Бір тараптан еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан


Импортқа және экспортқа байланысты төлемдер, алымдар және



Pdf көрінісі
бет5/83
Дата06.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#11934
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Байланысты:
ЕЭУ бағалау

Импортқа және экспортқа байланысты төлемдер, алымдар және 

формалдылықтар 

 

ТСБК  1994-тің  VIII  бабы  және  оған  түсіндірме  ескертулер,  сондай-ақ 



ДСҰ  Келісімі  бойынша  қолданылатын,  ТСБК  1994-тің  VIII  бабында 

көзделген  режимді  ұсыну  міндеттемесінен  кез  келген  ерекшелік,  алып 

қою және уақытша босату осы Келісімге енгізіледі және оның ажырамас 

бөлігі болып табылады.  



 

 

1.9-бап 

 

Жалпы ерекшеліктер  

 

Мұндай шаралар бірдей шарттары басым елдер арасында жөнсіз немесе 



өзін-өзі  ақтамайтын  кемсітушілік  құралына  немесе  халықаралық 

сауданың  жасырын  шектеуіне  айналуы  мүмкін  болатындай  етіп 

қолданылмаған жағдайда, осы Келісімде ешнәрсе Тараптың: 

 

(a)  қоғамдық моральды қорғау үшін қажетті; 



 

(b)  адамның  өмірін  немесе  денсаулығын,  жануарларды  немесе 

өсімдіктерді қорғау үшін қажетті; 



 

 



(c)  алтынды немесе күмісті әкелуге немесе әкетуге қатысты; 

 

(d)  ТСБК 1994 II бабының 4-тармағына және XVII бабына сәйкес 



қолданылатын  кеден  заңнамасының,  монополиялар  туралы 

қағидалардың  сақталуын  қамтамасыз  етуге,  патенттерді,  тауар 

белгілерін және авторлық құқықтарды қорғауға және шатастыруға 

алып  келетін  практикалардың  алдын  алуға  қатысты  ережелерді 

қоса алғанда, ТСБК 1994 ережелеріне қайшы келмейтін заңдарға 

немесе қағидаларға сәйкестікті қамтамасыз ету үшін қажетті; 

 

(e)  қамақта отырғандар өндірген тауарларға қатысты; 



 

(f)  ұлттық  көркем,  тарихи  немесе  археологиялық  құндылық 

қазыналарын қорғау үшін қабылданатын; 

 

(g)  егер  мұндай  шаралар  ішкі  өндірісті  немесе  тұтынуды 



шектеумен  бір  мезгілде  жүргізілетін  болса,  сарқылатын  табиғи 

ресурстарды консервациялауға қатысты; 

 

(h)  мұндай  шектеулер  экспортты  ұлғайтуға  немесе  осы  отандық 



өнеркәсіпті  қорғауға  жәрдемдеспеген  және  ТСБК  1994-тің 

кемсітпеушілікке қатысты ережелерінен ауытқымаған жағдайда

үкімет  жүзеге  асыратын  тұрақтандыру  жоспарының  бір  бөлігі 

ретінде  мұндай  материалдардың  ішкі  бағасы  әлемдік  бағаға 

қарағанда анағұрлым төмен деңгейде сақталатын кезеңдер ішінде 

отандық  өңдеу  өнеркәсібін  осындай  материалдардың  жеткілікті 

көлемімен  қамтамасыз  етуге  қажетті,  отандық  материалдардың 

экспортын шектеуге байланысты; 

 

(i)  мұндай кез келген шаралар Тараптардың осындай тауарлардың 



халықаралық  берілімдерінде  әділ  үлес  құқығына  ие  болу 

қағидатымен  үйлескен  және  ТСБК  1994-тің  басқа  ережелерімен 

үйлеспейтін кез келген осындай шаралар өздерін қолдануға себеп 

болған  шарттар  жойылған  кезде  дереу  жойылатын  жағдайда; 

тұтастай алғанда немесе нақты өңір үшін тапшы болып табылатын 

тауарларды  сатып  алу  немесе  тарату  үшін  маңызды  шараларды 

қабылдауына немесе қолдануына кедергі ретінде түсіндірілмеуге 

тиіс. 


 

1.10-бап 


 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет