Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет248/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   375
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г. 
жазушының  үш  көлемді  шығармасы  «Ситуация»,  «Бесатар»,  «Адасқақ»  повестерін  алайық. 
Үшеуіндегі негізгі кейіпкер, обьект «Бектұров», «Сәруар», «Біржан» сияқты көзі ашық, зиялы қауым 
өкілдері,  тегін  адамдар  емес.  Бірақ,  үшеуі  де,  автордың  суреттеуі  бойынша,  қазақ  танымындағы 
идеалдар, толық адамдар емес. Ғалым Әуезхан Қодар айтқандай: «ол өзінің кейіпкерін әйгілі Данте 
шығармасындағыдай «тозақтың тоғыз шеңберінен» өткізеді, көп иллюзиядан арылтып, көп нәрсеге 
көзін ашады», соның нәтижесінде кемел образ, толық адам жасайды. Сонау Әл-Фарабиден басталған 
ақылды  жүрек  басқаруы  керек  деген  ұстанымның,  Абайда  көрініс  тапқан  «толық  адам»  ілімінің, 
Асқар  Сүлейменов  шығармаларында  қайтіп  жүзеге  асқандығын,  сол  толық  адамға  жету  жолын 
көреміз,  оның  мүмкін  екендігіне  көзіміз  жетеді.  Себебі,  ол  кейіпкерлерін  таза  реалистік  қалыпта, 
барлық  артықшылықтарымен,  кемшіліктерімен  қабылдап  алады  да,  әртүрлі  ситуацияларға  салып, 
оқиға  соңында  шынайы  романтикалық,  қазақ  танымындағы  идеал  бейнені,  толық,  кемелденген 
адамның образын жасайды, адам күш-жігерінің, ар-ұятының, жылы жүрегінің жеңетініне сендіреді, 
адамның жеңетініне сендіреді. [2.] 
Қорыта  айтқанда,  «Асқар  Сүлейменов  әдебиеті  қандай  әдебиет,  оның  шығармашылығы  не 
туралы?»  -  деген  сауалға,  «Оның  әдебиеті  адамның  жеңісі,  адамгершіліктің  жеңісі,  адам  күш-
жігерінің  жеңісі  туралы.  Оның  шығармашылығы  адамның  кемелдену  процесі  туралы.  Ал,  оның 
әдебиеті  «кемелдену  әдебиеті» [4] -  дер  едік.  А.Сүлейменов  шығармашылығы  –  осындай  құнарлы 
құйындардың  бірі  және  бірегейі.  Өйткені,  ол  қазақ  сөзіне  жан  бітірді,  оның  дүниетанымдық, 
интеллектуалдық қуатын барынша ашып, көркем сөздің философиялық астарына үңілді. Оған ойшыл 
жазушының қаламынан туындаған өзге де пьесалары, жалпы алғанда, кез келген шығармасы куә.  
 

Ә.  Бөпеданова  «Парасат  падишасы»  Асқар  Сүлейменов  туралы  естелік  кітап  –  Алматы:  Атамұра, 
1998-
336 б. 

http://www.abai.kz
   

Жұлдыз журналы «Асқар әлемінен бір үзік сыр» 2015 №1-12 б. 

Сүлейменов  А. Бесін. – Алматы: Жазушы. 1970 

Сүлейменов А. Бесатар. Повестер мен әңгімелер – Алматы: Атамұра, 2009-352 б. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет