182
Сақ мәдениеті алдыңғы кезеңінің (б.з.б. VII—VI ғасырлар) мҧндай жерлеу
орындарына Қарғалы-1 және Алтынемел-2 қорымдары жатады. Қарғалы-1
қорымы осылай аталатын қойнауда (Алматыдан батысқа қарай) орналасқан.
Мҧндағы обаларға да тас ҥйінді тҧрғызылған, олардың астында сҥйек
салынған тас жәшіктер болды. Сҥйектер созылған кҥйінде, бастары солтҥстік-
батысқа қарап жатты. Зерттеушілер Қарғалы-1 қорымының мерзімін б.з.б.
VIII—VII ғасырларға, қоладан сақтарға ӛтетін ӛтпелі дәуірге жатқызады.
Жуантӛбе қорымындағы обалар да сақ мәдениетінің алдыңғы кезеңіне
жатады. Олардың кӛлемі шағын, ӛзеннің малта тастары аралас топырақтан
ҥйілген. Қабірлерде адам сҥйектері кӛлденең қойылған ағаштармен жабылған,
ҧзына бойы батыстан шығысқа қарай бағытталып, жер шҧңқырларда жатты.
Жерленгендердің жанынан табылған қола ауыздықтар, пышақтар, сҥйек пен
ағаштан жасалған тарақтар, моншақтар, тартпалардың қола айылбастары және
керамикалық ыдыстар Жуантӛбе мерзімін б.з.б. VI—V ғасырлар деп
белгілейді.
Соңғы сақ заманының (б.з.б. V—IV ғасырлар) ескерткіштері біршама жақсы
мәлім. Бҧл уақытқа Қадырбай-3, Қарашоқы және Қызылауыз сияқты
ескерткіштер жатады.
Шолақ тауларында, Іле ӛзенінің оң жағасында орналасқан Қарашоқы
қорымында қазылған оба топырақ пен қиыршық тас араласқан шағын ҥйіндіден
тҧрады, ҥйінді ҥстіне дӛңгелек қоршау мен оның сыртынан қоршалған тағы бір
қоршаудың тастары орналасты. Мҥрде жерден қазылған шҧңқырға жерленген.
Қабірдің ішінен б.з.б. V-IV ғасырларға жататын жебелердің ҧңғылы (тӛлкелі)
қола ҧштары табылды.
Биже көмбесі. Жоғарыда сақ мәдениетінің ең ерте кезеңі б.з.б. ІХ-VІІІ
ғасырларға жататындығы айтылды. Жетісуда сақтардың ерте замандарда
жасалған бҧйымдарының кешені «Биже кӛмбесі» ретінде кеңінен танымал.
Оның қҧрамына ауыздықтар кіреді. Олар қоладан қҧйылып жасалған,
тікбҧрышты және жартылай сопақша келген тірекшелерден, қосымша
саңлаулардан тҧрады. Біліктерінің ҥстіне кесінді және тікбҧрыш, шаршы тҥрінде
келген ою-ӛрнектер тҥсірілген. Сулықтың тыянақ тірегі екі тҥрлі, біріншісі –
аздап иілген, ҥш тесікті, қоладан жасалған, ортаңғы тесігі ҧзынша келген. Оның
бір шетіне диск тәрізді шығыршық орталық тесіктегідей сол жалпақшада
орналасқан, келесі шеті тҥбі кеңейе тҥскен конус тәрізді жасалған. Екіншісі –
доға тәрізді, оның дӛңгелек ҥш тесігі бар. Оның эллипсоидты бір шеті қалыңдау
болып келген, келесі шеті конус секілді. Аттың ауыздық-жҥген жиынтығына тау
ешкінің басы бейнеленген қола ҧштық та кіреді. Олардың кесілген конус секілді
ҧңғымасы бар. Ал басқа заттар – белбеу тартпаларын сәндеп тҧрған сақина
тҥріндегі қола тоғалар, ілгек қапсырма және екі алқа. Қойма б.з.б. VІІІ ғасырдың
екінші жартысымен және б.з.б. VІІ ғасырмен мерзімделінеді. Осы ауданнан
кездейсоқ табылған ҧзындығы 39 см қола қанжар да қызығушылық туғызады.
Бҧл қанжар б.з.б. VІІІ ғасырмен мерзімделінеді. Аталған олжалар Жетісуда тҥбі
қола дәуіріне барып тірелетін сақ мәдениетінің қалыптасуы б.з.б. VІІІ ғасыр мен
б.з.б. VІІ ғасырда орын алғандығын кӛрсетеді.
183
Жалаулы көмбесі. Ӛз атауын кӛмбе Алматыдан шығысқа қарай 200 км
жердегі ауылдың атынан алған. Кездейсоқ табылған олжалардың барлығы ХХ
ғасыр бас кезінде кӛмілген киіз қапта жатты. Бҧл заттардың барлығын белгісіз
кӛмбе іздеуші тоналған обалардан қазып алған. Олардың саны екі жҥзден,
салмағы бір жарым килограмнан асады, бҧйымдар арасында белбеу бӛлшектері,
киім мен бас киім әшекейлері, сондай-ақ кеудеге тағатын пектораль бар.
Пектораль сопақша келген кӛлемді пластина тҥрінде, оның шеттері оралған
алтын сыммен сәнделген. Шеттерінде бау тағатын ілгектері сақталған.
Пектораль ҥсті сақ ӛнеріне тән «аяғы бҥгілген» кейіптегі 4 қатар болып
тізілген миниатюралы тау текелердің мҥсіндерімен кӛмкерілген. Жануарлардың
дене тҧрқына пекторальдың біртекті сары тҥсін «шашып жіберетін» перуза,
ақық және басқа да тҥрлі-тҥсті тастарды орнату ҥшін ойықшалар (ҧялар)
қалдырылған.
Белбеу жиынтығындағы қапсырмалар миндаль тҥрінде жасалған.
Қапсырманың беті, ал олар екі-екеуден белбеуге бекітіліп, шеңбер қҧрайды.
Олар да пектораль сияқты тау ешкісімен және алтын шарикті тҥйіршіктермен
оқаланған. Белбеудің теріден жасалған негізін «жасырып» тҧрған бӛлшектеріне
«шырша» тҥріндегі ӛрнек тҥскен тікбҧрышты қҧрсаулар кіреді.
Мҥйіздері бҧтақты ағаш секілді келген қос бҧғы мҥсіні тҥрінде кездесетін
қапсырмалар ерекше кӛз тартады. Бҧғысы қҧйылып жасалған екі қапсырмада
«қанатын жайып тҧрған» бҥркіт бейнесі де ҧшырасады.
Кӛмбеден тау ешкісін жҧлмалап тҧрған барыстың штампты қапсырмасы,
сондай-ақ «желістен шоқыраққа ӛткен» кейіптегі жапырақ алтыннан ойылып
жасалған тау текелердің бейнесі де бар.
Жҥн тҥріндегі оқаланған кӛлемді ҥш бҧрышты пластина да қызығушылық
туғызады. Оның қолданыстағы мәні тҥсініксіз, дегенмен мҧны киім әшекейі
деген абзал. Бҧрын киім мен бас киімді сәндеп тҧрған конус тәрізді алтын
әлеміштер (алқалар) ӛт кӛп.
Кӛмбенің мерзімін анықтауда кӛлемі ҥлкен және шағын бҧғы тҥсірілген
тоғалардың маңызы зор. Олардың бір былайша сипатталынады.
Тоға алтыннан жасалған: салмағы 6,15 г, ең ҥлкенінің кӛлемі 31х25 мм. Тоға
ҥшбҧрыш-жҥрек тәрізді сипатта, жануарлар мҥсіні мен мҥйізінің ішкі тҧрпаты
сияқты қалыптастырылған. Сонымен қатар тоға аздап асимметриялы: бір бҧғы
екіншісінен сәл жоғары орналасқан. Ол балауыз қалыпта қҧйма техникасы
бойынша жасалып, кейіннен кескішпен ӛңделген. Тоғаның келесі бетінде
бҧғының сауырына бір-біріне бҧрыштала тҥскен екі жалпақ ілгек жасалған.
Саңлаушалардың кӛптеп кездесуі бҧғылардың мҥсінін модельдеу
ерекшелігін кӛрсетеді, олар арқылы жануарлардың кӛз, қҧлақ, мҧрын, ауыз,
мҥйіздерінің тармақтары берілген. Тҧмсық тәрізді тҧрпаттағы саңлаушалар
бҧғының иық және жамбас тҧстарына тҥсірілген; сондай-ақ жануарлардың
аяғын модельдеуде де пайдаланылған.
Саңлаушалар басқа материалдармен жабылуы да мҥмкін, мәселен, затқа екі
немесе кӛп тҥс беру мақсатында оған тҥрлі-тҥсті тастар орнатылуы да ықтимал.
Дегенмен, алайда, мынадай нҧсқа да орын алуы мҥмкін: тоға ішкі жағынан
кҥңгірт мастикамен (жапсыру ҥшін жасалған қою замазка) кӛмкерілген, ол
184
кепкеннен кейін тегістеліп, саңылаушаларды толтырған да, декоративті тас
кейпіне тҥскен.
Сірә, саңлаушалар арнайы тҥрде ештеңемен жабыла қоймаған, алайда
тоғаның бекітілген негізін кҥңгірттеу барысында бейнелер полихромдық әсер
қалдырған.
Б.з.б. ҤІІІ ғасыр бас кезі мен б.з.б. VІ ғасырмен мерзімделінетін осы тоғаға
ҧқсас мҧндай бҧйымдар Алтай мен Минусин қазаншҧңқырында кездеседі, сол
себепті де қарастырылған тоғаны осы уақытқа жатқызуға болады. Бҧл мерзімді
жоғарыда біршама айтылған Шілікті қорымынан табылған дәл осындай алтын
тоғалар да нақтылай тҥседі. Салтанатты киім киген сақ аристократиясы ӛкілінің
киімінен алынған Жалаулы кӛмбесінің қалған бҧйымдары да осы уақытқа
жатқызылады.
Достарыңызбен бөлісу: