Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ


Усунь археологиялық ескерткіштері



Pdf көрінісі
бет47/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   117
Байланысты:
Казакстан археологиясы 334 бет Түркістан

Усунь археологиялық ескерткіштері 

 

        Б.з.б.  ІІІ-І  ғасырлардағы  ерте  кезең.  Б.з.б.  ІІІ-ІІ  ғасырлар  шебінде 

Жетісу  мен  Тянь-Шаньның  тарихында  жаңа  кезең  басталады,  ол  б.з.б.  ІІ 

ғасырда Орталық Азиядан осында кӛшпелі юечжи және усунь тайпаларының 

қоныс  аударуымен  байланысты  да  еді.  Кӛп  ҧзамай  усуньдер  жергілікті  сақ 

тайпалары мен юечжилердің бір бӛлігін бағындырады. Алайда юечжилердің 

басым  бӛлігі  Орта  Азияға  қарай  жылжып,  онда  болашақ  Кушан 

империясының негізін қалады. 

        Усунь  одағына  жергілікті  сақ  тайпалары,  сондай-ақ  юечжилердің  бір 

бӛлігі  қосыллғаннан  кейін  бірлестіктегі  халықтың  саны  630  мың  адамға 

жетті.  Дегенмен  Жетісу  мен  Тянь-Шань  тҧрғындарының  негізгі  халқы  сақ 

тайпалары  болып  қала  бергендігі  әбден  мҥмкін.  Жергілікті  тҧрғындардың 

басым  болуы  археологиялық  ескерткіштер  қҧрамынан  да  байқалуы  тиіс 

болды. Жазба дереккӛздеріне қарағанда, Жетісу мен Тянь-Шань тҧрғындары 

этникалық  жағынан  әркелкі  болған.  Мҧнда  сақ,  юечжи  және  усуньдер 

тіршілік  еткен.  Мҧны  бір  кезеңге  жататын  әртҥрлі  типтегі  археологиялық 

материалдар  да  толығымен  растайды  әрі  қуаттайды.  Тек  белгілі  бір 

археологиялық  ескерткіштерді  нақты  бір  этностармен  байланыстыру  азды-

кемді қиындықтар туғызып келеді. 

       Усуньдердің  кӛне  мәдениеттерін  зерттеумен  А.Н.Бернштам,  Е.И.Агеева, 

А.Г.Максимова, К.А.Ақышев, Г.B.Кушаев айналысқан.  

       Топырақты  мола  обалары  усунь  кезеңіндегі  жергілікті  халықтың  негізгі 

бейіттерін  қҧрайды.  Олардан  б.з.б.  І-мыңжылдық  ортасынан  бастап  сақ 

кешендерінің  тікелей  дамуын  кӛруге  болады.  Бҧл  б.з.б.  V-ІV  ғасырлардағы 

сақ  кезеңінің  Қызылауыз-1  қорымындағы  материалдар  мен  б.з.б.  ІІІ-ІІ 

ғасырларға  жататын  Қапшағай-3  ерте  усунь  ескерткішінің  заттар  кешенін 

салыстырғанда    анық  байқалады.  Екі  қорымның  обалары  тізбектеле 

орналасқан.  Ҥйінді  табанында,  оның  астында  немесе  ҥстінде  тас  сақинасы 

болған. Қабірлердің негізгі тҥрін ағашпен жабылған топырақ мола қҧрайды. 

Екі  ескерткіштегі  мҥрделер  басы  батысқа  немесе  солтҥстік-батысқа 

бағытталған. Молалардан қой сҥйектері, бір-екі  ыдыс және де аздаған темір 

мен қоладан жасалған ҧсақ-тҥйектер алынады.  




 

185 


        Сақ  және  усунь  кезеңдерінің  мәдениеті  мен  ескерткіштерінің  тығыз 

генетикалық байланысын кӛптеген зерттеушілер ескерген. Мҧны  «сақ-усунь 

мәдениеті»,  «сақ-усунь ескерткіштері»  секілді  терминдердің  пайда болуы да 

нақты  тҥсіндіреді.  Барлық  мәліметтер  Жетісу  ерте  кӛшпенділерінде  ҧзақ 

уақыт  біркелкі  қарапайым  жерлеу  қҧрылыстары,  ӛзара  жақын  жерлеу 

ғҧрыптары  мен  қҧрал-саймандары  сақталғандығын  кӛрсетеді.  Бҧдан 

шығатын  қорытынды,  усунь  уақытындағы  ескерткіштер  тобын  қалдырған 

халықты  жергілікті  сақ  тҧрғындарының  ағынымен  сәйкестендіруге,  ал 

қорымдардың ӛзін кейінгі сақ ескерткіштері ретінде қарастырса да болады.  

       Жетісудан  археологтар  мейлінше  кең  таралған  ескерткіштердің  тобын 

бӛліп  кӛрсетеді.  Біріншісі  –  қҧрылысы  біркелкі  және  қҧрал-саймандары  аз, 

топырақ қабатынан қазылған молалар (ҥйілген обалар). 

        Обаларға  тізбектеле  орналасу  тән.  Кейінгі  кезеңде  бҧлайша  орналасуды 

жҥйесіздік  алмастырады.  Мҥрде  топырақ  қабатынан  қазылған  молаға 

қойылды,  кейде  оның  қабырғалары  ағашпен  бекітілді.  Ҥсті  ағаш 

жабындымен  немесе  тас  плиталарымен  жабылды.  Мҥрделер  ҧзынынан 

шалқасынан  жатқызылды,  басы  әдетте  батысқа  қаратылды,  кейде  ол  аздап 

ауытқуы  да  мҥмкін.  Молаларға  тҥгелдей  дерлік  бір  қаңқадан  қойылған. 

Қайтыс  болғандардың  барлығы  мола  тҥбіне  жатқызылған.  Одан  әдетте  бір-

екі  ыдыс,  анда-санда  темір  немесе  қола  пышақ  табылады,  ал  әйел 

адамдардың қабірінен сәндік заттар мен әшекейлер, соның ішінде айна, темір 

ине  мен  кейде  жоғарғы  жағынан  қҧс  мҥсіні  бедерленген  тҥйреуіш,  сақина, 

алқа,  темір  білезік,  моншақтар  шығып  отырады.  Қару-жарақ  ӛте  сирек 

кездеседі.  Кейінгі  кездегі  молалардан  семсер  мен  сҥйектен  жасалған  жебе 

ҧштары  табылады.  Кӛптеген  молалардан  ғҧрыптық  астың  қалдығы  –  қой 

сҥйектері  алынады.  Шет  елдерден  әкелінген  заттар  мен  бағалы  металдан 

дайындалған  бҧйымдар  ӛте  сирек.  Бірқатар  молалардан  дәнҥккіштер 

алынған.  

       Қыш  ыдыстарының  мата  қалыпта  жиі  дайындалғандығы  анықталған. 

Ыдыстың  пішіні:  жартылай  сфера  тҥріндегі  тостағандар  мен  шеттері 

жалтыратылған  табақтар,  кӛзелер  мен  ілгек  секілді  сапты  немесе  сапсыз 

алмҧрт пішінді саптыаяқтар.  

       Ағаштан дайындалған ыдыстар пен ағаш ҥстелдер де кеңінен таралған. 

       Іле  Алатауы  аңғарындағы  ӛзендер  мен  Іле  алабынан  усунь  кезеңіндегі 

ескерткіштердің  ҥлкен  топтары  анықталған,  бҧл  халық  санының 

артқандығын  да  кӛрсетеді.  Бҧл  аудандардан  араларын  бос  кеңістіктер  алып 

жатқан  20-дан  астам  қорымдардың  ҥлкен  шоғыры  анықталған.  Мҧндай 

таралуды тҧрғындардың ру-тайпалық топтасуының кӛрінісі деуге болады.  

       Жетісудағы  ескерткіштер  арасынан  қабырғалары  таспен  қаланған 

топырақ  молалар  бар  Талғар  қорымы  (Талғар  қаласының  шетінде)  ерекше 

кӛзге  тҥседі.  Шҧңқырлары  ағаш  жабындымен  жабылған.  Молалардың 

кӛпшілігі  тоналған,  алайда  алтын  әшекейлер,  темір  пышақтар  мен  қыш 

ыдыстары  аздап  та  болса  сақталған.  Молалардың  біренен  бҧрын  қызыл  тері 

киімге тағылған алтын қаңылтыршадан жасалған 500 шақты тоғалар шыққан. 

Бҧл  жерден  саз  балшықтан  істелінген  мӛр  табылған,  оған  тау  теке  басы 



 

186 


салынған  қанатты  хайуан  бедерленген.  Келесі  бір  моладан  адамның  бет 

әлпеті  схемалы  тҥрде  полихромдық  стильде  дайындалған  қапсырма 

табылған. Қорымның мерзімі б.з.б. ІІ-І ғасырлар шебінде белгіленген. 

       Жетісу  шығысындағы  Қаратал  ӛзенінің  аңғарында  орналасқан  Теңлік 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет