Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет59/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   375
дамытуға  бағыттау.  Жолы  -  тілдік  білім  мен  біліктерді  ХХІ  ғасыр  адамының  бойында  сөйлеу 
мәдениетін,  ойлау  мәдениетін  және  кісілік  мәдениетті  қатар  дамытуға  бейімдеп,  құзіреттіліктер 
қалыптастыруға  бұру.  Қағидасы:  «Нәрсенің  затын  алмай,  атын  ғана  алып,  құр  сөз  түрінде 
үйретуден бас тартып, алған білімі өзіне де, мемлекетке де пайдалы болатынын көздеп оқыту» 
(Ахмет Байтұрсынұлы) [3, 265] . 
Мұнда  қазақ  тілін  оқытудағы  инновациялық  серпілістің  өзегінде  бүкіл  оқытудың  әдістемелік 
жүйесін  бірдей  өзгерту  қажеттігі  күн  тәртібіне  қойылуы  тиіс.  Әрине,  қазіргі  білім  жүйесінде  бұл 
мәселе мүлде назардан тыс қалған деп айтуға болмас. Бірақ ол біртұтас жүйе түрінде емес, үзік-үзік 
қалыпта іске асуда.  
Білім  –  интеллект  дамытудың  қайнар  көзі.  Сондықтан  қазақ  тілін  оқытуда  да  тұлғаның 
интеллектуалдық  әлеуетін  арттыруға  басымдылық  беру  қажет.  Елбасы  Н.Назарбаев  
«Интеллектуалды ұлт – 2020» жобасында елді дамыту бағыты үш құрамдас бөліктен тұратыны 
көрсетілді:  1)  білім  беру  жүйесін  инновациялық  даму  жолына  түсіру;  2)қуатты  ақпараттық 
революция,  яғни  ақпараттық  технологиялар  паркін  қалыптастыру;  3)жастарға  рухани  тәлім-
тәрбие беру. Білім жүйесінде осы үш бағытты бірге қамту оқу пәнінің танымдық та, практикалық 
та әлеуетін арттырары сөзсіз. Себебі тұлға мәдениеті белгілі бір пәндік дағдыларға емес, мәдени 
санаға негізділеді.  
3. 
Тілді  оқытуда  жеткіншек  ұрпақтың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыруға  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет