ӘОЖ 81’272 МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДЕГІ ГЕНДЕРЛІК СТЕРЕОТИПТЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ ЖӘНЕ АРЕАЛДЫҚ СИПАТЫ Ибраймова Л.Ә.– ф.ғ.к., ҚазмемқызПУ Тіл теориясы және оқыту әдістемесі
кафедрасының аға оқытушысы, lira.ibraymova@mail.ru Елемесова А.Б.– ҚазмемқызПУ 6М012100-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі
мен әдебиеті мамандығының 2-курс магистранты
Бұл мақалада тілдің гендерлік қырын салыстыра-салғастыра зерттеу мәселесі қарастырылады.
Жалпыадамзат тілінің танымдық, ареалдық сипаты мен өзіндік ерекшеліктері мақал-мәтелдерде кездесетін
гендерлік стереотиптер арқылы көрсетіледі. Мақал-мәтелдер әйел мен еркектің мінез-құлқын байқататын; салт-
сана, ұлттық дәстүр мен құндылықтарға байланысты; еңбектің гендерлік дифференциясының ерекшелігін
анықтайтын стереотиптер; еркек пен әйелдің арасындағы кәсіби және отбасылық рөлдерінің бөлінуін
сипаттайтын стереотиптер; тіл мен санадағы гендерлік стереотиптер; ер мен әйелдің қоғамдағы орнын, өзіндік
әлеуметтік ерекшелігін, өмірлік құндылықтарын айқындайтын деп топтастырылды. Осылардың әрқайсысына
қазақ, орыс, неміс, француз, башқұрт, бурят, ұйғыр, корей тілдерінен мысалдар келтірілді. Мысалдарды талдай
отырып, әлем тілдерінде әйел мен еркек тіліне қатысты ортақ стереотиптердің бар екендігі айқындалды.
Сонымен қатар олардың ұқсастығы ареалдық жағдайына да тәуелді екендігі байқалды. Гендерлік
ассиметрияның мақал-мәтелдердегі көрінісін талдау, оның ішінде тілдердің таралу аймағын ескере отырып
қарастыру тым ауқымды жұмыс. Бірақ соған қарамастан ұлт тілдерінің танымдық сипатына сәйкес мақал-
мәтелдердегі ортақ стереотиптерді шығарып, талдау жасалды.