Биохимия кафедрасы


 Электрондарды тасымалдайтын тізбекті реттеу. Тынысалуды бақылау



Pdf көрінісі
бет57/79
Дата20.10.2023
өлшемі1,68 Mb.
#119857
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   79
Байланысты:
1часть-Биохимия уч.пос.каз - копия

2. Электрондарды тасымалдайтын тізбекті реттеу. Тынысалуды бақылау. 
ТФ-ның өнімділігін этерификацияланған фосфаттың жұтылған оттекке қатынасына 
қарай таразылайды. Р/О коэффициенті- АТФ түзуге кеткен бейорганикалық фосфаттың моль 
санының соған сәйкес сіңірілген оттек атом санына қатынасы. 
Қалыпты жағдайда жұмсалатын бейорганикалық фосфаттың бір атом оттекке 
қатынасы(3/1) тең болады,егер субстрат ПФ дегидролазалармен тотықса, ал егер субстрат 
ФП дегидролазалармен тотықса онда коэф-фициент (2/1) болады. Сондықтан қалыпты 
жағдайда тотығудан фос-форлану коэффициенті 3 ке немесе 2ге тең болады, Р/О- ТФ-ның 
қуат-тылығын көрсететін көрсеткіш. 
БТ мен ТФ өте тығыз байланысты. ТФ БТ-ның жылдамдығын бақылап отырады, яғни 
тынысалуды бақылайды. Тотығатын субстраттардың, БТ тізбегіндегі барлық ферменттердің, 
оттектің және фосфор қышқы-лының бар болғанымен, егер АДФ жетіспесе БТ жылдамдығы 
күрт төмендейді, ал АДФ-ті қосса қалыпты жағдайға келеді. 
АДФ + Н
3
РО
4
+ энергия 
АТФ + Н
2
О 
Тынысалуды бақылау митохондриялардың бұзылмаған қасиеттерін тексеруге жатады. 
3.
 
Тіндердің тыныс алуы мен тотығудан фосфорланудың бір-бірінен ажырауы. 
ТФ-ны ажыратушы заттар митохондриялардың оттекті фофорлануға керек АДФ ке 
тәуелсіз пайдалануын тудырады.
 


82 
Тотығудан фосфорланудың түрлері. 
А. 2,4-динитрофенол- тотығудан фосфорланудың классикалық ажыра-тушысы. Ол бір 
кезде семіздікке қарсы қолданылды,кейіннен улылы-ғына байланысты қолданылмайтын 
болды. 
Б. Дикумарол- ажыратушы зат, клиникалық тәжірибелерде антикоагу-лянт ретінде 
қолданылады. Бұған құрылысы жағынан жақын уорфа-рин егеуқұйрықтарға қарсы у ретінде 
қолданылады. 
В. Митохондрияларға кальций иондарын тасымалдау электрондарды тасымалдау мен 
тотығудан фосфорланудың арасын бұзады. Жануарлар митохондрияларына кальцийді 
тасымалдау концентрация градиентіне қарсы жүреді. Бұл үрдіс энергетикалық 
электрондарды тасымалдау-мен бірге ілесе жүреді. Митохондриялардың кальцийді ұстауы 
оған сәйкес мөлшердегі фосфор қышқылын да ұстауға мәжбүр етеді. Электрон тасымалдану 
тізбегіндегі НАДН-тан оттекке келетін әрбір жұп электронға митохондрияға енетін 6 атом 
кальций пара-пар керек екен. Егер ПФ-дегидрогеназалар 3 молекула АТФ-ты түзсе, бір 
молеку-ла АТФ-ке митохондрияға енетін 2 атом кальций қажет екендігін есеп-теп шығаруға 
болады. Кальцийдің митохондрияға енуі үшін энергия қажет, сондықтан АТФ-тың түзілуі 
тежеледі. Егер кальцийді митохон-дрия , субстрат, Н3РО4, Мg бар суспензияға қосса 
тынысалудың ТФ-ны ажыратуға дейінгі жылдамдығы артады. Бұл уақытта АДФ-ті қосу 
оттекті пайдалану жылдамдығының өзгерісін тудырмайды. Жүйеде Н3РО4 болмаған 
жағдайда кальцийді қосу оттекті пайдалану жылдам-дығын үдетпейді. Митохондрияға 
кальций мен фосфатты бірге тасы-малдау қажет жағдай, себебі кальций митохондрияларда 
сақталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет