1. Төстік елсізбен келе жатса, алдынан бір адам көрінеді. ( Қ.Е.) 2.
Саққұлақ тыңдап көрсе, адам баспас деген жерге қонып жатқан хабар естіледі.
(Қ. Е.) 3. Ондаған көшелерді аралап шықсақ та, қала халқынан бір адам
кездестірген жоқпыз. (Ғ . Мүсір.) 4. Бір мезгілде мектепке тағы барсақ,оның
тірі гүлдер қойған бөлмесінде отряд бастықтарының мәжілісі боп жатыр екен.
(С. М. ) 5. Совет әскерлері Днепрден өте қалғандай болса, қарсы шабулға
дайындалған неміс танк колоналарының тізбегі ыдырай бастады. (С. Б: ) 6.
Саптағы жауынгерлер болса, полковник пен комиссардың даусын естіп қатар
түзеп, біркелкі нық басуға тырысқан сияқты. ( Б. М-ұ. )
7. Аспазшы бір нәрсе айтса керек, желкесінен солдаттардың күлкісі естілді.
( Т. А. ) 8.Алыстан қарасаң, қанаты зор бір алып құс па дерсің. ( Ғ. Сл..)
9. Самолеті сау болғанмен, өзі жараланған болса, қаны тамар еді, талықсыған
болса, самалетін бүркей алмас еді. (Ә. Ә. ) 10. Тәкежан болса кешегі аға
сұлтан Құнанбайдың баласы, «әмір – құдірет тек өзімде болсын, оны
сынаушы да болмасын, таласып, тартып алам деуші де шықпасын. Ал енді
қалай жесем де, ара түсуші болмасын », - дейді. (М. Ә.) 11. Біреу осы
қуанышты таразының екі басына салып жіберсе, бәріңдікін бір менікі басып
кетер еді. ( Ғ. М. )
Достарыңызбен бөлісу: