Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ


Отырар-Қаратау мәдениетінің ескерткіштері



Pdf көрінісі
бет51/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   117
Байланысты:
Казакстан археологиясы 334 бет Түркістан

Отырар-Қаратау мәдениетінің ескерткіштері 

 

      Отырар-Қаратау  мәдениетінің  қоныстары  мен  қорымдары  Қаратаудың 

оңтҥстік  және  солтҥстік  тарамдары  аудандарында,  Арыс  пен  Бӛген 

ӛзендерінің  аңғарларында,  Сырдарияның  орта  ағысында  орналасқан, 

солтҥстікте 

Қаратаудың 

солтҥстік-шығыс 

тарамдарынан 

оңтҥстікте 

Изақҧдық қҧмдарына дейін таралған. 

      Бҧл  аудандардағы  археологиялық  зерттеулер  тарихы  1867  жылғы 

П.И.Лерхтің  осында  келуінен  басталады.  Мҧнда  келген  ол  тҥрлі  тарихи 

дәуірлерді қамтитын бірнеше ескерткіштерді сол кезде анықтаған болатын. 

     ХХ  ғасырдың  40-жылдарынан  бастап  кҥні  бҥгінге  дейін  зерттеулер  ӛз 

жалғасын  тауып  келеді.  Осы  аралықта  мҧнда  тҥрлі  археологиялық 

экспедициялар жҧмыс істеді, әлі кҥнге дейін ғылыми ізденістер ӛз жалғасын 

табуда.  Далалық  зерттеулермен  шҧғылданған  археологиялық  экспедициялар 

мен  отрядтарды  А.Н.Бернштам,  Е.И.Агеева,  Г.И.Пацевич,  К.А.Ақышев, 

К.М.Байпақов,  Л.Б.Ерзакович,  Л.М.Левина,  Е.А.Смағҧлов,  Н.П.  және 

А.Н.Подушкиндер, А.Н.Грищенко, Б.А.Байтанаевтар басқарды. 

      «Отырар-қаратау  мәдениеті»  атауын  алғаш  рет  Л.М.Левина  кезінде 

А.Н.Бернштам «Отырар-қауыншы» деп атаған мәдениетті бӛліп кӛрсету ҥшін 

қолданды.  

     Қыш  ыдыстарды  зерттеу  негізінде  Л.М.Левина  мәдениет  хронологиясын 

нақтылады.  Оның  бірінші  кезеңі  б.з.б.  І  ғасыр  мен  б.з.  ІІІ-ІV  ғасырларына 

жатады.  

      Қазір  ӛңірді  кӛп  жылдар  бойы  зерттегеннен  кейін  отырар-қаратау 

мәдениетінің таралған аумағынан бірнеше ірі орталықтарды бӛліп кӛрсетуге 

болады. Ең алдымен, бҧл мәдениетке атау берген Отырар жазирасы (оазисі), 

ӛз кезегінде одан ескерткіштердің бірнеше тобы бӛлініп отыр. 

      Олардың бір бӛлігіне Отырар қаласы мен одан 15 км радиуста орналасқан 

қалалар  мен  қоныстар  кіреді.  Бҧлар  кӛптеген  ғасырлар  бойы  тіршілік 

жалғасып  жатқан  ірі  қалалар:  Отырартӛбе  (бірінші  ғасырдан  ХVІІІ  ғасырға 



 

209 


дейін),  Пышақшытӛбе  (бірінші  ғасырдан  ХІІ  ғасырға  дейін),  Қҧйрықтӛбе 

(бірінші  ғасырдан  ХІҤ  ғасырға  дейін),  Алтынтӛбе  (бірінші  ғасырдан  ХІІ 

ғасырға  дейін),  Мардан-Кҥйік  (бірінші  ғасырдан  ХV  ғасырға  дейін), 

Жалпақтӛбе (бірінші ғасырдан ХІІ ғасырға дейін). Осындағы 250 шаршы км 

шамасындағы  ауданда  тҥрлі  кӛлемдегі  тӛбе  тҥріндегі  ондаған  қоныстар 

орналасқан,  олардың  арасынан  Қаламтӛбе,  Ақтӛбе  тобы,  Шӛлтӛбе,  Қара-

ҧншықтӛбе,  Шошақтӛбе,  Ботайтӛбе,  Қайнартӛбе,  Мәслихат  және  де 

Талтақай-1-2, Қоңыртӛбе қорымдары ерекше кӛзге тҥседі. 

       Келесі  бір  орталығы  Кӛк-Мардан  қаласы  болған  шағын  жазира 

(микрооазис)  Арыс  ӛзенінің  сол  жағалауында  орналасқан.  Мҧнда  Арыс 

ӛзенінің кӛне сағаларында және Арыстың ӛзінде ҧзындығы 15 км және ені 5 

км  45  шаршы  км  ауданда  Пҧшық-Мардан,  Солтҥстік  Қостӛбе,  оңтҥстік 

Қостӛбе,  Сейітмантӛбе,  Шӛлтӛбе,  Шаштӛбе,  Ахайтӛбе,  Тостағантӛбе  және 

басқа қалалар мен қоныстар орналасқан. 

      Кӛк-Марадан қаласының жанында жеке тҧрған тӛбешік тҥріндегі бірнеше 

некропольдар бар және олар канал маңында да кездеседі. 

      Бӛген  ӛзенінің  тӛменгі  ағысында  орталығы  Бозҧқтӛбе  қаласы  саналатын 

шағын  жазира  бар  және  де  қаладан  5-7  км  радиуста,  40  шаршы  км  ауданда 

Бозҧқ, Ақтӛбе, Кішітӛбе қоныстары орналасқан. 

      Солтҥстік  жағалаудағы  шағын  жазира  орталығы  Оқсыз  қаласы  болып 

табылады.  

       Тҥркістан  жазирасында  Иқан,  Дӛдвен,  Қарашық-1,  Сидақ,  Қаратӛбе, 

Сырдарияның  сол  жағалауында  Мейрамтӛбе,  Абызтӛбе,  Келінтӛбе  секілді 

орталық-қалалары бар бірнеше шағын жазиралар ерекшелінеді. 

       Қаратаудың  оңтҥстік  беткейлеріндегі  әдетте  жазыққа  шығар  жердегі  тау 

ӛзендерінің бойында ондаған қоныстар арасынан Қайырхантӛбе, Шаштӛбені 

атап кетуге болады. 

      Жаңақорған  жазирасында,  Сырдарияның  оң  жағалауында  Ордакент 

қаласы,  Сығанақ  жазирасында  Сығанақ  қаласы  орталық  болды.  Қаратаудың 

солтҥстік беткейлерінде Созақ, Баба-Ата, Қҧмкент орталық-қалалары болған 

ондаған  қалалар  мен  қоныстар  орналасқан.  Бҧл  жердегі  Баба-Ата  Ақтӛбесі, 

Тарсатӛбе,  Алтынтӛбе,  Шаян  Ақтӛбесі  секілді  қоныстар  белгілі.  Талас 

ӛзенінің  тӛменгі  ағысында  Шаруашлық  пен  Тектҧрмас  қалалары,  ал  орта 

ағысында  Тараз  қаласы  орталық  болды.  Арыс  ӛзенінің  орта  ағысында 

Жуантӛбе, Қараспантӛбе, Шортӛбе қалалары, Бадам ӛзені бойында Кҥлтӛбе, 

Қостӛбе,  Тӛлебайтӛбе  қоныстары  ірі  орталыққа  айналған  еді.  Мҧндағы 

Бӛріжар, Қараспан, Кҥлтӛбе қорымдары да тарихнамада кеңінен танымал. 

      Арыстың  жоғарғы  жағы  мен  салаларында  Ҧзынтӛбе,  Жартытӛбе, 

Тӛрткҥлтӛбе  қалалары  мен  қоныстары  орналасқан.  Талас  жотасының  тау 

алды  аймағында  кӛптеген  қалалар,  қоныстар  мен  қорымдар  бар.  Олардың 

арасындағы Шымкент және Сайрам қалалары ең ірілері. 

       Аталмыш  мәдениеттің  қоныстары  ӛзен  жағалауларында  орналасты  және 

жанында  қорымдары  болды.  Олардың  ең  ерте  кезіне  Ақтоған,  Абызтӛбе, 

ішінара  Сырдариядағы  Ордакент,  Қаратаудың  солтҥстік  беткейлеріндегі 

Ақтӛбе  қоныстарын  жатқызуға  болады.  Соңғы  аталған  қоныс  жанындағы 



 

210 


қорымнан  қауыншы  және  жетіасар  мәдениеттерінен  ӛзгеше  жерлеу 

қҧрылысы  анықталған.  Қауыншы  мәдениетіне  тән  катакомбалы  жерлеу  бҧл 

ауданнан табылмаған. 

      Отырар,  Тҥркістан  жазираларынан  қолдан  жасалған  платформалар  мен 

наустарға жерлеу орын алғандығы анықталған. 

       Арыстың орта ағысындағы обалардан катакомбалы жерлеу мен наустарға 

мҥрдені орналастыру ғҧрпы анықталып, зерттелген. 

       Ӛзеннің  жоғарғы  ағысынан,  Бадам  ӛзенінің  аңғарынан  сары  топырақты 

ҥйінді астындағы қабірлер зерттелінген.  

       Қыш  ыдыстар  тобынан  тҥбі  жалпақ  және  аузы  кең,  корпусы  аздап 

шығыңқы,  кӛлбеу  (қҧламалы)  иық  тҧсы  біртіндеп  аса  биік  емес  мойынына 

жалғасқан  банка  тәрізді  пішіндегілері  анықталған.  Ыдыстың  шет  жағына 

тігінен  екі  ілгек  тәрізді  ҧстағыш  бекітілген.  Мҧндай  пішіндегі  ыдыстар 

қауыншы  мәдениетінде  кӛптеп  кездеседі.  Айналып  тҧрған  тҧғыр  кӛмегімен 

қолдан  жасалған  қызыл  саз  балшықты  қыш  ыдыстары  басым,  ал  сырты  ақ, 

қызыл-қоңыр  тҥспен  кӛмкерілген  станокта  жасалғандары  сирек  кездеседі. 

Хумдардың  иық  тҧсы  кӛлбеу  келген,  қысқа  мойнынан  бірден  кертпе,  кейде 

білік арқылы қайырылған. Ернеуі кесігі бойынша ҥш бҧрыш немесе сопақша 

келген.  Бҧл  ыдыстар  жоғарғы  бӛлігіндегі  пішіні  бойынша  кангюй  уақытына 

жататын хорезмдік ыдыстарға ҧқсас.  

      Ірі қыш қҧмыра секілді ыдыстар кесігінде кішкентай ҥш бҧрышты немесе 

дӛңгелек  келген  ернеуі  бар,  мойыны  кең  әрі  аласа,  иық  тҧсы  бірден  кӛлбеу 

тҥскен, денесі дӛңгелек. Ыдыс шетінің жоғарғы жағына ілгек тәрізді ҧстағыш 

ҥнемі  жапсырылып  отырған.  Бҧған  сәйкес  келетін  ыдыстардың  жоғарғы 

жағы жалпақ толқынды кесінділер қатарымен ӛрнектелген.  

     Қыш қҧмыралар тҧрпатына (пішініне) келер болсақ, кесінді ернеуі шағын 

ҥш  бҧрыш  немесе  дӛңгелек  келген  ауызы  кең  ыдыстарды  бӛліп  кӛрсетуге 

болады.  Кӛбісінің  мойыны  ҧзын,  олардың  ортаңғы  тҧсынан  кӛлденеңінен 

білік  ӛтеді.  Жетіасар  мәдениетіне  тән  шетінде  бір  немесе  екі  су  қҧяры 

(шҥмегі) бар ыдыстар да ҧшырасады. Қыш қҧмыралардың бір бӛлігінің иығы 

мойын тҧсынан бірден алыстатылып жапсарластырылған.  

      Табақтар  мен  тостағандар  ашық,  аса  биік  емес,  тҧрпаты  жартылай  сфера 

тҥрінде,  шеті  қарапайым  етіп  жасалған  немесе  бӛліп  кӛрсетілген  білік 

тҥсірілген,  олар  кӛбіне  қызғыш  ангобпен  кӛмкерілген  және  жалтыратылған, 

сондай-ақ жетіасар мәдениетінің материалдарына ҧқсас болып келеді. Қызыл 

ангобпен  кӛмкеріліп  жалтыратылған  тік  келген  немесе  ауыз  шығатын 

тесігіне  қарай  қабырғасы  жҧқа  саптыақтар  да  ҧшырасады.  Иығы  мен  денесі 

кӛлденеңінен  кедір-бҧдырланған  ыдыстардың  (әдетте  ӛте  ҥлкен)  саны  ӛте 

кӛп.  Жоғарыда  қарастырылған  бҧл  кешен  біздің  заманымыздың  шегімен 

немесе б.з.б. І ғасыр мен б.з. ІІІ-ІV ғасырларымен мерзімделінеді.  

      Б.з.  І-мыңжылдық  орта  тҧсымен  (V-VІ  ғасырлар)  мерзімделінетін  келесі 

кезеңге  қоныстардың  кӛп  бӛлігі  жатады.  Бҧл  кезеңдегі  бірінші  топ 

керамикасында  қазандық  тәрізді  ыдыстардан  басқа  тҥбі  тегіс,  тігінен 

қойылған ілгек секілді екі ҧстағышты, ойық пен шҧңқыры сабынның жоғары 

жағында орналасқан банка тәрізді саптыаяқтар кездесе бастайды. «Ас ҥйлік» 



 

211 


ыдыстардың  шеті  мен  денесіне  білік,  таяқшамен  бӛлу  немесе  қолмен 

басылып  толқын  тәрізді  ою-ӛрнек  тҥсірілген,  конус  секілді  жапсырма-

томпақша  жапсырылған.  Бҧл  кезеңнің  ескерткіштерінен  ӛгіз  басы  секілді 

тҧғырлар  (тығырық)  да  кездескен,  олар  қауыншы  мәдениетіне  тән  болып 

келеді. 

      Екінші  топтағы  хум,  ірі  ыдыстарға  шаршы  сипатындағы  ернеулердің 

орын алуы тән. Қыш қҧмыралар денесі  кәдуілгі алмҧрт секілді еді, олардың 

мойыны  кең,  кӛлденеңінен  ілгек  секілді  ҧстағышы  болды,  ҧстағыштың  бас 

жағы  мен  арқа  тҧсын  бойлай  ойықтар  мен  шҧңқыршалар  тҥсірілді.  Кейбір 

қыш қҧмыра ернеуі ауыз қуысы секілді жасалды, оның сыртында шағын білік 

болды, кӛпшілігінің мойын тҧсы кӛлденеңінен тҥсірілген кедір-бҧдырлармен 

сәнделді,  кейбірі  цилиндр  секілді,  кейде  аздап  қысылған  тҧмсық  сияқты, 

басқаларының  су  ағары  ыдыс  шетінде  орналасты.  Мҧндай  ыдыстар  қызыл-

қоңыр  және  қара  жҧғынды  мен  аққан  ізді  ою-ӛрнектермен  ғана  емес, 

сонымен  қатар  кесіп  ӛткен  ирек  сызықтармен  де  сәнделді.  Ауыз  қуысты 

жҧмыр  білікті  қыш  қҧмыралардың  кӛпшілігі  қызыл-қоңыр  ангобпен 

кӛмкеріліп, жалтыратылған. 

       Саптыаяқтардың  денесі  сопақша  келген,  оның  ілгек  тәрізді  тігінен 

жапсырылған  ҧстағышы  болды,  ҧстағаштың  жоғарғы  бӛлігіне  қойдың 

қайырылған  мҥйізі  секілді  жапсырма  немесе  схемалы  тҥрде  қойдың  басын 

бейнелейтін кертпеш орнатылды. Бҧлар қауыншы мәдениетіне тән еді. 

      Ҥшінші кезеңге (VІ-VІІІ ғасырлар) Мардан-Кҥйік, Қҧйрықтӛбе, Бәйгеқҧм 

Ақтӛбесі  қалаларының  мәдени  қабатын,  Баба-Ата  қаласының  тӛменгі 

қабатын,  Бӛріжар  сияқты  қорымдарды  жатқызуға  болады.  Бҧл  кезеңдегі 

бірінші  топ  керамикасына  бӛліп  тҧрған  кертпе  немесе  саусақпен  жҧлған 

секілді  жапсырма  біліктің  кеңінен  қолданылуы  тән.  Бҧл  білік  ернеудің 

тӛменгі  бӛлігіне  тҥсірілген,  кейде  мойын  тҧсына  орналасқан,  ал  денесіне 

орналасу ӛте сирек ҧшырасады. Кейбір ыдыстардың ернеуі кертік, ойық пен 

симметриялы  орналасқан  жапсырмамен  ӛрнектелген  ҥш  бҧрыш  немесе 

шаршы тәрізді жҧмыр болып келеді. Жалпақ және конус пішінді кескінді ою-

ӛрнегі бар қақпақтар да кеңінен таралды. 

       Екінші  топтағы  ыдыстар  арасында  қызыл-қоңыр  және  қара  аққан  із  бен 

жҧғынды керамикалар бҧрынғысындай кездесе береді. 

       Хумдардың  кӛпшілігінде  кейде  саусақпен  ҧзынынан  басып  ӛрнек 

тҥсірілген  шаршы  тҥрінде  кесілген  ернеулер  ҧшырасады.  Қыш  қҧмыралар 

тҧрпатында  алдыңғы  уақыттағы  ыдыстар  пішіні  (жҧмыртқа  тәрізді  және 

ҧзынша-сопақша  денелі,  биік  және  кең  ауызды,  су  қҧйылатын  жері  бар) 

сақталынды. Мойыны тар, су қҧятын шеті ҧзын келген ыдыстар да кездеседі. 

Ауыз  қуысы  тәрізді  ернеулі  қыш  қҧмыралар  да  ӛте  кӛп.  Иығы  мен  денесін 

тҥгелдей кедір-бҧдыр жауып тҧрған ыдыстар да табылған. 

       Алғашқы  ғасырдан  бастап  VІІІ  ғасырға  дейін  қарастырылған  қыш 

қҧмыралар  кешені  Ташкент  жазирасындағы  қауыншы  мәдениетімен  және 

аздап  Тӛменгі  Сырдариядағы  жетіасар  мәдениетімен  тығыз  байланысты. 

Сонымен  қатар  бҧл  аудандағы  керамикада  ӛзіндік  ерекшеліктер  де  болған. 

Мәселен,  мойнының  астына  білік  тҥсірілген  хумдар,  мойын  тҧсына 



 

212 


кӛлденеңінен білік тҥсірілген қыш қҧмыралар, кедір-бҧдырлардың сан алуан 

тҥрлі  және  кӛлемі  әрқилы  қҧмыра  денелеріне  тҥсірілуінің  кеңінен  таралуы, 

т.б. 

       Қалалар  мен  қоныстар  салу,  баспаналар  сипаты,  қоғамдық 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет