Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


-лық, -лік, -дық -дік, -тық, -тік



Pdf көрінісі
бет119/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

-лық, -лік, -дық -дік, -тық, -тік 
жұрнағы түбір сөзге жалғанып, заттық, 
қалыптық ұғым беретін жаңа мағыналы туынды сөз тудырады. Мысалы:
ас-тық, тұз-дық

төс- тік, жас-тық, бала-лық, шебер-лік, жақсы-лық, 
жаман-дық;


121 
5.
–шылық , -шілік
құранды
 
жұрнағы түбір сөзге жалғанып, кәсіптің түрін 
білдіретін жаңа мағыналы сөз жасайды. Мысалы: 
егін+шілік, балық-шылық, 
шаруа + шылық.
6.
-ылдырық, -лдырық, -ілдірік, -лдірік 
жұрнағы түбір сөзге жалғанып, белгілі 
орында ғана болатын бұйым атауын білдіретін жаңа сөз тудырады. Мысалы: 
табалдырық, өмілдірік, сағалдырық, көзілдірік. 
Бұлар — кез келген есім 
сөздеріне жалғанбай, осы сияқты бірен-саран сөздерге ғана жалғанып, жаңа 
мағыналы сөз тудыратын өнімсіз құранды жұрнақтар. 
7.
-ист, -изм, -ат, -ир 
жұрнақтары — қазақ тіліне терминдік сөздермен бірге 
еніп қалыптасқан жұрнақтар. Мысалы: 
альпинист,
коммунист, капитализм,
туризм, пролетариат, секретариат, командир.
8.
- хана 
жұрнағы түбір сөзге жалғанады да, белгілі мекеменің , 
кәсіпорынның атын білдіретін жаңа сөз тудырады. Мысалы: 
аурухана, 
перзентхана, шайхана, кітапхана. 
Бұл жұрнақ тілімізге революцияға дейін 
шығыс халықтарының тілдерінен енген сөздермен бірге еніп, казір қазақтың 
байырғы сөздеріне де жалғанып жаңа мағыналы сөз тудыра береді. Бірақ 
қазақ тілінің дыбыстық заңдарына бағынбай, сөздің соңғы буыны мен соңғы 
дыбысының қандай екендігіне қарамастан, жуан сөзге де, жіңішке сөзге де сол 
күйінде жалғана береді
9. 
-шық, -шік 
жұрнағы түбір сөзге жалғанады да, өзі жалғанған сөздің 
бастапқы лексикалық мағынасына қосымша кішірейтушілік ұғымын 
тудырады. Мысалы: 
үй + шік, көл + шік, ойын-шық, жілін + шік, қап+шық.
10.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет