н , көр-көр ін . 2) –ыл, -іл : жаз-жаз ыл , қыс-қыс ыл , шеш-шеш іл . 3) – т : оқы-оқы т , биле-билет, жала-жала т , тара-тара т , ойна-ойна т . 4) –тыр, тір, дыр, дір : аш-аш тыр , бас-бас тыр , шеш-шеш тір , кес-кес тір , ал-ал дыр , жаз-жаз дыр , өн-өн дір , жең-жең дір , қон-қон дыр . 5) –қыз, -кіз, -ғыз, -гіз : айт-айт қыз , жет-жет кіз , отыр-отыр ғыз, тер- тер гіз. 6) –ыз, -із: там-там ыз , ем-ем із . ә) Есім негізді туынды етістіктер Басқа сөз таптарына жалғанып туынды етістік тудыратын жұрнақтар
мыналар:
1)
-ла, -ле, -да, -де, -та, -те :
балтала, шегеле, қарала, тұзда, көзде, теңде, баста, қап та, сурет те, ауыр ла, алыс та, терең де, ақ та, екеу ле, үшеу ле. 2) –ар, -ер, -р: қысқар, ұзар, көсер, жасар. 3) -ғар,-гер,-қар,-кер : суғар, теңгер, басқар, ескер. 4) -ай, -ей, -й -. азай, көбей, кеңей.
191
5) -а, -е : сана, жаса, орна, ойна. 6) -сын,-сін : азсын, көпсін, баласын. 7) -ық, -ік : сауық, тарық, бірік. 3. Күрделі етістіктер. Бірнеше етістіктердің, я есім сөздірі мен етістік сөздерінің тіркесіп айтылып, белгілі бір қимылдық ұғымды білдіретін тұрақты сөз тіркестерін к ү р д е л і е т і с т і к дейді. Күрделі етістіктер тілде өте көп. Олардың негізгі түрлері: 1) тіркесті
күрделі етістіктер 2) біріккен күрделі етістіктер 3) құранды етістіктер
4) тұрақты тіркесті құранды етістіктер.
1. Тіркесті күрделі етістіктер екі лексикалық мағыналы етістіктен құралып,
бір күрделі қимылды білдіреді.
Мысалы, Ертең ауылға барып кел дегендегі
барып кел етістігі екі лексикалық мағыналы етістіктен жасалып, әрі бару, әрі
келу қимылынан құралған бір күрделі қимылды білдіріп тұр. Бұларды
тіркесті күрделі етістіктер дейді. Оларға:
алып бер, кіріп шық, көріп кел, сұрап ал, алып қал сияқты күрделі етістіктер жатады
. 2. Біріккен түбір етістік екі етістіктен бірігіп, бір лексикалық мағынаны
білдіреді. Мысалы:
апар- алып бар, әкел-алып кел, әкет-алып кет ,
сөйт – солай ет, бүйт – бұлай ет. Бұлардың түрі көп емес.
3. Құранды етістіктер есім сөздерге
ет, қыл, бол, қақ, ал, қой, сал көмекші
етістіктерінің тіркесіп келуі арқылы жасалады.
Мысалы, қол қой, телефон соқ, адам бол, құлақ сал, қабыл ал, сәлем бер т.б. 4. Тұрақты тіркесті етістіктер есім және етістік сөздерінің бір мағынада
қолданылып, тұрақтануы арқылы жасалады
. Мысалы, көз салды, міз бақпады, ауыз жаласты, бетке шіркеу болды, арам тер болды, ауыз салды, құр қалды, таяқ жеді, жан алқымға алды т.б. К
еліп қалды, тани кетті, тұрып қалды, құлап қала жаздады, бара алмады, кетіп бара жатыр дегендер екі не үш етістік сөзінің тіркесіп
айтылуы арқылы бір қимылдық ұғымды білдіріп тұрған күрделі етістіктер; ал
құлақ салды, көз тікті, дем алды, бас салды, ер жетті дегенде есім сөзі мен
етістік сөзі бір қимылдық ұғымды білдіріп, күрделі етістік ретінде
қолданылып тұр. Бұларды бірінен-бірін айырып қарауға болмайды. Күрделі
етістіктің негізгі лексикалық мағынасына ие болатын бірінші сыңары негізгі
етістік деп аталады да, екінші сыңары көмекші етістік деп аталады.