2.3-бап
Шараларды қолдану
1. Әрбір Тарап осы Келісімді қолдануға қатысы бар өзінің барлық
жалпы қолданылатын шараларын біркелкі, бейтарап және ақылға
қонымды түрде қолданады.
2. Әрбір Тарап, басқалар арасында, кеден мәселелеріне қатысты
әкімшілік әрекеттерді жылдам қайта қарау және түзету мақсаттары
үшін сот, төрелік немесе әкімшілік трибуналдарды немесе рәсімдерді
мүмкіндігінше сақтайды немесе жылдам құрады. Мұндай
трибуналдар немесе рәсімдер өздеріне әкімшілік құқық қолдануды
жүзеге асыру жүктелген органдардан тәуелсіз болуға тиіс және
олардың шешімдерін осындай органдар орындауға тиіс және осындай
органның орталық аппараты, егер мұндай шешім белгіленген
құқықтық қағидаттармен немесе нақты мән-жайлармен үйлеспейді
деп пайымдауға жеткілікті себептер болса, бұл мәселені басқа іс
жүргізу тәртібінде қайта қарау үшін шаралар қабылдай алатын
жағдайда, соңғылары, егер импорттаушылардың шағым беруі үшін
белгіленген кезең ішінде жоғары тұрған сотқа немесе трибунаға
апелляциялық шағым түспесе ғана өз практикасында осы шешімдерді
басшылыққа алады.
3. Осы баптың 2-тармағының ережелері, осы Келісімнің күнінде
Тараптың аумағында қолданылған тіпті егер мұндай рәсімдер
өздеріне әкімшілік құқық қолдануды жүзеге асыру жүктелген
10
органдарға толық немесе формалды түрде тәуелсіз болмаса да, іс
жүзінде әкімшілік әрекеттердің объективті және бейтарап түрде қайта
қаралуын қамтамасыз ететін рәсімдердің күшін жоюды немесе
ауыстыруды талап етпейді. Мундай рәсімдерді қолданатын кез келген
Тарап сұрау салу бойынша басқа Тарапқа, соңғысы осы рәсімдердің
осы тармақтың талаптарына сәйкес келетінін не келмейтінін
айқындай алуы үшін осындай рәсімдер туралы толық ақпарат береді.
Достарыңызбен бөлісу: |