысқартып... 
жатыр... Қысқартып жатыр, қысқартып жатыр... Қара шегірткемен және қара халықпен күрес табысты 
аяқталуға жақын...» («Қысқарту»). 
Автор  тура  айтқанда  тұрпайылау  шығатын  кейбір  жайларды  иронияның  сүйемелімен  алып 
шығуға, белгілі бір ұғымның аясында қоғамның алуан мәселелерін қамтып, шебер жеткізуге бейіл. 
Сөзіміз дәлелді болу үшін мәтіннен ұзағырақ үзінді келтіруімізге тура келеді. Мысалы, «О!..О!.. О!..» 
деп аталатын ирониялық әңгімесі былай басталады: «Дүниеде әйел мен еркектің қарым-қатынасынан 
тылсым нәрсе жоқ. Бұл екеуінің арасында тылсымнан да тылсым бір байланыс бар... Иә, ана мәселе... 
Бұл мәселе туралы әлдеқалай сөз бола қалса, біздің артта қалған жабайы елде қысылмайтын, аз да 
болса қызармайтын адам жоқ сияқты еді, біраздан бері, құдайға шүкір, мұның да емі табылды. Бұл 
мәселені  біз  де  барша  алдыңғы  қатарлы  адамзат  тілімен  қысқа  ғана  «секс»  дейтін  болдық.  Рахат! 
Жалған ұяттың шырмауында қанша заман қор болғанбыз десеңізші...» [3,17]. 
Қоғамдық сана мен әлеуметтік көзқараста орын алып отырған кейбір жөнсіз жайлардың терістігін 
тура  түсіндіремін  деп  арамтер  болудың  абырой  әпермейтін  тұстары  баршылық.  Тобырлық  жат 
мәдениеттің  жетегінде  кетіп,  ұлттық  менталитетімізге  оғаш  жағдайларға  ұшырап  жүргенімізді 
«терістікті дұрыстық» деп астармен тәпсірлейтін иронияның көмегімен түсіндіреді: «Секс» дейсіз – 
бітті.  Бәрі  түсінікті.  Өмірді  қиындатып  жүрген  –  өзіміз...  Көшеден  әдемі  қызды  көріп  қалсаңыз, 
суреттеп әуре болмайсыз: «она сексапильная» дейсіз – бітті. Бәрі түсінікті... Жалпы, «сексуальный» 
деген сөз бұл дүниедегі барлық жақсы нәрсеге ортақ анықтама болып шықты. Бұл – кісі деп дәлелдеп 
қара терге түспейсіз, «бұл кісі – өте сексуальный» дейсіз – бітті. Проблема жоқ! Бұл кісінің жақсы 
азамат, тұғырлы тұлға, һәм ерен еркек екеніне ешкім күмән келтірмейді...» [3,17]. 
 
Осы  бір  ұғымның  аясында  қоғамдық  құбылыстардың,  өнердегі  көркемдік  әдістердің, 
қоғамдық-әлеуметтік  топтардың  жайына  талдау  жүргізіп,  өтпелі  кезеңдегі  орнын  көрсетіп  береді. 
Мұндайда  объективтік  ирония  әмбебеп  құрал  ретінде  жұмсалады:  «Постмодернизм  –  әрине,  өте 
сексуальный  құбылыс.  Бірақ,  мұның  алдыңдағы  нақсүйеріміз  соц.  реализм  –  нағыз  еркек  еді  ғой, 
шіркін.  Оның  сексуальдық  тегеуріні  –  тоталитарный  болатын!  Көнбесең...  зорлап  жіберетін. 
Соцекеңің  көзіне  шөп  салуға  болмайтын.  Айталық,  байқамай,  Модекеңмен  (модернизммен)  жай 
әзілдесіп қалсаң да, танымай жүрген әкеңді танып, бір жасап қалатынсың» [3,17].; «Әртістің әулиесін 
«Халық  әртісі»  дейтін  едік.  Енді  «жұлдыз»  деп  әспеттейміз...  Ал  жұлдыздардың  жұлдызын  «секс-
бомба» деп күмпілдететін болып алдық (ал, ендеше!)... Бізде қаншама Халық әртісі бар... Бірақ бірде-
бір  «секс-бомба»  жоқ!  Әлемдік  сексуальдық  деңгейге  әлі  көтеріле  алмай  жатырмыз,  достар! 
Дегенмен, біз, Олжас ағаның айтуынша, әлемдік лексиконға аса құнды бірнеше сексуальный сөздер 
130
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет