53
т-РНҚ цитоплазмада болады. Барлық клеткадағы РНҚ-ның шамамен 5% құрайды.
Молекулалық массасы -20000 Д, 73-93 нуклеотидтерден тұрады {с. 16). т-РНК негізгі
рөлі тасымалдау және мРНҚ-ның кодонына комплементарлы сәйкес түрде амин
қышқылдарын орналастыру.
т-РНКның антикодоны, бұл нуклеотидтерінің орналасу реті мРНҚ -ның кодонына
комплементарлы түрде болатын бөлім. .
Барлық т-РНК-ның біріншілік құрылымымен қатар, екіншілік құрылымы да
болады. Екіншілік құрылымы барлық т-РНК үшін әмбебап екендігі көрсетілді.
Денатурацияға
ұшыраған
т-РНК-ның
молекуласының
түрі
жоңышқаның
жапырағындай, үш жапырақты болып келеді. Активсіз күйде оралып домалақтанған. т -
РНК-ның молекуласында акцепторлық сабақша аймағы бар, ол барлық т -РНКда бірдей
ЦЦА (5′→3′) нуклеотидтерден тұрады. Бұл жерге амин қышқылдары жалғасады.
Амин қышқылдарының т-РНК-мен қосылуының арнайылығын аминоацил-т-РНК-
синтетаза ферменті қамтамасыз етеді. Оған байланысатын орыны акцепторлық сабақша
аймағының жанында. т-РНК-да рибосомамен байланысатын және антикодон деп
аталатын бөлімдері де бар. т-РНК-ның антикодоны, бұл нуклеотидтерінің орналасу
реті м-РНК-ның кодонына комплементарлы түрде болатын бөлім.
Достарыңызбен бөлісу: