2.4-бап
Шаралар туралы хабарлама және ақпарат ұсыну
1. Әрбір Тарап басқа Тарапты бірінші Тараптың пікірі бойынша осы
Келісімнің қолданылуына елеулі түрде ықпал етуі мүмкін шара
туралы ақпарат туралы хабардар етуге ұмтылатын болады.
2. Егер Тарап басқа Тараптың осы Келісім реттейтін мәселелерге
қатысты жалпы қолданылатын шарасы осы Келісімнің қолданылуына
ықпал етуі мүмкін деп есептейтін болса, осындай Тараптың басқа
Тараптан осындай шара туралы егжей-тегжейлі ақпарат беруін
сұратуға құқығы бар. Сұрау салатын Тарап өзінің сұрау салуында
осындай сұрау салудың практикалық себептерін көрсетеді.
3. Осы Келісім Тарапының сұрау салуы бойынша басқа Тарап кез келген
қабылданған немесе қабылдануы жоспарланған жалпы қолданылатын
шараларға қатысты қажетті ақпаратты және тиісті сұрақтарға
жауаптарды уақтылы береді. Осы тармаққа сәйкес сұрау салу
бойынша ақпарат сұрау салу алынған күннен бастап 45 күннен
аспайтын мерзімде сұрау салуға жауап беретін Тараптың
мемлекеттік/ресми тілінде беріледі.
4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес сұратылған ақпарат
ағылшын тілінде немесе Тараптың мемлекеттік/ресми тілінде,
мәлімет үшін қоса берілетін ағылшын тіліндегі аудармасымен бірге
жазбаша түрде беріледі.
5. Бір Тараптың ақпарат беру туралы сауал салуы және басқа Тараптың
тиісті жауабы Тараптардың осы Келісімнің 12.2-бабына сәйкес
тағайындалған байланыс пункттері арқылы беріледі.
11
6. Осы Келісімнің мақсаттары үшін, егер ақпаратты қандай да бір Тарап
ДСҰ Келісімі бойынша міндеттемелерге сәйкес берген болса немесе
егер тиісті ақпарат ашық қолжетімділікте, оның ішінде жауапты
органның «Интернет» желісіндегі ресми сайтында орналастырылған
болса, ақпарат осы баптың 1 және 3-тармақтарына сәйкес берілді деп
есептеледі.
|