78
Бірінші болып НАД-тәуелді пиридиндік ферменттер қатысады. Олар субстратпен
тікелей әрекеттесіп одан сутекті бөліп алады.
Субстрат-Н2 + ПФ(НАД+) → Субстрат + НАДН2 + апофермент
БТ
тізбегінде ФМН-тәуелді флавиндік
фермент екінші болып қатыса-ды,
простетикалық
тобы
рибофлавин-5-фосфат(флавинмононуклеотид-ФМН).
ФМН-нің
простетикалық тобы НАДН2-ден екі электронды алып ФМНН2-ге айналады.
ФМНН2 –ден электрондар убихинонға беріледі. ФП мен убихинонның арасында аралық
зат гемсіз темір мен күкіртті протеиннен тұратын комплекс(FeS-протеин) бар, ол НАДН2-Q-
редуктазаның құрамына кіреді.
Биологиялық тотығудың немесе тіндік тынысалудың негізгі ерекшелігі, олардың
көптеген аралық сатылар арқылы біртіндеп про-тондар мен электрондарды бір ферменттік
жүйеден басқа ферменттік жүйелерге бере жүру процесінде. Осы сатылардың әрқайсысында
азда-ған мөлшерде электрондардың энергиясы бөлініп отырады.
Сонымен биологиялық
тотығудың мәні энергияның біртіндеп бөлінуі мен эндо-генді судың түзілуі.
Достарыңызбен бөлісу: