Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г.
өзіндік ерекшеліктері бар. Осы сипаттарына қарай бұл өлеңдерді фольклоршылар мынадай ішкі
жанрлық түрлерге жіктеп жүр: Ойынға шақыру өлеңдері. Қаламақ. Санамақ. Драмалық ойындар.
Ойынқұмар ауыл балалары өз серіктерін іздеп бірін-бірі ойынға шақырады. Балалар көп жағдайда
бір-бірін өлеңмен де шақырады. Ол өлеңдерді балалар жеке-жеке де, хормен де дауыстап айта береді.
Өлеңнің мазмұны көбіне баланы ызаландырып, шамына тиіп қалайда ойынға шығаруды көздейді.
Сондықтан мұндай өлең түрлерін - ойынға шақыру(голосянки) өлеңдері деп атаймыз. Ал балаларды
ойынға шақырып көрейік:«Айдағаным торпақ, ала тайым жортақ. Кім ойынға шықпаса, қоян жүрек
қорқақ», «Әуеде ұшқан алты қаз, атайын десем оғым аз. Егер ойынға келмесе, пәленшенің басы таз»,
«Сәуле бізбен дос, қолы күнде бос. Добын ала шығады, дарбазасын жаба шығады».
Балалар ойынының басталуында да өлеңнің атқарар рөлі зор. Көпшілік ойындардың ойнау шарты
бойынша балаларға екі топқа бөлінуге тура келеді. Мұндай жағдайда балалар әр түрлі тәсілдер
қолданады. Осындай тәсілдің бірі – қаламақ арқылы жіктелу. Ойын алдында балалар екі жетекші
сайлайды, содан соң екі-екіден жұптасып, өздеріне жасырын ат қояды. Сол жасырын ат бойынша екі
жетекшіден кезек-кезек қалауын сұрайды. Аты айтып тқрғандай мұндай өлең түрі- қаламақ
(жеребьевки) деп аталады. Мысалы, «аспандағы жұлдыз керек пе, судағы құндыз керек пе?» деп
сұрайды. Жетекшінің бір «судағы құндыз» немесе «аспандағы жұлдыз» дейді. «Құндыз бала» немесе
«жұлдыз бала» сол жаққа шығады. Осылайша олар екі топқа бөлінеді.
Санамақтар(считалки) балалар ойындарын бастауда басты рөл атқарады. Бұл жанрдың тәлімдік
мәні өте зор. Ең алдымен ұйқасты өлеңдер баланың поэзияға құмарлығын арттырып, әдемі сөйлеуге
дағдыландырады. Жаттау қабілеттерін, танымдық ой-өрісін дамытады.Бір-дегенім, білеу. Екі -
дегенім, егеу. Үш - дегенім, үскіл. Төрт - дегенім төсек. Бес - дегенім бесік. Алты - дегенім, асық.
Жеті - дегенім, желке. Сегіз - дегенім серке. Тоғыз - дегенім торқа. Он дегенім - оймақ. Он бір- қара
жұмбақ.
Санамақ тәртібін бұзбай айту баланы сергектікке, байқампаздыққа, турашылдыққа баулиды.
Санамақтар көп жағдайда «сен тұр, сен шық», «сен кір, сен шық» деген тәрізді белгілі тіркестермен
аяқталады.
Ойын өлеңдерінің ендігі бір түрі - драмалық (рольді) ойындар. Ойын(«Айгөлек», «Ақсүйек», «Ақ
серек, көк серек», «Үй артында қол ағаш», «Соқыр теке»,«Асау мәстек» т.б. ) өлеңдерінің шартты
белгісі – олардың орындалуының ойындық шартты әрекеттермен міндетті түрде қабысып
келуінде.«Ақсерек-көксерек» ойыны. Ептілікті қажет ететін қызықты ойындардың бірі. Ойынның
шарты бойынша балалар екі топқа бөлініп, араларын жиырма қадамдай ашып, тізіліп, қол ұстасып
тұрады. Бірінші топ:
Ақсерек,
көксерек,
Шауып алдым бәйтерек.
Ақсерек, көксерек,
Бізден сізге кім керек? – деп хормен сұрайды. Келесі топ жауап береді:
Ақсерек, көксерек,
Сізден бізге … (баланың аты) керек.
Аты аталған бала жүгірген күйі қарсы топтың ұстасып тұрған қолдарын үзіп өтуі керек. Үзсе, сол
топтың бір баласын өзімен ала келеді, ал үзе алмаса, сол топта қала береді. Қай топта бала көп болса,
сол топ жеңеді. Балалар ептілікке, бірлікке, тобы үшін намыстанып, жеңіске талпынуға үйренеді.
Дене тәрбиесі, сергіту сәттерінде пайаланылады. Кейде сабақтарымда бұл ойынның сәл өзгертілген
түрі пайдаланамын. Дәл солай екі топқа бөлінеді. Бірінші топ сөздерін айтады. Аты аталған бала сол
топтың сұрақтарына жауап беруі не тапсырмаларын орындауы тиіс. Орындай алмаса, сол топқа өтеді
не өнерін көрсетеді . Бала тапсырманы қызыға орындайды.
Өлең ойындар(песни-игры)сөзге, өлеңге негiзделiп құрылады. Балалар диалог арқылы сөз
қақтығысына, ой жарысына түседi. Сөзбен ойнай жүрiп тiлдерiн сындырып, қиялдарын ұштайды,
бiлiм-бiлiктерiн байытады, түрлi дағдылар қалыптастырады. Мұндай өлеңдердi М.Н.Мельников
«ермектiк фольклор» «потешный фольклор»[3,98] деп топтастырады, бұл орайда ол Г.С.Виноградов
жiктеуiн негiзге алады. Ал, Э.С.Литвин «сөздiк ойын өлеңдерi» («песни словесные-игровые»)[3,86]
деп топтауды жөн көредi . А.Сафаров болса бұл топтағы жанрлық түрлердi «Сөз – ойындар»-(«суз
уйынлар»)[3,112] деп атайды. Басқа зерттеушiлерде бұл өлеңдердi арнайы топтастырмағанмен,
олардағы ойындық элементтердiң басымдығын жоққа шығармайды. Бiрақ жанрлық түрлердi қай
топқа жатқызу жөнiнде бiрiздiлiк байқалмайды. Мәселен, тәжiкелесудi (поддевки) зерттеушiлердiң
барлығы да ойындық фольклорға қосса, жаңылтпашты (скороговорки) бiреулер ойындық фольклорға
157