Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет253/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   375
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж. 
аламыз. А.Байтұрсынұлы жасаған терминдер – білім-ғылым саласының «бұйымдары», – деген құнды 
пікір айтады [3//26]. Ұлт перзентінің этнолингвист ғалым болғандығын да дәлелдеп көрсетеді. Қазақ 
тіл білімінің іргетасын қалаушы ғалым Ы.Алтынсариннен кейінгі еңбегі ерекше ағартушы педагог, 
сөз құдіретін танытқан тамаша ақын, баспасөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, 
туған халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған мәдениет қайраткері болғандығын баса 
айтып, әділ баға  береді. Зерттеушінің А.Байтұрсыновты қазақ тілі білімінің іргетасын қалаушы және 
мықты  ғалым  деп  айтуында  ерекше  ақиқат  бар.  Оны  ғалым  А.Байтұрсынұлының  1929  жылы  1 
мамырда өз қолымен жазған  өмірбаяны арқылы дәлелдейді. 
 
«1901  жылдардан  бастап  бала  оқытқан  кездерден  бос  уақыттарымда  өз  бетіммен  білімімді 
толықтырдым,  әдебиетпен  шұғылдандым.  Ал  Орынборға келгеннен  кейін  ең алдымен қазақ  тілінің 
дыбыстық  жүйесі  мен  грамматикалық  құрылысын  зерттеуге  кірістім.  Одан  кейін  қазақ  алфавитін 
және емлесін ретке салып, жөндеу жолында жұмыс істедім. Үшіншіден, қазақ жазба жұмысын бөгде 
тілді  қажетсіз  сөздерден  арылтуға,  синтаксистік  құрылысын  өзге  тілдердің  (жағымсыз)  әсерінен 
тазартуға  әрекеттендім.  Төртіншіден,  қазақ  прозасын  (яғни  іс  -  қағаздар  тілін,  публицистика  мен 
ғылыми  тілі)  жасанды  кітаби  сипаттан  арылтып,  халықтың  сөйлеу  тәжірибесіне  икемдеу  үшін, 
ғылыми терминдерді жасауға кірістім және стильдік өңдеу үлгілерін көрсетумен –  шұғылдандым», – 
деп жазады деген фактіні келтіреді.  Ғалымның  бұл  сөздерінен  біз  көптеген  деректерді  байқаймыз. 
Олар: 1.Бала оқытып, бос уақыттарында өз бетімен білімін көтергенін; 2.Қазақ тілі дыбыс жүйесін 
және  оның  грамматика  құрылысын  зерттегенін;  3.Қазақ  әдеби  тілін  қалыптастырғанын,  бөгде, 
қажетсіз сөздерден арылтқанын;  4.Қазақ әдеби тілі синтаксисіне ерекше көңіл бөлгенін; 5.Іс-қағаздар 
тілін,  публицистикасын,  ғылыми  тілін  халықтық  сөйлеу  тілімен  өңдегенін;  6.Ғылыми  терминдер 
жасағанын;  7.Стильдік  өндеу  үлгілерімен  шұғылданғандығын;  8.  Ғылым  жолында  қазақ  тіл  білімі 
іргетасын қалағандығын анық байқаймыз.  
Ағарту  саласында  анық  мұқтаж  болып  отырған  бағыттарда  атқарған  қыруар  еңбегі 
А.Байтұрсынұлының  тарихи  тұлғасын  тұғырландыра  түседі.  Ғалым  өз  мақсат-мұратын  мына  өлең 
жолдарында да білдіреді: 
                             
Адамдық диқаншысы қырға шықтым, 
                             
Көлі жоқ, көгалы жоқ қорға шықтым. 
                                      
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім, 
                                 
Көңілін көгертуге құл халықтың [4, 25]. 
Иә, осы өлең жолдары оның бүкіл өмірінің эпиграфы іспеттес. Ол –  ақын, жазушы, аудармашы, 
публицист,  қоғам  қайраткері,  ағартушы,  этнограф,  фольклорист,  түркітанушы,  әдебиетші,  тілші, 
ғалым.  Бір  бойына  бірнеше  қасиеттерді  сіңірген  жан.  Оның  бүкіл  еңбегінің  мәнін  бір  ауыз  сөзге 
сыйғызып айтар болсақ, ол – ұстаз, халық ұстазы. 
Ғалымның еңбектері  белгілі  қағидаларды қазақша  сөйлетіп  қана қоймай, оларды  қазақ асыл  сөз 
мәтіндерімен дәлелдеп беруімен де құнды. Еңбектер сол кезеңдегі өскелең қауымға керекке жарады. 
Оқушылардың  әдеби  білімі  мен  талғамын  өсіруге  өз  септігін  тигізе  білді.  Күні  бүгінге  дейін 
А.Байтұрсынов  еңбектерінің,  әсіресе,  «Әдебиет  танытқыш»  еңбегінің  әдебиеттану  ғылымы  мен 
практикасы үшін аса маңызды екендігі, көпшілік қауымның сұранысына ие болып отырғандығы анық 
ақиқат.  «Әдебиет  танытқыштың»  құндылығына  жан-жақты  тоқтала  келе,  әдебиет  сыншысы 
Т.Кәкішев:  «Мұндай  еңбек  бізде  бұған  дейін  де,  бұдан  кейін  де  қайталанған  жоқ.  Ол  –  әдебиет 
теориясы  мен  әдебиеттану  ғылымының  міндет-парызын  қатар  атқарып,  біздің  алдыңғы 
ағаларымыздың эстетикалық сауатын ашуға мұрындық болған жүйелі оқулық. Ондағы анықтамалар 
мен терминдердің өзі күні бүгінге шейін біздің ғылыми аренамыздан орын алатын құнды қағидалар 
мен  атаулар.  Көркемдік  әлеміндегі  сөз  өнерінің  сай-саласын  ұғындыратын  «Әдебиет  танытқыш»  – 
қазақ әдебиеттану ғылымының негізін қалаған өміршең қондырғы-фундамент», –  деп жазады. Осы 
тұста Т.Кәкішұлының Ахмет Байтұрсыновты дәрежесі мен деңгейі биік ұстаз көретіні аңғарылады. 
Жас ғалым А.Оспанова: «ХХ ғасырдың басындағы қайшылығы мол күрделі ақиқатты тану жолында 
елеулі  көзқарас  жүйесі  бар  Т.Кәкішұлы  А.Байтұрсынұлының  азаттық  мұраттар  бағытындағы  күрес 
ұстанымының даралық сипаттарын атап айтуында кезеңдік жалпы ағымға ілесе кетіп сөйлеген көп 
зерттеушіден  ауылы  шалғай  ақиқаттарға  сүйеніп  отырды»  [5// 77], –  деген  пікір  айтады.  Бұл 
Т.Кәкішұлының  А.Байтұрсыновтың  ұлт-азаттық  жолындағы  күрес-мұратымен  астасқан  жеке  бас 
тағдырындағы  әрбір  әрекетін,  шығармашылығы  мен  зерттеу  жұмыстарын  әркез  назардан  тыс 
қалдырмай, болашақ ұрпаққа дәріптеуші бірден бір тұлға екендігінің айғағы. Осындай тұлғалар көп 
154
 


Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г. 
болса, А.Байтұрсынов есімі ешқашан да, ешуақытта да санамыздан өшпейді. Қайта, жыл өтіп, ғасыр 
аунаған сайын өз асылдығын жоймай, жарқырай түседі. 
Бір  сөзбен  айтқанда,  А.Байтұрсынұлы  еңбегінің  негізгі  идеясы  –  жастар  тәрбиесін  құрғақ  сөз, 
«таусылмайтын»  ақыл-кеңеске  емес,  үлгі-өнегеге,  ғибратқа  негіздеу.  «Әдебиет  танытқыштың» 
тәрбиелік мәнін зерделей келе, болашақ мамандарды тәрбиелеу, білім мен білікті қалыптастырудағы 
мүмкіндіктерінің мол екендігіне көзіміз жетті. Бұл еңбек әдебиет зерттеушілеріне, ұстаздар мен білім 
алушыларға бағыт-бағдар сілтейтін таптырмас құрал. Сол себептен де оқу құралдарында «Әдебиет 
танытқыштағы»  әдебиет  теорияларын  назардан  тыс  қалдырмай,  ғалым  қалдырған  мол  мұраны 
ұрпақтан-ұрпаққа сол қалпында жеткізу қажет екенін естен шығармағанымыз абзал. 
 
1   
Ойсылбай  А.Т.  Ахмет  Байтұрсынұлы:  «Әдебиет  танытқыштағы»  қазіргі  әдебиет  теориясы/ 
Монография. – Алматы: Елтаным, 2015. – 200б.  
2   
Байтұрсынов  А.  Әдебиет  танытқыш:  Зерттеулер  мен  өлеңдер  /Ахмет   Байтұрсынов.  –  Алматы: 
Атамұра, 2003. – 206 б.                                            
3   
Қасенов Е.С. Ахмет Байтұрсынұлы еңбектеріндегі терминология мәселелері// Абай атындағы ҚазҰПУ 
Хабаршысы. – «Филология» сериясы, №3 (45), 2013 ж. 
4  
Байтұрсынов 
А. 
Ақ 
жол: 
Өлеңдер 
мен 
тәржімелер, 
мақалалар 
және 
әдеби                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    
зерттеулер. – Алматы: Жалын, 1991. – 469 б.  
5   
Кәкішев Т. Санадағы жаралар. – Алматы: Қазақстан, 1992. – 264 б. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет