62
Ферменттің аталуы субстраттың атына –аза
жалғауы қосыла, немесе катализдейтін
реакцияның атына – аза жалғауы қосыла аталады.
Студенттің өзін-өзі тексеруіне арналған жаттығулар мен жағдайлық есептер
1.
Ферменттердің белоктардан негізгі ерекшеліктері неде?
2.
Ферменттің құрам бөліктерін атаңыз-про те ид он.
3.
Ферменттің қандай бөлігі әсер ету арнайылығын, ал қандай бөлігі- субстраттық
арнайылықты көрсетеді?
4.
Аллостерикалық орталық дегеніміз не?
5.
Изоферменттер - бір реакцияны катализдейтін ферменттің түрлері.
Олардың
айырмашылықтары неде?
6.
Белгісіз ертінділері бар екі пробиркаға сахаразаның ерітіндісі құйылды.
Пробиркаларды 37
0
С-та 15 минутке термостатқа орналастырды. Содан кейін бірінші
пробиркаға Селивановтың түсті реакциясын, ал екінші пробиркаға – Феллинг
реакциясын жасады. Екі реакция да оң болды.
Қандай пробиркадағы реакция
сахаразаның абсолюттік арнайылығын көрсетті? Пробиркада қандай субстрат бар
болды? Абсолюттік арнайылық деген не?
7.
Кез-келген фермент ерітіндісіне оның белсенділігін жою үшін қандай реактив қосу
керек? Оның тежелуін қалай түсіндіруге болады?
8.
Пепсиногеннің пепсинге айналуы бұзылған. Бұл қандай жағдайда жүреді?
9.
Ферменттің қайтымды және қайтымсыз инактивацияланатынын дәлелдеңіз.
10.
Әсер ету факторларының: температураның, рН-тың,
субстрат пен ферменттің
концентрацияларының әсерлерін қалай дәлелдейсіздер?
11.
Температураның, рН-тың, субстрат пен фермент концентрацияларының оптимумы
деген не?
12.
Ауыр металдардың тұздары неге ферменттің белсенділігін жояды? Ол нені
дәлелдейді?
13.
Минералдық қышқылдар мен жоғары температураның фермент активтілігіне әсері
жағынан ұқсастықтары бар ма? Түсіндіріңіз.
14.
Ферменттің активсіз жағдайдан белсенділікке ауысу механизмі қандай?
15.
0
С, +4
С –та ашытқыны мұздатқышқа салып қойды. Бір тәуліктен кейін ашытқыны
глюкозаның ерітіндісіне қосты да 37
С-тағы термостатқа салып қойды.
Глюкозаның
ашуы байқала ма? Неге? Егер оны қыздырса не байқауға болады?
63
16.
Ферменттің әсерінен күрделі зат жай заттарға ыдырады. Ыдырау: а) судың
қатысуынсыз жүрді. Фермент қай класқа жатады? б) ыдырау судың қатысымен жүрді.
Фермент қай класқа жатады? Бұл реакция қалай аталады?
17.
Белгісіз ерітіндіге оптималды температурада амилаза ерітіндісі қосылды. Ерітіндіге
Люголь ерітіндісін қосқанда сұйық сары түске боялды. Пробиркада қандай ерітінді
болды? Қандай өнім тузілді? Дәлелдеңіз.
18.
Ерітіндінің температурасы 60
С. Бұл жағдайда амилазаның
активтілігін тексеруге
бола ма?
Достарыңызбен бөлісу: