Түйін сөздер: «Әдебиет танытқыш», сөз өнері, ағарту, ұйқас, тәрбие, білім.
Тарих сырына, замана қатпарларына, айнала алыс, жақын елдер шежірелеріне көз салып, құлақ
түрген сайын өз халқымыздың да рухани мұрасының жетіп артылатынына көзіміз жетеді. Өзіміздің
төл әдебиетіміздің басқа халықтардан асып түспесе кем емес екендігіне тарих беттеріне өшпес ізін
қалдырған халықтың біртуар азаматтарының еңбектері дәлел болады. Олар қалдырған рухани мұра
әдебиеттер дамуының аса бір мәнді, маңызды заңдылығының туып қалыптасуына себепші болды.
Солардың қатарына қазақ әдебиеттануының темірқазығы, әрі іргелі ғылыми еңбектердің авторы
Ахмет Байтұрсынұлын да жатқызуға болады. Еліміз тәуелсіздік алғалы қазақ әдебиеттану ғылымында
Байтұрсынұлының ғылыми-теориялық еңбектері әр тараптан зерттелініп, кеңінен насихатталуда.
Белгілі тіл білімінің білгірі Р.Сыздық: «Оқу-ағарту идеясы – А.Байтұрсынұлының да қоғамдық
қызметінің арқауы, азаматтық борышының негізі, идеологиялық платформасының тірегі болды. Бұл
платформаны мықтап ұстауға алып келген – оның өз халқының тағдырын ойлаған қам-қарекеті»
[1, 13], –
деп ғалымның халыққа сіңірген еңбегіне жоғары баға береді. А.Байтұрсынұлының қазақтың
ұлт екенін танытатын өзіндік мәдениеті мен әлеуметтік жағдайын айқындайтын тіл екенін түсіндіре
отырып, ұлттық тілді дамытуға барынша үлес қосқанын айтады. Осындай пікірлерді саралай келе,
қазақ әдебиеттануының тарихын, сынын, теориясын қалыптастыруда, барша жұртты оқу-білімге
шақыруда А.Байтұрсынұлы еңбегінің өлшеусіз екендігіне тағы да көзіміз жетеді. Жылдар өтіп, ғасыр
аунаса да ғалымның әдеби-теориялық мұралары өз маңызын жойған жоқ. Бұл тұста ең алдымен
ауызға алынатыны – «Әдебиет танытқыш» еңбегі.
«Әдебиет танытқыш» – қазақ әдебиеттану ғылымы туралы жазылған тұңғыш кітап. Жазылғанына
ғасырға жуық уақыт болса да еңбектің дәл бүгінгі күн тұрғысынан алғанда көкейтестілігі артпаса,
кеміген емес. Ондағы әрбір тақырып, әрбір тарау өзінше құнды, өзінше қуатты. Ғалымның қазақ
әдебиетінің өзіне тән жанрлық формаларын топтап, жіктеп берудегі даналығына таң қаласың.
Автор өз зерттеуінде ең алдымен қара сөз бен дарынды сөзге анықтама береді. «Қара сөз деп осы
ұғым жүйелерінен сөйлейтін әңгімелерді айтамыз. Ұғым жүйесінің табы қара сөздің басы болады.
Қара сөздің табынан түрін айыру керек. Тап жағынан бірге сөз түр жағынан бөлек кетуі ықтимал.
Көптен бері көп жұртта қалыптасқан түрлерін алғанда, қара сөз: 1) әуезе, 2) әліптеме, 3) пайымдама
152
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г.
болып үш салаға бөлінеді», - деп жазады ғалым [2, 397]. Бұдан әрі ғалым әуезеге мынадай анықтама
береді: «Болған уақиғадан бастан аяқ болған түрінде, ретінше мезгілін, мекенін көрсете мазмұндап,
мағұлмат беру әуезе болады» [2, 397]. Әуезені іштей мәлімдеу, мазмұндау, қорыту деп үшке бөліп
көрсетеді. Әуезенің тарауларына шежірені, заман хатты, өмірбаянды, мінездемені, тарихты және
тарихи әңгімені жатқызады да, әрқайсысына анықтама беріп, өзіндік дәлелдемелер келтіреді.
Сонымен қатар, әліптеме туралы былай деп жазады: «Бір нәрсенің тұрпатын реттеп айтып, әлібін
суреттеп шығару әліптеме болады. Дүниедегі түрлі нәрселердің, түрлі адамдардың, түрлі күйлердің
бәрін де әліптеуге болады» [2, 400]. Әліптеудің екі түрін көрстеді. Олар: пәнді әліптеу, сәнді әліптеу.
Пәнді әліптеу дегеніміз, автордың көрсетуінше, «нәрсені пән мақсатымен алып, дәлдеп әліптеп, сыр-
сипатын дұрыс танытып, нәрсе туралы дұрыс ұғым беру үшін істеледі» [2, 401]. Ал, сәнді әліптеуде
сондай белгілерін алу әліптеушінің көздеген өз мақсаты бойынша болатындығын айтады. Автор
пайымдау туралы да терең ғылыми пікір айтады: «Көсе сөзбен жазылған шығарма бір пікірді қуаттап,
толықтырып баяндаса, баяндауын түрлі сипаттармен дәлелдесе, ондай шығарма пайымдама деп
аталады» [2, 401]. Осындай қорытындыға келе отырып автор – әуезе мен әліптемемен, түрлі
сөздермен дүние әңгімесінің бітпейтіндігін айтады. Дүниедегі нәрселердің барлығын, олардың қалай
өмір шегетінін танумен білім тамам болмайды. Өйткені, дүниедегі нәрселедің бәрі сабақтас, іліктес,
құрмалас болып келеді деген қорытынды жасайды.
А.Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқыш» еңбегінде тіл, сөз өнері, шығарма дегеніміз не деген
сұрауларға да тоқталып, ықшам, толық, дәл анықтама береді. Автор сөз өнері ғылымын: 1)
шығарманың тілінің ғылымы; 2) шығарманың түрінің ғылымы деп екіге бөліп қарайды. Тіл өңі
жағынан тіл я лұғат қисыны деп, мазмұн жағынан қара сөз жүйесі, дарынды сөз жүйесі деп екіге
бөледі. Зерттеуші сөз өнерін үй қалау өнерімен өте қисынды салыстыра көрсетеді де, сөз талғау
орайында шығарма тілі екі түрлі болатындығын айтады, олар – біріншісі – ақын тілі, екіншісі
әншейін тіл. Сөз дұрыс болу үшін түрлі жалғау, жұрнақ, жалғаулықты жақсы білу, өз орнында
тұтыну, дұрыс есептеп, сөйлемдерді дұрыс орналастыру, құрмаластыру керек екендігі алға қойылады.
Өз еңбегінде фольклорлық, әдеби текстерді талдаудың, жанрлық түрлерге ат қойып, анықтама
берудің тамаша шебері, әдеби дамудың болашағын көрсете алатын асқан сыншы, өмір, қоғам, адам
табиғаты жөнінде терең пікір толғайтын ұлы ойшыл екендігін дәлелдейді.
«Әдебиет танытқыш» еңбегі – ұлттық әдебиеттанудағы тұңғыш теориялық еңбек десек, оның әр
бөлімі мен тарауында ғалым сөз өнерінің күрделі болмыс-бітімін саралау барысында Абай поэзиясын
мысалға ала отырып терең талдаулар жасайды. Ахметтанушы ғалым Р.Нұрғали қазақ әдебиетінің
дамуына, әсіресе әсері күшті болған Абай шығармалары екенін, сындар дәуірдің басы Абайдан
басталатынын кесіп-пішіп тиянақтайды. А.Байтұрсынұлының біз қарастырып отырған еңбегінде өлең
сөздің күрделі табиғатына қатысты құнды пікірлер айтылып, ұлттық әдебиеттануда қолға алуды
қажет ететін теориялық мәселелер өз шешімін таба білді. Ол өлең құрылысындағы орналасу тәртібіне
орай ұйқасқа ат қою, атау тудырып қалыптастыру десек, осынау маңызды істің алғашқы ғылыми
мәселелері «Әдебиет танытқыштан» бастау алды. Атап айтқанда, зерттеуші ұзын тармақты ұйқастың
азат ұйқас, аралатпа ұйқас болып келетіні туралы пікір білдірді. Ғалым жер жүзі жұрттарының
тілдеріндегі шығармалардың бір-біріне ұқсас болып келу себептерін тұрмыс-салт, өмір-тіршілік
ұқсастығынан туатындығын кеңінен дәлелдейді. Адамзаттың балалық шағындағы табиғат
құбылыстарын кереметке жору, жоққа илану, дәу, пері, жезтырнақ, жалмауыз секілділерден қорқып,
пері-періштеге, аруаққа сену салдарынан туған шығармаларға баға береді. Жазу-сызу жоқ дәуірде
туған жырлардың ауыздан-ауызға, заманнан-заманға көшуі, батырлар жырының бір адамның сөз
болудан шығып, мың адамдікі, жұрттыкі, ұлттыкі болу себептері айтылады. «Қобыланды батыр»,
«Алпамыс батыр» сияқты жырлар мысалға алынады. Ертегі секілді ескі сөздердің әркім өзгертіп, өң
беріп, құбылтуына орай жалпылық сипат алатынын түсіндіреді, олардың неге халық шығармасы,
халық әдебиеті есептелетінін анықтап береді.
Батырлар жырының азайып бара жатқанын автор қазақ арасында сауықтың кемігенімен
сабақтастырып, олардың бірте-бірте өлең түрінен айырылып, ертекке айналатынын, рухы, көркі
жоғалып, құр сүлдесі қалатынын ескертіп, сондықтан жыршылар жоғалмай тұрғанда батырлар
жырын жазып алуды ел ішіндегі азаматтардың халық алдындағы борышы деп көрсетеді.
«Қарақыпшақ Қобыланды батыр», «Нәрікұлы Шора», «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын», «Ер Сайын»,
«Едіге», «Қамбар» сияқты жырлар қазақ арасында көп айтылатын жырлар ретінде көрсетіледі.
Академик Р.Сыздық өзінің «Ғылыми таным үзіктері» атты еңбегінде: «А.Байтұрсынұлының оқу-
ағарту ісі мен білім-ғылым саласында істеген қызметі теңдесі жоқ феномендік құбылыс болды дей
153
|