Кілт сөздер: гендер, әйел мен еркек тілі, мақал - мәтелдер, стереотип.
Гендерлік лингвистика батыстық зерттеу жұмыстары бойынша өткен ғасырдың 1970 жылдарында
ғана лингвистикалық ғылым ретінде қалыптасты. Бірақ «гендер» ұғымының қалыптасуы ежелден
басталады. Б.э.д. бес мыңыншы жылдардағы Оңтүстік Қосөзенде өмір сүрген ежелгі шумер
халықтарында екі тіл болғанға ұқсайды. Іскери және діни мәтіндер жазылған негізгі eme-ku
(«қасиетті тіл»), диалектісінен басқа eme-sal («бұрмаланған тіл», немесе «жіңішке дауысты
әлдебіреу») диалектісінің де болғаны дәлелденген. Жіңішке дауысты әлдебіреу кім болуы мүмкін?
Бұл тілде жебеуші әйел тілі мен әнұраны, абыздар тілі діни мәтіндерде берілген. Сонымен қатар
кейбір сөздер мен дыбыстар әйелдерге қолдануға болмайтындығы белгілі болған. Яғни
айырмашылық дыбысында ғана емес, сөзінде де болған [1]. Қазіргі қазақ тіл тіл білімінде түркітану
мен шумертануға ерекше үлес қосып жүрген ғалым Г.Қосымованың еңбегінде де осы мәселе туралы
жазылған. Ол атақты түрік ғалымы Осман Недим Тунаның көп жылдық еңбектеріне шолу жасай
отырып, мынаны айтады: «Шумертанушылар бірнеше диалект анықтаған: эмедуб, эмесал, эмегир...
Алайда бұл диалекттердің тек қана эмесал «әйел тілі» диалектіне тән ерекшеліктердің кейбіреулері,
мысалы м : г, д : г анықталған, қалған диалекттердің ерекшеліктері болса эмеку диалектіне тән
30
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г.
еместігіне қарамасатн, эмеку диалектіне, яғни негізгі шумер тілінің мысалдары ретінде, бір кезеңнің
және бір диалекттің сөздері секілді көрсетіліп, «басқа ешқандай тілде кездеспейтін ғажап дыбыстық
өзгеру» сынды сөйлемдермен түсіндірілген» [2, 70 б.].
В.А.Ефремов гендерлік лингвистиканың негізгі кезеңдерін үшке бөледі [3]:
-
биологиялық детерминизм;
-
ауыспалы кезең (ХХ ғасырдың бірінші жартысы) Э Сепир, О.Эсперсен, Бодуэн де Куртене;
-
нағыз гендерлік зерттеулер.
Биологиялық детерминизмде кариб үндістерінің (араван тайпасы) әлеуметтік тарихи
айырмашылықтары, чукот тіліндегі фонологиялық дыбыстық ерекшеліктер, моңғол тіліндегі
номинациялар принципі, жапон тіліндегі морфологиялық және стилистикалық ерекшеліктер
зерттеледі. Биологиялық детерминизмнің негізгі пайымы: «Еркек тілі – норма, әйел тілі – нормадан
ауытқу».
Ауыспалы кезеңге Э.Сепирдің (Sapir Edvard) нутка, коасати және ян тілдерін зерттеуі
жатқызылады.
Гендерлік тілдің өзгешелігі орта үнді драмаларында да кездеседі. Онда басты касттағы
кейіпкерлер санскритше сөйлейді де, үшінші касттағылар мен әйелдер диалектіде (пракритше)
сөйлеуге мәжбүр. Тағы да негізгі айырмашылық – сөздің айтылуында. Ең бастысы осы күнге дейін әр
түрлі тілдерде сөздің әйел және ер варианттары бар.
Гендерлік ерекшеліктер бүгінгі күні әлеуметтік топтың ахуалымен, білім деңгейімен сәйкестікте
және қоғамдағы өзгергіш жағдаяттардың есептелуі ескеріле отырып қарастырылуы қажет. Мысалы,
жапон тілінің еркектер мен әйелдердің сөйлеу айрымашылығы бір заттың түрлі атаулары, түрлі
қосымшалардың айтылуы сияқты мәдени тұрақталған дәстүрі бар. Жас жапон қыздар «әйел тілі» деп
аталатын тілден бас тартып, «ер адамның» сөйлеу құралдарын қолданулары белгілі болған [4,11б.].
Тілдегі жыныстық көріністер көптеген ғалымдардың әйелді төменгі деңгейдегі рөлде көрсетіп,
жағымсыз қасиеттерді таңу сияқты патриархалдық стереотиптерден байқалады. Қытай тілінде әйелге
қатысты жеңіл жүрісті, нақсүйер, төмен, шолжаң, құл, көре алмайтын, қызғаншақ, түлкібұлаң, қара
ниет, екіжүзді, сатқын, қу, айлакер, ойнас деген сөздерді білдіретін арнайы иероглифі бар.
Орыс мәдениетінде де әйелдің төмен дәрежесін көрсететін тіркестер жеткілікті. Мысалы: «Курица
не птица, баба не человек», «Не петь курице петухом, не быть бабе мужиком», «Бог бабу отнимает,
так девку даст», «Муж пашет, а жена пляшет», «Муж за рюмочку, а жена за стаканчик». Әрине,
мұнда әр халықтың менталитетінің, өзіндік дүниетанымының, өмірлік ұстанымдары мен діни
көзқарастары да ерекше орын алады. А.В.Кириллинаның (1998) еңбегінде фольклордағы орыс
әйелінің бейнесі бірнеше топқа жіктеледі: әлсіз, ойға қонымсыз ақыл, икемсіздік («Бабы умы
разоряют домы»); қыңыр, құбылмалы мінез («Ехал бы прямо, да жена упряма», «С бабой не
сговоришь (не убедишь); қауіпті, айлакер («Не верь жене в подворье, а конью в дороге», «Жена
ублажает, лихо замышляет»); сөзуарлық («Языком метет, что коклюшками», «Бабья вранья и на
свинье не объедещь»); әйел мінез-құлқының еркекке қарсы қойылуы («Мужичий ум говорит: надо,
бабий ум говорит: хочу», «Муж по дрова, а жена со двора») [5].
Жер жүзіндегі барлық ұлттар мен ұлыстардың өзіндік сипаты, құндылықтары, сенімі, тілдік
санасы т.т. бірінен-бірін айрықшаландырып тұратыны белгілі. Этнолингвист, этнограф зерттеушілер,
әсіресе батыста кейбір халықтардың мәдениеті жетілмей қалып қойған, өнегесіз т.т. деген
қорытындылар шығарған. Кезінде олардың қатарына қазақ, башқұрт сияқты түркі халықтарын
жатқызған болатын. Мысалы, Л. Бергхольц «Еркектер әйелге затқа, күңге қарағандай қарайды;
оларға бөтен біреудің көзінше күйеуімен сөйлесуіне болмайды», – деп жазған [6]. Бірақ бұл да
халықтың әдеп нормалары мен ер мен әйелдің қоғамдағы қалыптасқан орнының бар екендігін
байқамай айтылған пікір болып саналады. Оны ер мен әйелдің қарым-қатынасын ажыратып беретін
мақал-мәтелдерден көруге болады. Мысалы «Ирзе ир иткән дә катын, хур иткән дә катын» - «Жақсы
әйел жаман еркектің басын төрге сүйрейді, жаман әйел жақсы еркектің басын көрге сүйрейді» немесе
«
Ердің бақытын кетіретін де әйел, ерге бақыт әперетін де әйел».
Р.Р. Баязитованың зерттеу жазба деректері бойынша башқұрттар әйел затын мақтамайды.
Өйткені мақтау сөз қарапайым башқұрт әйелдерін ыңғайсыз жағдайға қалдырады. Оның үстіне көз
тиеді деп қорқады және башқұрт әйелдері де мақтау сөзді естісе ренжиді екен [7, 40 б.]. «Алйот атын
мактар за, катынын мактар» дегені сияқты қазақта да «Жақсы жігіт атын мақтайды, жаман жігіт
қатынын мақтайды» мақал бар. Түбі бір түркі, туыстығы тым жақын болғандығы ғана емес,
орналасу аймағының көршілес болғандығынан ұлттық таным мен көзқарастар бірін-бірі айна
31
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж.
қатесіз қайталап тұр. Буряттарда да тура осы мақал былай делінеді: «һайн эрэ мориёо магтаха,
дунда эрэ нохойгоо магтаха, адаг эрэ гэргээ магтаха» (қазақша – «жақсы еркек атын мақтайды,
орташа еркек өзінің итін мақтайды, ақымақ еркек өзінің қатынын мақтайды» деп аударылады).
Жақсы мен жаманға байланысты қарама-қайшылығы және әйел мен еркектің бір-бірімен тығыз
байланысты өмірінің мазмұнын А.М.Байғұтованың зерттеу жұмысындағы келтірген мысалдарынан
байқаймыз: «Жақсы ат жарты байлық, жақсы әйел бүтін байлық», «Жаман әйел алғанның жауы
үйінде», «Жақсы әйелдің көзі жайнап тұрады, жаман әйелдің көзі ойнап тұрады», «Атың жақсы
болса, бұл дүниенің пырағы, Қатының жақсы болса, бұл дүниенің шырағы», «Жақсы әйелде қыздың
қылығы, жолбарыстың қайраты бар, жаман әйелде түлкінің қулығы мысықтың айбаты бар», «Жақсы
әйел – ырыс, жаман әйел – ұрыс», «Жақсы әйел теңі жоқ жолдас, түбі жоқ сырлас», «Жақсы
Достарыңызбен бөлісу: |