~266~
апат
аймақтары
болып жарияланды. Экологиялық апат аймақтары елдің ішкі
қауіпсіздігіне нақтылы қатер болып табылады.
Қазіргі уақытта бұрынғы
Семей
полигонына
шектес аудандарда (71,9 мың
халқы бар 85 елді мекен) онкологиялық аурулардың жəне адамдар өлімінің, қан
айналымы жүйесі ауруларының, жаңа туған сəбилер арасындағы кеселдердің
жəне ерте қартаю көрінісінің жоғары деігейі байқалуда.
Арал
өңірі
экологиялық
апат аймағында (186,3 мың халқы бар 178 елді мекен) əсіресе əйелдер жəне
балалар арасында асқазан
-
ішек аурулары мен қан
аздығы, балалардың шетінеуі
мен туа біткен патологияның жоғары деңгейі байқалуды. 1960 жылдан бастап
Арал теңізі деңгейі 17 метрге, көлемі 75
%
кеміген.
Теңіз өзінің бұрынғы
жағасынан 100
-
150 шақырым кетіп, 33 мың шаршы шақырым жағалау
жалаңаштанға. Кейбір мəліметтерге қарағанда жыл сайын Аралдан желдің
күшімен 100
тоннаға дейін тұз ұшып, Еуропаға, Солтүстік мұзды мұхитқа дейін
жеткен.
Елдің ішкі қауіпсіздігіне қатерді жою мақсатында экологиялық апат
аймақтарында халықтың тұруының əлеуметтік
-
экономикалық жəне экологиялық
жағдайын кешенді талдау жөнінде іс
-
шаралар жүргізу, оның сапалы ауыз сумен
қамтамасыз етілуіне баға беру, экологиялық талаптарды əзірлеу жəне
аумақтардыэкологиялық бағалау мен ядролық сынақтар жəне
өзге де
факторлардың халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға əсерінің салдарларын
ескере отырып, сауықтыру
-
оңалту іс
-
шараларын жүзеге асыру қажет. 2007
жылға дейін халықтың ішкі көші
-
қоны жəне экологиялық апат аймақтарының
аумақтарын шаруашылыққа пайдалану бағдарламасы əзірленуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: