Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет86/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   375
аннында»  (Еркектің  сөзі  мың  жылда  да  өзгермейді).  Керісінше  корей  әйелдері  сөзуар,  сыр  сақтай 
алмайтын, жалқау, шаруашылықты жүргізе алмайтын, ұрысқақ, ысырапшыл келеді екен: «Йŏпхённе 
хвальсохамён пŏрŏ тырёдо сируе муль путкира» (Егер әйелің ысырапшыл болса, табыстың артынан 
жүгіру сираға су құйғанмен бірдей). «Пуиндульгва мосахамён нусŏльтвенда» (Егер әйеліңе құпияңмен 
бөліссең, ол бәріне белгілі болады) [11, 12 б.].  
 
«Ер  шекіспей,  бекіспес»,  «Егесіп  өткен  ер  жаман»,  «Еркек  тоқты  құрбандық»,  «Еркек  үйдің  – 
құлпы, әйел – үйдің кілті», «Иттің сырттанын бөрі біледі, жігіттің сырттанын сырттағы елі біледі», 
«Тәлім  берер  ердің ісінде  тәртіп болады, ақылы артық болады»,  «Ерден  кетсе де, елден  кетпейді», 
«Ер  баспаймын  жеген  жерін  үш  басар».  Бұл  мақалдардан  ер  адамға  тән  көп  сөйлемейтіндігі, 
отбасының тірегі, елі мен жерінің қорғаны т.б. сияқты стереотиптер анық берілген
.  
Қырғыз  тілінде  де  ер-азаматты  сыйлау,  оның  ерлігін,  батырлығын  мадақтайтынынын  мына 
мақалдардан көруге болады: «Алп  көңүлүн  калтырба,  ат аркасын жоорутпа»; – «Батырдың көңілін 
қалдырма,  аттың  арқасын  жауыр  қылма».  «Жерин  сүйбөс  эл  болбойт,  элин  сүйбөс  эр  болбойт»  – 
«Жерін сүймес ел болмайды, елин сүймес, ер болмайды»  [12, 98 б.]. Г.А. Абылкасымова  қырғыз 
халқында «ер-азаматтық, батырлық»  «мәдени императив жүйесінде ата-бабаларының көп ғасырлар 
бойы  табиғи-климаттық,  тарихи  жағдайда  және  соған  байланысты  өмір  сүру  салтына  қарай 
қалыптасқан.  Таулы  аймақта  малшылықпен  айналысқан  адам  дененің  күшіне  ғана  емес,  қажымас 
қайратқа,  өткір  ойға  ие  болып,  қиын  сәттерде  жауапкершілікті  өзіне  алып  және  тиімді  шешім 
қабылдай  білген.  Ақырындап  ер-азаматтық,  батырлық  сияқты  қасиеттер  қырғыз  менталитетін 
көрсететін, біздің қоғамның әлеуметтік-саяси және рухани дамуында ұлтжандылықтың басты негізі 
болды,  –  дейді  [12,  99  б.].  Қазақ  пен  қырғыздың  мақал-мәтелдерінің  және  ондағы  стереотиптердің 
айна  қатесіз  қайталанатындығы  туыстығынан  емес,  географиялық  факт  көбірек  рөл  ойнаған.  Оған 
дәлел  –  түркі  тілдес басқа  ұлттар  тілінде көп  ұқсастық  жоқ. Мысалы,  өзбек,  түркімен,  әзірбайжан, 
қарақалпақ  тілдері  қазақтардан  да  басқа  түркі  тілдес  халықтармен  және  парсы  халықтарымен 
ассимиляцияға  түсті.  Қырғызстан  төрт  мемлекетпен  шекаралас  (Қытай,  Қазақстан,  Өзбекстан, 
34
 


Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г. 
Тәжікстан). Туыстығы жағынан қырғыздарға  ең жақын  халықтар  –  Сібірдегі  түркі  тілдес  халықтар 
(бурят, якут). Соған қарамастан, қырғыздардың қазіргі тілдік қолданысы қазақ тіліне өте жақын.  
Бурят тілінде «Һайн эрэ ябаһан γзэһэнөө, муу эрэ эдиһэн ууһанаа хөөрэдэг». Аудармасы – «Жақсы 
еркек көргенін айтады, жаман еркек ішіп-жегенін айтады». Қазақта осы мақалдың мазмұнына ұқсас 
«
Батыр  мақтанса,  жауға  шапқанын  айтар.  Қу  мақтанса,  алдап  қаққанын  айтар»  немесе  «Ақымақ 
ішкен-жегенін айтады, ақылды көргенін айтады» деген бар.  
Көп тілдерде еркек пен әйелдің қулығын шайтанға теңейтін стереотип бар. Қазақта «Пірсіздің пірі 
шайтанәйелдің пірі күйеуі» деген мақал бар. Бірақ әйелді де, еркекті де шайтанға теңемейді. Тек 
ислам дінінің қағидалары бойынша әйел мен еркекті азғырушы – шайтан деп есептеледі. Ал неміс 
тіліндегі мақалдарда шайтанға теңейтін «қулық» стереотипі басқаша. Мысалы: «Die Frau weiss eine 
Kunst mehr als der Teufel» – 
«Әйел өнерді шайтаннан да көбірек түсінеді». Wo der Teufel nicht hinwagt
schickt er ein altes Weib  – 
«Шайтан үлгермеген жерге кәрі әйелді жібереді». Weiberlist geht über alle 
List – 
«Әйелдің қулығы барлық қулықтан да жоғары». Die Frauen sind die schlauen – «Әйелдер – нағыз 
қулар». Der Bauer ist ein Laurer – «Еркек шошқа сияқты ақымақ, шайтан сияқты қу». Орыс тілінде де 
әйелдің қулығын шайтанға теңейді: «Баба да бес – один у них вес». «Где сатана не сможет, туда 
бабу пошлет». А.С.Кимнің зерттеуі бойынша кәрістер мен орыста әйелді түлкі мен жыланға теңейді. 
Тек  бір  ғана  айырмашылығы:  кәріс  халқының  әлемді  тану  бейнесінде  бұл  көбіне  кәрі  әйелдерге 
айтылады: «Йŏджанын ныльгымён токсага твенда» - «Әйел қартайғанда улы жыланға айналады» 
[11, 12 б.] 
Зерттеу  жұмысымыздан  байқағанымыз:  барлық  тілдердегі  әйел  мен  еркектің  сипатын  ашатын 
мақал-мәтелдердің мән-мазмұны ұқсас болып келді. Бұның мәні әйел мен еркектің жаратылысында 
екі  түрлі  екендігі  және  тілдердің  барлығының  тарихында  ортақ  бір  байланыстың  бар  екендігін  де 
көрсетеді.  Ол  байланыс  тілдердің  таралу  аймағы  мен  ұзақ  жылдарғы  ұлтаралық  қатынастардың 
нәтижесі  болып  табылады.  Мақал-мәтелдердің  астарында  ұлттардың  танымдық  пайымдары  мен 
көзқарастары, халықтың даналығы жатыр. Сонымен қатар мақал-мәтелдердегі стереотиптер ұлттың 
психологиясына,  менталитетіне,  тұрғылықты  жеріне  қарап  қалыптасады  және  өзгереді.  Оған 
географиялық, діни, психологиялық және тарихи факторлар көп әсер етеді.  
Гендерлік  ассиметрияның  мақал-мәтелдердегі  көрінісін  талдау,  оның  ішінде  тілдердің  таралу 
аймағын ескере отырып қарастыру тым ауқымды жұмыс болмақ. Бір мақаланың көлеміне сыймайтын 
мәселені салыстыра, салғастыра зерттеу – бүгінгі күннің еншісінде.  
 

http://www.psychologov.net/view_post.php?id=1176
.  
 

Қосымова Г. Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері: Шумерология және түркі (қазақ) таным 
мәселелері. – Алматы, 2012. – 240 б.
 

Ефремов В. А. О гендерной асимметрии в наименовании лиц женского пола // Рус. яз. в шк. – 2009. – № 
1. – 
С. 75-81. 

Гомон  Т.  В.  Исследование  документов  с  деформированной  внутренней  структурой.  Дисс.  ...  канд. 
юрид. наук. М., 1990. – С. 96. 
5  
Кирилина А.В. Развитие гендерных исследований в лингвистике // Филологические науки. – 1998.№ 2. – С. 
51-52. 

Бергхольц  Л.  Горные  башкиры-катайцы // Этнографическое  обозрение. – 1893. №3. – С.80.
 

Баязитова Р.Р. Традиционный семейный этикет башкир: монография/ отв. ред. М.В. Мурзабулатов – 
Уфа: Изд-во БГПУ, 2010. – 176 c.   

Байғұтова А. М. «Қазақ әйелі» концептісінің этномәдени сипаты 10.02.02 - қазақ тілі. Филол. ғылымд. 
канд. дисс. ...авторефераты. Алматы, 2008. – 35 б. 

Межакова И.В. Сравнительный анализ гендерых  стереотипов в русском и немецком языках. Вестник 
КазНПУ им. Абая, серия «Филология, №4 (42), 2012 г. 
10 
Турдиева  Д.А.  Гендерные  отношения  во  фразеологических  системах  французского  и  уйгурского 
языков.10.02.20- сравнительно-историческое, типологическое и сопоставительное языкознание. Автореферат 
дисс. на соискание ученой степени канд. филолол. наук. Алматы, 2010. – С. 29.  
11 
Ким А.С. Гендерные стереотипы в паремиях корейского и русского языков. 10.02.20 - сравнительно-
историческое, типологическое и сопоставительное языкознание. Автореф. дисс. на соискание ученой степени 
канд. филолол. наук. Алматы, 2010. – С. 30.  
12 
Абылкасымова    Г.А.    Духовно-нравственный    потенциал  пословиц  и  поговорок  кыргызского  народа. 
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г. 
 
 
35 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет