54
т-РНК-ның қызметі: ол өзінің антикодоны арқылы
амин қышқылына таңба қояды,
сондықтан амин қышқылдары полипептид тізбегіндегі өздерінің орнын тани біледі.
Екіншіден, белок синтезделетін жерге амин қышқылдарын тасымалдайд ы.
20.р – РНҚ, құрылысы, рөлі.
р-РНҚ барлық жасушалардағы РНҚ-ның 80%-дан көбін құрайды. Прокариоттар
жасушалары мен эукариоттардың митохондриясында р-РНҚ-ның үш типі кездеседі.
Эукариоттардың цитозольында р-РНҚ-ның төрт бар, олар
бір-бірінен молекулалық
массалары бойынша ажыратылады.
р-РНҚ рибосоманың құрамында кездеседі. Рибосома дегеніміз, 65% рРНҚ -дан, 35%
жай белоктан тұратын рибонуклеопротеидтік комплекс.
Бір р-РНҚ-ның молекуласы
белоктың 30 молекуласымен байланысады. Әрбір рибосома үлкен және кіші суббірліктен
тұрады. Үлкен бөлігі кіші бөліктен 2,5 есе үлкен (17-сурет).
Рибосомалар барлық клеткалардың төрттен бір бөлігін құрайды. Олардың массасының
60%-ы гидраттанған күйде болады. Сондықтан оларға еріткіштер молекуласына оңай
енеді.
Р-РНҚ–ның поленуклеотид
тізбегі оңай иіледі, белокпен бірге жинақталып, тығыз
денешік түзеді. Р-РНҚ-ның бүтін болуы рибосомалардың функциясына міндетті түрде
қажет. Р-РНҚтізбегінің бір жері үзілсе, рибосома өзінің активтігін түгелдей жояды.
Рибосома
м-РНҚ-мен біріге отырып, матрица түзеді. Бір рибосома әр түрлі белоктардың
синтезіне қатыса алады, себебі, рибосома универсалды. Олар информацияны бөгде м -РНҚ-
55
дан да оқи алады. Мысалы, өсімдік рибосомасы информацияны үй қоянының
гемоглобинінің м-РНҚ-сын оқи алады.
Рибосоманың екі аймағы болады:
А-аймағы, бұл аймаққа рибосомаға келген
аминоацил –т-РНҚ орналасады және Р-аймағы,
бұл пептид бекітілетін аймақ, онда өсіп
келе жатқан полипептид тізбегі ілініп тұрады. Осы жерден амин қышқылының
қалдығынан босаған т-РНҚ бөлініп шығады.
Достарыңызбен бөлісу: