89
Рибофлавинкиназа ФМН-аденилтрансфераза
Рибофлавин
ФМН ФАД
АТФ АДФ АТФ Н
4
Р
2
О
7
ФМН және ФАД коферменттері тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысатын флавин
ферменттерінің құрамына кіреді.
Авитаминозы.
В
2
витаминінің жеткіліксіздігінің клиникалық көріністері: жас
организмнің
өсуінің тежелуі, ауыз қуысының кілегей қабатының қабынуы,
еріннің
айналасында ұзақ уақыт жазылмайтын сызаттардың пайда болуы. В
2
витаминінің
авитаминозы кезінде көздің шырышты қабығының қабынуы: конъюктивиттер (қарық),
көздің қасаң қабығының тамырлануы (васкуляризациясы), катаракта, сонымен қатар бұлшық
ет пен жүрек бұлшық етінің әлсіздігі байқалады.
Табиғатта таралуы.
Рибофлавиннің негізгі көзі: бауыр, бүйрек, тауық жұмыртқасының
сарысы, ірімшік. Ашыған сүтте жаңа сауылған сүтпен салыстырғанда
витамин көбірек
болады. Мейізден басқа өсімдік тағамдарында В
2
витамині аз
кездеседі,
аталған витамин
тапшылығы ішек микрофлорасы арқылы толықтырылады.
8.
РР/В
3
витамині (никотин қышқылы, никотинамид), химиялық табиғаты,
биологиялық маңызы, авитаминоздары, табиғатта таралуы, тәуліктік қажеттілігі.
Химиялық табиғаты.
Никотин қышқылы пиридин-3-карбон қышқылы, никотинамид –
оның амиді болып табылады. Организмде екі қосылыс та бір-біріне
оңай айналатындықтан,
бірдей витаминдік активтілік көрсетеді. РР витамині суда нашар ериді, ал сілтілердің судағы
ерітіндісінде жақсы ериді.
Достарыңызбен бөлісу: