Сабақ: Гидролазалар, лиазалар, трансферазалар. Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар мен олардың жауаптары:
1. Гидролазалар, құрылысы, жіктелуі, биологиялық рөлі, таралуы. Гидролазалар- судың қатысымен күрделі заттарды жай заттарға дейін ыдырататын
ферменттер. Гидролазалардың ішіндегі ең маңыздылары-на: көмірсуларды, белоктарды,
липидтерді ыдырататын ферменттердің топшалары жатады. 1-ші топшаға – күрделі эфирлік
байланыстарды гидролиздейтін эстеразалар жатады. 2-ші топшаға – көмірсулардағы
гликозидтік байланыстарды гидролиздейтін гликозидазалар жатады. 3-ші топшаға –
белоктардағы және полипептидтердегі пептидтік байланыстарды гидролиздейтін
пептидгидролазалар жатады. Гидролазалар негізінен АШЖ-дағы тағам қорытатын сөлдерде
болады. Сонымен қатар олар ағза және тін жасушаларында болады. Көптеген гидролазалар
құрылысы жағынан жай бір компонентті болады. Гидролазалардың біразы активсіз күйде
болады, олар АШЖ-ға тағам түскенде активтенеді.
2. Эстеразалар, жіктелуі, өкілдері, каталитикалық белсенділігі, таралуы. Эстераза тобы 6 топшаға бөлінеді. Карбон, қышқылдарының эфир-лерінен тұратын
эстеразалар липидтердің күрделі эфирлерін гидролиз-дейді. Өкілдері:
1) липазалар, тағам қорытатын сөлдерде кең қолданылады(асқазан, ұйқы безі, ішек),
липидтердің гидролизін тездетеді(ТАГ);
2) фосфолипазалар, фосфолипидтердің гидролизін тездетеді. Фосфоэсте-разалар фосфор
қышқылынан құралған күрделі эфирлік байланыстар-ды үзеді. Өкілдері: глюкоза-6-
фосфатаза, АТФ-аза, ФДЭ-аза және т.б.
3. Гликозидазалар, өкілдері, орналасуы, каталитикалық әсері. Гликозидазалар топшасы гликозидтік байланыстарды үзеді, жасуша-ларда, тағам
қорытатын сөлдерде болады, бірақ асқазан сөлінде бол-майды. Өкілдері: амилаза- крахмал
мен гликогенді мальтозаға дейін ыдыратады; мальтаза мальтозаға әсер етіп оны екі молекула
глюкозаға дейін ыдыратады; сахараза сахарозаны глюкоза мен фруктозаға дейін ыдыратады;
64
лактаза лактозаны глюкоза мен галактозаға дейін ыдыратады;
- амилаза гликогенді
глюкозаға дейін ыдыратады.