Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»


ПЕДАГОГИКА МЕН ӘДІСТЕМЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет278/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   375
ПЕДАГОГИКА МЕН ӘДІСТЕМЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
ПРОБЛЕМЫ ПЕДАГОГИКИ И МЕТОДИКИ 
 
 
Ж.ЖАБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ-ТӘЛІМ ТӘРБИЕ ӨЗЕГІ 
 
Б. Сманов-  
ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, 
Халықаралық Ш.Айтматов академиясының академигі, 
педагогика ғылымдарының докторы, профессор,  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі 
 
Бұл мақалада  Жамбыл  Жабаевтың өмірі мен шығармаларының  зерттеу мәселелері қарастырылады. Қазақ 
орта мектебіндегі жоғары сыныптарға арналған ұлы ақынның шығармалары негізінде талдау сабағының жүйесі 
ұсынылады. Мектепте оқып-үйрену үшін қазақ әдебиеті пәнінің оқу бағдарламасында Жамбылдың тілі жатық, 
оқуға  жеңіл,  әрбір  сыныптағы  шәкірттің  ой  орамына  сай,  оқушы  қиялын  ұштайтын,  мәнді  де  мағыналы 
шығармалары  іріктелген.  «Өтеген  батыр»  дастанынан  үзінді,  «Жаныс  ақынға»,  «Патша  әмірі  тарылды», 
«Сұраншы  батыр»  дастанынан  үзінді,    «Кәдірбайдың  төбеті»,  «Шағым»,  «Ата  жаумен  айқастық»,  «Жайлау», 
«Ленинградтық  өренім»,  «Балама  хат»,  «Аттандыру»,  «Алғадай  туралы  ойлар»  шығармаларын  оқытудың 
рекшеліктері сарапталады. 
 
Ұлттық әдебиетіміздің белді тұлғаларының бірі саналатын, «ХХ ғасырдың Гомері» атанған атақты 
суырыпсалма  ақын  Ж.Жабаев  шығармашылығын  жалпы  білім  беретін  орта  мектепте  оқытуға  оқу 
бағдарламасы бойынша  арнайы 1-2 сағат көлемінде уақыт бөлінеді. 
Француздың ұлы жазушысы Ромен Роллан: «Жаңа адамзаттың жыршысы» деп бағалаған Жамбыл 
шығармаларымен жас жеткіншектер төменгі сыныптардан бастап-ақ таныса бастайды. 
Олар  төменгі  сыныптарда  «Өтеген  батыр»  дастанынан  үзінді,  «Жаныс  ақынға»,  «Патша  әмірі 
тарылды»,  «Сұраншы  батыр»  дастанынан  үзінді,    «Кәдірбайдың  төбеті»,  «Шағым»,  «Ата  жаумен 
айқастық», «Жайлау», «Ленинградтық өренім», «Балама хат», «Аттандыру», «Алғадай туралы ойлар» 
шығармаларын оқып үйренеді. 
Бастауыш сыныптарда мұғалім көркем шығарманы саналы меңгерту үшін оқушыларды кітаппен 
жұмыс  істей  білуге  дағдыландырады.  Сондай-ақ  олардың  кітапқа  құмарлығын  арттыру,  оқу 
материалдарының негізінде қоршаған орта туралы алғашқы көзқарастарын қалыптастыру, оқушының 
ой-өрісін жетілдіру сияқты мәселелерге көңіл аударады. Әліппеден қазақ әдебиетіне дейінгі аралықта 
әдеби  мәтіндер  мен  көркем  шығармаларды  игеру  нәтижесінде  шәкірт  табиғат,  оның  құбылыстары, 
жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділетсіздік, әлеуметтік мәселелер, адамдар арасындағы қарым-
қатынастарды байқап, жақсыдан үйренерлік, жаманнан жиренерлік ғибрат алады. 
Мектепте  оқып-үйрену  үшін  қазақ  әдебиеті  пәнінің  оқу  бағдарламасы  бойынша  жыр  алыбы  – 
Жамбылдың  тілі  жатық,  оқуға  жеңіл,  әрбір  сыныптағы  шәкірттің  ой  орамына  сай,  оқушы  қиялын 
ұштайтын, мәнді де мағыналы шығармалары іріктелген.  
Жоғары  сыныптарда  мұғалім  әрбір  сабағында  бағдарлама  талабына  орай  әдебиет  пәнін  оқыту 
мақсаттарының бірі – шығарманың көркемдік қуатын, стилін, ақынның поэтикалық шеберлігін, сөз 
өрнегін,  шығарманың  образдылығы  мен  оның  атқарып  тұрған  идеялық-эстетикалық  қызметін 
оқушыға жете меңгертуге күш салады.  
Бұл  арада  ұстаз  Жамбыл  шығармашылығының  тілге  тиек  ететін  ерекше  белгілерін  ойда  ұстауы 
қажет. Мұнда ең алдымен ауыз толтыра айтатынымыз – ақынның ерен елжандылығы мен халықтар 
достығының жалынды жыршысы болғандығы.  
Жасыратыны  жоқ,  патриотизм  мен  халықтар  достығы  тақырыбы  ұлттық әдебиетіміздің кеңестік 
кезеңінде ерекше кең өркен жайды. Өйткені, әрбір қоғам мүшесін, жас жеткіншекті, жаңа адамды сол 
кездегі  социалистік  Отан  үшін  кеңестік  патриотизм  рухында,  пролетарлық  интернационализм  – 
барлық ұлттар мен халықтарды құрметтеу рухында тәрбиелеу ол тұстағы мемлекеттік саясаттың алға 
қойған негізгі мақсаттарының бірі болатын. Кеңестік қоғам осынау қызыл саясаттың игілікті жемісін 
көрді де. Бұл – аттап өте алмайтын, айтпай кете алмайтын тарихи шындық. Бұған тоқталып өтпеу, 
оны бүгінгі егемен елдігімізбен ұштастыра сараламау – өткен өмірімізге, болған тарихымызға қиянат 
жасағанмен бірдей болып есептеледі.  
173 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет