60
Пепсиннің әсер ету аймағы пептидтік байланыс болады. Стереохимиялық арнайылық
химиялық заттардың L- және D- оптикалық изомерлері мен геометриялық цис- және транс-
изомерлерінің болуына негізделген. Фермент тек бұл изомерлердің біреуіне ғана әсер етеді.
Мысалы, фумараза фумар қышқылының (транс- изомер)өзгерісіне ғана әсер етеді, ал малеин
қышқылына (цис- изомер) әсер етпейді.
11. Ферменттің қуаттылығы, оның сипаттамасы. Өлшем бірлігі.
Ферменттер өте жоғары қуаттылыққа ие, сондықтан ферменттің
субс-тратқа деген
ынтықтығы жоғары болады және олар активтену энергия-сын қатты төмендетеді.
Ферменттің активтілігінің өлшем бірлігі – катал.
12. Проферменттер, активтендіру механизмдері.
Кейбір ферменттер активті емес проферменттер түрінде түзіледі. Реак-цияларға
дайындалу кезінде ферменттердің активті орталығы түзілуіне қарай олар активтендіріледі.
Мысалы, пепсиннің проферменті пепсиноген. Асқазанда
тұз қышқылының әсерінен
пепсиногеннен активті пеп-син түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: