Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет251/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   375
 
 
УДК: 37.016: 821.512.122 
А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ «ӘДЕБИЕТ ТАНЫТҚЫШ» ЕҢБЕГІНІҢ ҒЫЛЫМИ-
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
Қыдырбай М.С - Абай атындағы ҚазҰПУ 6М011700 – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының                        
1 курс магистранты, 
moldir_kydyrbai@mail.ru
 
Ғылыми жетекші: Бораш Р.Б – п.ғ.к. Абай атындағы ҚазҰПУ филологиялық пәндерді оқыту 
әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы
borash62@mail.ru
 
 
Мақалада «Әдебиет танытқыш» еңбегіндегі айтылған ойлардың тереңдігі мен дәлдігі, автордың сыншылдық 
келбеті  мен  әдебиетшілік  көзқарасы  жан-жақты  ашылып,  толық  дәлелденеді.  Еңбектің  ешқашан  да  маңызын 
жоймайтын, нағыз құнды дүние екендігі айтылады. Ұлттық әдебиетттану ғылымында қазіргі біздің қолданып 
жүрген  негізгі  терминдер  мен  категориялар,  ұғымдардың  қазақша  өте  дәл,  ықшам,  оңтайлы  баламаларының 
басым  көпшілігі  тұңғыш  рет  осы  зерттеуде  жасалғанын  айтпай  кетуге  болмас.  Бұл  ретте,  Ахмет 
Байтұрсыновтың  тіл  терминдерін  жасаудағы  кемеңгерлігі  мен  данышпандығын  басты  назарға  алу  керек. 
Ғалымның педагогикалық мұраларын зерттеген сайын, ешкімге ұқсамайтын дара тұлға екендігін көреміз. Оның 
артына  қалдырған  асыл  мұралары  жылдар  өтіп,  ғасырлар  аунаса  да  өз  асылдығын  жойған  емес.  Халық 
перзентінің ұлттық мәдениетіміз бен өнеріміздің дамуына қосқан үлесі, педагогикалық ой-пікірлері әлі де болса 
талай ғылыми зерттеу жұмыстарына арқау болары сөзсіз. Өйткені, ХХ ғасырдың басындағы педагогикалық ой-
пікірлердің  даму  тарихы  және  олардың  бір-бірімен  үндестігінің  тарихи  мәнінің  жас  ұрпақ  тәрбиесіне  берер 
пайдасы  мол.  «Әдебиет  танытқыш»  еңбегі  әдебиет  зерттеушілеріне,  ұстаздар  мен  білім  алушыларға  бағыт-
бағдар  сілтейтін  құнды  дүние.  Мақалада    ғалым  жазған  еңбектің  тәрбиелік  мәні,  болашақ  мамандарға 
таптырмас құрал екендігі кеңінен сөз болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет