Бір тараптан еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан


-бап    Құпия ақпаратты ашу



Pdf көрінісі
бет7/83
Дата06.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#11934
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   83
Байланысты:
ЕЭУ бағалау

1.11-бап 

 

Құпия ақпаратты ашу 

 

Осы  Келісімде  ешнәрсе  Тараптан  ашылуы  құқық  қолдануға  кедергі 



келтіретін  немесе  қоғамдық  мүдделерге  өзгеше  түрде  қайшы  келетін 

немесе  жекелеген  мемлекеттік  немесе  жекеше  кәсіпорындардың  заңды 

коммерциялық  мүдделеріне  нұқсан  келтіретін  құпия  ақпаратты  беруді 

талап етпейді.  

 



 

 



2-ТАРАУ 

 

ТРАНСПАРЕНТТІЛІК  



 

2.1-бап 

 

Мақсаты 

 

Осы  Тараудың  мақсаты  осы  Келісім  реттейтін  мәселелерге  қатысты 



жалпы  қолданылатын  шараларды  жариялауға  және  қолдануға 

байланысты тиімді тетіктер мен қағидалар жасау болып табылады.  

 

 

2.2-бап 



 

Шараларды жариялау 

 

1.  Әрбір Тарап осы Келісім реттейтін барлық мәселелер бойынша өзінің 



кез  келген  жалпы  қолданылатын  шараларының,  оған  қоса  оларға 

енгізілген өзгерістер туралы ақпараттың осы Келісім күшіне енгеннен 

кейін  күшіне  енетін,  өзі  қатысушысы  болып  табылатын  тиісті 

халықаралық  шарттардың  өз  заңдарына  және  өзге  де  нормативтік 

құқықтық актілеріне сәйкес уақтылы жариялануын немесе еркін қол 

жеткізу үшін өзге де жария орналастыруын, оның ішінде электрондық 

нысанда орналастыруын қамтамасыз етеді. Электрондық нысандағы 

ақпарат, мүмкіндігіне қарай, осындай шараны қолдануға және оның 

орындалуын  қамтамасыз  етуге  уәкілетті  органды  көрсете  отырып, 

уәкілетті  органдардың  жалпыға  бірдей  қолжетімді  ресми  веб-

сайттарында  орналастырылуға  тиіс.  Мүдделі  тұлғалардың  осындай 

шаралар  туралы ақпаратқа кемсітушіліксіз  еркін қол жеткізуі,  оның 

ішінде  мүмкіндігіне  қарай,  тегін  веб-сайт  арқылы  қол  жеткізуі 

қамтамасыз етілуге тиіс.  

 

2.  Мүмкіндігіне  қарай,  әрбір  Тарап  өзінің  заңдарына  және  өзге  де 



нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес:  

 

(a)  қабылдануы  жоспарланатын,  осы  баптың  1-тармағында 



көрсетілген кез келген шараны күні бұрын жариялайды; және  

 



 

 



(b)  мүдделі тұлғалардың және басқа Тараптың осындай шаралар 

бойынша  түсіндірулер  ұсынуы  үшін  ақылға  қонымды  мүмкіндік 

ұсынады.  

 

3.  Қандай  да  бір  Тарап  қолданатын  және  қалыптасқан  және  біркелкі 



практика шеңберінде баж мөлшерлемесінің немесе басқа импорттық 

алымның  жоғарылауына  алып  келетін  немесе  импортқа  не  ол  үшін 

төлемдерді  аударуға  жаңа  немесе  анағұрлым  ауыртпалықты 

талаптарды,  шектеулерді  немесе  тыйымдарды  белгілейтін  жалпы 

қолданылатын  шараның  ешқайсысы  осындай  шара  ресми 

жарияланғанға дейін қолданылмайды.  

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет