Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»


Әйел  мен  еркектің  мінез-құлқын  байқататын  мақал-мәтелдер



Pdf көрінісі
бет80/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   375
Әйел  мен  еркектің  мінез-құлқын  байқататын  мақал-мәтелдер.  «Долы  қатын  еріне  бар 
бәлені  төндірер,  бар  үмітін  сөндірер,  айтқанына  көндірер»,  «Қатынға  жолама,  қарасы  жұғады», 
«Қатын ашуланса, қазан қайнатар», «Қатын көп болса, шөмішті ит жалар», «Бір қатынның қырсығы 
қырық есекке жүк болады», «Еркек дауысты әйелде ұят болмас, әйел дауысты еркекте қуат болмас» 
деген мақалдарда қазақ әйелдерінің соншалықты жаман қасиетті еместігін, керісінше тыйым ретінде 
айтылып тұрғанын түсінеміз.  
Барлық әйел затына тән жағымсыз стереотип – «сөзуарлық». Мысалы, «Бәдік әйел жаудан қиын, 
аузында болмас тыйым»; бурят тілінде – «Эхэнэрэй сэдьхэл хөөбэри шэнги зөөлэн, эрэ хγнэй сэдьхэл 
шулуу  шэнги  хатуу»  (Әйелдің  жүрегі  жұмсақ,  қақ  сияқты,  еркектің  жүрегі  қатты  тас  сияқты); 
немістерде  –  «Bei  den  Weibern  ist  des  Schwatzens  hohe  Schule»  (Әйелдер  көп  сөзділіктің  жоғары 
мектебі), «Weiber findet man nie ohne Rede» (Әйелдің ешқашан аузын жаба алмайсың), «Kein Kleid, 
das einer Frau besser steht als Schweigen» (Әйелге үндемегенінен артқы ешқандай киім жараспайды). 
«Zorn ist ein Mann, Sanftmut ist 
eine Frau (Ашу – еркек, жуас – әйел). «Eine Frau und ein Gewitter sind 
immer zu fürchten» (Ауа райы мен әйелден әрқашан қорқасың). «Ein böser Mann ist ein Teufel, eine böse 
Frau  - 
eine  Hölle»  (Ашулы  еркек  шайтан  сияқты,  ашулы  әйел  тозақ  сияқты).  Неміс  тілінің 
фразеологизмдерін  зерттеушілер  әйел  затының  сөзуарлығының  мақал-мәтелдерден  анық 
байқалатындығын айтады [9, 74 б.]. 
2. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет