Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ



Pdf көрінісі
бет52/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   117
Байланысты:
Казакстан археологиясы 334 бет Түркістан

құрылыстар.  Кӛк-Мардан,  Оңтҥстік  Қостӛбе,  Мардан-Кҥйік  қалаларында 

жҥргізілген қазба жҧмыстары қала топографиясын білуге мҥкіндік беріп қана 

қоймайды,  сонымен  бірге  тҧрғындардың  белгілі  бір  шаруашылық  тҥріне 

мамандануын 

анықтауға, 

демографиялық 

аспектілерді, 

қоғам 


қҧрылымындағы  әлеуметтік  мәселелерді  шешуге  жол  ашады.  Қалалар  мен 

қоныстардан  алынған  материалдар  қоғам  мҥшелерінің  тыныс-тіршілігінен 

молынан хабар береді. 

       Махалла  (квартал)  қҧрылыстардың  негізгі  бірлігі  болды.  Қалалардың 

махаллаға  бӛлінуі  заңдылық  еді.  Ол  қоғамдағы  адамдар  тобының  туыстық 

қатынасына,  белгілі  бір  кәсіпке  мамандануына,  діни  сеніміне  қатысты 

қалыптасты. Махаллалардың шығу уақытын мамандар ғасырлар қойнауынан 

іздестіреді. 

       Ерте  ортағасырлық  қалалардың  қалыптасуы  б.з.  І-мыңжылдық  орта 

тҧсына  сай  келеді.  Махаллалардың  қалыптасун  да  осы  уақытқа  жатқызуға 

болады,  алайда  олардың  қалыптасуы  одан  мейлінше  ерте  кездері  орын 

алғандығы  белгілі.  Бҧл  кезең  Орта  Азия  мен  Қазақстан  халықтары  ҥшін 

кҥрделі  бетбҧрыс  болды:  патриархалды  отбасы  қауымының  орнына  шағын 

отбасы  келді.  Ол  меншік  формаларының  дамуы  (қауымдық-рулықтан  жеке 

меншікке  кӛшу)  мен  шаруашылықтың  даму  сипатына  (натуралды 

шаруашылықтан  тауар-ақша  қатынасына  ӛту)  тікелей  байланысты  болды. 

Әлбетте, бҧл ҥрдіс отырықшы  халық арасында да, кӛшпелілер ортасында да 

біркелкі  болған  жоқ,  сондай-ақ  шағын  отбасылармен  қатар  патриархалды 

отбасы  қауымдары  да  сақталған  еді.  Аға  ҧрпақ  әке  мен  шешеден  тҧрды, 

олармен бірге ҥйленген барлық ҧлдар ӛмір сҥрді. Кӛшпелілер мен жартылай 

кӛшпелілерде  шағын  отбасымен  бірге  экономикалық  және  аумақтық  бірлігі 

бар  мейлінше  кең  әлеуметтік  бірлестік  орын  алды.  Мал  мен  ӛнім  ӛндіру 

қҧралдары әрбір отбасыда иелігінде мҧрагерлік жолмен қалып отырды. 

       Кӛк-Мардан  махаллаларының  тҧрғындары  белгілі  бір  туыстық-отбасы 

топтарына  жатса  керек.  Махаллада  туыстық  қатынастағы  жекелеген 

отбасыларға  тиесілі  4-тен  6-ға  дейін  ҥйлер  болды.  Олардың  бәрі  қалалық 

ортадан махалланы жоспарлау арқасында оқшаулануға ҧмтылған сияқты.  

       Әрбір  отбасылық-туыстық  топтың  діни  ғҧрыптар  атқаратын  орны,  ӛз 

зираты  болса  керек.  Расын  айтқанда,  Оңтҥстік  Қазақстаннан  әзірге  тек  бір 

махалладан  ғана  ғҧрыптық  қҧрылыс  анықталған,  ол  Кӛк-Мардан  қаласынан 

табылған.  Басқа  қалалар  мен  қоныстардан  бҧл  мақсатқа  махалладағы  бір  ҥй 

пайдалануы  ықтимал.  Бҧл  пайымдау  тағы  да  Кӛк-Мардан  материалдарына  

негізделген,  себебі  одан  ҥй  ғибадатханасы  анықталған,  ол  махалла 

ғибадатханасы рӛлін де атқарған сияқты.  

      Кӛк-Мардан  некрополі  қабір  шҧңқыры  бар  кӛлемі  орта  есеппен  10х10м, 

биіктігі  2  м-ге  дейін  жететін  саз  балшықты  платформа  сияқты  жекелеген 

қҧрылыстардан  тҧрады.  Әрбір  қҧрылыста  орталық  қабір  кӛзге  тҥседі,  жас 



 

213 


балалардың  қабірлері  платформаға  қарай  шоғырланған.  Сол  себептен  де 

мҧндай  кез  келген  қҧрылысты  махалла  қауымының  зираты  деп  анықтауға 

болады. 

       Оңтҥстік  Қазақстан  қалалары  мен  қоныстарынан  алынған  қазба 

материалдары  тек  кедей  немесе  тек  бай  махаллалардың  болғандығын 

кӛрсетпейді.  Сонымен  бірге  жекелеген  ҥй  иеліктері  ауданындағы 

ӛзгешеліктер,  табылған  олжалар  сипаты  бір  махаллада  мҥліктік  жағдайы 

әркелкі  дербес  отбасылардың  болғандығы  туралы  сӛз  қозғауға  мҥмкіндік 

береді.  

       Таксономия,  жоспарлау,  еден  жайы  (жер  бетіне  немесе  жерден  тӛмен), 

жабын  сипаты,  ошақтың  орналасуы  мен  қҧрылысы  секілді  маңызды 

принциптердің 

қолданылғандығын 

баспаналардың 

типологиясы 

да 


нақтылайды.  Анықтайтын  негізгі  белгілердің  бірі  ҥйді  жоспарлау  болып 

табылады,  сол  себепті  де  баспаналар  эволюциясында  ең  алдымен  ҥйдің 

бастапқы ӛзегін нақтылап, одан тҥрлі жолдар (сегментация, қосылу) арқылы 

белгілі  бір  баспана  кешендерінің  қалыптасуын  айқындау  қажет.  Бҧл  ретте 

баспана  сипаты  әлеуметтік,  экономикалық  және  экологиялық  факторлар 

бойынша  анықталды.  Архитектуралық  шешім  мен  қҧрылыс  техникасына 

этникалық  ӛзгешелікке  барып  тірелетін  мәдени  дәстҥршілдік  ықпал  етуі 

мҥмкін. 


       Ҥйлердің ҥш тҥрі кӛзге айқын тҥседі. 

        Бір  бӛлмелі  жер  бетіне  салынған  ҥй  жоспары  бойынша  шаршы  немесе 

тік бҧрышты болып келеді. Жоспары, жиһаз-мҥлкі осындай жерге аздап кіріп 

тҧрған  ҥйлер  де  оған  ҧқсас.  Ошақтар  ашық  тҥрде,  олар  тікбҧрышты  немесе 

артқы бӛлігі дӛңгеленген, бҧл кҥлді алу ҥшін қолайлы.  

       Каминдер,  немесе  «қабырға  ошақтар»  қабырғаға  ойып  жасалған  әркелкі 

кӛлемдегі  сфера  тҥріндегі  ойықтардан  тҧрады.  Еден  бетіндегі  ошақтар  мен 

каминдердің функционалдық мәні біркелкі емес: алғашқылары ҥйді жылыту 

және тамақ жасау ҥшін қолданылды, екіншілері нан пісіруге пайдаланылды. 

Хумдар,  артық  ӛнімдерді  сақтауға  арналған  ыдыстар  ҥйдің  бҧрышы  мен 

сыпаларда  (суфа)  орналасты.  Сақтау  ҥшін  олардан  басқа  кҥйдірілмеген  саз 

балшықтан  жасалған  бӛшке  тәрізді  және  дәл  осындай  шикі  балшықтан 

жапсырылып жасалған астау секілді ыдыстар пайдаланылды. 

       Ҥй иеліктерінің ауданы ӛзгеріп тҧрады: ҥлкендері  – 35-тен 45 шаршы м-

ге  дейін,  кішілері  12-ден  20  шаршы  м-ге  шейін.  Ауданы  20-35  шаршы  м 

ҥйлер  бәрінен  кӛп  (85%).  Ҥйдің  кӛлемі  жабын  (шатыр)  сипатына  да  әсерін 

тигізді.  Ҥлкен  ҥйлердің  жабынына  тӛрт  бағана-тіреу  қойылды.  Орташа 

ҥйлерде  тіреуіш  ретінде  бір  бағана-тіреу  қолданылды,  оған  ҧзынынан  бір 

немесе  айқастырылған  екі  бӛрене  тіреліп тҧрды.  Кішкентай  ҥйлер  жабынын 

тек қабырға ғана кӛтеріп тҧрса керек. 

     Екі  бӛлмелі  ҥйдегі  екінші  бӛлме  сегментация  арқылы  бастапқы 

шаруашылық-тҧрғынжайдан 

іргелі 

қабырғамен 

бӛлінген. 

Ҥйдегі 


қоймалардың  орналасуы  жатын  бӛлмеге  қарағанда  әр  тҥрлі:  ҥйдің  ішкі 

жағында,  алдында  (анфиладты  жоспар)  және  бҥйірінде.  Қоймалар  ауданы  8 




 

214 


шаршы  метрден  аспайды.  Мҧндай  ҥйлер  Кӛк-Мардан,  Мардан-Кҥйік 

қалаларынан аршылған. 

      Кӛп бӛлмелі ҥйлер ҥштен беске дейінгі бӛлмелерден тҧрады, олардың бірі 

сыпасы екі немесе ҥш қабырғаны бойлай орналасқан жатын бӛлме. Едендегі 

ошақ дӛңгелек немесе тік бҧрышты алаңқай секілді, оның жанындағы камин, 

шаруашылық  бӛлік  жататын  жайдың  негізгі  бӛлшектері  болып  табылады. 

Қоймаларда  хумдар,  саз  балшықтан  жасалған  ҥлкен  ыдыстар  тҧрды.  Оған 

Қостӛбе, Пҧшық-Мардан қалаларындағы қҧрылыстар ҥлгі бола алады. 

      Баспаналардың  барлық  аталған  типтері  І-мыңжылдық  соңынан  бастап 

Оңтҥстік  Қазақстан  қалалары  мен  қоныстарында  дәстҥрлі  тҥрде  сақталды. 

Олар Алтын-Асар (Сырдарияның тӛменгі ағысы), және де кӛрші ӛңірлердегі, 

мысалы  VІІ-VІІІ  ғасырларға  жататын  Гардани-Хисор  қоныстарындағы 

қазбаларға  ӛте  ҧқсас  болып  келеді.  Гардани-Хисордағы  бір,  екі,  ҥш  бӛлмелі 

ҥйлерде  П тәрізді сыпалар, дән сақтайтын ыдыстар болды.  Егер бір бӛлмелі 

ҥйлерді  шаруашылық  және  жататын  жайға  бӛлу  онша  байқала  қоймаса,  екі 

бӛлмелі  ҥйлердің  біреуі  қойма  қамбадан  тҧрғандығы  анық.  Баспаналарды 

ӛзара жақындастыратын тағы бір бӛлшектің бірі  – ҥйді жылыту ҥшін, тамақ 

дайындау  ҥшін  екі-ҥш  ошақтың  салынуы  болып  табылады.  Гардан-

Хисордағы  кҥмбезді  ошақтар  (Кӛк-Марданда  каминдер)  тҥбінде  саз 

балшықтан жасалған нан пісіретін тапалар орналасты. 

       Пенджикент пен Кӛк-Мардандағы тӛрт бӛлмелі ҥйлер жоспарында ортақ 

белгілер  бар.  Оңтҥстік  Қазақстандағы  баспаналар  Балалық-тепе,  афригидтік 

Хорезм, Памир, Зеравшанның жазық бӛлігіндегі кешендерге ҧқсас. 

       Қалалардың  тҧрғын  жайларынан  ғҧрыптық  және  зайырлы  сипаттағы 

қҧрылыстар  да  бірден  байқалады.  Мәселен,  Кӛк-Марадандағы  тӛрт  ҥйден 

«ғҧрыптық бҧрыштар» анықталған, алайда мҧндай ҥйлердің санын сақталуы 

нашар  болғандықтан  дәл  анықтау  мҥмкін  болмай  отыр.  Қоныстар  мен 

қалалардан  табылған  саз  балшықтан  және  алебастрдан  жасалған  пҧттар 

олжалары ғибадатхана секілді ғҧрыптық бӛлмелердің болғандығын растайды, 

мҧндай заттар Қайрағаш усадьбасынан да анықталған. 

      Махаллалық 

ғибадатхана  тек  Кӛк-Мардан  қаласынан  табылған. 

Ғибадатхананың тікелей аналогтары жоқ, бірақ оған ҧқсас орындар Гуяр-қала 

қаласындағы  залдан  анықталған,  онда  қабырғаға  мҥйіз  тҥріндегі 

жапсырмалар орнатылған қуыс жасалынған. 

       Архар  мҥйізді  әшекейлер,  пҧттар,  керамикадағы  зооморфты  сюжеттер 

табыну  нысаны  болған  Топырақ-қала  қаласындағы  храмның  ашылуы 

Хорезмдік  кушан-афригид  мәдениетіне  қойдың  культы  кеңінен  тараған 

сырдариялық мәдениеттің ықпалын кӛрсетеді. 

       Қоңыртөбе  қорымы  Отырар  жазирасындағы  толымды  зерттелген 

ескерткіштердің  бірі  болып  табылады.  Ол  қаладан  батысқа  қарай  0,3-0,4  км 

жерде  орналасқан  және  ауданы  12-13  га  телімді  алып  жатыр.  Бҧл  телімнің 

оңтҥстік  бӛлігінде  жоспары  сопақша  келген,  біршама  жайылып  кеткен 

биіктігі  2,5  м,  ауданы  35х45  м  тӛбешік  орналасқан.  Тӛбешікті  аршу 

барысында  бір-біріне  тығыз  жапсарласа  жатқан  тоқсан  шақты  қабір 

анықталған.  Қабірлер  тӛбешіктегі  қазіргі  жер  бетінен  0,4-1,5  м  аралықтағы 




 

215 


тереңдікте жатыр. Мҥрделер тӛменгі жағына шикі кірпіш қойылған аса терең 

емес  шҧңқырларға,  сондай-ақ  қарапайым  тік  бҧрышты  шҧңқырларға  

жерленген.  Мҥрделерге  ешкім  тимеген,  олар  анатомиялық  тәртіп  бойынша, 

мәдени қабатымен бірге жатыр.  

         Кӛлемі  0,6-0,75х1,8-2,2  м  камераға  органикалық  тӛсеніш  тӛселді  де, 

оған  мҥрде  қойылды.  Қаңқалар  шалқасынан  жатыр,  қолдары  дене  қасында, 

саусақтары жамбас сҥйек жанында немесе олардың астында, не болмаса еден 

бетінде; аяқтары  созылған,  тізелері  кейде  айқастырылған; бас  сҥйегінің  беті 

жоғары қаратылған. Бас жағына, аяқ жағына керамикалық қҧмыра қойылған, 

кейде  қҧмыраның  аузы  саптыаяқпен  жабылған.  Мҥрденің  жанына  әдетте 

қойдың  алдыңғы  аяғы  мен  жауырына  қойылды,  бҧл  Орта  Азия  бҥйірлі-

катакомбалы  қабірлеріне  тән  дҥние  болып  табылады.  Әйел  және  ер 

адамдардың  жерлеу  инвентары  бірден  ӛзгешеленеді.  Алдын-ала  жасалған 

антропологиялық  зерттеулер  табылған  жиырма  бас  сҥйектің  он  бесінде 

сақиналы деформация болғандығын дәлелдеп берді. 

       Ер  адамдардың  қабірлерінен  белбеудің  темір  айылбастары  шығады. 

Олар: тілі жылдам қозғалатын қарапайым дӛңгелек айылбастар; ӛтпелі темір 

қҧрсау  тҥрлері;  рамасы  тӛрт  бҧрыш  секілді  келген  темір  айылбастар.  Бір 

ретте  қаңқадан  қоладан  жасалған  айылбастар  мен  «ирек  тәрізді» 

жапсырмалары  бар  екі  белбеу  шыққан:  айылбас  жанындағы  жапсырмалары 

белбеудің  бӛлігін  (20-25  см)  жауып  тҧрған.  Қола  айылбастар  басқа  да 

қабірлерден  шыққан.  Қираған  қабірден  бірегей  бір  айылбас  табылған,  оның 

дӛңгелек  рамасы  жасыл  нефритпен  кӛмкерілген,  ал  тілі  мен  жылжымалы 

қалқаншасы ҥш жерден қола шегемен бекітілген.  

      Ер  адамдардың  қабірінен  шағын  пышақтардан  басқа  әйел  адамдардың 

қабірінен  де  кездесетін  темір  қанжарлар  шығады,  ҧштығы  жоқ  жҥзінің 

ҧзындығы  30-40  см.  Сонымен  қатар  темірден  жасалған  ҥш  қалақты  сапты 

жебе ҧштары да табылады. Бір  рет шіріп кеткен сҥйек пластина шыққан, ол 

садаққа тағылған жапсырма болса керек. 

       Әйелдердің  қабірінен  сан  алуан  моншақтар  (тау  хрусталі,  шыны  паста, 

ақық,  маржан,  янтарь),  графит  кесекті  сҥрметас  таяқшалары;  ешкі  мҥсіні 

секілді  қола  бойтҧмарлар;  қола  айналар;  сҥйектен  жасалған,  басына  мҥсін 

салынған  шашқа  тағатын  тҥйреуіштер  аршып  алынған.  Мҥрделердің 

бағытталуы  да  ӛзгеше.  Әйел  адамдардың  қаңқаларындағы  бас  сҥйектер 

кӛбіне  оңтҥстік  –  оңтҥстік-шығысқа,  ал  ер  адамдар  басы  әдетте  солтҥстік  – 

солтҥстік-шығысқа қарай бағытталған.  

      Ересек  адамдар  қабіріндегі  тҧрақты  жерлеу  ғҧрпынан  бір-екі  ӛзгешелік 

байқалады:  бірқатар  қабірлерде  мҥрде  бҥйірімен  жатқызылған,  ал  екі 

жағдайда хумға салынған.  

      Бірқатар  қабірлерден  қаңқа  айналасын  қоршап  тҧрған  шикі  кірпіш  іздері 

байқалмаған.  Сҥйек  қаңқа  оң  немесе  сол  жақ  бҥйірімен  жатқызылған, 

қолдары  кӛкірек  тҧсында  бҥгілген,  аяқары  да  тҥрлі  деңгейде  бҥгіле  тҥскен. 

Ал  бҧл  қабірлерден  табылған  заттар  осындағы  материалдық  кешенге  ҧқсас 

екендігі анықталған. 




 

216 


      Бҥйірінен  жатқан  хум  қабірінен  басы  солтҥстік  –  солтҥстік-шығысқа 

бағытталған  жас  ӛспірім  бала  қаңқасы  аршып  алынған.  Қаңқа  кҥл  тӛселген 

тӛсеніш  ҥстінеқойылған,  басы  хумға  сыймаған,  оған  иық  тҧсы  саусақпен 

басылған ойықтар арқылы ӛрнектелген кӛлемді бір ыдыс «кигізілген». Мҥрде 

жанына  заттар  қойылмаған.  Оның  жанындағы  қабірде  басы  солтҥстік-

шығысқа  қаратылған  ересек  адам  «жатты».  Ол  хум  қабырғаларының 

сынықтарынан  жасалған  қабатқа  қойылған,  ҥстіне  кҥл  себілген  және  ернеуі 

жылжып  кеткен  хумның  екі  бӛлігімен  жабылған.  Бас  сҥйектің  сол  жағынан 

ҧштары  жабыла  қоймаған  қола  жҥзік  секілді  сырға  шыққан.  Белбеуінен 

пышақ, қабылдағышы бар дӛңгелек темір айылбас, жамбас сҥйегінің астынан 

жоны шығыңқы тағы бір пышақ аршып алынған. 

      Жас  балалардың  мҥрдесі  терең  емес  шҧңқырлардағы  қҧмыра  секілді 

ҥлкен ыдыстар мен хумдарға салынып жерленді. Кейбір жағдайларда балалар 

қабірі  әйелдермен  бірге  болды.  Балалар  қабіріне  әдетте  2-ші  типтегі  шағын 

кӛзелер қойылды, кейде 2-3 моншақ, қабыршақ алқалары да кездеседі. 

       Жерлеу  ғҧрпының  қызықты  бір  кӛрінісі  қола  белбеулі  мҥрдені  аршыған 

кезде анықталған. Мҧнда мҥрде ағаш кҥлінің жҧқа қабатына қойылған, оның 

ҥсті де қызу бар кҥлмен жабылған. Мҥрдені қызып тҧрған кҥлмен жабу басқа 

да қабірлерден анықталған. 

       Кей жағдайларда бас сҥйектің бет жағынан, әдетте жақ сҥйегінің тӛменгі 

жағынан, оның астынан, ауыздан, бетті бойлай жатқан жҧқа мыс пластиналар 

да  шығады.Олардың  ені  3-5  см,  ҧзындығы  8-10  см.  Ҥш  пластинадан 

қарапайым  ӛрнекті  қҧрайтын  дӛңгелек  ойықтар  басып  тҥсірілген. 

Пластиналардың қолданыстағы мәні анықталмаған. Бәлкім олар бетін жабын 

жауып  тҧрған  мҥрденің  ерніне  (кӛзіне?)  қойылған  да  шығар.  Әдетте 

пластиналар ҥстінен шіріп кеткен мата қалдықтары анықталынады.  

      Жерлеу инвентары. Қыш қҧмыралар мен кӛзелер тазартылған қабірлердің 

90%-нан кездескен. Қыш  қҧмыралардың екі  тҥрі бар, бірінде су ағатын жері 

болса,  екіншісінде  мҧндай  бӛлік  жоқ.  Кӛзелерді  де  ҧстағышына  қарай  екі 

типке бӛлуге болады: сақина  тҥріндегі  ҧстағыш иық  тҧсына немесе ортаңғы 

бӛлігіне  орнатылады;  ҧстағыш  иық  тҧсы  мен  ернеуді  біріктіріп  тҧрады. 

Керамикалардың  кӛпшілігі  қауыншы  мәдениетінің  қыш  ыдыстарына  ҧқсас 

болып келеді. 

     Кӛп  шыққан  олжалардың  қатарына  моншақтар  да  жатады.  Олар  хрусталь 

мен  сердоликтен  жасалған  дӛңгелек  және  қырланған  ірі  моншақтар  болып 

табылады.  Сонымен  қатар  қабырғалы  және  дӛңгелек  шыны  пастасынан 

дайындалған  моншақтар  да  ҧшырасады.  Қара  ақық,  цилиндр  тәрізді  ҧсақ 

маржандар,  дӛңгелек  жҧмыр  янтарьлар  да  кездеседі.  Миниатюралық 

қҧмыралар тҥріндегі керамикалық моншақтар да ӛте қызықты.  

     Кей  жағдайларда  ер  адамдар  мен  әйел  адамдар  қабірлерінен  бір  сырға  да 

табылады. Олардың типі әркелкі. Қола сымнан жасалған басы біріктірілмеген 

сақина  секілді  мҧндай  сырғалардың  орталық  бӛлігі  аздап  жҧмыр,  ҧштары 

ҥшкірленіп келеді. Қола сырғалар сақина іспеттес, олардың бір шеті спираль-

конус  алқаны  қҧрайды.  Жҧқа  қола  жапырағынан  іші  қуыс  етіп  жасалған 

конусқа алқа орнатылса керек. Тӛменгі бӛлігіне ойықша тҥскен жҧмыр кҥміс 



 

217 


сырға табылған. Әйелдердің ҥш қабірінен қаңқа мен мойын сҥйегі арасынан 

және сол шынтағынан екі-екіден тҧрған тау теке тҥріндегі қола бойтҧмарлар 

аршып  алынған.  Бҧлар  кеуде  тҧсында  хрустальдан,  сердолик  пен  паста 

моншақтарынан  тҥзілген  алқа  жиынтығына  кірген.  Бір  рет  мҧндай  заттар 

кешенінің  жиынтығында  қола  қоңырау  мен  ҥлкен  ине  тҥріндегі  тескіш  те 

болған.  Келесі  бір  әйелдің  қабіріндегі  алқа  қҧрамына  тек  бір  ғана  тау  теке 

тҥріндегі бойтҧмар, тҥз тағыларының сҥйектерінен жасалған алқа кірген.  

       Әйелдердің  шаштары  сҥйектен  жасалған  тҥйреуіштермен  сәнделді. 

Мойындарын  екі  сақина  тҥріндегі  бекітілген  қола  шынжыр  жауып  тҧрды. 

Сопақша  келген  кҥміс  алқа-кулон  жасалуы  жағынан  ӛте  ӛызықты.  Оның 

ортасына  қызыл  тас  (гранат)  орнатылған,  ҧсақ  тҥйіршікті  белбеумен 

оқаланған.  Пластинаның  шетіне  де  тҥйіршіктердің  тағы  бір  қатары 

орнатылған.  

       Қазба  кезінде  байқалған  нәрсе  және  алдын-ала  олжаларға  жасалған 

талдау  аршылған  қабірлердің  біртҧтас  мәдени-тарихи  кешенге  кіретіндігін 

пайымдауға  мҥмкіндік  береді.  Аталмыш  қорымның  жерлеу  ғҧрпы  мен 

олжалар  қҧрамы  бҧрын  зерттелген  Мардан  (Талтақай)  қорымындағы 

материалдарға жақын екендігін нақтылады. Сағаналардан қазылған мҧндағы 

қабірлер б.з.б. І ғасыр мен б.з. ІІ ғасырларына жатады, ол  «У-шу» типіндегі 

монеталар мен кедір-бҧдыр ӛрнегі жоқ қыш қҧмыралар негізінде анықталған. 

      Ғҧрпы бойынша заттар кешеніне Қыркескен қорымы да жақын, ол б.з. ІІ-

ІҤ  ғасырларымен  мерзімделген.  Кӛк-Мардан  қаласының  жанындағы  қорым 

материалдары да бҧларға ӛте ҧқсас. 

      Мардан-Кҥйік  қорымынан  табылған  жекелеген  заттардың  тҥрлері  Орта 

Азия,  Қазақстан,  Еділ  маңы,  Солтҥстік  Кавказ  ӛңірлеріндегі  ескерткіштер 

материалдарынан да белгілі болып отыр. Айталық, бастың мҥсіні жасалынған 

сҥйек  тҥйреуіштер  Орта  Азия  ескерткіштерінен  кездесетін  әдеттегі  жағдай. 

Жартылай  бағалы  тастар  салынған,  тҥйіршіктермен  оқаланған  медальондар 

Еуразия  далалы  аудандарында  кейінгі  сармат  заманында  кеңінен  таралған 

болатын.  Б.з.  ІV-V  ғасырларына  жататын  Бурабай  маңындағы  қабірден 

алынған  заттар  кешені  де  оларға  ҧқсайды.  Аталмыш  қорымнан  алқа-

медальон;  қиыстырылған  (септелген)  айылбастар;  қос  пирамида  тәрізді 

сердолик моншақтар; ҥш қалақты темір жебе ҧштары; сондай-ақ дӛңгеленген, 

бір шеті спираль секілді шиыршықталып тӛмен қарай тҥсірілген, екі ҧшы бір-

біріне қайыстырылған, жҧқа сым тҥріндегі алтын сырғалар табылған. Б.з. ІV-

V  ғасырларына  жататын  Қанаттас  қорымынан  кӛлденеңінен  тар  кҥміс 

қапсырмалар  жапсырылған  белбеу  аршып  алынған.  Мҧндай  бҧйым  онымен 

бір мезгілдегі Қызыл-Қайнар  қонысы жанындағы бейіттен де  табылған. Сол 

себепті  де  Қоңыртӛбе  қорымын  ІІІ-ІV  ғасырларға,  бәлкім,  VІ  ғасырларға  да 

жатқызуға болатын сияқты. 

       Бөріжар  (Бөржар)  қорымы.  Оңтҥстік  Қазақстандағы  ауқымды  да, 

толымды  зерттелген  нысандардың  бірі  ретінде  Бӛріжар  қорымы  Орталық 

Азия  археологиясының  тарихнамасында  бҧрыннан  белгілі.  Бӛріжар  қорымы 

Арыс  ӛзенінің  жоғарғы  террасасы  мен  оның  беткейлеріндегі  кең  аумаққа 

созылып  жатқан  (8  км)  обалар  шоғырынан  тҧрады  деп  сипатталынады. 



 

218 


Алайда,  бҥкіл  қорым  алқабы  «тҥрлі  кезеңдерге  жататын  обалар  кешенінен, 

жекелеген  молалардан  тҧрады,  олар  уақыт  ӛте  келе  бір  ҥлкен  массивке 

айналған»  деп  те  кӛрсетіледі.  Қазба  жҧмыстары  оба  астындағы 

катакомбаларда,  оба  астындағы  қабірлер  мен  жер  ҥстіндегі  сағаналарда 

жҥргізілген. Катакомбалар міндетті тҥрде террасаның жоғарғы жағында және 

беткейдің  ең  жоғарғы  бӛлігіне  орналасады.  Ал  сағаналар  беткейдің  тӛменгі 

жағында.  Сағаналар  орнында  қалыптасқан  жоталар  алып  жатқан  беткейдің 

террасасы  тӛменгі  террасада  орналасқан  Жуантӛбе  қаласына  қарай 

бағытталған.  Катакомбада  жерленген  обалы  қорым  материалдары  ерте 

уақытқа  жатады  (б.з.б.  І  ғасыр  –  б.з.  ІV  ғасыры).  Бӛріжар  қорымы 

(катакомбалы  жерлеу  мен  сағаналарда  жерлеу)  Арыс  ӛзенінің  орта 

ағысындағы Жуантӛбе мен Қараспан секілді ірі екі қаланың қорымы секілді. 

      Дәлізді  (дромосты)  катакомбалардан  тоналған  ҧжымдық  қабірлер 

тазартылған.  Керамика,  сондай-ақ  қҧты  сауыт  (фляга),  темір  пышақ 

сынықтары, моншақтар табылған. Қыш ыдыстарына қарағанда, катакомбалар 

І-ІV  ғасырларға  жатады.  Осы  уақыттарда  Жуантӛбе  мен  Қараспан  қалалық 

қоныстары қалыптасқан болатын. 

      Сағаналарға  қойылған  оба  астындағы  қабірлер  ҥстіне  қҧрылыстар 

салынған.  Олардың  жер  бетіндегі  жоспары  тік  бҧрышты  тҧрпатта  және  де 

шикі кірпішпен кҥмбезделген жабынмен жабылуы да ықимал. 

      №1  сағана  диаметрі  20  м-дей,  биіктігі  2,8  м  жота  астынан  аршылған. 

Жайылмаға  қараған  солтҥстік  беткейі  тік  болып  келген.  Екі  жерлеу 

камерасына ӛтетін жері бар бҧл сағананың негізіндегі ҧзындығы 15 м, ені 12 

м. Жерлеу камералары еденінен бастап есептегендегі қабырғасының биіктігі 

1,2 м, ал солтҥстік-батыс шетіндегі сыртқы бӛлігінің биіктігі 1,8 м. 

     Қҧрылыс  кезінде,  камералар  еденінің  деңгейінен  бастап,  қҧрылыс 

қабырғасы кӛтерілген пахса платформа салынса керек. Оның камера ішіндегі 

сыртына  ірі  малта  тастар  қаланған,  ал  ҥстіне  саз  балшық  қҧйылған. 

Камераларға кіретін есіктері  орналасқан оңтҥстік-батыс қабырға қалыңдығы 

1,3-1,25 м (1,2 м биіктік деңгейінде), 1,2 м биіктіктегі оның еңістігілігі 0,3 м. 

Камераларды бӛліп тҧрған қабырға қалыңдығы 0,7 м. 

     №1 камера кӛлемі 2,3х2,8 м. Оған ені 0,4 м, биіктігі 0,9 м, ҧзындығы 1,5 м 

жебе  ҧшты  арка  арқылы  ӛтуге  болады.  Тегіс  еденіне  алдымен  тас  тӛселіп, 

бетіне саз балшық қҧйылғандығы анықталған. Камераға кіретін тҧс бҥйірінен 

қаланған кӛлемі 50х25х10 см кірпішпен ӛрілген. 

      Камераның  солтҥстік-батыс  бҧрышынан,  қазіргі  жер  бетінен  1,05  м 

тереңдіктен  қыш  қҧмыраның  (биіктігі  46  см)  ауызы  аршып  алынған.  Бҧл 

деңгейден адам қаңқасының шашылып кеткен сҥйектері (саусақ, жамбас, тіс, 

жақ  сҥйек  бӛлігі)  кездесе  бастаған.  Еден  астындағы  қабаттан  (тереңдігі  1,1-

1,25  см)  шіріген  және  шашылып  жатқан  қаңқа  сҥйектері  ҧшырасқан. 

Солтҥстік-батыс  қабырғадан  ірі  қҧмыраның  бір  бҥйірімен  жабылған  бас 

сҥйек  аршылған.  Қасынан  басқа  да  қҧмыралардың  сынықтары  аршып 

алынған. 

     Сағана еденінен, шамамен орта тҧсынан басқа бір қаңқаның жамбасы мен 

аяқ  сҥйектері  тазаланған.  Қалған  сҥйектері  камераның  еденінде  шашылып 



 

219 


жатыр.  Бҧл  деңгейден  тағы  бір  қаңқаның  сҥйектері,  соның  ішінде  тӛменгі 

жақ сҥйегі, қабырға, иық және жамбас сҥйектері анықталған. 

     Сӛйтіп,  №1  камерадан  мҥрделер  жерленген  еденнің  екі  деңгейі  (қабаты) 

анық байқалған. 2,2 м тереңдіктегі алғашқы еденге ӛзен малта тас тӛселіп, саз 

балшық қҧйылған. Бҧл еденнен бас сҥйегі жоқ екі қаңқа шыққан. Ол жерден 

екі темір пышақ, белбеудің екі ірі айылбасы, жебе ҧштары табылған. Еденнен 

20 см жоғарырақта екінші еден анықталған. Одан бас сҥйегі бар қаңқа мен екі 

қыш қҧмыра шыққан. 

      №2 камераның ауданы 2,1х2,7 м. Камераға ӛтетін жер №1 камераға ҧқсас 

болғанымен, оған шикі кірпіш ӛрілмеген.  

      1,1  м  тереңдіктен  аздап  қисайып  жатқан,  аяқтары  1,55  м  тереңдіктен 

анықталған  бас  сҥйегі  жоқ  қаңқа  аршылған.  Қаңқа  анатомиялық  тәртіппен 

жатқан, бірақ бас сҥйегі, оң аяғы жоқ, сол аяғының сҥйектері тізеден тӛмен, 

саусақ  сҥйектері  шашылып  кеткен.  Мойын  омыртқаларының  тҧсынан 

алқаның  сан  алуан  моншақтары  мен  жҥзік  сияқты  қола  сырға 

жинастырылған.  Мҧның  сағана  жартылай  бҧзылған  кездегі  кейінгі 

замандарда жерленген кешен екендігі анық.  

     №2  камераның  алғашқы  едені  2,2  м  тереңдікте  болды.  «Тҥсірілген» 

қабірді  алып  тастағаннан  кейін  1,75  м  деңгейден  негізінен  еденде  тҧрған 

шашылған қаңқа сҥйектері, қҧмыра ернеулері шыққан. Бҧл қалыңдығы 0,35-

0,4  м  болатын  едендік  қабаттан  7-ден  кем  емес  қаңқа  тазартылған.  Ӛйткені 

солтҥстік-шығыс  және  оңтҥстік-батыс  бҧрыштарға  ҥйілген  7  бас  сҥйек  пен 

ҧзынша  келген  қҧйымшақтар  табылған.  Олардың  арасынан  6  қыш  қҧмыра 

(ҥш қҧмыра, 3 кӛзе); қола айна сынығы, 8-ден кем емес жебе ҧштары (темір, 

ҥш  қалақты,  сапты);  темір  айылбастар  мен  пышақтар;  2  қола  айылбас  (аяқ 

киімдікі  болуы  мҥмкін),  қола  тҥйреуіш;  2  сҥрме  тас  таяқшасы;  2  янтарь,  4 

хрусталь  моншақтар;  ҥш  тас  ҧршықбас;  шарикті-алқалы  сырға;  гранат 

орнатылған және тҥйіршіктер жапсырылған алтын кулон аршып алынған. 

       №2  сағана  біріншісінен  оңтҥстік-шығысқа  қарай  орналасқан.  Қазбаға 

дейін ол диаметрі 8х9 м, биіктігі 1 м-дей жайылып кеткен дӛңгелек тӛбешік 

тҥрінде  болды.  Сағана  шаршы  пішінді.  Сыртқы  контуры  бойынша  ӛлшемі 

3х3 м, жерлеу камерасының ӛлшемі 2х2 м. Сақталған биіктігі 0,7-0,75 м. 

     Камераға  кіретін  есік  оңтҥстік-шығыс  қабырғаның  ортасында  орналсса 

керек, алайда бҧл қабырға ішінара тонаушылар  тарапынан бҧзылған. Еденге 

ҧсақ және орташа ӛзен малта тастары тӛселген.  

     Камераны  тазалау  барысында  қазіргі  жер  бетінен  есептегенде  0,2  м 

тереңдіктен  қола  айылбас  табылған.  0,3  м  тереңдіктен  қола  айнаның  бӛлігі 

шыққан. 


      Қалған олжалар жерлеу камерасының еденінде шоғырланған. Бҧл жерден 

екі бас сҥйек пен толық сақталған екі қаңқа аршылған. Сҥйектердің барлығы 

солтҥстік-батыс  қабырға  жанына  ҥйіліп  қойылған.  Сҥйектер  арасынан  екі 

жебе  ҧшы,  темір  пышақ  сынығы,  6  қола  тоғадан  тҧратын  белбеу  жиынтығы 

(екеуі «жалған айылбас») алынған. 

      Сағаналардағы (наустардағы) жерлеулер Сырдария ӛңірінде, зеравшанда, 

Жетісуда  исламға  дейінгі  уақыттарда  кеңінен  таралған  болатын.  Бӛріжар 



 

220 


сағаналарына  ҧқсас  ескерткіштер  Ташкент  жазирасынан  және  кӛршілес 

Тҥркістан  жазирасынан  (Шаға  мен  Сидақ  некропольдері)  да  белгілі  болып 

отыр.  Олар  ерте  орта  ғасырлармен  мерзімделінеді.  Аршылған  Бӛріжар 

сағаналары VІ-VІІІ ғасырлармен мерзімделген. 

        Сағаналардың бір бӛлігі V-VІ ғасырлармен мерзімделінеді.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет