ӘОЖ 821.512.122(091) БАЛАЛАР ФОЛЬКЛОРЫНДАҒЫ ОЙЫН ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ЖАНРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ Сартбаева Д.Қ. - Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, ф.ғ.к., доцент dudarai-d@mail.ru
Мухамеджанова А.Б.-Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің
қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша РҺD докторанты ayimzhan86@mail.ru
Тинейбаева А.М.- Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің
қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша РҺD докторанты vasteras1987@mail.ru
Аңдатпа: Бұл мақалада фольклорлық принциптi ұстанып негiзiнен поэтикалық жүгi басым ойындарды
қамтуға тырыстық. Балалар ойынының поэзиялық өрнегіне, фольклорлық мән-мағынасына тоқталып,
балалардың қимыл-қозғалыс ойындарына, ойынның басталуына, жүргізілуіне, аяқталуына байланысты
айтылатын өлеңдер, және балалар өлең сөзін ойынға айналдыруы, сол арқылы тапқырлық, ұтқырлық сияқты ой
жарысына түседі. Мұндай ойындарды ғылымда «балалардың рөлдi ойындары» (детские ролевые игры) деп атау
қалыптасқан. Яғни бiздiң де мiндетiмiз балалар ойын фольклорын тұтастай қарастыру емес, оның тек
поэзиялық мәтіндермен көмкерiлiп келетiн түрлерiн ғана назарға алып, ондағы өлеңнiң мiндетiн анықтау,
өзiндiк ерекшелiктерiн саралау болып табылады, сондықтан да өз зерттеуiмiздi ойын iшiнде келетiн өлеңдердiң
поэтикалық сипаттарына негiздеп, ол өлеңдердi ойын өлеңдері деп атадық.