Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет57/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   375
Түйін  сөздер:  «Мәңгілік  Ел»  идеясы,  жаһандану,  ұлттық  құндылықтар,  қазақ  тілі,  білім  беру 
тенденциялары, қағида, оқыту әдістемесі. 
 
Тіл,  Ғабит  Мүсіреповше  айтсақ,  «халықтың  мәңгілігінің  мәңгілік  мәселесі».  Бұл,  әсіресе, 
қазіргідей  жаһандану  өріс  алған  қоғамда  өткірлене  түсуде.  Сондықтан  да  2012  жылғы  Президент 
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа 
саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында  тіл  мәселесіне  ерекше  көңіл  бөлінді  [1].  Бұл 
құжатта  ел  келешегінің  кемелділігіне  тұғыр  болар  аса  маңызды  идея  көтерілді.  Ол  –  «мәңгілік  ел 
болу»  идеясы.  Дәл  осы  құжатта  бұл  идеяны  жүзеге  асырудың  тегеурінді  тетігі  негізделді.  Ол  – 
мемлекетшілдік рух қалыптастыру туралы тұжырым. Осы тетіктің қозғаушы күші де  анықталды. Ол 
– 
мемлекеттік  тіл.  Мемлекеттік  тілдің  мәртебесін  көтерудің  шарты  көрсетілді.  Ол  –  ұлттық 
интеллигенцияның  тілге саналы көзқарасы мен жауапкершілігін күшейту.  Ұлт болашағына қызмет 
етудің бірден-бір көрсеткіші де,  Қазақ мемлекетінің іргетасын бекітуге мүдделілігінің берік  дәлелі 
де ұлт зиялыларының  мемлекеттік тілге қатынасы екендігі тайға таңба басқандай айқын айтылды. 
Әлбетте,  тіл  мәселесі  қашан  да  мемлекеттік  стратегиялық  мәні  зор  құжаттарда  бұған  дейін  де 
назардан  тыс  қалмайтын.  Әйтсе  де,  дәл  осы  жолғы  құжатта  тіл  тағдыры  мемлекетшілдік  рух 
мәселесімен бірге өріліп, біте қайнасатыны дәйектелген. Өйткені рухы әлсіз ел өзге түгіл өзін билей 
алмайтыны – ақиқат.  Ал тіл ғана ұлт рухының  тірегі болатынын, алысқа бармай-ақ, кешегі Екінші 
дүние жүзілік соғыс аяқталар тұста жапон халқының Хиросима мен Нагасаки қасіреті жаншыған ел 
рухын  170-ке  жуық  тіл  институттарын  ашу  арқылы  қайта  қалпына  келтіріп,  көп  ұзамай  әлемді 
мойындатқан елге айналғанын айтсақ та жеткілікті. Сондықтан тілді оқытудың болашағын бағамдап 
қана қою жеткіліксіз, оны шешудің  жолын іздеу – міндет, табу –  мұрат. 
Біздіңше, біріншіден, тәуелсіз елдің білім жүйесін түбірімен жаңартып, түбегейлі өзгертуге негіз 
болған  сол  құжаттарды  қайта  бір  саралап,  озығын  дамытып,  тозығынан  арылған  абзал.  Екіншіден, 
және  ең  бастысы,  білім  беру  жүйесін  жаңғырту  мен    оқытуды  жаңарту  мәселелері  кешенді  түрде 
жүруі  тиіс.  Бүгінгі  таңда  жаһандану  дәуірінің  ұлттық  құндылықтарға  төндіріп  тұрған  қаупі  үнемі 
қаперде болып, сол құндылықтардың ұйтқысы қазақ тілін оқытуда қандай тенденциялар басымдыққа 
ие  болатынын  айқындау  міндеті  тұр.  Өз  ізденістеріміздің  сабақтары  мен    өркениетті  елдер 
тәжірибесін тоғыстыра қарағанда мынадай үрдістерді ескерудің қажеттігі айқын байқалды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет