Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет237/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

Тақырып бойынша сұрақтар: 
 
1)
 
Етістіктің рай категориясы етістіктегі іс, қимыл, амалды немен 
байланыста көрсетеді ? 
2)
 
Рай категориясы неше түрлі болады ? 
3)
 
Етістіктің қандай райы ашық рай деп аталады ? 
4)
 
Етістіктің қандай райы бұйрық рай деп аталады? Қазақ тілінде 
етістіктің қандай тұлғасы бұйрық райға тең ? 
5)
 
Етістіктің қандай райы қалау рай рай деп аталады? Қалау рай 
қандай жұрнақтар арқылы жасалады? Қалау рай өз ішінен қалай 
бөлінеді ? 
129-жаттығу

Етістіктерді тауып, оларға жалпы морфологиялық талдау жасаңдар. 
 1. 
Солдат еш нәрсенің күні бұрын тәпіштемейтін әдетімен бұл жайды
көп сөз қылмасақ та, іштей бір биік жағаға, тереңірек теңізге кездесуге әзір 
де едік .(Ғ.Мүсір) 2. - Бақшаны өсіруіміз керек, –дейді ол отряд
бастықтарына, - өйткені онда өзіміз серуендеп , өзіміз демаламаз . (С.М.) 
3. Қоршаудан шығысымен жазып жібердім . (Т.А) 4. Соғыста батальонды
бастап жиырма рет дұрыс соғыс өткіздіңіз , бес рет дұшпанның қоршауынан 
қақ жарып ботальонды алып шықтыңыз (Б.М-ұ) . 5. Рас ,бет ұшы бұрынғыдаң 
да гөрі нарттанып, жасқа буланған қарашықтарында сәл буалдырлану бар 
тәрізді . (Ә.С.) 6. Көктемнен бергі көп көшуде қоныстарының жақын келген 
тұсы осы. (М.Х) 7.Бұрын ешкім көрмеген мұндай техниканы бірден меңгеріп
әкетудің өзі асқан ерлік . (Ә.Ә).
І X м о д у л ь т е с т е р і Б 
 
( Етістіктің грамматикалық категориялары
 
)
 


1) Етістік сөздеріндегі қимыл, амал мезгілмен байланысты бола ма? 
а) мезгілмен байланысты болады в) мезгілмен байланысты болмайды. 
2) Өткен шақтың неше түрі бар ? 
а) 2 в) 3 с) 4 d) 5 е) 6 
3) Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне: 
а) –ды, -ді жұрнағы және жіктік жалғаулары ;
в) -қан, -ған жұрнағы және жіктік жалғаулары; 
в) -ып, -іп жұрнағы және жіктік жалғаулары
d) -Ғалы, -гелі жарнағы 
е) - атын, - етін жұрнағы және жіктік жалғаулары жалғану арқылы
жасалады.
4) Бұрынғы өткен шақ етістіктің түбіріне: 
а) –ды, -ді жұрнағы және жіктік жалғаулары ;
в) -қан, -ған жұрнағы және жіктік жалғаулары; 
с) -ып, -іп жұрнағы және жіктік жалғаулары; 
d) -ғалы, -гелі жарнағы 
е) - атын, - етін жұрнағы және жіктік жалғаулары жалғану арқылы
жасалады.
5) Осы шақ нешеге бөлінеді:
а) 2 в) 3 с) 4 d) 5 е) 6 
6) Нақ осы шақтың жалаң түрі қалай жасалады: 
а) 
отыр, тұр, жатыр, жүр
етістіктерінің жіктеліп қолданылуы
арқылы; 
в) 
отыр, тұр, жатыр, жүр
етістіктерінің негізгі етістіктермен
тіркесіп қолданылуы арқылы; 
7) Келер шақ нешеге бөлінеді:
а) 2 в) 3 с) 4 d) 5 е) 6 
8) Болжалды келер шақта тұрған сөз: 
а) келермін в) келмекпін с) келемін d) келе жатырмын 
е) келіп қалдым 
9) Істің, қимылдың істі істеушімен, мезгілмен, орындалу-орындалмауының
шартымен байланыста көрсететін етістіктің категориясы қалай аталады. 
а) шақ в) рай с) етіс d) қимыл атауы е) есімше
10) Рай категориясы неше түрлі болады: 
а) 2 в) 3 с) 4 d) 5 е) 6 
11) Бұйрық райдың жұрнағын көрсетіңіз: 
а) –ңыз, -ңіз в) –сын, -сін с) –са, -се d) –ғы, -гі е) -ар, -ер, -р 
12) Шартты райдың жұрнағы: 
а) –ңыз, -ңіз в) –сын, -сін с) –са, -се d) –ғы, -гі е) –ғалы, -гелі 
13) Қалау райдың жұрнағы: 
а) –ңыз, -ңіз в) –сын, -сін с) –са, -се d) –ғы, -гі; е) -ар, -ер, -р 
14) Күрделі нақ осы шақта тұрған етістікті көрсетіңіз. 
а) Күліп келеді в) Күле берді с) күліп барды d) Күліп қайтты


225 
е) Күліп тұр 
15) Мақсатты келер шақ тұлғасында тұрған етістікті белгілеңіз.
а) Ол оқуды бітірді в) Сөзді бөле берді с) Жылда келетін 
d) Келіспекші еді е) Қөре қоймас 
16) Ауыспалы өткен шақтың жұрнағын көрсетіңіз. 
а) – ған, - ген, -қан, -кен в) –ар, -ер, -р с) –ып, -іп, -п 
d) – атын, -етін, -итын е) –ды, -ді 
17) жедел өткен шақтың жұрнағын көрсетіңіз. 
а) – ды, -ді в)- –ар, -ер, -р с) –ып, -іп, -п 
d) – ған, - ген, -қан, -кен е) –сын, -сін
18) Бұйрық рай тұлғасында тұрған етістікті көрсетіңіз.
а) Барайын, ойланайын в) Білгейсің, барғайсың 
с) Айтса игі еді d) Барды, ойланбақ е) келсем, тыңдасам 
19) Бұрынғы өткен шақтың жұрнағын көрсетіңіз. 
а) – ар, -ер, -р в) - ып, -іп, -п с) –ғалы, -гелі
d) –ғалы, -гелі е) –қан, -кен 
20) Ауыспалы осы шақтың жұрнағын көрсетіңіз. 
а) – ар, -ер, -р в) - ып, -іп, -п с) –ғалы, -гелі
d) –ғалы, -гелі е) –қан, -кен 
а) в) с) d) е) 
X м о д у л ь 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет